
- •Мазмұны
- •1 Жалпы мәлімет
- •1.1 Әртүрлі пайдалы қазбаларды қолдану кезінде байытудың рөлі және маңызы
- •1.2 Пайдалы қазбаларды байыту үдірістері және әдістері
- •1.3 Кен байыту технологиялық схемалары
- •1.4 Кен байытудың технологиялық көрсеткіштері
- •2 Елеу (грохочение)
- •2.1 Елеу операцияларының қолданылуы
- •2.2 Түйіршік өлшемдік құрам
- •2.3 Елеуіштердің конструкциялары
- •2.4 Елеуіштердің електен өткізу беттері және елеу тиімділігі
- •3 Ұсату
- •3.1 Ұсату операцияларының қолданылуы
- •3.2 Жақты ұсатқыштар
- •3.3 Конусты ұсатқыштар
- •3.4 Білікті ұсатқыштар
- •3.5 Соқпалы әрекетті ұсатқыштар
- •4.1 Ұнтақтау операцияларының қолданылуы
- •4.2 Барабанды диірмендер
- •4.3 Өзін-өзі ұнтақтайтын диірмендер
- •5 Классификация
- •5.1 Минерал түйіршіктерінің суда және ауада шөгу заңдылықтары
- •5.2 Классификация үдірісі
- •5.3 Классификаторлар
- •6 Гравитациялық байыту әдістері
- •6.1 Негізгі түсініктер
- •6.2 Бөлектеу (отсадка)
- •6.3 Бөлектендіру машиналары
- •6.4 Концентрациялау столдарында байыту
- •6.5 Шлюздерде және винтті бөлгіштерде байыту
- •6.6 Ауыр ортада байыту
- •6.7 Пневматикалық (ауа күшімен) байыту
- •6.8 Кенді шаю
- •6.9 Гравитациялық байытудың техника-экономикалық көрсеткіштері
Мазмұны
КІРІСПЕ.............................................................................................................. |
4 |
1 ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ....................................................................................... 1.1 Әртүрлі пайдалы қазбаларды қолдану кезінде байытудың рөлі және маңызы................................................................................................................ 1.2 Пайдалы қазбаларды байыту үдірістері және әдістері............................ 1.3 Кен байыту технологиялық схемалары..................................................... 1.4 Кен байытудың технологиялық көрсеткіштері......................................... |
6
6 8 11 14 |
2 ЕЛЕУ (ГОХОЧЕНИЕ).................................................................................... |
18 |
2.1 Елеу операцияларының қолданылуы......................................................... |
18 |
2.2 Түйіршік өлшемдік құрам........................................................................... |
19 |
2.3 Елеуіштердің конструкциялары................................................................. |
22 |
2.4 Елеуіштердің електен өткізу беттері және елеу тиімділігі...................... 3 ҰСАТУ............................................................................................................. 3.1 Ұсату операцияларының қолданылуы....................................................... 3.2 Жақты ұсатқыштар...................................................................................... 3.3 Конусты ұсатқыштар................................................................................... 3.4 Білікті ұсатқыштар....................................................................................... 3.5 Соқпалы әрекетті ұсатқыштар.................................................................... 4 ҰНТАҚТАУ..................................................................................................... 4.1 Ұнтақтау операцияларының қолданылуы................................................. 4.2 Барабанды диірмендер................................................................................ 4.3 Өзін-өзі ұнтақтайтын диірмендер............................................................ 5 КЛАССИФИКАЦИЯ...................................................................................... 5.1 Минерал түйіршіктерінің суда және ауада шөгу заңдылықтары............ 5.2 Классификация үдірісі................................................................................ 5.3 Классификаторлар....................................................................................... 6 ГРАВИТАЦИЯЛЫҚ БАЙЫТУ ӘДІСТЕРІ.................................................. 6.1 Негізгі түсініктер......................................................................................... 6.2 Бөлектеу (отсадка)....................................................................................... 6.3 Бөлектендіру машиналары.......................................................................... 6.4 Концентрациялау столдарында байыту..................................................... 6.5 Шлюздерде және винтті бөлгіштерде байыту........................................... 6.6 Ауыр ортада байыту.................................................................................... |
28 31 31 34 36 39 41 43 43 44 49 51 51 55 57 67 67 68 70 73 78 82 |
6.7 Пневматикалық (ауа күшімен) байыту...................................................... 6.8 Кенді шаю .................................................................................................... 6.9 Гравитациялық байытудың техника-экономикалық көрсеткіштері....... ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ |
90 94 98 |
КІРІСПЕ
Халық шаруашылығының барлық салаларында жер қойнауынан қазып алынатын пайдалы қазбалардың маңызы өте зор. Олардан металдар, химиялық заттар, отын түрлері және құрылыс материалдары алынады. Оларды өндіру үшін бастапқы шикізат көптеген өңдеу үдірістерінен өтеді. Көпшілік минералды шикізаттар құрамы күрделі келеді. Сондықтан олардың құрамындағы пайдалы заттарды тиімді пайдалану үшін бір-бірінен ажыратып бөлу қажет. Көпшілік жағдайда, әсіресе түсті және сирек кездесетін металдар кендерінде пайдалы зат мөлшері өте төмен болады. Мысалы, қорғасын кендерінде оның проценттік үлесі орташа 1-3 % мөлшерінде кездеседі. Мұндай кендерден металдарды тікелей металлургиялық әдістермен өңдеп бөліп алу өте тиімсіз, не мүмкін емес.
Пайдалы қазбалар жер қойнауында қатты (кен, көмір, шымтезек), сұйық (мұнай) және газ (табиғи газдар) түрінде кездеседі. Байыту объектісі ретінде қатты пайдалы қазбалар саналады. Қатты пайдалы қазбаларды үш негізгі топтарға бөлуге болады:
- металды кендер. Олар қара, түсті, сирек, құнды және басқада
металдарды алу үшін арналған шикізат;
- металсыз кендер. Олар металсыз элементтерді және қосылыстарды, құрылыс материалдарын, керамикалық бұйымдарды, түрпілі (абразивті) және басқада материалдарды алу үшін арналған шикізат;
- жанғыш пайдалы қазбалар (көмір, жанартас, шымтезек). Олар отын немесе химиялық шикізат түрінде қолданылады.
Металды кендер көбінесе күрделі құрамды түрде, демек комплексті түрде кездеседі. Олардың құрамынан жеке металдарды тек металлургиялық өңдеумен бөліп алу өте қиын. Сондықтан, кен алдын ала байыту үдірістерімен өңделу нәтижесінде пайдалы заттар – минералдар түрінде жеке өнімдерге (концентраттарға) бөлінеді. Концентрат деп байыту арқасында алынған бір немесе бірнеше таза минералдарды (өнімдерді) атаймыз.
Кендерді байытудың технологияларын жетілдіру негізінде өте кедей кендерден жоғары сапалы концентраттар алу және күрделі құрамды кендерден жеке металдар концентраттарын алу мүмкіншілігі туды.
Қазіргі кезде барлық дерлік пайдалы қазбалар байыту үдірістерінен өткізіледі. Тек темір, марганец және фосфор кендерін тікелей металлургиялық не химиялық әдістермен өңдеуге болады.
Байыту техникасының дамуы, үлестік мөлшері өте төмен сирек кездесетін металдар кендерінің қорын молайтып, іске қосуға себеп болады.
Байыту фабрикалары жоғары өнімді өндірістің саласына айналды. Оларда жүргізілетін үдірістер жоғары дәрежеде механикаландырылған және автоматтандырылған, сондай-ақ, пайдалы қазбаларды қайта өңдеу технологиялық схемаларымен жабдықталынған.
Шикізатты рациональды қолдану, оны толығымен қайта өңдеу және комплексті қамтамасыз ету, пайдалы қазбаларды байыту технологияларын жетілдіру мәселелері ғылыми-техникалық прогресті жеделдету, жаңа тиімді технологиялық үдірістерді және реагенттерді енгізу негізінде шешілуі қажет.
Қазіргі кезде барлық байыту мамандары алдына қойылатын бастапқы міндет – минералды шикізаттарды комплексті қолдану технологияларын жетілдіру жолдарын іздеп табу және құнды компоненттерді максимальды алу.
Бұл міндетті шешу байыту жабдықтары мен пайдалы қазбаларды байыту үдірістерін құратын және жетілдіретін мамандарға жүктелінген.
Байыту үдірістерін жетілдіруде біздің еліміздің оқымыстылары мен инженерлері айтарлықтай табыстарға жетті. Еліміздің жоғары оқу орындарында және колледждерде көптеген мамандар дайындалды. Бұл салада жұмыс істейтін ірі ғылыми-зерттеу және жобалау институттары бар.
Кендердің жаңа түрлерінің табылуы, олардың құрамдарының өзгеріп отыруы және әлі де болса оларды комплексті пайдалану дәрежесі талапқа сай болмауы алда ғылыми және практикалық көптеген мәселелердің шешілуін қажет етеді.
Бұл оқу құралына жүктелген міндет – студенттерге минералды шикізатты комплексті қайта өңдеу және байытудың прогрессивті технологиялық үдірістерін игеру жолдарын комплексті таба білуге үйрету.