Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
й сімдіктері.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
181.25 Кб
Скачать

Ыдыс[өңдеу]

Үй өсімдіктері үшін ең қолайлы ыдыс кәдімгі жайпақ тәрелке мен қыш тостақ болып табылады. Олардың қабырғалары кеуекті болғандықтан өсімдіктің тамырына оттегі оңай жетеді. Металл не сырланған ыдыстарды пайдалануға болмайды. Кактустар мен басқа суккуленттерді өсіру үшін ол астм ассадан жасалған ыдыстарды немесе қораптарды пайдалануға болады. Өсімдіктің ауруға шалдыруын болдырмау үшін алдымен ыдысты ыстық сумен мұқият жуады, содан кейін дезинфекциялайды.

Өсімдіктерді көшеттеу және топырағын алмастырып отырғызу[өңдеу]

Өсімдіктер қоректік тұздары бар суды тамыры арқылы бойына сіңіріп, біртіндеп топырақты құнарсыздандырады, сондықтан оларды әлсін-әлсін алмастырып, жаңа топыраққа отырғызу керек. Өсімдік дұрыс өсіп-өнбей, жанырағы солғанда немесе тамырлары топырақтың барлық кесек түйірлерін шырмалалғанда ғана көшеттеп отырғызады. Отырғызар алдында (суккуленттерден басқасын) кесек топырақ жібігенше, су құю керек. Өсімдікті қыш құмыр адай топырағымен қоса қопарыл алып, сіліккеннен кейін, оны көшеттеп отырғызуға болатынын айыруға болады. Егер өсімдікті көшеттеу қажет болмаса, оны кең ыдысқа жаңа топырақ салып қайта отырғызады. Топырағын алмастырыл отырғызуды өсімдік гүл ашқан кезде қолға алу керек, өйткені бұл кезде өсімдіктің өніп, жетілуіне зиян келмейді. Өсімдікті көшеттеп отырғызған қыш тостақтың немесе кеспектің көлемі бұрынғысының көлемінен онша үлкен болмауы тиіс. Көшеттеп отырғызу жұмысын, әдетте, көктемде (март-апрель) жүргізеді. Ауруға шалдыққан және гүлдеген өсімдіктерді көшеттеудің қажеті жоқ. Кішкене қыш тост ақтық түбіне дөңес жағын жоғары қаратыл шынының сынығын, ал үлкендеріне шыны сынығы немесе ұсақ тас салады. Оның үстіне тур алған шымтезек мүгін жайып тастайды, ол қыш құмыраның түбіндегі тесіктердің топырақпен бітеліп қалуын болдырмайды. Өсімдікті көшеттеп отырғызғанда оның тамыр мойны қалың топырақ астында қалмауын қадағалау керек. Өсімдіктерді шоғырлан, су ағар тесігі жоқ үлкен ыдыс қа көшеттеп отырғызғанда топырақты қопсытудың маңызы зор; мұндай жағдайда өсімдікті өте ептілікпен суару керек. Өсімдіктерді көшеттеп немесе топырағын алмастырып отырғызғаннан кейін, сабағының айналасындағы топырақты таяқшамен немесе саусақпен нығыздап, су құятын орын қалдырады. Одан кейін өсімдікке су құнды да, жел өтінен аулақ, күн сәулесі тура түспейтін жерге (үйде) қояды.

Өсімдікті тыңайту[өңдеу]

Өсімдіктердің қоректік заттар жөніндегі қажетін қанағаттандыру үшін минералдық және органикалық тыңайтқыштарды жүйелі түрде енгізіg, олардың топырақтағы қорын толықтырып отыру керек. Тыңайтқышты (ерітілген) бірнеше рет (1—2 аптадан кейін) өсімдіктің өсу және гүлдену кезеңінде енгізу керек. Жаңа ғана көшеттелген немесе ауруға шалдыққан өсімдіктерге тыңайтқыш берудің қажеті жоқ. Тыңайтқыш ерітіндісін қолдалудан 2 сағат бұрын топырақтың түйіршіктері толық жібуі үшін таза су құю керек. Минералды тыңайтқыштар ретінде калий тұзы және суперфосфат қолданылады. Өну кезінде өсімдікке аммиак селитрасықоспасын (21 /2 ас қасық), суперфосфат (1 ас қасық), калий селитрасын 1/2 ас қасық) 10—12 л суға ерітіп құю керек. Ал өсімдік гүл жарар алдында және гүлдену кезінде аммиак селитрасы қоспасын ( /2 ас қасық), суперфосфат (2 ас. қасық) және калий селитрасын 10 л суға ерітіп құяды. Дайындалған тыңайтқыш ерітіндісін де (оның ережесі ұсынылады) қолданған жөн. Органикалық тыңайтқыштарды қолдану өсімдіктердің өніп, өсуіне жақсы ықпал жасағанымен, бірақ оларды үй жағдайында дайындау өте қиын. Шикі етті жуған су жақсы қосымша тыңайтқыш болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]