Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЖТКЖ ДҚЖТ Оқу құралы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
8.31 Mб
Скачать

2.4 Жынысты тиеу

Жынысты тиеу цикл ұзақтығының 30...40 % құрайды. Жынысты тиеуді механикаландыру деңгейі 97 % шамасына жуықтау. Жынысты тиеуді механикаландыру тиегіш машиналарымен және сирек жағдайда сырмалық қондырғылармен жүзеге асырылады.

Тиегіш машиналар келесідей топтастырмаланады:

- атқару ағзасының жұмыс істеу принципі бойынша: ППН типті үзік әрекетті машиналар және ПНБ типті үздіксіз әрекетті машиналар;

- қолданылатын энергияның түрі бойынша: электрлік және қысымдық;

- жүріс бөлігінің конструкциясы бойынша: рельсті-доңғалақты, қысымдоңғалақты және шыңжыр табанды.

ППН типті үзік әрекетті машиналардың жұмыс ағзасы болып шөміш саналады және келесі машиналарға бөлінеді:

- шөміштің көмегімен тура түсіру: арттағы жүріс бөлігі рельсті-доңғалақтың вагонеткасына түсіру. Бұл машиналардың артықшылығы олардың конструкцияларының қарапайымдығы, жұмыс кезінде беріктігі, массасының және тұрпатының шамалылығы. Машиналардың кемшілігі олардың шамалы маневрлігі, өнімділігінің төмендігі, жынысты тиеу орнының шектелуі, түсіру биіктігінің үлкендігі (2,1...2,3 м құрайды), сиымдылығы үлкен вагонеткаларға жыныстарды тиеу кезінде оларды қол күшімен теңгеру;

- шөміштің көмегімен сатылы түсіру (шөмішті-науалы). Жыныс шөміштен тиеу машинасында орналасқан науаға, ал одан вагонеткаға түсіріледі. Бұл барлық сиымдылықты вагонеткаларға жыныстарды кол жұмысының көмегінсіз теңгеріп тиеуді қамтамасыз етеді;

- шөміштің көмегімен бүйірден түсіру. ТМД-да МПК-3 типті машина шығарылады. Машинаның жүрісі шыңжыр табанды. Жыныстарды науаға және вагонеткаға тиеу мүмкіндігі бар. Жыныстарды тиеу орны шектелмеген. Шөменің сиымдылығы 1 м3. Машинаның өнімділігі 144 м3/сағатына және барлық бекемді жыныстарда қолдану мүмкіндігі бар.

ПНБ типті үздіксіз әрекетті машиналардың жұмыс ағзасы болып екі қармау қалақтары саналады. Қармау қалағы жыныстарды машинада орнатылған науаға жібереді, ал одан қазбада құрастырылған науаға немесе рельсті-доңғалақтың вагонеткасына түсіріледі. Машинаның жүрісі шыңжыр табанды.

Үзік және үздіксіз әрекетті тиеу машиналарының сипаттамасы 2.10-кестеде келтірілген.

Үздіксіз әрекетті тиеу машиналары, мысалы, 2ПНБ-2Б тіреудің маңдайшаларын көтеруге және теспелерді бұрғылауға арналған ілінбелі жабдықтармен қамтамасыз етілуі мүмкін.

Тиеу машиналарын қолдануға мүмкіндік болмаған жағдайда көлденең қимасы шамалы қазбаларда сырмалық қондырғыларды қолдану нәтижелі. Сырмалық машиналар сырма шығырынан, сырмадан, тартпа арқанынан және сырма блоғынан тұрады.

Сырмалық машиналардың артықшылығы: конструкциясының қарапайымдығы, пайдалану кезінде беріктігі; кемшілігі: “өлі” аймақтағы кен массасын қол күшімен күреп тиеудің қажеттілігі, өнімділіктің ірі кесекті жыныстар мен сырмалау ұзындығынан тәуелділігі, өнімділігінің төмендігі.

Тиеу машиналарының рациональды типін таңдау қазылымданатын жыныстың бекемдігіне, қазбаның өлшемдеріне, рельс жолдарының болуына, энергияның түріне және қабылданған жұмыстардың ұйымдастырылуына тәуелді. Таңдаудың критериясы – қолдану кезінде техникалық және экономикалық эффектің жоғарлығы.

Рудниктерде көлденең қимасының ауданы шамалы арақабаттық қазбаларды жүргізу кезінде ППН-2Г машинасынан (2.10 - кесте) және ВС-5П1 типті өзі жүретін вагоннан (жүк көтерімділігі 5 т, ені 1,4 м, биіктігі 1,5 м, сиымдылығы 2 м3) тұратын тиеп-жеткізуші жиынтық жиі қолданылады. Жеткізудің рациональды ұзындығы 100 м-ге дейін, қазбаның жарықтағы көлденең қимасының минимальды ауданы 5,8 м2.

Көлденең қимасының ауданы 14 м2 –тан жоғары қазбалар үшін ПНБ-ЗК типті тиеу машинасынан және МоАЗ-6401-9585 типті самосвалдан (тасымдау ұзындығы шексіз) тұратын жиынтық қолданылады.

2.10 - кесте - Тиеу машиналарының техникалық сипаттамалары

Тиеу машинала-рының түрлері

Машина-лардың маркасы

Техника-лық өнімділігі, м3/мин

Тиеу орны, м

Жыныстың бекемдік

коэффи-циенті

Кесектердің

ірілігі, мм

Қазбалардың

минимальды ені х биіктігі, м

Шөміштің көмегімен тура түсіретін машиналар

ППН-1

ППН-lc

ППН-2

ППН-2Г

ППН-3

0,5

1

1

1

1,25

2

2,2

2,5

3,2

Кез келген

Кез келген

Кез келген

Кез келген

Кез келген

300

350

400

400

600

2 х 2

2,1 х 2,4

2,2 х 2,4

2,6 х 2,6

2,6 х 3

Шөміштің көмегімен сатылы түсіретін машиналар

2ППН-5п

ППМ-4п

1

0,8

3

4,8

Кез келген

Кез келген

450

350

2 х 2,5

2,3 х 1,9

Екі қармау қалақтары бар үздіксіз әрекетті машиналар

ПНБ-1

1ПНБ-2

2ПНБ-2

ПНБ-2К

ПНБ-ЗК

ПНБ-ЗД

ПНБ-4

2ПНБ-2У

1,45

2

2

2,5

3

3,5

6

1,25

2,5

<6

<6

<12

<12

<16

<16

<16

<12

300

400

400

400

600

600

800

400

2 х 1,5

2,5 х 1,8

2,5 х 1,8

2,5 х 1,8

3 х 1,7

3 х 1,8

3 х 1,8

8,4 м2

2.11 - кесте - Тиеп-тасушы машиналарының техникалық сипаттамалары

Машиналардың маркасы

ПД-3

ПТ-4

ПД-5

ПТ-6

ПД-8

ПТ-10

Жүк көтерімділігі, т

3

4

5

6

8

10

Шөміштің түсіруінің ең жоғарғы биіктігі, м

1,6

2,24

1,8

2,8

2,2

3,25

Максимальды биіктігі (кабинасы бойынша), м

2,12

2,12

2,24

2,12

2,5

2,5

Қораптың максимальды көлемі, м3

1,5

2,5

4

Шөміштің минимальды көлемі, м3

1,5

0,2

2,5

0,5

4

1

Жүргізуші (Д – дизельді, Э - электрлі, ДЭ - дизельді-электрлі. П - қысымдықты)

ДЭ

Д, П

ДЭ

ДЭ, П

Э

Э, П

Ені (максимальды), м

1,7

1,8

1,9

2.36

2,5

2,5

Қазбаның көлденең қимасының ауданы, м2

7—9

7—9

9—12

9—12

12—14

12—14

Рациональды тасымдау ара қашықтығы, м

<100

100-225

<150

150-325

<200

200-450

Қызметтігі әр түрлі даярлық қазбаларын жүргізу үшін ПТ және ПД типті тиеп-тасушы машиналары қолданылады. ПТ типті машинасы жыныстарды қорапқа түсіру үшін сыйымдылығы шамалы тиеу шөмішінен тұрады. Ол кен массасын аса ұзын қашықтыққа тасымдау үшін арналған.