Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
й сімдіктері.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
181.25 Кб
Скачать

Үй өсімдіктері (іріктеп алу, өсіру және баптал күту). Өсімдіктерді үйде өсіруге дұрыстап іріктеп алу үшін, олардың өсуіне қажетті жағдайларды (жарық, температуражәне ауаның ылғалдылығы) жақсы білу керек. Оны табиғат жағдайларына сәйкестендірген жөн. Өсімдіктің өсіп-өнуі үшін ең бірінші жарық қажет. Өсімдіктің жарықты сүйетін, көлеңкеге төзімді, сондай-ақ жарықтық шашырап түскенін қажет ететін түрлері болады.[1]

Мазмұны

  [жасыру] 

  • 1 Жарық сүйгіш өсімдіктер

  • 2 Жарықтық шашырап түсуін қажет ететін өсімдіктер

  • 3 Көлеңкеге төзімді өсімдіктер

  • 4 Жылылықты сүйетін өсімдіктер

  • 5 Өсімдіктерді орналастыру

  • 6 Үй өсімдіктерінің топырағы

    • 6.1 Жапырақ араласқан топырақ

    • 6.2 Шымтезек топырағы

    • 6.3 Жылыжай қарашірік топырағы

  • 7 Өсімдіктерді суару

  • 8 Ыдыс

  • 9 Өсімдіктерді көшеттеу және топырағын алмастырып отырғызу

  • 10 Өсімдікті тыңайту

  • 11 Өсімдіктерді көбейту

    • 11.1 Өсімдіктерді өз кесінділерінен көбейту

    • 11.2 Тамырынан бөліп көбейту

  • 12 Тағы қараңыз

  • 13 Дереккөздер

Жарық сүйгіш өсімдіктер[өңдеу]

Оларға шөл дала мен таулы жерлерде өсетін өсімдіктердің барлығы — кактустар, сондай-ақ жапырағында немесе сабақтарына ылғал сақтайтын басқа да өсімдіктер (суккуленттер)— сүттіген, сенецио, стапелия, литопса, фаукария, толстянка, каланхоэ,очитка, атала, сансевиерия, зониум т. б..; әсем гүл жаратын өсімдіктердің көпшілігі (амариллис, жасмин, кливия, панкрациум,пеларгония); қараңғыда және көлеңкеде өңін жоғалтатын көптеген теңбіл жапырақты өсімдіктер (мысалы, колеус, кротон,сеткреазия, кордилина, стробилантес) жатады.

Жарықтық шашырап түсуін қажет ететін өсімдіктер[өңдеу]

Жарықтық шашырап түсуін қажет ететін өсімдіктерге — парагус , бегония, глоксиния, сенполия, фуксия, эухарис, пенеромия, Американың тропиктік орманында өсетін жатаған шөптер — маранттар, хкалатея, строманте, ктенанте және фиттония, бром ел ия тұқымдас өсімдіктердің көпшілігі — эпифиттер (топырақта өспейтін өсімдіктер; басқа өсімдіктердің бұтақтарының, діндерінде өсетін — эхмея, фризия, бильбергия, арегелия, криптантус) және Бразилияның батпақты ормандарында өсетін өсімдіктер —питкарния, пуйя жатады.

Көлеңкеге төзімді өсімдіктер[өңдеу]

Көлеңкеге төзімді өсімдіктер — қырық құлақтар, тікенекті өсімдіктер, монстер, филодендрон, сингониум, сциндапсус,спатифиллюм, руэллия, аспидистра, шырмауық , традесканция, зебрина, саркококка, фикус т. б. көптеген қылқан жапырақты өсімдіктер. Өсімдіктерді өсіруде үй температурасының маңызы ерекше.

Жылылықты сүйетін өсімдіктер[өңдеу]

Жылылықты сүйетін өсімдіктерге тропиктік өсімдіктер жатады, мысалы, бегония, пеперомия, ароид тұқымдас өсімдіктер (антуриумдер, аглаонемдер, диффенбахия, сингониум), кордилиндер, драцендер, бромелия мен геснерия тұқымдастар. Олардың барлығы қыста 20°С температурада жақсы өседі. Субтропиктік өсімдіктердің көпшілігі кактустар, суккуленттер, хлорофитум, бересклет, фатсия, шырмауық, лавр, тікенекті мюленбекия үшін қыста температура 6°С-тан 12°С аралығында болуы керек. Егер температура режимі бұзылса өсімдіктер сарғайып , жапырағы түсіп қалады.

Өсімдіктерді орналастыру[өңдеу]

Қазіргі кезде өсімдіктерді қабырғаға іліп қоятын гүл өсіргіштерде, журнал немесе жұмыс столына бекітілетін ағаш не пластмассажәшіктерде өсіру кең тараған. Өсімдіктерді шоғырлан өсіру аз орын алады, оларды баптап, күту қолайлы. Сондықтан шоғырлан отырғызылатын өсімдіктерді шамасы мен өсу түріне қарай таңдап алған жөн. Көшеттің түбін бүркеу үшін жайылып өсетін ампельөсімдіктерін (хельксина, пилей, пеперомия, фикус, шырмауық) пайдалануға болады. Мұндай композицияға өсімдіктердің табиғи өсетін жерлерін бейнелейтін әр түрлі материалдарды — тастар мен ағаштарды пайдаланған жөн. Сонымен бірге шоғырланып отырғызылатын өсімдіктердің түр-түсінің сәйкес келуін де ескеру керек. Гүлдердің түстері әр түрлі болуы тиіс. Өсімдіктердің мұндай шоғырына әсем жапырақты өсімдіктерді қосса тіпті жақсы. Мысалы, папоротникпен қоса асплениумды, сциндапсусты,пеперомияны, немесе цереус, сүттіген, эхинопсис, оскулярия мен глотифиллюмды бірге өсіруге болады. Ал ірі өсімдіктерді (пальма, монстерлер, фикус, драцендер) тұғырға орнатылған жеке ағаш кеспектерге немесе арнаулы ыдыстарға отырғызу қажет. Ампель өсімдіктері сор ел ерле және қабырғаға ілінетін гүл өсіргіштерде сәнді көрінеді. Жылыжайда өсірілген өсімдіктер алғашында( түрлі кеселге шалдығуы мүмкін (қурайды, жапырағы түседі), бірақ жақсылап күтіп-баптаса қайта түзеліп, өсе бастайды. Көшет отырғызу үшін жас өсімдіктерді сатып алған дұрыс, сондай-ақ өсімдіктерді өз ұрығынан немесе сабағынан өсірсе тіпті жақсы, себебі олар тез өсіп-өніп жаңа жағдайға оңай көндігеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]