
- •Мазмұны
- •1 Жалпы мәлімет
- •1.1 Әртүрлі пайдалы қазбаларды қолдану кезінде байытудың рөлі және маңызы
- •1.2 Пайдалы қазбаларды байыту үдірістері және әдістері
- •1.3 Кен байыту технологиялық схемалары
- •1.4 Кен байытудың технологиялық көрсеткіштері
- •2 Елеу (грохочение)
- •2.1 Елеу операцияларының қолданылуы
- •2.2 Түйіршік өлшемдік құрам
- •2.3 Елеуіштердің конструкциялары
- •2.4 Елеуіштердің електен өткізу беттері және елеу тиімділігі
- •3 Ұсату
- •3.1 Ұсату операцияларының қолданылуы
- •3.2 Жақты ұсатқыштар
- •3.3 Конусты ұсатқыштар
- •3.4 Білікті ұсатқыштар
- •3.5 Соқпалы әрекетті ұсатқыштар
- •4.1 Ұнтақтау операцияларының қолданылуы
- •4.2 Барабанды диірмендер
- •4.3 Өзін-өзі ұнтақтайтын диірмендер
- •5 Классификация
- •5.1 Минерал түйіршіктерінің суда және ауада шөгу заңдылықтары
- •5.2 Классификация үдірісі
- •5.3 Классификаторлар
- •6 Гравитациялық байыту әдістері
- •6.1 Негізгі түсініктер
- •6.2 Бөлектеу (отсадка)
- •6.3 Бөлектендіру машиналары
- •6.4 Концентрациялау столдарында байыту
- •6.5 Шлюздерде және винтті бөлгіштерде байыту
- •6.6 Ауыр ортада байыту
- •6.7 Пневматикалық (ауа күшімен) байыту
- •6.8 Кенді шаю
- •6.9 Гравитациялық байытудың техника-экономикалық көрсеткіштері
2.2 Түйіршік өлшемдік құрам
Байыту фабрикаларында өңделетін минералды шикізат (кен, тау-кен массасы) және олардан алынатын байыту өнімдері әртүрлі өлшемді дұрыс емес пішінді түйіршіктер құрамын құрайды. Іріліктері бойынша түйіршіктерді кластарға бөлу байытылатын өнімдер мен бастапқы шикізаттың түйіршікөлшемдік құрамын сипаттайды.
Түйіршікөлшемдік құрамды анықтау үшін келесі тәсілдер қолданылады:
- ірі кесектерді бір-біріне перпендикуляр үш бағыт бойынша өлшеу;
- торлық талдау. Елеуіш наборларында материалдарды әртүрлі кесектері бойынша кластарға бөлу. Ірі материалдарды торлық талдау (ұсатылған өнімдерді) тор наборларында қол күшімен немесе автоматтандырылған түйірөлшемдік дірілдегіштердің көмегімен жүзеге асырылады; ұсақ материалдарды (ұнтақталған өнімдерді) торлық талдау механикалық анализаторларда (сілкімелерде) іске асырылады;
- седиментациялық талдау. Су ортасында әртүрлі ірілікті түйіршіктерді құлама жылдамдығы бойынша бөлу (ірілігі 40 – тан 5 мкм – ге дейінгі материалдар үшін);
- микроскоптік талдау. Микроскоптің көмегімен түйіршіктерді өлшеу және оларды топтарға классификациялау (ірілігі 50 мкм – ден төмен материалдар үшін).
Байыту және сорттау фабрикаларында материалдардың түйіршікөлшемдік құрамы әртүрлі кластардың шығуын, ұсату мен ұнтақтау аппараттарының өнімділіктерін анықтауға, елеу үдірістерін, ұсату, ұнтақтау және т.б. бақылауға мүмкіндік жасайды. Бастапқы шикізаттың түйіршікөлшемдік құрамы және байыту өнімдері жиі жағдайда торлық талдаудың арқасында анықталынады.
Торлық талдау берілген модульдік әртүрлі стандарттық өлшемдік тесікті бірнеше торларда материалды сынама елегінен өткізуден тұрады. 25 мм-ден ірілеу материалдарды торлық талдау тор наборларында қол күшімен немесе жазық теңселмелі електерде жүзеге асырылады. Ірілігі 25 мм-ге дейінгі материалдар лабораторлық торларда еленеді. Материалдың ірілігіне және торлық талдаудың дәл анықталу қажеттілігіне байланысты сынамалар құрғақ немесе дымқылдық тәсілмен електен өткізіледі. Егерде материал жабысып қалуға душар болмаса және кесектігі тесіктен өтуге мүмкіндік туғызса онда торлар бір-бірінен жоғарыдан төмен қарай үлкеннен кіші өлшемді тесіктерге ауыстырыла орналастырылады және механикалық қағынып-сілкінушілерде електен өткізудің құрғақ тәсілі қолданылады. Сыналатын материалды жоғарғы торға төгеді және қақпақпен жауып 10-30 минут аралығында қағынып-сілкіндіреді. Төменгі торда түбі орналасқан. Оған өте ұсақ класты материал (ақырғы тордың тор асты өнімі) жиналады. Сынама елегіштен өткеннен кейін әр ірілік класы техникалық өлшегіште өлшенеді. Әрбір кластың шығымы кластың массасын сынаманың жалпы массасына бөлумен анықталады.
Ұсақ ұнтақталған материал үшін дымқыл елену қолданылады. Ол үшін ұсақ тесікті елеуішке сынаманы төгеді және ұсақ түйіршіктерді сумен толтырылған бөшкеге торды батыра бірнеше рет жуып тазартады немесе тордағы материалды жеңіл су ағысымен жуып шаяды. Түйіршіктерді жуып тазарту шайынды су мөлдір болғанша жүзеге асырылады. Торда қалған материал кептіріледі және өлшенеді. Айырмашылықтары бойынша жуып-шайылған шламның массасы анықталынады. Жуып-жайылған өте ұсақ түйіршіктермен бірге кептірілген материал қайтадан құрғақ тәсілмен торда еленеді. Ең соңғы тор астындағы өнімнің массасын анықтап, оны бұрынырақ жуып-шайып алынған шлам массасымен қосады. Торлық талдаудың нәтижесін кесте немесе график түрінде келтіреді. Мысалы, 2.1 – кестеде пайдалы қазбаларды сынап талдаудың нәтижелері келтірілген.
«Плюс бойынша» (+) немесе «минус бойынша» (-) шығым қосындысы берілген тор тесігінің үлкен немесе кіші өлшеміне қатысты барлық кластардың шығымдар қосындыларын көрсетеді.
Торлық талдаудың мәліметтері бойынша тік бұрышты координат жүйесінде кесектік сипаттамасы құрылады (2.1 - сурет). Координат өсінде кластардың шығым қосындысы (процентпен), ал абсцисса өсінде –миллиметрмен тор тесігінің өлшемі белгіленеді. Материалдардың шығымдар қосындыларының негізінде тор тесігінің үлкен диаметрінде «плюс бойынша», ал кіші диаметрінде – «минус бойынша» қисық салынады. Екі қисық бойынша шығымдар қосындысы әрқашанда 100 %-ке тең болуға тиісті. Сондықтан «плюс бойынша» және «минус бойынша» екі қисықтың сипаттамалары бір-біріне айна шағылысты болып саналады. Олар әрқашанда 50 %-тік шығым қосындыларына сәйкес бір нүктеде түйіседі. Қисықтың абсцисса өсімен түйісу нүктесі берілген сынамадағы материал кесектігінің максимальды өлшемін көрсетеді.
2.1 – кесте – Торлық талдаудың нәтижелері
Класс, мм |
Шығым |
|||
Жекеленген |
Қосындысы, % |
|||
кг |
% |
«плюс бойынша» |
«минус бойынша» |
|
-25+13 -13+6 -6+3 -3+1 -1+0,5 -0,5+0 |
8 11,2 12,8 14,4 16 17,6 |
10 14 16 18 20 22 |
10 24 40 58 78 100 |
100 90 76 60 42 22 |
2.1 – сурет – Кесектік сипаттамалары: 1 – «плюс бойынша»; 2 – «минус бойынша»
«Плюс бойынша» сипаттамалардың қосындылары иілген, дөңесті және тік сызықты болуы мүмкін. Иілген қисық сынаптағы ұсақ түйіршіктердің басым болуын, дөңесті сызық – ірі түйіршіктердің болуын көрсетеді, ал түзу сызықты сипаттама ірілік кластарының теңбе-тең бөлінуін куәгерлендіреді. Иілген қисықтар осал пайдалы қазбалар үшін (мысалы, көмірлерге), ал дөңес қисықтар қатты кендер үшін тән. Кесектік сипаттамаларының қосындылары бойынша кез келген класс шығымын анықтауға болады. Ол үшін абсцисса өсінде қажетті класс өлшемін табады және бұл нүктеден өске перпендикуляр қисық сызықпен түйіскенше түзуді жүргізеді, одан абсцисса өсіне параллельді ординат өсімен түйіскенше түзу жүргізіледі. Түйісу нүктелері класс шығымдарының қосындыларын анықтайды.