Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЖТКЖ ДҚЖТ Оқу құралы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
8.31 Mб
Скачать

2.2.5 Теспелерді оқтау және аттыру

Бұрғыатпалық жұмыстардың (БАЖ) паспортына сәйкес теспелердің тереңдігі мен орналасуын тексергеннен кейін және оларды бұрғы ұнтағынан тазартқаннан кейін аттырушы бірінші ескерту белгісін береді (бір ұзақ). Бұл белгіні ести кеншілер кенжардан оңашалану жеріне бағыт алады.

Теспелердің оқтау уақытын қысқарту үшін оларды оқтауға аттырушы жұмысының бірыңғай кітапшасы бар ұңғымашылар қатысулары мүмкін.

Оқталған атылғыш заттарды оқтау қол күшімен жүзеге асырылады, ал түйіршіктелген АЗ – эжекторлық зарядчиктермен жүзеге асырылады. Диаметрі 34…56 мм жазық және көлбеу теспелерді шашылымды АЗ оқтау үшін «Курама» типті зарядчик қолданылады. Зарядчик сиымдылығы 8 кг – ға дейінгі ашық бункерден, жұмыс қысымы 0,5…0,7 МПа ауаның көмегімен істейтін эжектордан, клапанды құрылғыдан және ұзындығы 2,5 м-ге дейінгі оқтамалық түтіктен тұрады.

Аттырма торын құрастыру жұмысы тізбектелген схема бойынша жүзеге асырылады.

Оқтау жұмыстары аяқталғаннан кейін барлық кеншілер таса жерге бағыт алады және аттырушы екінші (жару) белгісін береді (екі ұзақ) және тоқты қосады.

Қазба желдетілгеннен кейін аттырушы кенжарды тексереді және аттырылмаған оқтамалар жоқ болса үшінші белгіні береді (аттырыс жұмысы аяқталған – үш қысқа).

2.3 Қазбаларды желдету

2.3.1 Желдету схемалары және тәсілдері

Екі қазба бір біріне параллельді өтілген жағдайда кенжарларды желдету қазбаларды мезгіл-мезгіл сайын түйіспелермен қоса жалпышақтылық қысым арқылы жүзеге асырылады (2.6 - сурет).

Тұйық қазбалар айдама, сорма немесе құранды схемалар бойынша жергілікті желдету желдеткішімен желдетіледі. Жиі жағдайда қазбалар айдама схемасы бойынша желдетіледі (2.7 - сурет). Өкпедертке қауіптілі жыныстарда және өте шаңды қазбаларда сорма және құранды схемаларын қолдану маңызды.

Тұйық қазбаларды жергілікті желдету желдеткішімен желдету үшін осьтік және ортатеппе желдеткіштер қолданылады. Ең компактілі болып ВМ типті осьтік желдеткіштер саналады. Олар секундына 2-ден 20-ма м3-қа дейін ауа желдете алады және ұзындығы 500 м-ге дейінгі қазбаларды желдетуді қамтамасыз етеді. Өте ұзындықты қазбаларды желдету желдеткіштерді тізбектете қосу арқылы жүзеге асырылады.

ВЦ типті ортатеппе желдеткіштер ұзындығы 2 км-ге дейінгі қазбаларды желдетуге және 17 м3/с-нан жоғары ауаны беруге арналған.

2.6 - сурет - Тұйық қазбаларды жалпышақтылық қысымның

арқасында желдету схемасы: 1 – қазбаның әуединамикалық кедергісі; 2 – далдаланған түйіспе; 3 – жұмыс істейтін түйіспе; 4 – бойлық қоршау; 5 – таза ауа ағысы; 6 – шықпа (ластанған) ауа ағысы

2.7 - сурет - Айдама схемасы бойынша тұйық қазбаларды жергілікті желдету желдеткішімен желдету: 1 – жергілікті желдету желдеткіші, 2 – желдетпе құбыры

Желдетпелік құбырлар келесі түрлерге бөлінеді:

- қатты құбырлар. Олар металлдардан немесе шыныпластиктерден

дайындалады.

- иілгіш құбырлар. Олар резинкеленген кездемеден (матадан), полиэтиленнен және басқада материалдардан дайындалады.

Металлды құбырлардың өлшемдері: диаметрлері 0,5...1,2 м, ұзындықтары 3...4 м. Олар фланецтен тұрады және бір бірімен тығыздаушы прокладкалар арқылы болттармен жалғастырылады. Созылыңқысы 1200 м-ден жоғары қазбалар үшін ұсынылады.

Иілгіш құбырлардың өлшемдері: диаметрлері 0,3...1,2 м, ұзындықтары 5, 10, 20 м. Металлды құбырлармен салыстырғандағы айырмашылығы ауаның үлкен көлемде жоғалымы.

Газды шақтыларда қауіпсіздік ережесі бойынша желдетпе құбырлардың шеті кенжардан 5 м-ден кем емес ара қашықтықта болуға тиісті. Зиянды газдарды рұқсат етілген нормаға дейін келтіру үшін кенжар оқтамаларды атқаннан кейін 30 минут шамасында желдетіледі.