Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЖТКЖ ДҚЖТ Оқу құралы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
8.31 Mб
Скачать

Мазмұны

КІРІСПЕ 5

1 ДАЙЫНДАУ ТАУ-КЕН ҚАЗБАЛАРЫН ТІРЕУ 7

1.1 Дайындау тау-кен қазбаларының пішіндері мен көлденең

қималарының өлшемдері 7

1.2 Тау-кен қазбаларының тіреу материалдары......................................10

1.2.1 Ағашты материалдар 10

1.2.2 Металл материалдары 11

1.2.3 Тұтқырлы заттар 11

1.2.4 Ерітінділер, бетон и темір бетон 12

1.2.5 Тасты материалдар 13

1.3 Дайындау тау-кен қазбаларының тіреулері 13

1.3.1 Тау-кен тіреулерінің жіктелуі 13

1.3.2 Тау-кен қазбаларының тіреулеріне қойылатын талаптар 14

1.3.3 Тіреулердің түрлерін таңдау 15

1.3.4 Дайындау тау-кен қазбалары тіреулерінің конструкциялары 16

1.4 Жыныс массиві мен тіреудің әрекеттестік механизмі 23

1.5 Тау-кен тіреулерін есептеу 27

2 ОРТАША ҚАТТЫ ЖӘНЕ БІРТЕКТІ ҚАТТЫ ЖЫНЫСТАРДА

ЖАЗЫҚ ҚАЗБАЛАРДЫ ЖҮРГІЗУ 34

2.1 Ұңғыма циклі 34

2.2 Бұрғыаттырма жұмыстары 34

2.2.1 Атылғыш заттар (АЗ) және аттырыс тәсілдері (АТ) 35

2.2.2 АЗ шығыны, теспелер саны және теспелік оқтамалардың мөлшері...............................................................................................................36

2.2.3 Теспелердің кенжарда орналасуы 38

2.2.4 Бұрғылық машиналар және теспелерді бұрғылау 41

2.2.5 Теспелерді оқтау және аттыру 44

2.3 Қазбаларды желдету 44

2.3.1 Желдету схемалары және тәсілдері 44

2.3.2 Тұйық қазбаларды желдетудің шамашарттарын есептеу 46

2.4 Жынысты тиеу 48

2.5 Кенжараралық көлік 50

2.6 Қосалқы жұмыстар 52

2.6.1 Уақытша тіреулерді орнату 52

2.6.2 Су арығын тұрғызу 52

2.6.3 Рельс жолдарын төсеу 53

2.6.4 Кабельдер мен құбырларды төсеу 53

2.6.5 Жарықтандыру 53

2.6.6 Жеткізу жұмыстары 54

2.7 Тұрақты тіреулерді орнату 54

2.7.1 Кәсектік тіреуді орнату 54

2.7.2 Бүрікпе бетон тіреуін орнату ....55

2.7.3 Қарнақты тіреуді орнату ....55

2.7.4 Тау-кен жыныстарын бекіндіру ....56

2.8 Ұңғымалық жабдықтардың жиынтығы ....56

2.9 Кенұңғымалық жұмыстарды ұйымдастыру және техника-

экономикалық көрсеткіштер............................................................................59

2.10 Бұрғыаттырма жұмыстарын қолдана дайындау қазбаларын

жүргізудің шамашарттарын есептеу................................................................60

2.10.1 Есептеуге арналған бастапқы мәліметтер ....60

2.10.2 Жұмыс қиындығының үдірістерін есептеу ....60

2.10.3 Дайындау қазбаларын жүргізудің техникалық

көрсеткіштерін есептеу ....67

3 БІРТЕКТІ ЕМЕС ЖЫНЫСТАРДА ЖАЗЫҚ ҚАЗБАЛАРДЫ ЖҮРГІЗУ ....72

3.1 Қазбалардың көлденең қималарының пішіндері және жүргізу

тәсілдері өлшемдері ....72

3.2 Қазбаларды тарлы кенжармен жүргізу ....73

3.3 Қазбаларды енді кенжармен жүргізу ....74

4 ҚАЗБАЛАРДЫ КОМБАЙЫНДАРМЕН ЖҮРГІЗУ.. ....76

4.1 Ұңғымалық комбайындардың сипаттамасы және қолдану орны ....76

4.2 Тау-кен массасын уатпалау ....85

4.3 Тау-кен массасын тиеу және жеткізу ....88

4.4 Тұрақты тіреуді орнату ....92

4.5 Желдету және шаңбасу ....96

4.6 Жұмыстарды ұйымдастыру ....99

4.7 Талдамалы әрекетті комбайындарды қолдана дайындау қазбаларын жүгізудің шамашарттарын есептеу ..101

4.7.1 Есептеуге арналған бастапқы мәліметтер ..101

4.7.2 Еңбек көлемдігі процестерін есептеу ..101

4.7.3 Дайындау қазбаларын жүргізудің техникалық

көрсеткіштерін есептеу ..103

5 КӨЛБЕУ ҚАЗБАЛАРДЫ ЖҮРГІЗУ ..108

5.1 Жалпы мәлімет ..108

5.2 Көлбеу қазбаларды жоғарыдан төмен қарай жүргізу технологиясы ..109

5.3 Көлбеу қазбаларды төменнен жоғары қарай жүргізу технологиясы ..118

5.4 Сырғымаларды жүргізу ..123

5.5 Пештерді жүргізу ..125

ӘДЕБИЕТ ТІЗІМДЕРІ ..130

КІРІСПЕ

Рудниктер мен жұмыс істеуші көмір шақтыларында кен-дайындау жұмыстары технологиялық және ұйымдастырулық шаралардың жиынтығын құрайды. Бұл тазартпа жұмыс орындарын уақытында және сапалы өндіруді міндеттіреді..

Кен-дайындау жұмыстарының негізгі мазмұны болып дайындау тау-кен қазбаларын жүргізу саналады. Дайындау тау-кен қазбалары тазартпа кенжарларына жол ашуды, оларды даярлауды, желдетпелеуді, тау-кен массасын, руданы және көмірді тасымдауды, материалдар мен жабдықтарды жеткізуді, энергиямен жабдықтауды, сутөкпелеуді және т.б. қамтамасыз етеді. Көмір шақтылары мен рудниктердің ширек ауқымы жазық, көлбеу және тік дайындау қазбалармен тармақталған. Олар пайдалы кен (көмір, руда), бос жыныстар және аралас кенжарлар бойынша жүргізіледі. Бұл қазбалардың көлденең қималарының пішіндері аркалы, трапециялы, тік бұрышты, шеңберлі және тағы басқадай болуы мүмкін..

Кен-дайындау жұмыстарының көлемі және құрылымы, олардың көршілес технологиялық буындармен және кен кәсіпорындарының жұмыстарымен (тазартпа жұмыстары, жерастылық көлік, желдетпе, жер беті қызметі, қазбаларды күтіп-ұстау және жөндеу) тығыз байланысында. Олар дайындау қазбаларын жүргізу процесінің ерекшелігін және құрылыс тәсілдерін қолдануды анықтайды. Тау-кен қазбаларын жүргізуге қатысушы жұмысшылардың санын азайту, олардың еңбек қауіпсіздігін жоғарылату және жағдайларын жақсарту, кен-дайындау жұмыстарының техника-экономикалық көрсеткіштерін жақсы жетістікке жеткізу жаңа техникаларды және дайындау тау-кен қазбаларын жүргізудің озық технологияларын қолданумен байланысты. Тау-кен қазбаларының көлденең қималарының пішіндерін, өлшемдерін және тіреудің рациональды конструкцияларын таңдау қазбалардың қызметіне, тау-кен қысымының байқалу сипатына және оның сандық көрсеткіштеріне байланысты. Сондықтан курстын бірінші бөлімінде қазбалардың көлденең қималарының мүмкіндікті пішіндері мен өлшемдері, тіреу материалдары мен конструкциялары, тау-кен массиві мен тіреудің өзара әсері жөнінде мәлімет келтірілген, сондай-ақ тау-кен қазбаларының тіреу тәсілдерін есептеу қараластырылған.

Қазба жүргізілетін жыныстың қасиеті көп жағдайда қазбаның жүргізу тәсілін анықтайды. Сондықтан курстын келесі бөлімдерінде біртекті қатты және орташа қатты жыныстарда бұрғыаттырма жұмыстарды қолдана қазбаларды жүргізу, біртекті емес жыныстарда тарлы және енді кенжармен қазбаларды жүргізу, қазбаларды комбайындармен жүргізу, күрделі тау-геологиялық жағдайларда және көлбеу қазбаларды жүргізу ерекшеліктері қараластырылған.

Горизонтқа қарасты қазбаның көлбеу бұрышы оның жүргізу технологиясын және механикаландыруын таңдауға біршама әсер етеді. Осыған байланысты курстын бесінші бөлімінде көлбеу қазбаларды жүргізудің ерекшелігі қараластырылған. Оларды жоғарыдан төмен немесе төменнен жоғары бағытқа қарай жүргізу.

Курстын ақырғы бөлімі күрделі кен-геологиялық жағдайларда (көмір тақталары бойынша газдың суфлярлы бөлінісі, көмір мен газдың оқыс лақтырысы бойынша және тау соққысы, судың көп жиналымы және т.б. бойынша) қазбаларды жүргізу тәсілдерін қарастыруға арналған.

Оқу құралы «Жерасты тау-кен жұмыстарында дайындау қазбаларын жүргізу технологиясы» пәнің оқитын 5В070700 - «Тау-кен ісі» мамандығының бакалаврлары мен магистранттарына арналған.