Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПБ жне айта деу.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
10.67 Mб
Скачать

3.4 Білікті ұсатқыштар

Білікті ұсатқыштарда кен біріне-бірі қарсы айналатын, параллель орнатылған екі біліктің ортасына түсіріледі де, жаншылып ұсатылады. Бастапқы материал жоғарыдан төмен қарай екі біліктің арасындағы кеңістікке түсіріліп, олар біліктермен қауып алынады және ұсатылады. Білікті ұсатқыштар тегіс бетті (ВДГ) және тісті (ВДЗ) не бұдыр бетті білікті ұсатқыштар болып бөлінеді. Конструкцияларында басқа өзгешеліктер жоқ. Білікті ұсатқыштардың өнімділігі жоғары емес. Соған байланысты, олар аз өнімді байыту фабрикаларында ғана қолданылады. Тегіс бетті ұсатқыштар орташа және ұсақ ұсату сатыларында қатты кен түрлерін ұсатуға қолданылса, тісті және бұдыр бетті ұсатқыштар көбінде көмір, кокс, антрацит, тұз сияқты жұмсақ және морт пайдалы қазбаларды ұсатуға қолданылады. Ұсату дәрежелері і = 4...6 – ға тең, кейде 10-ға дейін (тісті бетті ұсатқыштарда) жетеді.

Тегіс бетті (ВДГ) білікті ұсатқыш (3.5 - сурет) біріне-бірі қарама-қарсы бірдей жиілікпен айналатын және ұсатылатын материалды (3) жаншитын екі біліктен (1) және (5) тұрады. Білік (1) екі подшипникте (2) айналыста болатын білікке отырғызылған. Білік (5) бағыттаушы рама (7) бойынша жылжу мүмкіндігі бар екі подшипникте (4) айналыста болатын білікке отырғызылған. Жылжушы подшипниктер қорғаушы қондырғы рөлін атқаратын серіппелерге (6) тірелгенше қысылады. Ұсатушыға ұсатылмаған зат түскен кезде серіппелер сығылады, подшипниктер білікпен (5) бірге артқа қайтады және ұнтақталмаған затты өткізеді. Кейіннен серіппелері арқасында білік бастапқы қалпына келеді. Ұсатушы біліктердің арасындағы саңылау қозғалмайтын және қозғалатын подшипниктердің арасында орналасқан прокладкалармен реттеледі.

Кен кесектерін біліктер қауып қысып әкету үшін біліктердің диаметрі ең ірі кесектердің диаметрінен кемінде 18-20 есе үлкен болуы қажет. Ұсатушы біліктер сауыттармен жабылған.

3.5 – сурет – Тегіс бетті екі білікті ұсатқыштың схемалы көрінісі:

1, 5 – біліктер; 2,4 – подшипниктер корпустары; 3 - ұсатылатын материал; 6 – серіппе;

7 - бағыттаушы рама

Білікті ұсатқыштардың конструкциясы қарапайым, жұмысы оңай реттеледі. Білікті ұсатқыштардың өнімділігі төменгі формула бойынша анықталады:

Q = 60 π n D L S K б, т/сағатына, (3.5)

мұндағы n - біліктердің айналыс жиілігі, мин-1;

D – біліктердің диаметрі, м;

L – біліктердің ұзындығы, м;

S – біліктердің арасындағы саңылаудың ені, м;

K – ұсатқыштан өту кезінде ұсатылған материалдың қопсу коэффициенті;

б – ұсатылатын материалдың тығыздығы, т/м3.

3.5 Соқпалы әрекетті ұсатқыштар

Соқпалы әрекетті ұсатқыштарда кен кесектері жылдам айналып қозғалатын денелердің кинетикалық дене күшімен ұсатылады. Конструкциялық өзгешеліктеріне қарай олар балғалы, роторлы және білікті (дезинтеграторлар) ұсатқыштарға бөлінеді. Балғалы және роторлы ұсатқыштардың конструкциялық негізі бір. Балғалы ұсатқыштарда кен айналмалы роторға шарнирлі (яғни қозғалмалы) орнатылған балғалардың соғуымен ұсатылса, роторлы ұсатқыштарда кен роторға тұтастыра қозғалыссыз орнатылған денелердің соғуымен ұсатылады. 3.6 – сурет, а – бір роторлы балғалы ұсатқыштың схемалық көрінісі келтірілген.

Корпус (1) ішіндегі білікке ротор (2) орнатылған. Роторға балғалар (4) шарнирлі бекітілген. Яғни, әрқайсысы бекіту өсінде айнала қозғала алады. Ротор үлкен жылдамдықпен айналғанда ортадан серпінді күштің әсерімен балғалар радиус бағытына сәйкес орналасыды.

Кен кесектері балғалардың соғу әрекетінен ыршып қарсы бетте орналасқан плиталарға (3) қатты соғылып жарыла ұсатылады. Ұсатылған кен төмен құлап шеңбер жасай орналасқан колосникті торға (5) түседі. Одан ұсақтығы жеткен кен өтіп кетеді де, ірілері тағыда балғалардың соққысына түседі. Ұсатқыштың ұсату дәрежесі тор құратын колосниктердің арақашықтарын өзгерту арқылы реттеледі. Жалпы олардың ұсату дәрежесі 30-ға дейін жетеді. Ротор білікте бір-біріне параллель орналасқан бірнеше дискалардан тұрады. Әр балғаның салмағы 3,5 килограмнан 180 килограмға дейін өзгереді. Балғалы ұсатқыштар бір роторлы және екі роторлы түрде жасалады.

Роторлы ұсатқыштардың балғалылардан айырмашылығы сол – балға орнына роторға (2) қозғалмайтын соққыштар (7) орналасқан. Оларға тиіп ыршыған кесектер уатушы плиталарға (4) ғана соғылмай, одан біраз төменірек орнатылған колосникті торға (5) соғылып, ұсақтары одан өтіп шығады. Демек, колосникті тор ротордың астыңғы жағына емес, оның оң жақ қабырға тұсына орналасқан. Тартқыштың (6) көмегімен қозғалмайтын соққыш (7) пен колосникті тор (5) бетінің арасындағы саңылауды реттеуге болады. Роторлы ұсатқыш шынжырлы бүркемелермен (завесамен) қамтамасыздандырылған. Роторлы ұсатқыштарда кен кесектерін соғу күші молырақ, себебі ортадан серпін күш энергиясына соққыш денелермен бірге бүтін ротордың массасы әсерін тигізіп күшейтеді.

Білікті (дезинтеграторлар) ұсатқыштар әртүрлі диаметрлі екі цилиндрлі ротордан тұрады. Олардың біреуінің диаметрі үлкен, ал екіншісінің диаметрі кіші. Кіші диаметрлі ротор үлкен диаметрлі ротор ішіне орналасқан. Екі ротор қарама-қарсы бағытта айналады. Роторлар жабық цилиндрлі корпус ішіне орналасқан. Кен ішкі ротордың ішіне түсіріледі де біліктердің соғуымен ұсатылады. Ұсатылған кен сыртқы ротор біліктері арасынан шығып төмен түседі.

3.6 – сурет – Соқпалы әрекетті ұсатқыштардың схемалы көрінісі:

а – балғалы; б – роторлы; 1- корпус; 2 – ротор; 3 – уатпалаушы плиталар және шынжырлы бүркемелер (завесы); 4 – уатпалаушы плиталар; 5 – колосникті торлар;

6 – тартқыш

4 ҰНТАҚТАУ