
- •Дәрілерді жіберу жолдарына қарай дозаларды
- •Тақырыбы: Химиялық фармакологиялық лабораторияда жұмыстеу барысындағы техника қауіпсіздігі.
- •Тақырыбы: Қатты (тығыз ) дәрілік формаларына рецепт жазу тәртібі.
- •Тақырыбы: Қатты (тығыз) дәрілік формаларды жасау технологиясы және дайындау тәртібі.
- •Тақырыбы: Сұйық дәрілік зат формаларына рецепт жазу тәртібі.
- •Тақырыбы: Сұйық дәрілік формаларды жасау технологиясы және дайындау тәртібі.
- •Тақырыбы: Жұмсақ дәрілік формаларына рецепт жазу тәртібі.
- •Сүртпе майлар – unguenta. (Unquеnta, Unquentum, Unquenti.)
- •Пасталар – Pastae. (Pastae, Pasta, Pastae.)
- •Пластырлар – emplastura.
- •Суппозиторийлар–suppositoria.
- •Тақырыбы:Жұмсақ дәрілік формаларды жасау технологиясы және дайындау тәртібі.
- •Тақырыбы: Галендік және жаңагалендік препараттары.
- •Шырыштар – Mucilagines (Слизи)
Пасталар – Pastae. (Pastae, Pasta, Pastae.)
Пасталар дегеніміз құрамына 25 проценттен және одан да көп процент ұнтақ тәрізді заттар кіретін қою сүртпе майлар. Оларды сүртпе майлар сыяқты, сонда көрсетілгендей сonstituens қосып жібереді.
Пасталардың сілтілік (pastae causticae) және терілік (pastae dermaticae) түрлері бар. Сілтілік пасталардың құрамына: Kalium causticum, Acidum arsenicosum, Hydrargyrum bichloratum, Zincum chloratum, Calcaria usta т.б. кіреді.
Пасталар дәрілік және форма түзгіш заттардан тұрады. Егер пастаның құрамында 25 проценттен ұнтақ заттар аз болса, онда индифференттық заттарды қосады: цинк тотығың (Zincum oxidum), бидай крахмалды, (trictii Amylum) талкті (Tallcum), т.б. ұнтақ заттарды.
Пасталарды былай жазады: официналдық пастаның құрамындағы заттарды айтпай-ақ, атын ғана көрсетеді; магистральдық пастаның құрамындаға барлық заттарды тізіп, рецептіні M. f. pasta D.S. формуласымен аяқтайды.
Официналдық паста – біреу – Pasta Zinci salicylata Lassari s. Unguentum Zinci salicylatum Сиырға:
Rp.: Kalii caustici Rp.: Pastae Zinci salicylatae 100,0
Calcii hypochlorosi, āā 15,0 D. S.
Amyli trictii 5,0
Aquae destillatae ad 100,0
ut. f. pasta
D. S
Линименттер - Linimenta. (Linimenta, Linimentum, Linimenti)
Линименттер - бұл қоюлық, сұйықтық немесе іркілдек тәріздес, сыртқы ағзаларға қолдануға арналған жұмсақ дәрілік зат формасы. Олар жұққыш майларды сілтілердің судағы ертінділерімен немесе дәрілік заттардың сабынды – спирттік немесе сулы – сабынды ертінділерімен араластыру арқылы, сол сыяқты қатты майлар мен май тәрізді заттарды керекті еріткіште (хлороформда, скипидарда т.б.) еріту арқылы анықталады.
Линименттер сыртқа (теріге жағу) қолданылады, олар теріге тез сіңеді, бірақ олардың бір жерге тигізетін әсері қысқа болып келеді. Линимент формасында қотырға қарсы қолданылатын (күкірт, қарамай, сабындар), қабынуға қарсы қолданылатын (көмір қышқылы сілтілер), теріні тітіркендіретін (скипидар, мүсәтірлі спирт), арнаулы заттарды (салицил қышқылының препараттары) т.б. тағайындайды.
Негізіне қарай линименттер 4-ке бөлінеді:
1) негіз ретінде сабынның спирттік немесе сабынды ертіндісі алынған сабынды линименттер (Sapolinimenta): бұлардың құрамына: күкірт, қара май, креолин, ихтиол, хлороформ, скипидар, камфора және бальзамдар кіреді.
2) Негіз ретінде құрамына зығыр, күнбағыс, күнжіт, кастор, шабдыл, меңдуана майлары кіретін- майлы линименттер (linimenta); бұлардың құрамына: терпендер, сілтілер, ихтиол, қарамай, бальзамдар, эфирлі майлар, хлороформ кіреді.
3) майлы линименттердің бір түрі – ланолинді линименттер (lanolinimenta);
4) Constituens ретінде вазелин майы алынған вазолинименттер (vasolinimenta); вазолинимент күйінде иод, ихтиол, қарамай, креозот, иодоформ, салицил қышқылы мен оның тұздары қолданылады.
Линименттерді түрліше мақсатпен қолданылады. Майлы линименттерді көбінесе күйікке, тері бүтіндігін бұзатын қабыну процестеріне, бір жердегі ауруға т.б. қарсы; сабынды линименттерді – паразиттерден пайда болатын ауруларға (қотырға) қарсы; вазолинименттерді – дәрілік заттың теріге және шелге терең сіңуін көздеп, жұмсарту және қабынуды қайтару мақсатымен қолданады. Алдын ала заттарды ступкада ұнтап, аз мөлшерлі еріткіште немесе линимент құрамындағы сұйық затта ерітеді немесе шөлмекте сұйық заттарды өзара араластырады, сөйтіп линимент жасайды. Ұшқыш заттар ең соңынан қосылады.
Көп уақыт бойы қолданылмаса, линименттер тұнып бірнеше қабатқа бөлінеді, сондықтан рецептіде немесе этикеткада оларды қолданар алдында шайқау туралы нұсқау беріледі.
Рецептіде официналдық линименттер атын ғана көрсетеді, ал магистральдық линименттерді олардың құрамына кіретін заттарды түгел тізу және олардың мөлшерін көрсету арқылы жазады: M.f. linimentum D.S формуласымен аяқталады.
Рецепт үлгілері:
Сиырға:
Rp.: Liniment ammoniati 250,0 Rp.: Picis Liquidae
D.S. Sulfuris āā 100,0
Spiritus vini
Saponis Viridis āā 200,0
M.f. linimentum
D.S.
Официналдық линимент біреу- Linimentum ammoniatum s. Linimentum volatile бұл ұшқыш линименттің құрамы: 25 бөлек аммиактан, 74 бөлек күнбағыс майынан және 1 бөлек олеин қышқылынан тұрады. Фармакопеяға кірмеген, бірақ аттары көрсетіліп жазылатын линименттер төмендегілер:
1)Linimentum Calcis – тең мөлшерде алынған известь суы мен зығыр майынан тұратын известі линмент:
2) Linimentum ammoniato – camphoratum – 3 бөлек камфор майынан, 1 бөлек күнжіт майынан және 1 бөлек мүсәтірлі спирттен тұратын күрделі камфорлы линимент:
3) Linimentum saponato- camphoratum -40 бөлек медицин сабынан, 20 бөлек спирттен, 10 бөлек камфорадан, тең екі бөлектен алынған лимон және розмарин майынан, 1 бөлек зире майынан және 25 бөлек мүсәтірлі спирттен тұратын сабынды – камфоралы ұшқыш линимент;
4) Linimentum saponis rubefaciens s. Balsamum Weimarense – 1 бөлек шпан шыбынынан (көк шыбыннан), 20 бөлек тазартылған скипидардан, 80 бөлек камфоралы спирттен, 208 бөлек сабынды спирттен, 12 бөлек мүсәтірлі спирттен тұратын веймар бальзамы.
5) Vasolinimentum s. Vasogenum- 30 бөлек олеин қышқылынан, 10 бөлек аммиактың спирті ертіндісінен, 60 бөлек вазелин майынан тұратын вазолинимент, яғни сұйық вазоген;
6) Vasogenum iodatum- 10 бөлек таза иодтан және 90 бөлек вазолинименттен тұратын иод- вазоген.