
- •Мазмұны
- •1 Жалпы мәлімет
- •1.1 Әртүрлі пайдалы қазбаларды қолдану кезінде байытудың рөлі және маңызы
- •1.2 Пайдалы қазбаларды байыту үдірістері және әдістері
- •1.3 Кен байыту технологиялық схемалары
- •1.4 Кен байытудың технологиялық көрсеткіштері
- •2 Елеу (грохочение)
- •2.1 Елеу операцияларының қолданылуы
- •2.2 Түйіршік өлшемдік құрам
- •2.3 Елеуіштердің конструкциялары
- •2.4 Елеуіштердің електен өткізу беттері және елеу тиімділігі
- •3 Ұсату
- •3.1 Ұсату операцияларының қолданылуы
- •3.2 Жақты ұсатқыштар
- •3.3 Конусты ұсатқыштар
- •3.4 Білікті ұсатқыштар
- •3.5 Соқпалы әрекетті ұсатқыштар
- •4.1 Ұнтақтау операцияларының қолданылуы
- •4.2 Барабанды диірмендер
- •4.3 Өзін-өзі ұнтақтайтын диірмендер
- •5 Классификация
- •5.1 Минерал түйіршіктерінің суда және ауада шөгу заңдылықтары
- •5.2 Классификация үдірісі
- •5.3 Классификаторлар
- •6 Гравитациялық байыту әдістері
- •6.1 Негізгі түсініктер
- •6.2 Бөлектеу (отсадка)
- •6.3 Бөлектендіру машиналары
- •6.4 Концентрациялау столдарында байыту
- •6.5 Шлюздерде және винтті бөлгіштерде байыту
- •6.6 Ауыр ортада байыту
- •6.7 Пневматикалық (ауа күшімен) байыту
- •6.8 Кенді шаю
- •6.9 Гравитациялық байытудың техника-экономикалық көрсеткіштері
1.3 Кен байыту технологиялық схемалары
Кен байытуда қолданылатын барлық үдірістердің бірінен кейін бірінің жүргізілу тәртібін көрсететін жиынтығы кен байыту технологиялық схемасы деп аталады. Кеннен бастап әртүрлі үдірістерге түсетін және үдірістерден алынатын өнімдер стрелкалы тік сызықтармен белгіленеді. Екі өнім беретін үдірістер көлденең сызықтармен, ал бір өнімді үдірістер (мысалы, ұсақтау және ұнтақтау) шеңбер сызықпен белгіленеді. Егер технологиялық схемада тек қолданылатын үдірістер және олардың кезек орналасуы көрсетілсе оны сапалы схема деп атайды (1.1-сурет). Тек үдірістер көрсетіліп қоймай, әртүрлі үдіріске қанша өнім түсетіні және онда қанша бағалы зат бар екені көрсетілсе ол сапалы санды схема деп аталады. Ал осыларға қосымша схемада әр үдіріске қанша су түсетіні және өнімдермен бірге қанша су шығатыны көрсетілсе ол сапалы-санды шламды схема деп аталады.
Байытылуда жүргізілетін (1.1-сурет) үдірістерді сызық белгілерімен көрсетпей, сол үдірістерді жүргізу үшін қолданылатын машиналардың үлгі түрлері көрсетілсе онда ол аппараттардың (машиналардың) тізбек схемасы деп аталады (1.2-сурет). Келтірілген схемалардың қай түрі болмасын кеннің қалай байытылатыны туралы мәлімет бере алады. Оларды тек сапалы, не санды, не шламды схема түрінде көрсетуге болады. 1.2-суретте келтірілген аппараттар тізбегі бойынша вагондармен жеткізілген кен (1) қабылдағыш бункерге (2) түсіп одан пластинкалық конвейермен (3) колосникті елеуішке (4) түсіріледі. Тор үстінде қалған ірілік класс жақты ұсатқышқа (5) түсіп, ұсатылған кен тордан өткен ірілік класымен қосылып дірілдеуік елеуішке (6) түседі. Тор үстінде қалған класс орта ұсату үшін қолданылатын конусты ұсатқышқа (7) түседі. Ұсатылған кен тордан өткен ірілік класпен қосылып дірілдеуік елеуішке (8) түседі. Тор үстіндегі класс ұсақ ұсату үшін қолданылатын конусты ұсатқышта (9) ұсатылып тордан өтетін ірілік класпен қосылып ленталы конвейерлермен (10), (11) ұсатылған кенге арналған бункерге (12) түсіріледі. Одан ленталы конвейермен (13) диірменге (14) жіберіледі.
1.1 – сурет – Флотациялау фабрикасында кен байытудың технологиялық схемасы (мысал)
1.2 – сурет – Флотациялау фабрикасындағы аппараттар тізбегінің схемасы (мысал)
Ұнтақталған кен спиральді классификаторға (15) түсіп, оның құмы диірменге қайтарылады да, ал ағызынды насоспен (16) он камералы негізгі флотация операциясына арналған флотациялық машинаға (17) түсіріледі. Одан шығатын камералық өнім алты камералы бақылау операциясына арналған флотациялық машинаға (19) түседі. Бұл машинада алынатын камералық өнім қалдық ретінде зумпф (23) арқылы насоспен (24) қалдық сақтау орнына жөнелтіледі. Негізгі флотациялық машинаның көбікті өнімі тазалау үдірісіне арналған машинаға (18) түседі. Оның камералық өнімі бақылау операциясының көбікті өнімімен бірге негізгі флотацияға қайтарылып, ал көбікті өнімі (концентрат) қойылдырғышқа (25) түсіріледі. Қойылған концентрат насоспен (20) сүзгішке (21) түсіріліп, одан алынатын кен құрғатқыш барабанда (22) құрғатылады. Қойылдырғыштың ағызындысы және фильтрат суды қайта пайдалану жүйесіне түсіріледі.