
- •1. Квадратуралық амплитудалық модуляция (кам), модуляция және демодуляция әдістері.
- •2 . Көппозициялық кодалау.
- •3. Деректерді қысу. Lzw алгоритмі.
- •2. Квадратуралық амплитудалық модуляция (кам), модуляция және демодуляция әдістері.
- •3. Шкб және акб түзетуші кодасымен салыстыратын жүйелік сипаттамасы
- •2. Элементтер бойынша синхронизациялаудың ажыратылмаған құрылғысының жұмыс істеу принципі. Генераторға тікелей әсері (үздіксіз және дискретті басқарылуы), генераторға жанама әсері.
- •1. Дс тарату үшін қажетті үзіліссіз арналардың негізігі қасиеттері.
- •2. Синхронды да-мен стартстопты сигналдардың түйісу ерекшіліктері.
- •3. Бейнені қысу әдісі. Jpeg форматы.
- •13.4 Сурет – jpeg кодерінің блоктық диаграммасы
- •2. Біріншілік сигналарды асыра кодалау. Алфавиттік кодалар: чпи (ami), hdb (квп), және олардың спектрлері.
- •1. Элементтік, топтық және циклдық синхронизация түсініктерінің анықтамалары.
- •3. Циклдық кодалау кезінде қатені табу және түзету. Циклдық коданың синдромы және онық қасиеті.
- •2. Цифрлық модуляция әдістері. Көппозициялық модуляция: nФм
- •3. 1,2,3 Дәрежелі mpeg алгоритмін сығу.
1. Элементтік, топтық және циклдық синхронизация түсініктерінің анықтамалары.
Синхрондау екі немесе одан да көп процестер арасында белгілі бір уақыттық арақатынастар орнату және оны сүйемелдеу процесі. Синхрондауды бір элементтеп, топтап және циклмен синхрондау деп бөледі. МЕМСТ 17657–79 сәйкес бір элементтеп, топтап және циклмен синхрондау – бұл сигналдардың сәйкес таратылған және қабылданған бірліктік элементтерінің, осы сигналдардың бірліктік элементтері топтарының және олардың уақытша бірігуі циклдерінің маңызды сәттері арасында қажетті фазалық арақатынастар орнатылатын және сүйемелденетін мәліметтердің таратылған және қабылданған сандық сигналдарын синхрондау. Бір элементтеп синхрондау қабылдау кезінде бір бірліктік элементті басқасынан дұрыс бөліп алуға мүмкіндік береді және оны тіркеу үшін ең жақсы жағдайларды қамтамасыз етіп береді. Топтап синхрондау қабылданған тізбектің кодтық комбинацияға дұрыс бөлінуін қамтамасыз етеді, ал циклмен синхрондау – қабылдаудағы элементтердің уақытша бірігуі циклдерінің дұрыс бөлінуін қамтамасыз етеді. Әдетте циклмен және топтап синхрондау бірдей әдістермен шешіледі. Бір элементтеп синхрондау құрылғыларына төмендегідей талаптар қойылады:
1. 1.Синхрондаудың жоғарғы дәлдігі. Синхроимпульстердің (тактілік импульстердің) мүлтіксіз синхрондауға сәйкес келетін сәттерден рұқсат етілетін салыстырмалы ауытқуы εрұқ= ± 3%.
2. Бастапқы қосумен қатар байланыс үзілісінен кейін де синхронизмге кіруге аз уақыт кетуі.
3. Кедергілер және өткінші байланыс үзілісі болғанда синхронизмнің сақталуы.
4. Синхрондау дәлдігінің таратылатын хабардың статикалық құрылымынан тәуелсіздігі.
Көрсетілген талаптар бір-біріне қарама-қайшы. Дегенмен, сигналдардың рационалды құрылымын таңдау және синхрондау құрылғыларының тиімді параметрлерін таңдау жолымен синхрондаудың қажетті дәлдігін қамтамасыз етуге болады.
1 сурет – Бір элементтеп синхрондаудың резонанстық құрылғысының құрылымдық сұлбасы.
6.2ДС-дарды таратудың жоғарғы меншікті жылдамдығын қамтамаз ету. Найквист шарты, парциалды санау әдісі (парциалды коджалау әдісі).Найквист шарттары. Тарату жылдамдығын арттыру үшін қабылданған сигналдың тек мәндерін санау кезінде (0, T, 2T, 3T…) ғана көршілес импульстердің ықпалы нөлге жуық болуын талап етуге болады. Бұл талап Найквистің бірінші шарты деп аталады. Найквистің бірінші шарты тек дискретті нүктелердегі g(nT) сигналды санауға тиісті.
t=±nT кезінде (мұндағы n=2, 3, ...,) нөлдерді -t<T<t интервалынан тысқары жатуын талап етеді. Бұл талап Найквистің екінші шарты.
а) G(f) модулінің спектрі;
б)Найквистың тек қана бірінші шартын қанағаттандыратын g(t) сигналы ;
в Найквистың бірінші және екінші шарттарын қанағаттандыратын g(t) сигналы.
Найквистің бірінші шартын қанағаттандыратын импульстердің көмегімен тек шектік жағдайда таралу жылдамдығы 2 бит*с /Гц-ке қол жеткізуге болады. Екілік сигналдарды тарату кезінде жылдамдықтың бұл максималды мәніне жету үшін қос екілік (дуобинарлы), жартылай екілік, қос үштік (битернарлы) және парциалды санау әдістері қолданады. Қарастырылатын импульстер таралу жылдамдығы 1/Т кезінде екі немесе одан да көп ұзақтығы Т болатын тактілі интервалдарды қабылдайды. Таралу уақыты 2 бит*с"1/Гц жүзеге асыру үшін спектрді Найквист жолағымен шектеу қажет.