
- •Дәрілерді жіберу жолдарына қарай дозаларды
- •Тақырыбы: Химиялық фармакологиялық лабораторияда жұмыстеу барысындағы техника қауіпсіздігі.
- •Тақырыбы: Қатты (тығыз ) дәрілік формаларына рецепт жазу тәртібі.
- •Тақырыбы: Қатты (тығыз) дәрілік формаларды жасау технологиясы және дайындау тәртібі.
- •Тақырыбы: Сұйық дәрілік зат формаларына рецепт жазу тәртібі.
- •Тақырыбы: Сұйық дәрілік формаларды жасау технологиясы және дайындау тәртібі.
- •Тақырыбы: Жұмсақ дәрілік формаларына рецепт жазу тәртібі.
- •Сүртпе майлар – unguenta. (Unquеnta, Unquentum, Unquenti.)
- •Пасталар – Pastae. (Pastae, Pasta, Pastae.)
- •Пластырлар – emplastura.
- •Суппозиторийлар–suppositoria.
- •Тақырыбы:Жұмсақ дәрілік формаларды жасау технологиясы және дайындау тәртібі.
- •Тақырыбы: Галендік және жаңагалендік препараттары.
- •Шырыштар – Mucilagines (Слизи)
Пластырлар – emplastura.
Пластырлар- бұл кенепке жағып, сыртқа, терінің керекті жеріне жапсыратын балауызға ұқсас дәрілік форма.
Пластырлар дәріханада дайын күйінде болады: оларды кесектеп немесе кенепке жағып жібереді. Кесектеп жіберген жағдайда пластырды кенепке жағу ауру мал иесінің міндеті, ол туралы нұсқау беріледі.
Көп қолданылатын пластырлар: Emplasturm adhaesivum- жұққыш пластырьі, Emplasturm Cantharidis- шпан шыбынының пластырі, Emplasturm Hydrargyri – сынап пластырі.
Дәріханада пластырь алғанда кенепке жағылған пластырдың көлемін: ұзындығын (longitudo), енін (lattudo) немесе жалпы шамасын (magnitudo) көрсету керек; кенепке жағылмаған пластырдың салмақ мөлшері ғана көрсетіледі.
Сиырға:
Rp.: Emplastir Cantharidis Rp.: Emplastir Cantharidis
longitudine 10 cm D.t..d. № 2 cm 10 x 3
latituaine 3 cm S.
D. t. d. № 2 #
S. Rp.: Emplastir Cantharidis
D.S.
Суппозиторийлар–suppositoria.
(Suppositoria, Suppositorium, Suppositorii)
Суппозиторийлар - бұл конус, цилиндр немесе сигар тәрізді тікішекке енгізу үшін тағайындалатын және дене ыстығының әсерімен еритін қатты дәрілік форма.
Форма түзгіш (Constituens) ретінде: Какао майы (Oleum Cacao s. Dutyrum Cacao), бутироль (Butyrolum) немесе глицеринмен бірлестіріп гидрогенизделген май, желатин – глицерин қойыртпағы (Massa gelatino – glycerinosa), ланолин қосылған парафин, мал майы т.б. алынады.
Суппозиториялардың формасында дезинфекциялайтын, жеңіл тітіркендіретін қабынуға қарсы қолданылатын, жансыздандыратын т.б. заттар тағайындалады. Кейбір жағдайларда жалпы әсер ететін заттар тағайындалады.
Суппозиториялардың салмағы 2,0 ден 4,0 –ге дейін, конус диаметрі 2,5 нан 4 см-ге дейін.
Суппозиторияларды төмендегі тәсілдермен жасайды: 1) дәрілік заттардың керекті мөлшерін constituens пен біркелкі қойыртпақталғанша әбден нығыздайды немесе ерітіп, әдейі форма беретін қалыпқа құяды: 2) жасалған біркелкі қойыртпақты керегінше кесектерге бөліп, оның әрбіреуінен керекті формада шырақ жасайды.
Әрбір шырақты парафиндалған немесе жылтыр қағазға орайды. Оларды коробкаға салып береді.
Шырақ жазып бергенде олардың диаметрі, салмағы және негіз мөлшері көрсетілмейді, бірақ аптека олардың әрбіреуінің салмағын 3,0 етіп дайындайды. Егер суппозиторияларды бұл салмақ пен мөлшерден артық етіп жасау керек болса, ол туралы рецептіде көрсету керек. Рецептерде бұл дәрілік форма офининалдық және магистралдық, дозаланған жазбалармен жазылады.
Рецепт үлгілері.
Қойға: Иттке:
Rp.: lchtyoli 0,5 Rp.: lchtyoli 0,5
Butyroli q.s. Butyroli q.s.
M.f. suppositorium M.f. suppositorium № 12
D.t.d. № 12 D.S.тіқ ішекке күніне 2 рет 6 тәулікке
S.қынапқа енгізуге
пайдаланылады.