Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекциялар та-ырыбы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
418.3 Кб
Скачать

ОӘ 042-14-1-03-15.12- 2005

№1 басылым

Бет 56 - 56

К І Р І С П Е

Фармакология туралы ұғым. Фармакология – (pharmacon – дәрі; logos – ғылым немесе сөз) – сау және ауру организмге немесе оның жеке органдарына дәрі-дірмек заттардың қандай әсер ететіндігін зерттейтін ғылым.

Фармакологияның ең дәл анықтамасы – фармакодинамика, немесе химиялық қоспалардың әсерінен органдар мен тканьдер қызметінің өзгеруін зерттеу.

Фармакологияның даму тарихы. Фармакология, соның ішінде малдәрігерлік фармакология өте ерте заманда пайда болған. Түрлі заттардың адам мен жануарға тигізетін әсерін бақылаудың нәтижесінде бұл салада толып жатқан білімдер жиналады, ал бұл заттардың өздерін адам организміне қолданып сынауға да жиі негіз болды. Ертедегі Греция дәрігері Гиппократ (б.з. д. 460-377 жыл) оларды жүйеге келтіруге тұңғыш рет әрекет жасады, Гиппократтың ілімін рим дәрігері Гален (б.з. 131-201 ж.ж.) және араб оқымыстылары, әсіресе тәжік ұлтынан шыққан Авицена (Абу Али ибн Сина) дамытты. Орта ғасырларда Парацельс фармакологияда негізінен өзгерістер туғызды. Алайда XVIII ғасырға дейін бұл ғылым эмпиризмге, яғни ғылыми дәлелденбеген бақылауға ғана сүйеніп келді. Тек XVIII ғасырдың аяғында ғана эксперименттік фармакологияның дәуірі басталды.

Біздің елімізде эксперименттік фармакологияның негізін салушылар Андриевский, Кайданов, Лукин, Нелюбин, Забелин, Соколовский, Дыбковский, ал олардың ісін алға апарушылар – Е. Пеликан, И. Догель, Богославский, И.Павлов, Кравков т.б. болды. Н.П. Кравковтың ерекше еңбектері оны отандық эксперименттік фармакологияның негізін қалаушы деп есептеуге мүмкіндік береді.

Зоофармакологиялық (малдәрігерлік фармакология) нұсқау құралды тұңғыш рет Ликин жазған еді.

Ғылымның бұл саласында біздің отандастарымыз Сошественский мен Савичтың және олардың шәкірттерінің зор еңбегі бар. Проф. Н.А. Сошественский шын мәнінде кәзіргі отандық малдәрігерлік фармакологияның негізін салушы болып саналады.

Фармакологияның басқа ғылымдармен байланысы. Фармакология мәнінің анықтамасы – ол басқа ғылымдармен: өсімдіктер шикізатын зерттейтін фармакогнозиямен, дәрілік заттардың физикалық және химиялық қасиеттерін зерттеумен шұғылданатын фармацевтикалық химиямен, фармацияман немесе дәрілер дайындау және аптекалық істі ұйымдастыру туралы ғылымдармен тығыз байланысты екендігін көрсетеді. Аталған ғылымдардың әрқайсысы дербес, бірақ фармакологияға қатысы жөнінде оған бағынышты болып келеді.

Малдәрігерлік техникумдарда бұл пәндер өз алдына оқылмайды; фармакология курсына олардың кейбір тармақтары, негізінен рецептуралары ғана енгізіледі.

Мұның үстіне, фармакология физиологиямен және жалпы патологиямен тығыз байланысты, өйткені органдардың, тканбдердің нормадағы және патологиядағы әрекеттерін білмей, дәрілердің тигізетін әсерін түсіну мүмкін емес.

Фармакологияның бактериология және паразитологиямен байланысы дезинфекциялайтын және паразиттарға қарсы қолданылатын заттарды оқып үйренгенде өте көзге түседі.

Фармакологияға ішкі секреция бездерінің қызметі туралы ғылым – эндокринология (физиологияның бір бұтағы) өте жақын тұрады; емдік заттардың ішінде органдардан жасалған препараттар айтылады; бұларды қолдану үшін осы органдар жасаған дарығыш негіздерді және олардың организмге тигізетін ықпалын білу талап етіледі.

Дәрілік заттар көбінесе таза лабораториялық және ауылшаруашылық малдарына тигізетін әсері арқылы зерттеледі. Бұл зерттеудің негізгі мақсаттары:

1. қандай да болса қолданылатын зат малдың организміне және жеке органдарына қалай және неліктен әсер ететіндігін анықтау;

2. көтере алатын (емдеу), улайтын (уытты) және өлтіретін (летальді) дозаларды табу.

Фармакология қандай затты болса да осындай зерттеулерден кейін ғана клиникадағы ауру малдарға қолданып сынауға ұсынады. Міне сондықтан да фармакология клиникамен, сондай-ақ фармакологиялық емдеу өте маңызды орын алатын дәрігерлік практикамен тығыз байланысты деп есептеледі.

Тақырыбы: Дәрілік заттардың әсері

Дәрі және у туралы ұғым. Жануарға қолданылатын дәрілік заттардың қолайлы формасын (ұнтақтар, ертінділер, микстуралар, таблеткалар, сүртпе майлар, т.б.) дәрі деп атайды. Аурудан сақтайтын, оны өзгертетін, оны асқындыратын немесе ауру процесін тоқтататын барлық заттар дәрі бола алады. Бұған өсімдіктерден, жануарлардан алынатын минерал және синтезбен шығарылатын химиялық заттар жатады.

Белгілі жағдайларда және организмнің белгілі қалпында оның қалыпты тіршілік әрекетін бұза алатын, яғни оны улай алатын (токсикалық), немесе өлтіре алатын химиялық заттар у деп аталады.

Дәрілік заттардың оганизмге тигізетін әсерін фармакология, ал улардың тигізетін әсерін – токсикология зерттейді.

Дәрі мен удың арасында дәл шек болмайды. Мысалы: наперстянка белгілі мөлшерде жүрек қызметін жақсартады, ал бұл заттың дозасын көбейтсе, осы органның қызметін нашарлатады.

Дәрілік заттардың тигізетін әсерінің түрлері. Дәрілік заттар қолданылатын жеріне және жалпы (резорбтикалық; resorptio – сору) әсерін тигізеді.

Егер бұл зат қандай да болса тканьмен (терімен, кілегей қабықпен) жанасып, көбінесе жанасқан жерінде осыған сәйкес өзгерістер туғызатын жағдайда, қолданылған жеріне тигізетін әсері байқалады.

Қолданылған жеріне әсер тигізетін заттардың көпшілігін шағын мөлшерде қан сорып алады. Бұл сорылған заттың мөлшері аз болады, сондықтан қандай да болсын органдардың қызметіндегі өзгерістерді жәй қарағанда көруге болмайды.

Алайда ерекше жағдайларда (дәрі мөлшерінің көптігі тканьнің сыйпаты және күйі, дәрі қолданғанда жүргізілген арнаулы шара т.б.) қолданылған жеріне тигізетін әсермен қатар, жалпы әсері де болуы мүмкін, мысалы, жарасы бар жерін феколмен мол етіп жуғанда малдың уланып қалуы ықтимал, ал нервке новокаин енгізумен органның жағдайын өзгертуге болады.

Дәрілік заттың жалпы әсері ол қанға, демек, барлық органдар мен тканьдерге түскенде көрінеді. Жалпы әсер тигізетін химиялық заттар кейбір жағдайларда барлық тканьдерге, бірақ түрліше дәрежеде (протоплазмалық әсер); екінші жағдайда жеке органдарға (таңдап әсер ету) ықпалы болатыны анықталады.

Таңдап әсер ету нақ сол орган басқа органдарға қарағанда, дәріні көбірек жыйнап алатындығын немесе оның бұл дәріні сезгіш екендігімен түсіндіріледі: мысалы, наперстянка жүрекке, адреналин симпатикалық нерв системасының ұштарына, карбохолин мен ареколин – парасимпиялық нерв системасының ұштарына таңдап әсер етеді т.б.

Қолданылған жеріне және жалпы әсер тигізгенде: 1) зат байланыс жасайтын қандайда болсын тканьге, органға немесе системаға тікелей бағытталған тура бірден әсер ететін және 2) тура емес яғни жанама, айнымалы түрлері бар, бұл кейінгі түрі тура әсер ететін түрдің салдары болып келеді.

Емдеуде жанама әсер етудің болғаны жөн; мысалы, жүрек глюкозидтері жүрекке тікелей әсер етіп, оның жұмысын жақсартады – бұл оның таңдамалы, сонымен бірге тура әсер етуі; мұның нәтижесінде қан айналысы, тканьдер қорегі жақсарады, ісігі қайтып, несеп бөлінуі (дируез) көбейеді т.б. бұл тура емес немесе шамалап тиген әсер болады.

Жанама әсердің ерекше түрі- нерв жолымен жүзеге асырылатын рефлекторлық әсер болып келеді. Мысалы, аммиакпен деп алғанда тыныс және жүрек қызметі уақытша тоқтауы мүмкін; мыс сульфаты қарын кілегейін тітіркендіріп құстыруы ықтимал т.б.

Дәрілік заттарадың тағы да қосымша әсері бар; ол әрқашанда бола бермейді, бірақ есептесу керек, оның көбінесе болмағаны жақсы. Мысалы, хлороформды бірнеше рет, немесе бір рет ұзақ уақыт қолданғанда паренхиматоздық органдар майлы өзгерістерге ұшырауы мүмкін. Егер бұл жағымсыз әсер едәуір орын алса, онда мұндай заттың емдеу қасиеті азаяды немесе мүлде жоғалады.

Фармакологияда ауру қоздырғыштарға әсер тигізетін заттардың зор маңызы бар; оларды этиотроптық, яғни каузальдық деп атайды; бұған фенол, креолин т.б. микробтарды өлтіретін (бактерицидтық) және олардың өсуін тежейтін сульфаниламидтық дәрілер жатады. Емдеудің мұндай әдісін каузальдық емдеу әдісі деп атайды.

Этиотроптық әсердің бір түрі – химиотерапевтикалық әсер, ол заттың белгілі құрылысымен және оның микроорганизмдердің белгілі түріне таңдамалы әсер етуімен байланысты. Егер дәрі ауру себептерін жоймай, ауру белгілерін бәсеңдетсе, немесе тоқтатса, оны симптоматикалық дәрі деп атайды. Мысалы, кейбір ыстық төмендеткіш заттар ауру малдың температурасын уақытша басады, бірақ аурудың себебіне әсер етпейді.

Сондай-ақ, дәрілік заттардың қайтатын және қайтпайтын әсері болады. Қайтатын әсерде орган функцияларындағы өзгеріс уақытша сыйпатта болады; енгізілген дәрілерден арылуына қарай функция қызметі қалпына келеді. Егер енгізілген зат түзілмейтін шұғыл морфологиялық және функциялық өзгерістер туғызса, мұны қайтпайтын әсер деп атайды.

Дәрілік заттардың мәні және олардың әсер ету сыйпаты. Дәрілік заттардың тканьдермен, органдармен, системалармен, өзара әсерлес болуы өте күрделі процесс; оның өзі мынадай:

1) химиялық реакциялар, мысалы: қалпына келтіру, тотығу, ажырау, тұндыру, қос қабат алмасу реакциялары т.с. жолмен;

2) физикалық – химиялық процесстер, мысалы, осмостық қысым, диффузия, беткі кіріс т.с.жолмен.

3) биохимиялық процесс, мысалы: клеткадағы биохимиялық реакцияның өзгеруі (энзимдердің, ферменттердің, катализаторлардың тыныс алудағы, алмасудағы әрекеттері т.с.) жолмен жүреді.

Клеткаларға, тканьдерге, органдарға және системаларға фармакологиялық заттардың тигізетін әсерінен: қозу, меңдеу және функция параличтері пайда болады. Бұл реакцияларды бірінен бірін бөліп алып, оқшау қарауға болмайды, оларды органдар нервтік және гуморалдық өзара қатынаста болғандықтан бүкіл организмнің жауап реакцияларының күрделі комплексі деп қарау керек.

Орган функциясының күшеюін қозу, ал оның әлсіреуін меңдеу деп түсіну керек. Мысалы, карбохолин ішектердің перистальтикасын, сілекей, қарын, ішек және тер бездерінің серекциясын күшейтеді, антропин ішек перистальтикасын баяулатып, бұл бездердің серекциясын әлсіретеді.

Тіршілік әрекетінің мүлдем, ал кейде тіпті қайтпастай болып әлсіреуін паралич деп атау әдет болып кеткен.

Тітіркену – міндетті түрде жалпы ткань реакциясы гипермия (қан толып қызару) мен трансуданцияның (қан сары суының сыртқы тканьдерге шығуы) пайда болуымен өзгерілген функция. Тітіркендіру әсері бір жерге әсер етумен тынбайды, ол организмнің әрқашанда біліне бермейтін реакциясынан да туады.

Дәрілік зататрдың әсеріне ықпал тигізетін жағдайлар

Заттардың организмге тигізетін әсері әрқашанда бірдей болмайды, оған бірқатар әр түрлі жағдайлар ықпал етеді. Бұл жағдайлар дәрілік заттың өзіне де, сондай-ақ денеге де байланысты болуы мүмкін.

Дәрілік заттың қасиетіне байланысты жағдайлар. Ерігіштік. Егер зат суда, майда және организмнің ткань сұйықтарында еріген жағдайда ғана мейлінше жақсы әсер ете алады. Мысалы, парафин мен барий сульфаты фармакологиялық әсер етпейді, өйткені ерімейді, сондықтан да тканьдерге сіңбейді. Күкірт тканьдермен өзара қарысу нәтижесінде еритін клеткаларға сіңімді болады, демек, ол фармакологиялық тұрғыдан әсерлі болып саналады. Дәрінің ерігіштігі теріге және кілегей қабықтарға тікелей әсер еткенде тканьдерге терең ену қабілетімен тығыз байланысты болады. Мысалы, барлық липоидотроптық (майда еритін) заттар майда ерімейтін заттарға қарағанда теріге терең және тез сіңеді.

Дәрілердің тканьдерде болып жатқан физикалық-химиялық процесстер жөніндегі тұрақтылығы. Заттың мөлшері, яғни дозасы, демек, дәрілік заттың клеткаға әсер ететін концентрациясы, қолданылатын жеріне әсер еткенде ертіндінің концентрациясы, жалпы әсер еткенде – қандағы концентрация ескеріледі.

Дозаның екі түрі: бір мезгілдік (pro dosi), яғни малға бір рет берілетін немесе бір рет енгізілетін дәрінің мөлшері; күн тәуліктік (pro die), яғни малға бір күнге, күн тәулік ішіне арналып берілетін дәрінің мөлшері бар.

Енгізілетін заттың мөлшерін оның әсер ету сыйпатын анықтайды. Өте үлкен дозалар малды өлтіруі мүмкін, сондықтан да оларды өлтіретін дозалар деп атайды; дәрінің малды улайтын дозасын уытты (зәрлі) доза деп, ал емдік нәтиже беретін дозасын емдеу дозасы деп атайды.

Дәрілік түр. Ішке сұйық түрде берілген заттар қатты заттарға қарағанда жылдам және күшті жалпы әсер етеді. Мұнда еріткіштің де маңызы бар: суда ерітілген заттарға қарағанда, спиртте ерітілген заттар тезірек әсер етеді, кілегей сұйықта ертілсе, олардың әсері едәуір бәсеңдейді т.б.

Температуралық жағдйлар. Жылы етрінділер салқын ертінділерден гөрі ішке енгеннен кейін тезірек бойға сіңеді. Дәрілік ертінді өте жоғары немесе төмен температурада болса клеткаларды тітіркендіріп, жоя отырып, олардың тіршілік процесстерін құртады.

Тақырыбы: Организмге байланысты жағдайлар. Жануар түрлері.

Әр түрлі мал қандай да болсын дәріні әртүрлі қабылдайтыны анықталған. Мысалы, етқоректілер шөп қоректілерден гөрі барий тұздарын өте жақсы сезеді; адреналин сүтқоректілерден гөрі құстарға күшті әсер етеді; морфин итті ұйықтатады, ал мысықты күшті елітеді; көп камералы қарыны бар сыйыр малына каломель тағайындау қауыпты, өйткені каломель еритін қоспаларға тез айналып, улы болады.

Жануар түріне қарай дозаларды төмендегідей етіп есептеп беру белгіленген:

Жылқыға (тірідей салмағы 400 кг дейін) ……………………

Сыйыр малына (тірідей салмағы 300-320 кг)………………1 - ½

Есекке ………………………………………………………….⅓ - ½

Қойға (таза салмағы – 50 кг)………………………………….1/5 – 1/6

Шошқаға (таза салмағы – 50 кг) ……………………………...1/5 - ⅛

Итке (таза салмағы – 2- ден 10 кг дейін) ……………………1/10 – 1/6

Мысыққа (таза салмағы – 2 кг) ……………………………..1/20 – 1/32

Құсқа (таза салмағы – 2 кг) ………………………………….1/20- 1/40

Тақырыбы: Дәірлік заттарды енгізудің және бөліп шығарудың жолдары

Дәрілік заттарды қолдану тәсілдері. Дәрілерді ауыз арқылы (peros) енгізу – көп тараған тәсілдердің бірі, бірақ түрлерін кеңінен таңдап алуға мүмкіндік береді, өйткені бұл жолмен еритін де, ерімейтін де дәрілерді енгізуне болады. Олар асқазанда тиісті өзгерістерге ұшырап, өздерінің әсер етерлік күшін не жояды, не уыттық әсер етеді ( каломельдің мүйізді малға тигізетін әсері). Қан жүйесіне сіңіп, дәрі ең алдымен бауырға түседі; бұнда дәрінің бір бөлігі, немесе түгелінен зарарсызданады немесе қор болып жыйналады. Дәрінің асқазан каналынан бойға сіңу жылдамдығы екі жағдайға: оның асқазан каналы шырындарында еру және қарынның тоқтық дәрежесіне байланысты. Демек бұл тәсіл дәрілердің әсер ететін уақытын есепке алуды және оларды лайықтап өлшеп беруді қыйындатады.

Мал сүйсініп жейтін дәрілік заттатр ірі қараға күшті жемге, немесе суға, ал ит пен мысыққа нанға, етке, сүтке қосылып беріледі.

Ұнтақтарды ірі қара нанмен, немесе шөлмекке құйылған ертіндімен бірге береді; соңғы жағдайда малдың басын жоғары көтеріп, шөлмекті ауыздың тіссіз кенересіне қойып, ертіндіні біртіндеп ұрттатады, ал кейде оны зонд арқылы тікелей қарынға жібереді. Сұйық дәрі түрлерінде осылай береді. Ұсақ малдарға сұйық дәрілерді қасықпен немесе рюмкемен береді. Ал, мұндай дәріні итке оның жақ етін тартып, жыйырады да пайда болған қалтаға құяды. Шошқа мен мысықты жақсылап бекітеді. Бұл малдардың басын сәл жоғары көтереді. Болюстарды көбінесе жылқыға тағайындайды. Бұл үшін, олардың аузын ашып, зевник қояды да, болюсті ұш саусақпен тілдің түбіне салады, сонсоң қолды зевникпен бірге тез шығарады да, малдың басын аз уақыт көтеріңкі ұстап, жұтқыншақты терінің астынан төмен қарай сыйпалайды. Сондай-ақ болюстерді (көбінесе жылқыларға) болюс беретін арнаулы құралдармен береді.

Капсулалар корнцангпен беріледі; түрегеліп тұрған малдың аузын ашып, капсуланы тілдің түбіне корнцангтың көмегімен салады да, корнцангты ауыздан жедел шығарады.

Ботқаларды тіл түп жағына шпательмен жағады. Пилюлдарды ит пен мысыққа ет немесе нанға қосып тағайындайды, немесе корнцангтың көмегімен береді, құстарға сол күйінде тағайындайды.

Тікішек (per rectum) аарқылы енгізгенде дәрілер күштірек әсер етеді,өйткені олар қанға сіңгеннен кейін бауырға бармайды, бұл тәсілмен енгізілген затқа ішек-қарын ферменттерінің әсері тимейді; ол тікішектен тезірек сіңеді. Көрсетілген әдіспен дәрілер сұйық (клизма) және жұмсақ (балауыз) формада енгізіледі. Тітіркендіретін препараттарға шырыш қосылады. Дәрі толығынан сіңу үшін тік ішекті фекалиядан тазарту керек.

Клизма ретінде берілетін дәрілер ірі малдарға Эсмарх кружкамен ұсақ малдарға – резина баллоншамен беріледі. Эсмарх кружканың жиегін вазелинмен майлап, оны мүмкіндігінше тереңірек енгізіп, кружканы малдың белінен жоғарырақ көтереді. Клизма енгізілгеннен кейін кружканың ұшын шығарып, біраз уақыт анусты қолмен басып тұрады, сөйтіп дәрінің кейін төгілуіне жол бермейді. Тікішекке енгізілетін сұйықтард жылытып беру керек екендігің есте ұстау керек. Клизманың дәрілік, іш жүргізетін және қоректік түрлері бар.

Дәрілік клизманың ірі малдарға берілетін мөлшері 1-2 ½ л., ұсақ малдарға – 1, 1/4 стақан. Іш жүргізетін клизманың мөлшері көбірек етіп және оған сабын қосып беру керек; ірі малдарға 2-5 л және одан да көбірек, ұсақ малдарға 1-4 стақанға дейін береді. Сабын (балауыз) тікішекке енгізіледі, бұдан кейін малды тыныш қалдырады.

Жатыр мен жыныс қынабына дәрі сұйық, жұмсақ (қынап домалақтары) және қатты (ұнтақтар) формада енгізіледі; сұйық затты ірі қараға арнаулы үшы бар клистрлі кружкамен береді; (жынс қабына енгізу үшін қолданылатын әдейі ұштықтар жоқ болса, кәдімгі ұштықтарды пайдалануға болады); ұнтақтарды сүртіп-жағу үшін ұнтақ сепкіш құрал қолданылады; дәрі енгізудің бұл жолы бір жерге әсер ету үшін пайдаланылады, бірақ жатыр мен қынаптың кілегей қабықтары арқылы дәрілердің өте жақсы сіңетіндігін ескеру керек.

Ауызды шайып жуу үшін каучук, ағаш немесе пластмассалы ұштығы бар клистирлі кружка қолданылады. Көздің кілегей қабығына ұнтақтарды қағаз немесе ұнтақ сепкіштер арқылы енгізеді, сұйықтарды көз пипеткаларының көмегімен тамызады, ал сүртпемайларды қабақтың астына салады.

Қуық пен желінге дәрілер арнаулы катерлердің көмегімен енгізіледі. Дәрі жіберу яғни парэнтарлық енгізулер зарарсыздаандырылған ертінділер мен оған сәйкес зарарсыздаандырылған құралдарды (шприцтер, инелер) керек етеді.

Дәрілерді тері астына және бұлшықет арасына енгізу әдістері малдәрігерлік тәжрибеде (ветеринарияда) көп тараған, өйткені бұлар қолайлы, оңай әрі дәріні дәл мөлшерлеуге мүмкінді береді және тез әсер етеді. Тері астына тек тұнық сұйық дәрі формаларын ғана, ал бұшықет астына, бұдан басқа, езінділер жіберіледі. Тітіркендіретін және жансыздандыратын заттарды, осы әдістермен өте сирек және ерекше мақсатты көздегенде ғана жіберуге болады.

Малдың денесіне дәрі жіберетін жердің жүнін қырып, терісін спиртпен, немесе басқа дезинфекциялайтын затпен сүртеді, сонсоң дәрі жіберілгеннен кейін екінші рет дезинфекциялайды. Дәріні көлемі белгілі шприцпен жібереді. Дәрі енгізілетін жерлер: ірі малдар үшін - әдетте мойынның бойы, жауырын, көкірек асты; ұсақ малдар үшін – кеуденің бойы болып келеді. Тері астына енгізер кезде сол қолдың ұш саусағымен теріні қыртыстап, оң қолдың басбармағы және сұққолдың көмегімен қыртыстың астына шприцтің инесін қадайды, оны шприцпен жалғастырып поршенді қысып барып дәріні жібереді. Бұлшықет арасына жіберу үшін үлкен инелер керек, бұл жағдайда теріні қыртыстамаса да болады.

Құрсақ қуысына дәрі жіберу әдісі сирек және лаборатория жануарлары үшін ғана қолданылады. Дәрінің қан жүйесіне араласу жылдамдығы бойынша бұл әдіс бұлшықет арасы мен венаға дәрі жіберудің арасында орта орын алады.

Кеңірдек ішіне енгізу әдісі, көбіне тыныс жолдарында бір жерге әсер етуді ғана көздейді. Ол үшін кеңірдектің айналасындағ жүнді қырып, иод настойкасын жағады, кеңірдек білезіктерінің арасына инені қадап, оны шприцпен жалғастырады, сонсоң өте ақырын дәріні жібереді.

Егер дәріні тыныс жолдарының төменгі бөліктеріне тегіс тарту керек болса, малды жанымен жатқызып, оның басы мен мойнын 30° көтеріңкі ұстайды. Сонсоң малды екінші жанымен жатқызып, дәрі жіберуді қайталайды. Дәрі жіберудің бұл әдісі мал дәрігерлігінде бараған сайын кең тарап келе жатқанын ескеру керек; оның оңайлығынан және тыныс жолдарының ауруларын емдеуде қолайлығынан туады.

Венаға дәрі жіберу әдісі бұлшықет арасына жіберуден гөрі кең қолданылады. Дәрінің әсері тез көрінеді. Қан тамырының ішкі қабының сезгіш рецепторлары жоқ екенін ескере отырып, тітіркендіргіш қастеті бар заттарды осы жолмен енгізуге болады. Қанға ықпал тигізетін заттарды (белоктарды ұйытатын, қызылқан түйіршіктерін бұзатын) венаға енгізуге болмайды. Қан мен органдарға (ең алдымен жүрекке) жағымсыз әсер ететін концентрация пайда болмау үшін дәрілік заттардың ертіндісі венаға жәйләп енгізіледі.

Шошқа, ит, мысық және үй қояндарынан басқа ірі және ұсақ жануарларға дәріні күре венасына, мысық пен итке – сан венасына, шошқа мен үй қоянына – құлақ венасына жіберу керек.

Күре венасына енгізу техникасы төмендегідей. Күре науасының бойын жағалаай мойнның жоғарғы үштен бірінің жүнін қырқады; теріні спиртпен немесе басқа бактерицидтық дәрімен дезинфекциялайды; сол қолдың басбармағымен, ал сыйыр малы үшін жгуттың немесе белбеудің көмегімен, дәрі жіберілетін жерден төменірек венаны қысады, оны оң қолдың саусағымен басып тауып алады да, оған инені түйрейді. Аққан қанға қарап, иненің венаға кіргеніне көз жеткеннен кейін, оны ертіндіге толған цилиндрдің резинка түтігімен жалғастырады. Венаға ауа кіргізбеу үшін цилиндрді мойынның жоғарғы жағынан төменірек ұстау керек. Цилиндрде қанның көрінуі системаның дұрыс жалғанғанын сыйпаттайды. Сонсоң цилиндрді мойыннан жоғарырақ көтеріп, оның ішіндегі дәріні жайлап венаға жібереді. Дәрі жіберудің біткенін цилиндрдегі сұйықтың жиегіне қарап анықтайды. Цилиндрді төмен түсіріп, оның ішінде қан көрінген бойда инені тамырдан шығарады. Дәріні жібергеннен кейін цилиндрді екінші рет төмен түсіру инені қанмен жууды көздейді; бұл кейбір заттарды енгізген кезде тканьдерді тітіркендіру мен некрозға ұшыраудан сақтайды.

Дәріні искетіп беру (ингаляция) әдісі бір жерге және жалпы (резорбтық) әсер ететін газ және бу тәрізді заттар үшін ғана жарайды. Жалпы әсер тез пайда болады. Бұл әдіс бойынша кейде әдейі маска арқылы малды газ немесе бумен, кейде маскасыз оны белгілі концентрациялы ұшқыш заттар себілген үйдің ауысымен, ал кейде брезент шелек, дорба т.с. құралдар арқылы дем алдырады. Көрсетілген ыдыстарды шөп ұнтағымен, немесе сабанмен жеткілікті етіп толтырып, олардың үстіне су құйып және лайықты дәрілік затты қосып малдың тұмсығына кигізеді.

Дәріні жұлын каналына енгізу өзінің қыйындығына байланысты сирек қолданылады, ол көбінесе бір жерді жансыздандырғыш заттарды енгізуге жарайды. Бұл заттарды омыртқа каналында қысым күшеймеу үшін алдымен жұлын сұйығының (линвордың) сәйкес мөлшерін шығарып барып аз концентрациялы және аз мөлшерлі ертінді күйінде енгізеді. Теріге, жара және іріңді жараның бетіне сүртпе майлар, пасталар, ұнтақтар, настойкалар, ертінділер, эмульсиялар, булаулар, пластырлар, қолданылады. Ұнтақтар ұнтақ үргіштің, немесе мақтаның көмегімен себіледі, сүртпе майлар мен пасталарды жұқалап жағады, немесе сыйпап сылайды. Ертінділермен жуу резина баллондар (спринцовкалар), немесе клистирлі кружкалар арқылы атқарылады, мақта тампондардың көмегімен тканьнің тиісті бөлегін настойкалармен майлайды; эмульсияларды мақта тампондардың көмегімен қолданады немесе жараның яғни іріңді жараның бетіне тікелей жағады. Бұларды шөп қыйқымынан, кендір тұқымынан кебектерден, қосындылардан және жыйнақтардан жасайды; оларды ыстық сумен булайды, матадан жасалған қапшықтарға салып, терінің тиісті жеріне жапсырады; ұшқыш заттар ұшып кетпеу үшін және олардың суымауын көздеп қапшықтарды клеенкамен бекітеді.

Пластырларды 1 мм-дей қалың етіп кенепке жағады да, терінің, немесе жараның тиісті бөлегіне жапсырады. Пластырдың ауданы (оның ұзындығы мен ені) әрқашанда керегінше белгіленеді. Ірі қара малдар ұшін пластырды дененің тиісті жеріне тікелей жағуға болады.

Теріге газ тәрізді заттармен де әсер етуге болады; мысалы, жылқылардың қотырын күкірт ангидридімен түрліше құрылысты әдейі камераларда емдеу осыған негізделген.

Дәрілерді жіберу жолдарына қарай дозаларды

бағдарлы анықтау есебі:

ішекке ………………1 венаға ……………………….1/4

тікішекке ……………1 ½ бұлшықет арасына ………..⅓-1/4

тері астына ………….⅓-½ кеңірдекке ………………….1/4

Тақырыбы: Дәрілік заттардың организмде өзгеруі.

Қан жүйесіне енген дәрілік заттардың қандай құбылыстарға ұшырауы кәзіргі уақытта жеткіліксіз зерттелген. Дегенмен, диффузия және адсорбцияға қабілеттілігі бар каллоидтық құрылыс жоқ қоспалар қан жүйесінен тез жоқ болып, органдарға сіңіп, олардың ішінде жыйнақталады (деполанады) деп есептейді. Мысал ретінде мышьякты, хлоридты, бромидтерді т.б. көрсетуге болады.

Каллоид қасиетті заттар қан жүйесінде бірнеше сағат болуы мүмкін. Бұлардың көпшілігі тканьдерге сіңіп, тұрақсыз органикалық қоспаларға айналады, сонсоң біртіндеп қайтадан қанға сіңеді. Мұндай құбылыстарға айналдыратын негізгі орган бауыр болып табылады; бауырда немесе басқа органдарда органикалық қоспалар тотығу, қалпына келу, дезаминделу, деметилдену, күрделі қос қоспаларға айналу т.б. процесстерге ұшырайды. Кейбір, әсіресе анорганикалық заттар өзгерместен сол күйінде қалуы мүмкін. Дәрілік заттар әсерінің ұзақтығы организмде олардың химиялық құбылыстарға айналу жылдамдығына байланысты; бұл процестер неғұрлым тез болса, соғұрлым әсер де ұзағырақ болады.

Дәрілік заттардың организмнен шығу жолдары. Дәрі организмнен негізінен бүйректер арқылы шығады. Бұлар ауруға ұшырағанда заттар қан жүйесінде ұзақ болып, ұзақ уақыт әсер етеді, ал қайталап қолданғанда олар мол, уытты концентрацияға дейін қорланып жыйналады.

Дәріні организмнен шығаратын маңызы жағынан одан кем емес жол асқазан болып саналады; мұнымен қатар, кілегей қабықтар мен сілекей бездері сыяқты секреция аппараты арқылы шығуды да ескеру керек. Бұл жолмен енгізу тәсіліне байланыссыз кейбір алколоидтар (морфин, атропин, хинин), ауыр металл тұздары (мышьяк, сурьма), жұпар иісті қосылыстардың туындылары, эфирлі майлар, бояулар, сантонин шығады,

Тыныс жолары арқылы: ұшқыш наркотиктер, эфирлі майлар, көмір тотығы, күкірт сутегі т.б. шығады. Шығу жылдамдығы заттардың физикалық – химиялық қасиеттеріне, дем алу көлеміне, өкпенің қанмен жабдықталу дәрежесіне т.б. байланысты.

Тер бездері мен майлы бездер арқылы ауыр металл тұздары, галоидтар, күкірт сутегі, мышьяк, фекол, салицил қышқылы сыяқты заттар шығады; олардың кейбіреулері теріде жыйналып қалады.

Заттардың әсері мен химиялық структурасының өзара байланысы. Заттың химиялық структурасын білу арқасында оның фармакологиялық сыйпатын алдын ала болжауға мүмкін екендігі туралы бірқатар мысалдар бар. Сондықтан заттардың химиялық структурасын өзгерту арқылы белгілі бағытқа сай қанағаттандырарлықтай препарат алуға болады. Алайда, бұл ережемен қыйыспайтын жағдайлар да кездеседі, өйткені химиялық структураның өзгеруіне қарай физикалық-химиялық қасиеттер де өзгереді; сөйтіп бұл өзгерістер сіңу, ажырап бұзылу, организмде жаңа заттар пайда болу, тағы сол сияқты құбылыстарға ықпал тигізеді.

Тақырыбы: Химиялық фармакологиялық лабораторияда жұмыстеу барысындағы техника қауіпсіздігі.

Сабақтың мақсаты: Студентерді «Ветеринариялық медицина» кафедрасының фармакологиялық лабораторияда жұмыс істеу қауіпсіздігінің жалпы талаптарымен таныстыру. Малға дұрыс келуді және оларды ұстау әдістерін үйрету.

Лабораторияда жұмыс істеу алдында оқытушы жалпы қауіпсіздік ережелері, жеке құралдармен дұрыс жұмыс істеу, құрылғылар, химиялық реактивтер және өрттің алдын-алу шаралары бойынша нұсқаулар жүргізеді. Содан кейін студеттер нұсқауды жүргізілген күні мен оқутушының аты-жөні жазылған арнайы журналға қол қояды.

Құралдар мен құрылғылар жиналып, химиялық реактивтер мен сабақта қолданылатын ыдыстар тексерілгеннен кейін жұмыс істеуді бастайды.

Сабақтың соңыңда жұмыс орынын, құралдарды, құрылғыларды, химиялық ыдыстарды жинастырып лаборантқа өткізеді.

Сабақтың барысында студенттер қауіпсіздік ережелерін және санитарлық- гигиеналық нормаларды қатаң сақтаулары керек:

  • Клиника лабораториясында жұмыс істеудегі техника қауіпсіздік ережелеріне және еңбек қорғауға институттің мүдірі мен кафедра меңгерушісі жауапты;

  • Лабораторияда жұмыс істегенде міндетті түрде ақ халат пен қалпақ кию керек;

  • Шыны ыдыстармен абайлап жұмыс істеу керек;

  • Концентрациялы химиялық реактивтерді қолмен ұстайуға болмайды;

  • Сынық , жарылған ыдыстарды жұмыс істеуге болмайды;

  • Лабораториялық жұмыстарды жүргізіп болған соң барлық құрылғыларды тоқтан ажырату керек;

  • Студенттер нәтижесі белгілі және оқытушы рұқсат еткен лабораториялық эксперименттерді жасау керек;

  • Студенттер лабораторияда жеке бас тазалығы ережелерін сақтау керек;

  • Сабақ уақытында тамақ ішуге, темекі тартуға, арнайы киімді шешуге болмайды;

  • Лабораторияға арнайы киімсіз кіруге, киім аустыруға болмайды.

Лабораториялық жануарлармен жұмыс істеудің негізгі ережелері

Лабораториялық жануарларға операция жасағанда, инъекция енгізгенде, қансыздандырғанда, фистулалар мен датчиктер орнатқанда ауырсыну болмау үшін, жергілікті жансыздандырғыш немесе жалпы есірткі заттар пайдалану керек.

Бекіту әдістері. Ұсақ лабораториялық жануарларды бекіту үшін жәшіктер пайдаланады. Оның үлкендігі жануардың көлеміне сәйкес болады. Жануарларды қолмен ұстауға да болады. Қояндармен теңіз шошқаларын көмекші үстелдің үстінде, тізесінде немесе қолында жұмыс істеуге ыңғайлы қалыпта ұстайды. Итті тексерген кезде, қандай жуас ит болмасын оған томаға кигізу қажет, егер олар жоқ болса, онда иттің жағын жіңішке жіппен буып, түйіннің ұшын желкенің мойнынан байлау керек.

Химиялық фармакологиялық лабораторияда жұмыс істеудің негізгі талаптары.

  • Малдәрігірлік мақсатта қолданылуға арналған улы және қатты әсер ететін заттарды есепке алу, жіберу және сақтау ережелеріне сәйкес лабораторияға түскен барлық қышқылдар, сілтілік және т.б. химиялық заттар есепке алынып, арнайы бөлмелерде сақталады.

  • Өрт тудыру қаупі бар, тез тұтанатын және атылғаш заттарды негізгі сақтау бөлмесінен бөлек, ауасы тазартылып отыратын, табиғи жарықтандырылатын арнайы бөлмелерде сақтайды. Ал лабораторияда істеп жатқан жұмысқа қажетті мөлшерде ғана ұстаған жөн.

  • Лабораторияда жанғыш және атылғыш заттарды улылығы жоғары заттармен бірге сақтауға тыйым салынады.

  • Аса улы заттарды есепке алу мен босатуды лабораторияға арнайы бөлінген, нұскауды жақсы меңгерген жұмысшы жүргізу керек.

  • Реактивтер және басқа химиялық заттар лаборатория бөлімшелеріне бөлімше бастығының рұқсатымен босатылады.

  • Реактивтер мен басқа химиялық заттардың лабораторияда сақталуына бөлімше мамандарының біреуі жаупты болады.

  • Жарақтың әсерінен ыдырайтын реактивтерді қою қоңыр түсті шыны ыдыста, жарық өткізбейтін шкафтарда немесе картон қораптарда сақтайды.

  • Шыныны күйдіргіш реактивтерді /фтор-сутекті қышқыл және оның тұздары/ эбониттен жасалған ыдыста немесе ішкі беті парафинделген шыны ыдыста сақтайды.

  • Азот, тұз, сірке, құмырсқа қышқылдарын ауасы үнемі тазартылып отыратын шкафтарда сақтау керек, өйткені, қышқылдар тұрған ыдыстар қызып кетсе жарылуы мүмкін.

  • Аталған қышқылдарды қыздырылатын құрамдардың маңында немесе күн сәулесі түсетін жерде сақтауға және көлемі 0,9 асып кететін шөлмектерді бұл қышқылдармен толтыруға болмайды.

  • Сұйықтық ағып кетпеу үшін қышқыл құйылған шөлмектер зақымдалған, аузы тығыз жабылған болу керек. Ал олар тұратын кәрзеңкелердің тұтқалары мықты болу керек. Шөлмекке мен кәркеңкенің арасына сабан /солома/ немесе т.б. жұмсақ заттар салынады.

  • Қышқыл құйылған шөлмектерді арқаға салып тасуға тыйым салынады. Оларды арнайы арбаға тасымалдау керек.

  • Қышқыл құйылған үлкен ыдыстарды арнайы изоляцияланған жерде сақтаған жөн.

  • Қышқылдарды және күйдіргіш сұйықтықтарды ыдыстарға құйғанда грушасы бар шыны сифондарды немесе штативпен иілетін арнайы құралдарды қолдануға ұсынылады.

Бірінші көмек көрсету.

1. Жарақаттанған адамның киімін шешіп алу керек немесе қиып тастау керек. Содан соң жараның айналасындағы қанды сүртіп, шеттеріне йод жағу керек. Жараның үстіне стерилді мақта тампонын қойып, бинтпен орап тастау керек. Егер қан көп ағатын болса, оны жгутпен тоқтатады. Жгут болмаған жағдайда белдікті, шыттын немесе басқа тағатын орамалды пайдалануға болады. Жгуты жазда 2 сағатқа, қыста 1 сағатқа салуға болады. Жарақатталған адам дәрігер келгенше толық тыныштықта болу керек.

2. Бір жерін соғып алған кезде мұз, суық су, тартқыш байлауыштарды пайдалануға болады.

3. Сіңірін созып алған болса, буынға суық компресс басады.

4. Шынтақ буынында қолын шығарып алса, қолын шығарып алудың нәтижесінде буында түзілген бұрышты өзгертей қолды денеге бинтпен орап тастау керек. Дәргерсіз қолды түзетуге болмайды.

5. Сынық кезінде негізгі көмек көрсету, ол- сынған жерге тақтай, шыбық немесе картон және т.б. қатты заттардын шина қойып, тамып тастау. Ашық сынық болғанда алдымен сынған жерге стерилді тану салып, одан кейін шинаны (иммобилизациялық таңу) бинтпен орайды. Шинаны алдымен мақтамен немесе матамен қалың қылып орап, содан соң сыныққа орайды. Адам дәрігер келгенше толық тыныштықта болуы керек.

6. Жеңіл күйік кезінде (тері қызарып түрғанда) күйген жерге спирт, ас содасының ерітіндісін басу керек.

Күйген жерді стерильді маталармен жауып, бинтпен орап тастау керек. Ауыр күйікте күйген жерді қолмен ұстауға немесе сүртпе май, май, вазелин жағуға болмайды. Сонымен қатар, түзілген күлдіреген көпіршіктің бетін алып тастауға, күйген жерге жабысып қалған киім бөлшектерін алуға болмайды. Күйген жерге стерильді салфетка жабу керек. Оның үстінен мақта қайып, битпен орап тастау керек. Дәрігер келгенше зақымдалған адам толық тыныштықта болу керек.

7. Басынан күн өткен жағдайда, егер ол адам кенеттен пайда болған әлсіздікті, басы айналғаның, жүрек жұмысының әлсіреуін сезсе, ол адамды ауасы таза, салқын жерге апару керек. Бетіне желпу арқылы, басы мен кеудесін суық сумен сулау арқылы денесін суыту керек. Егер тыныс алуы әлсіресе немесе тоқтап қалса, жасанды тыныс алдыру керек. Дәрігер келгенше ол толық тыныштықта болу керек.

8. Электр тоғымен зақымданған кезде лезде электр жүйесін өшіру керек. Токты өшіруге болмайтын жағдайда, адамды электр тогының әсерінен босату үшін құрғақ ағаш, тақтай, резеңке қолқаптарды пайдалану керек. Металл және су заттарды қолдануға болмайды. Сонымен қатар, оның киімсіз, ашық дене бөліктерінен ұстауға болмайды. Егер адам есінен танбаса, онда оны ыңғайлы жатқызып, киімінің түймелерін ағытып, таза ауамен дем алдыру керек. Дәрігер келгенше ол толық тыныштықта болу керек.

Ал егер есінен танып қалатын болса, бетіне су бүркіп, денесін ысқылап жылытып, мүсәтір спиртін иіскетеді. Тыныс алуы әлсіресе немесе тоқтап қалса, жасанды тыныс алдыру керек. Дәрігер келгенше ол толық тыныштықта болу керек.

9. Улы химикаттармен уланғанда адамды ол жерден тез алып кетіп, кірленген және тар киімін шешу керек. Көзге немесе теріге түскен улы затты көп мөлшердегі сумен жуу керек, көзді ас содасының немесе бор қышқылының 2%-к ерітіндісімен жуу керек. Улы химикаттың асқазанға түскен жағдайында адамға бірнеше стақан су немесе ашық қызғылт түсті калий-марганец қышқылды ішкізу керек. Құсқанан кейін 2-3 қасық активтелген көмір жарты стақан суға ерітіп ішкізеді. Іш өткізетін зат енгізеді (күкірт қышқылды магнезияның 30% -к ерітіндісінен 100-150 мл немесе 20 грамм ащы тұзды жарты стақан суға ерітеді). Дәрігер келгенше уланған адам толық тыныштықта болу керек.

10. Көмір тотығынан (угарный газ, СО) жіті уланған кезде адамды ол жерден тез алып шығып, тыныс алуын қиындататын заттардың (түймені ағыту, белдікті босату )түгелін алып тастау керек. Оны ыңғайлы жатқызып, табанына грелка, горчичниктер қою керек (күйіп қалмауын қадағалау керек). Есінен танып қалса, мүсәтір спиртін иіскетіп, кеудесі мен бетіне суық су бүркиді, денесін ысқылайды. Дәрігер келгенше оған толық тыныштық беру керек.

Фармакопея (pharmacon- дәрі және poieo – жасаймын деген грек сөздерінен шыққан). Бұл мемлекеттік кітап; онда аптекада міндетті түрде болуға тиісті дәрілік заттардың тізімі; олардың тазалығын тексеру тәсілдері туралы нұсқаулар, олардың физикалық – химиялық қасиеттері туралы қысқаша мәліметтер, улы және күшті әсер ететін заттардың бір мезгілдік, тәуліктік және ең жоғарғы дозалары туралы мәліметтер, оларды сақтау тәсілдері, кейбір дәрі түрлерін дайындау ережелері және басқа нұсқаулар бар. Сонымен, фармакопея фармоцевт пен дәрігер үшін міндетті заңдардың жыйнағы сыяқты болып келеді. Фармакопеялық комиссия тарабынан фармакоея мезгіл-мезгіл қайта қаралып отырылады.

Медицина мен ветеринарияда тараған, бірақ фармакопеяға кірмеген дәрі қоспалары мануалдар деп аталатын арнаулы тізбеге енгізілген. Мұндай дәрі қоспаларын мануалдық дәрілік қоспалар деп атайды. Оларды аптекадан, немесе атын немесе олардың құрамына кірген жеке заттарды тізіп көрсетіп жаздырып алуға болады.

Дәрі туралы ұғым. Дәрілік затқа берілген қолайлы форманы дәрі деп атайды. Сонымен, дәрі және дәрілік форма – тең мағыналы ұғым. Дәрілік заттар деп белгілі бір әдіспен дәрі жасауға болатын әр түрлі тектес заттарды айтады.

Заводтар мен ірі дәріханаларда жасалынатын және фармакопеяға енгізілген дәрілік заттарды ресми официналдық (officina – дәрігерлік), ал дәрігерлердің өтініш – ңұсқаулары (рецепті) негізінде дайындалатың дәрілік формалар магистралдық (Magister - оқытушы, жетекші) формалар деп аталынады, яғни аптекалық (Apateca) заттар дейді. Олар төмендегі түрде болуы мүмкін; 1) өсімдіктер мен жануарлардан өндірілетін дәрілік шикізат (medicamenta cruda) шөптер, жапырақтар, гүлдер, ұрықтар, қабық, өсімдік тамырлары, түбіріштер, қастауыш, шикі майлар, сүртпе майлар т.б.; 2) фармазаводтарда дайындалатын синтетикалық және өсімдітерден өндірілетін заттар мен препараттар (medicamenta chemica pharmaceutica); 3) күрделі фармацевтикалық, яғни ертедегі рим оқымыстысы Клавдий Галеннің құрметіне оның есімімен аталған галендік препараттар (praeparata gaienica s. praeparata composita ); олар өсімдік шикізатынан алынады, мысалы, бұған настойка, сірінді, спирт сыяқты тағы басқалар кіреді; 4) фармацевтикалық заводтарда күрделі тәсілмен шығарылған жаңа галендік препараттар; бұлардың қатарына құрамына болар-болмас қосымша заттар кірген өсімдіктердің әсерлі негіздерінің сулы сығындылары – адонилен, конваллен, эрготин, тағы басқа препараттар кіреді.

Фармакопеяға енгізілген барлық препараттар үш топқа бөлінеді:

1) А – тобы – улы заттар (улар – venena); олар аузына құлып салынған жеке шкафта сақталады. Улы дәрілік заттар қүйылған шөлмектің сыртындағы қара қағазға ақ түсті әріптермен жазылады. Шкафтардың (сейфтердің) ішкі қабырғасына сақтаулы тұрған улы дәрілік заттардың тізімі мен қанша бар екендігі жазылып қойылуы керек;

2) Б – тобы – күшті әсер ететін заттар (heroica); бұлар да құлып салынған жеке шкафта сақталады. Күшті әсер еткіш заттар қүйылған шөлмектін сыртындағы ақ қағазға қызыл түсті әріптермен жазылады;

3) Улы және қатты әсер ететін дәрілік заттардан басқа дәрілер (жай әсер ететін) кәдімгі шкафтарда жалпы ережелер бойынша сақталады. Шөлмектін сыртындағы жазу ақ фонда, қара түсті әріптермен жазылады. Дәріханаларда дайындалған дәрілік зат формаларының жапсырма қағазы (этикетка) да әр түсті болады; ішуге арналған дәрілердің жапсырма қағазы ақ сыртқа қолданылатын дәрілердікі көк түсті.

Малдәрігерлік дәріхананың құрылысы мен жабдықтары. Әрбір малдәрігерлік емханалар, фельдшерлік пункттер жанында малдәрігерлік аптекалар бар; оларда тиісті емдеу мекемесінің дәрігерлер мен фельдшерлері қызмет істейді. Тек айрықша бағыттағы азын-аулақ клиникалар мен емдеу мекемелерінің ғана фармацевт басқарған аптекалары болады. Осыған сәйкес малдәрігерлік аптекалардың құрылысымен жабдықталуын әрбір емдеу мекемесі өзінің мүмкіндігі мен қызмет бағытына қарай белгілейді. Малдәрігерлік емхана жанындағы аптеканың құрғақ және жарығы жеткілікті үш бөлмесі, шоланы, подвалы немесе мұздақ суық бөлмесі болғаны жөн.

Бірінші бөлме – рецепт қабылдайтын, дайындалған дәріні жіберетін рецептуралық, екінші бөлме – жуып шайып тұратын, үшіншісі – заттар тұратын, дәрі-дәрмектер сақтайтын бөлме болуға тиіс.

Рецептуралық бөлмеде: 1) кеңсе құралдарымен жабдықталған стол, 2) линолеуммен немесе шынымен жабылған және түрегеліп тұрып қызмет істеуге қолайлы дәрілерді жасайтын стол; 3) улы заттар мен оларға керекті ступкаларды, пестиктерді, гирлермен жабдықталған қолтаразыларды, өлшеуіш цилиндр мен мензуркаларды, воронколарды, капсул жасағыштарды, совочкалар мен сүзгіш қағазды сақтайтын шкаф; 4) күшті әсер ететін дәрілер шкафы және 5) басқа заттарды сақтайтын шкафтар болуға тиіс.

Заттар қоятын бөлмеде дәрі-дәрмектер сақтайтын шкафтар болға тиіс. Олардың саны әрбір жеке жағдайға сәйкес белгіленеді. Кір жуатын бөлмеде қазанмен жабдықталған плита, дистилденген су құйылатын алмалы-салмалы қазан және ыдыс жуылатын жабдықтар болады.

Ветфельдшерлік пункт аптекасы үшін жұмыс столмен, үлкенді-кішілі екі шкафпен жабдықталған бір ғана кең бөлме, сондай-ақ дезинфекциялық және оттан қауыпты заттардың қорын сақтайтын шоланың болуы жеткілікті.

Аптека мебелі қарапайым, мықты, ақ бояумен боялуға тиіс. Бөлмелердің қабырғалары майлы немесе эмальді бояумен, мүмкіндігінше ақ бояумен сырланған болғаны жөн.

Аптека жабдығы: 1) тек техникалық таразылардан, 5 кг –дық стол үстіне қойылатын таразылардан, өлшеуіш тастармен жабдықталған түрліше безбендер, 2) металдан жасалған ступка мен пестиктерден, фарфордан жасалған үлкенді-кішілі ступкалар мен пестиктерден, 3)электрлі немесе жай булы моншадан, 4) электр плитасынан, 5) қабықтан тығын жасайтын пресстен, 6) дистилденген су алуға керекті айдамалы кубтен, 7) әртүрлі шөлмек воронкалар мен бір үлкен фарфор воронкадан, 8) шөлмектен жасалған бірнеше өлшеуіш құралдар мен әртүрлі мензуркалардан, 9) пилюля жасайтын машинкадан, 10) бикстер мен жабдықталған инфундир аппаратынан, 11) перкулятор немесе үлкен бөлгіш воронкадан, 12) әртүрлі пипеткалардан, сондай-ақ көз пипеткаларынан, 13) әртүрлі сыйымдылығы бар материалдық банкілерден, совочкалардан, қасықтардан, металл мен мүйізден жасалған немесе пластмассадан жасалған шпательдерден, капсул жасағыштардан, тағы басқа шөлмек ыдыстармен жабдықталған лабораториялық бұйымдардан құрылады. Бұдан басқа, аптекада фармакопеяның соңғы басылып шыққаны, дәрілердің фармацевтикалық мануал жазбасы, рецептуралық журнал, дәрі-дәрмектерді есепке алу және жұмсау журналы, сондай-ақ олардың катологі болуға тиіс.

Дәрі-дәрмектерді өртке, бақытсыздық оқыйғаларға немесе қасақаналықпен істелетін әрекетке қарсы шараларды ескере отырып сақтайды. Дәрі-дәрмектер сақталатын шкафтарда құлып салынуға тиіс. Жұмыс баңткеннен кейін улы заттар сақтайтын шкафтың аузына сургучті мөр немесе басқа мөр басылады.

Дәріні дайындап болғаннан кейін жұмыс столының үстінде ешқандай дәрі-дәрмек, әсіресе А мен Б тобына жататын дәрілерді қалдырмау керек. Дәрі-дәрмектер сақталатын шкафтардың кілттері оларға жауапты адамның қолында болуға тиіс.

Дәрі-дәрмек салынған шөлмектер мен банкілерге анық етіп латынша жазылған этикеткалар жапсырылады, улы заттар үшін қараның үстіне ақпен, күшті әсер ететін заттар үшін – ақтың үстіне қызылмен, ал қалған дәрілер үшін – ақтың үстіне қарамен жазу керек. Улы және күшті әсер ететін заттар салынған әрбір ыдысқа арнаулы этикеткалар жапсырылады (бассүйектің үстінде айқастырып салынған жілік сүйектердің суреті мен «у» деген жазу болуға тиіс).

Жарықтың ықпалымен ажырайтын заттар салынған ыдыстың сыртына: «қараңғыда сақталсын», оттан тұтанғыш заттар үшін – «оттан қауыпты», жылу ықпалымен бұзылатын заттар үшін – «салқын жерде сақталсын» деген этикеткалар жапсырылады.

Дәрі-дәрмектерді төмендегідей етіп сақтау керек:

1. гигроскопиялық (ылғал тартқыш) заттарды құрғақ үйде, мықтап тығындалған шөлмек ыдыста:

2. жарықта ажырайтын заттар – қараңғы үйде немесе күнгірт шөлмектерде;

3. оттан қауыпты заттар (олар аз мөлшерде болуға тиіс) – керосин шамынан, пештерден қашық жерде, ал олардың қоры - өртке қарсы шаралардың ережесіне сәйкес келетін жеке үйде;

4. күйдіргіш сілтілер мен күшті қышқылдар – қолдан келген сақтықпен бірыңғай жерде;

5. жылу ықпалымен бұзылатын дәрілік заттар – құрғақ, салқын жерде сақталады.

Дезинфекциялық заттардың көп мөлшердегі запасы құлып салынған жеке бөлмеде сақталады. Аптека жылылығы 9 градустан төмен болмауы керек, өйтені сұйық формалы заттардың бірқатары салқын әсерінен кристалға айналып кетеді.

Аптекадағы ыдыстарды таза ұстап, олардың дұрыстап жуылуына ерекше көңіл бөлу керек. Шөлмек және фарфор ыдыстарды алғаш рет кәдімгі суда сулап, содан кейін жылы сілтімен немесе жылы сабын ертіндісімен жуады. Оларды қыл немесе сым щеткалардың көмегімен жуып, ал содан соң жылы таза судың немесе кран суының ағынымен әбден шаю керек. Оларды төңкерілген күйінде аша ағашқа іліп кептіреді, ал бұл ыдыстар сілтілер ықпалымен бұзылатын дәрілерге арналса, онда оларды 0,5 процент тұз қышқылымен шаяды.

Бұрын қолданылған және сырттан түске (ауру малдардың инелерінен т.б.) ыдысты алдын ала бір тәулігі ішінде алмас ертіндісімен дезинфекциялайды. Содан кейін оны сілтіге немесе сабын ертіндісіне салып қайнатады, осыдан кейін ғана барып жоғарыда көрсетілген тәсілмен жуады.

Металдан, мүйізден немесе пластмассадан жасалған қалақтарды, совочкаларды, капсул жасағыштарды жылы сабынды суда жуып, содан кейін жылы таза сумен немесе кран суының ағынымен шаяды, содан соң бұларды арнаулы таза орамалмен сүртеді.

Қол таразыларының табақшалары таза орамалмен, ал қажет болса спитрпен жуып сүртіледі.

Рецепт және олардың жазылу ережелері

Рецепт- дәрігердің дәрі жасап беру туралы дәріханаға немесе фармацевке жазбаша түрдегі өтініші. Рецепт – қандай заттарды қанша мөлшерде алу қажеттігін, дәріні қандай формада дайындау керек екенін, дәрі кімге арналғандығын және оны қалай қабылдау керек екенін көрсетіп, дәрігердің немесе фельдшердің аптекаға жазған қолжазбасы.

1. Әрбір ресми документ сыяқты, рецепті анық және таза етіліп, ешқандай жөндеусіз, бір рет қағаздың 1/16 бөлегіне тең 8 х 16 см-лік көлемі бар бланкіге сыямен жазылады. Кейбір айрықша жағдайда рецепті сыялы карандашпен де жазуға болады.

2. Әрбір дәрілік зат латын әріпімен, Жана жолдан басталып ілік септігінде жазылады. Керекті заттың аты бір жолға сыймаса, оның жалғасы келесі жолдың оң жағынан сәл аттап түсіп барып жазылады, мысалы:

Rp.: Extracti Filicis maris Ал: еркек папортиигінің эфирлі

Aethere сіріндісін

3. Дәрілік заттын салмағы граммен көрсетіліп, ондық бөлшек түрінде жазылады. Бүтін сандар үтір арқылы нолмен аяқталады, ал бөлшек сандар бір бірінен үтір арқылы ажыратылады. Мысалы: 0,5; 2,5; 5,0; 20,0. Заттың дозасы араб цифрларымен жолдың оң жағына жазылады. Егер заттың дозасы туралы нұсқау бір жолға сыймаса, оны келесі жолдың оң жағына үстіңгі жолдағы зат дозасының астына дәл келетіндей жазу керек. Кейде керекті заттың мөлшері қарасөзбен жазылады. Мысалы:

Rp.: Solutionis adrenalini Ал: тұз қышқылды адреналиннің

hudrochlorici 1 : 1000 1 : 1000 ертіндісінің

guttas X 10 тамшысы.

Жекеленген жағдайларда дәрілік заттардың мөошері миллилитрмен (мл), литрмен (л), килограммен (кг) немесе әсерлік бірлігі (Ә.Б.) түрінде беріледі.

4. Бірнеше затты тең мөлшерде жазуы жиі-жиі кездесіп тұрады, бұл жағдайда соңғы заттың жанына āā яғни ana –тепе-тең (бірдей мөлшерде) деген сөз жазылады, егер ертінді құйылса, онда ad ( мөлшерге дейін) деген сөз жазылады.

мысалы:

Rp.: Tincturae Digittalis Ал: Наперстянка настойкасын

Tincturae Valerianae āā 10.0 Валериан настойкасын 10,0 бірдей

# #

Rp.: Natrii chloridi 1,0 Ал: Ас тұздын дозасы 1,0

Aquae dеstillatae ad 100,0 Дистилді су 100,0 ге дейін

5. Сонымен, рецепт recipe деген сөзден signetur дейін латын тілінде жазылады. Содан кейін дәрінің қолдану тәсілі (signatura) мен оның кімге тағайындалғандығы (nomen aegroti) орыс тілінде немесе жергілікті халық тілінде жазылады.

9. Рецептінің аяғына дәрігердің немесе фельдшердің қолы қойылады (nomen medici), егер улы немесе күшті әсер ететін зат жазу керек болса, рецептіге дәрігердің немесе емдеу мекемесінің мөрі басылады.

6. Рецепт кейде бланкінің бір жағына сыймайды, мұндай жағдайда бланкінің төменгі жағына verte – аударып қара деген сөз жазылады да, рецептіні екінші бетінен жалғастырып жаза береді.

7. Дәріні тез алу керек болған жағдайда бланкінің оң жақ бұрышының жоғарға жағына cito (тез) немесе statim (дереу), немесе citissime (мүмкінділігінше тезірек) деген сөздер жазып, олардың асты сызылып, леп белгісі қойылады (Cito !). Кейде дәріханаға бір рецепт бойынша дәріні екі-үш рет босату туралы нұсқау беруге тура келеді, ондай жағдайда бланкінің бос жеріне repetatur (қайталаңыз) немесе bis repetatur (екі рет қайталаңыз) деген сөз жазып, леп белгісін қойып, күнін көрсетіп, қол қойылады, ал улы немесе күшті әсер ететін зат жазылса, мөр басылады, егер уға қарсы рецепт жазылса, онда (Antidotum!) деген сөз жазылады. Кейде рецепте дәрінің тәуліктік немесе бір мезгілдік дозасын фармакопеяда қаралған белгілі мал түріне немесе оның жасына сәйкес дозадан артық көрсетуге тура келеді, ондай жағдайда заттың мөлшерін қарасөзбен немесе санмен жазады, соңына леп белгісін қойып, астын сызады. Егер мұндай нұсқау көрсетілмесе, дәріхана фармакопеяда қаралған дозаның жартысын жібереді.

8. Кейбір заттар жарық, ылғал, ауа тағы басқалардың ықпалымен өзгереді, ондай жағдайда аптекаға дәріні қандай затқа орап жіберу туралы рецептіде нұсқау көрсеткен жөн. Егер дәріні күңгірт шөлмекке салып жіберу керек болса, detur деген сөзден кейін in vitro nigro, немесе парфиндалған қағазға in charta paraffinata, яғни ad chartam paraffinatam т.с. сыяқты сөздер жазылады. Мысалы:

Rp.: Cocaini hudrochlorici 0.4 Ал: кокаин хлорлы гидратин 0,4

solutionis Natrii chlorati ас тұзының изотоникалық

isotonicae 20.0 ертіндісін 20,0, араластыр,

M. Sterilisetur зарарсыздандыр, тұз қыш-

Adde solutionis Adrenalini қылды адреналиннің

Hudrochlorici 1: 1000 gtts V 1: 1000 ертіндісінің 5 там-

D. in vitro nigro шысын. Күңгірт шөлмекпен

S. Волк атты иттің бер. Белгіле: “Волк” атты

Терісінің астына жіберу. Иттің терісінің астына

жібер.

9. Бір рецепт бланкесіне бірнеше рецепт жазу жиі кездесіп тұрады, ондай жағдайда олардың арасына айыру белгісі қойылады #.

10. Бір рецептік бланкіде бір ғана улы дәрілік зат немесе 2-3 жай әсер ететін дәрілік заттар жазылады. Әрбір рецепт жаңа жолдан Rp: деген сөзден басталып сигнатурамен аяқталады.

11. Жоғарыдағы аталған ережелерге сай емес, немесе құрамында керегер әсер етуші заттары бар рецептер жарамсыз деп табылады.

Рецептіні дұрыс жазу үшін оның құрамымен қатар зат есімімен сың есімінің латын тіліндегі ілік септеу жалғауларын білу керек.

  1. таблица.

Септеу

Жалғаулар

Мысалдар

Атау

Ілік

Атау жалғауы

Ілік жалғауы

I

A

ae

Aqua – су

Aquae – сулар

II

us

um

e

er

ur

os

i

i

is

ris

uris

ris

Bolus – құм

Atropinum – атропин

Secale – қарабидай

Aether – эфир

Sulfur – күкірт

Flos – гүл

Boli –құмдар

Atropinumi – атропиндер

Secalis – қарабидайдар

Aetheris – эфирлер

Sulfuris – күкірттер

Floris - гүлдер

III

al

en

o

or

ix

ex

ma

lis

inis

onis

oris

cis

icis

atis

Sal – тұз

Semen – тұқым

Carbo – көмір

Liquor – сұйық

Pix – деготь(қара май)

Cortex – қабық

Rhizoma – көгенетамыр

Salis – тұздар

Semenis – тұқымдар

Carbonis –көмірлер

Liquoris – сұйықтар

Picis – дегтялар /қара май/

Corticis – қабықтар

Rhizomatis – көгентамыр-лар

IY

us

us

Spirtus – спирт

Fructus - жеміс

Quercus – емен

Spirtus – спирттер

Fructus - жемістер

Quercus – емендер

Y

es

ei

Species- жыйынтық

Species- жыйынтықтар

Сонымен қатар Calomel (каломель), aderes (май), mel (бал), pulvis (ұнтақ)¸ oleum Cacao (какао майы), т.б. заттар жекеше ілік жалғауында төмендегідей болып есептеледі: Calome- lanos, adiris, mellis, pulveris, olei Cacao т.б.

Рецептің құрамдас бөлімдері

Рецепт алты құрамдас бөлімнен тұрады:

І- бөлім – Кіріспе – Inscriptio

Рецептіде ең алдымен дәрігердің мекем жайы, телефон номері, күні, айы, жылы көрсетіледі, ауру мал туралы деректер (түрі, жасы, иесінің аты-жөні, т.б.) егер рецепт емдеу мекемесінен жазылған болса, жоғарыда көрстетілген мәліметтердің орнына оның мөрі басылады. Рецептін бөлімі (inscriptio), орыс тілінде немесе жергілікті ұлттық тілінде жазылады.

Мысалы: Семей қаласы, Қабанбай Семей қаласы

батыр көшесі 16, 25 кв. Шугаева көшесі 157,

Смирнов Иван Иванович малдәрігерлік институттың

10. 05. 2005 ж кликасы.т.53-19-20

II- бөлім – Дәрігердің фармацевке өтініші – Praepositio

Қағаздың сол жақ бетінен 1 ½ - 2 см қалдырып, жаңа жолдан recipe, яғни – ал, қысқаша екі әріппен белгіленген (Rp.:) деген сөз жазылады, содан кейін міндетті түрде қос нүкте қойылады. Рецептін бұл бөлімі (praepositio) яғни invocatio, яғни өтіну деп аталады. Recipe сөзден кейін жаңа жолдан бастап немесе әдепкі жолдың бойымен керекті заттардың аттарын ілік септік жалғауында міндетті түрде бас әріппен жалғастырып жаза береді.

III – бөлім – дәрілік заттардың атаулары - Designatio materiarum

Рецептін құрамында дәрілік заттар белгілі бір тәртіппен, ретпен жазылады. Күрделі рецептін құрамында заттар былай жазылады: 1) негізгі әсер ететін (basis), 2) негізгі заттың әсерін күшейтетін (adjuvans), 3) дәмін жақсартатын (corrigens), 4) форма беретін (constituens) заттар кіруі мүмкін.

Күрделі рецепт былай жазылуы тиіс:

Rp.: Natrii bromati 4.0 (basis) Ал: натрии бромидің 4,0, валериан

Tincturae Valerianae 5.0 тұндырмасын 5,0, кәдімгі

(adiuvans) сиропты 20,0, дестилденген суды

Sirpi simplicis 20.0 200,0. Араластыр, бер, белгіле:

(corrigens) ас қасығымен күніне 1 рет.

Aquae destillatae ad 200.0

(constituens)

M.D.S. Ас қасығымен күніне 1 рет

Кейбір дәрілік формаларын дайындаған кезде қажетті форма беретін заттың керекті мөлшерін көрсету өте қыйынға соғады, ондай жағдайда дәрінің керекті формасын жасау үшін фармацептке дәрілік затты керегінше алу туралы нұсқау беріледі. Бұл нұсқау q. s. (quantum satis - керегінше) деген екі әріппен белгіленеді. Мысалы:

Rp.: Creolini 20.0 Ал: креолинді 20,0, қара бидай

Farinae secalinae et ұны мен дестилденген суды

Aquae destillatae q.s. керегінше.

Ut, f. Bolus Болюс жаса.

D. S. Бер. Белгіле.

IV- бөлім – дәрі жасау және оны босату туралы нұсқау беріледі – Subscriptio

Қандай затты қанша мөлшерде алу керек екенін көрсеткеннен кейін жаңа жолдың сол жағынан қысқаша М әріпімен белгіленген misce (араластыр) деген сөз жазылады. Қандай дәрілік форма алу керек екенін көрсеткенде қысқаша f әріпімен белгілеп, fiat (жаса), деген сөз жазып, латынша керекті форма көрсетіледі.

Мүнан әрі жаңа жолдың сол жағынан da немесе detur яғни dentur, бер, мейлі берілсін, мейлі олар берілсін деген және signetur мейлі белгіленсін, яғни signa белгіле ( қысқаша D. S.) деген сөздер жазылады. Қандай дәрілік форма дайындау керек екенін көрсеткісі келмесе, рецептіні M. D. S. әріптерімен аяқтайды.

Мысалы:

Rp.: lodoformii 5.0

Xeroformii 1.0

M.f.pulvis

D.t.d.N 5

S.

Бұны аударғанда: ал йодоформды 5,0, ксероформды 1,0 араластыр жаса ұнтақты, бер сондай мөлшермен бес рет. Белгіле (тағайында).

V- бөлім – тағайындау – Signatura (қысқаша S.) Бұл бөлімде дәрілердің қолданылу тәсілі, қанша мөлшерде және қанша рет беру керектігі көрсетіледі. Сигнатура ауру иесі алатындай тілде жазылуы керек.

VI- бөлім – дәрігердің қолы -Nomen medici : Бүл бөлім рецептің ең жаупты бөлімі (дәрігер қол қояр алдында жазылған рецепті мүқият тексеріп шығуы керек).

Рецепт бір заттаң ғана құралса, оны қарапайым рецепт дейді; жасалған дәріге де осындай ат беріледі. Құрамына және одан да көп заттар жазылған жағдайда рецепт және оған сәйкес жасалған дәрі күрделі рецепт немесе күрделі дәрі деп аталады, мысалы:

Rp.: lodoformii 15.0 Rp.: lodoformii 5.0

D.S. Aetheris ad 50.0

M. D. S.

Мал дәрігері (қарайым рецепт) Мал дәрігері (күрделі рецепт)

Официналдық дәрі деп таза күйінде алынған заттан немесе фармакопеяға енгізілген даяр қоспалардан жасалған дәріні айтады; магистральдық дәрі дәрігер ұйғараған заттардан жасалады, бұлардың түгелдей немесе бір қатары фармакопеяда жоқ болуы мүмкін. Магистралдық дәрі фармакопеяға енгізілген заттардан да жасалуы ықтимал, бірақ мұндай жағдайда олардың қоспалары дәрігердің нұсқауы бойынша жазылуға тиіс:

І вариант ІІ вариант

Rp.: Solutionis Glucosi 25 % cum Rp.: Glucosi 60.0

Methyleno coeruleo 1% 5.0 Methyleni coerulei 3.0

D. t. d. № 6 in ampullis Aquae destillatae ad 300.0

S. (официналдық дәрі) M. Sterilisetur

D.S. (магистралдық әдіс)

Бірінші жағдайда дәрі официналдық болып саналады, өйткені мұндай қоспа фармакопеяда қаралған. Екінші жағдайда – магистралдық дәріге жатады, өйткені оны, фармакопеяға кірмегендіктен, дәрігердің нұсқауы бойынша жасайды.

Рецептердің жазу схемалары

Рецепт құрамына қанша дәрілік заттар кіреді және олардың жалпы салмақтық немесе жеке дозалармен көрсетілуіне байланысты рецепт жазудың бес схемасы бар:

І – схема: қарапайым дозаланбаған рецепт.

Rp.: lodoformii 150,0

D.S. Жараға себу үшін.

ІІ- схема: қарапайым дозаланған рецепт.

Rp.: Streptocidi 0,5

D.t.d.N 10

S. Күніне 2 рет 5 тәулікке.

ІІІ- сxема: күрделі дозаланбаған рецепт.

Rp.: lodoformii 50,0

Xeroformii 10,0

M.f. pulvis

D.S. Жараға себу үшін.

IV- схема: күрделі дозаланған диспензациялық (бөлінген) әдіс:

Rp.: Natrii bromidi 1,0

Kalii bromidii 0,5

M.f. pulvis

D.t.d.N 5

S. Күніне бір рет 5 тәулікке 1 ұнтақтан ішкізілсін.

V – схема: күрделі дозаланған дивизиялық (бөлінбеген) әдіс:

Rp.: Natrii bromidi 5,0

Kalii bromidii 2,5

M.f. pulveres N 5

D. S. Күніне бір рет 5 тәулікке 1 ұнтақтан ішкізілсін.

Дәрілік формалардың І -ші схема бойынша: ұнтақтар, сүртпе майлар, ертінділер, эмульсиялар, түнбалар, қайнатпалар және кейбір басқа формалар жазылады. ІІ- схема бойынша – ұнтақтар, таблеткалар, ампулдағы ертінділер жазылады.

ІІІ – схема бойынша – ұнтақтар, дәрілік жиынтық заттар, ботқалар, сүртпе майлар, пасталар, линименттер, ерінділер, микстуралар, эмульсиялар жазылады.

ІV және V схемалар бойынша ұнтақтар, пилюлалар, болюстер, суппозиторийлер жазылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]