Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МУ по выполнению диссертации_каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
482.3 Кб
Скачать

4 Магистрлік диссертация құрылымы мен мазмұны

4.1 Магистрлік диссертация мазмұны ғылыми зерттеудің бастапқы алғышарттарын, оның алған нәтижелерін және оның тәсілін көрсетеді.

Диссертация мазмұнында таңдалған концепцияға сенімді дәлеледемелер келтірілуі тиіс. Ол көз қарасқа қайшы келетін жан-жақты талдау талқыға салынуы мүмкін және сыни бағаға ұшырауы мүмкін. Талқыламалық және қақпайлы материалдар диссертацияның элементі болып табылады.

4.2 Жұмыс көлемі, ереже бойынша, 60 бет болуы қажет. Басқа мамандықтар тобы бойынша 90 бетке дейін жетуі мүмкін. Қосымшалар диссертациялық жұмыстың көрсетілген көлеміне енгізілмейді.

4.3 Магистрлік диссертацияның құрылымдық элементтеріне мыналар жатады:

  • мұқаба (сыртқы беті) (Қосымша 2- үлгісі бойынша жасалынады);

  • титул беті (Қосымша 3- үлгісі бойынша жасалынады);

  • мазмұны (Қосымша 4- үлгісі бойынша жасалынады);

  • анықтамалар;

  • нормативтік сілтемелер;

  • белгілеулер мен қысқартулар;

  • кіріспе;

  • негізгі бөлім;

  • қорытынды;

  • пайдаланылған әдебиеттер тізімі;

  • қосымшалар.

Магистрлік диссертация құрылымы Қосымша 4-те берілген

4.4 Мұқабада (сыртқы бетінде) келесі мағлұматтар келтіріледі:

  • жұмыс орындалған ұйымның атауы,

  • магистранттың тегі және аты-жөні,

  • магистрлік диссертация тақырыбының атауы,

  • жұмыстың түрі – магистерлік диссертация,

  • мамандықтың атауы және шифры,

  • алынатын академиялық дәрежесі;

  • қала, жыл.

4.5 Титул беті жұмыстың бірінші беті болып табылады және құжатты қажетті жағдайда өңдеу және іздестіру үшін қажет болып табылатын ақпарат дерек көзі ретінде қызмет етеді.

Титул бетіне келесі мағлұматтар келтіріледі:

- жұмыс орындалған ұйымның атауы,

- жұмыс орындалған кафедра атауы;

- шектеуіш гриф (қажет болғанда),

- кафедра меңгерушісінің бекітілген қолы;

- жұмыстың түрі – магистерлік диссертация,

-«тақырыбына» деген сөздің көрсетілуімен, тақырыптың атауы;

- мамандықтың атауы және шифры,

- алынатын академиялық дәрежесі;

- сол жағында «орындаған», қарама-қарсы оң жағынан магистранттың тегі және аты жөні,

- бір жол төмен «ғылыми жетекші» және жетекшінің ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы тегі мен аты жөні,

- қала, жыл.

Мұқабаны рәсімдеу үлгісі және титул беті 2 және 3 қосымшаларына сәйкес келтіріледі.

4.6 Магистрлік диссертация мазмұны кіріспе бөлімін, реттік нөмірлер және барлық тараулардың атауларын, тараушаларды, қорытындыны, пайдаланылған әдебиеттер тізімін, магистрлік диссертацияның осы элементтерінен басталатын беттердің нөмірлері көрсетілген қосымшаларды қамтиды – Қосымша 4.

4.7 «Нормативтік сілтемелерде» диссертация мәтінінде сілтемелер жасалған стандарттар тізімі көрсетіледі. Сілтеме жасалған стандарттар тізімі мәтінде былай басталады: «Диссертацияда келесі стандарттарға жасалған сілтемелер қолданылған». Тізімге стандарттардың белгіленулері мен олардың аттары тіркеме нөмірінің өсуі бойынша кіреді.

4.8 «Анықтамаларда» диссертацияда қолданылған терминдерді анықтау және нақтылау үшін керекті анықтамалар болады. Анықтамалар тізімі мына сөздерден басталады: «Диссертацияда анықтамаға сәйкес мынадай терминдер қолданылады».

4.9 «Белгілеулер мен қысқартулар» элементінде диссертацияда қолданылған белгілемелер мен қысқартылымдардың тізімі көрсетіледі. Белгілеулер мен қысқартылымдар диссертация мәтінінде келтірілген тәртіппен немесе алфавиттік тәртіппен қажетті түсініктемелермен жазылады. Анықтамаларды, белгілеулер мен қысқартулар «Анықтамалар, белгілеулер мен қысқартулар» бір құрылымдық элементінде жазуға болады.

4.10 Кіріспе шешілетін ғылыми техникалық немесе технологиялық мәселелердің (міндеттерді) қазіргі кездегі бағасын, ғылыми немесе инновациялық мінездемесі бар, тақрыпты талдау үшін негізгі және шыққан мәліметтер, ғылыми - зерттеу (эксперменталды-зерттеу) жұмыстарын жүргізу негізінің қажеттілігі, жоспарланған ғылыми –техникалық деңгейдің талдау мәліметтері, патенттік зерттеу және оның қорытындысы туралы, диссертацияның метрологиялық қамтамасыз етілуі туралы мәліметтері. Кіріспе бөлім магистрлік жұмыстың өзекті мәселелерін, ғылыми жаңашылдығын және практикалық маңыздылығын, қазіргі ғылыми мәселелерді шешу, ахуалын бағалаудан, сонымен қатар диссертацияның мақсаты, міндеттерін зерттелу обьектісін теориялық және әдіснамалық негіздерін құрайды.

4.11 Негізгі бөлім құрамына кіреді:

- зерттеу бағытын таңдауда, зерттеу бағытының негізін, міндеттерді шешу әдістерін және олардың салыстырмалы бағасын, ғылыми-зерттеу жұмысы бағыты таңдалған жалпы әдістерін суреттеу кіреді;

- теоретикалық және эксперименталды зерттеу процесіне, теоретикалық зерттеудің мазмұны мен мінездемесін анықтау, зерттеу әдістері, есептілік әдісі, эксперименталды жұмыс жүргізу қажеттілігінің негізі, өңделген объектілер қызметінің қағидалары және оларға мінездемесі кіреді;

- жұмыстың жалғастырушы бағыты бойынша қойылған міндеттерді мен ұсыныстарды толыққанды шешімін бағалау кіреді, алынған мәліметтердің туралығын бағалау және олардың шетелдік және отандық жұмыс нәтижелерінің ұқсастығын салыстыруда зерттеу қорытындысын жалпылау және бағалау.

Магистрлік жұмыстың негізгі бөлігі ережеге сай, бөлім және бөлімшелерге бөлінеді (бөлім және параграфтар).

4.12 Қорытынды құрамына кіреді:

  • магистрлік зерттеу нәтижесі бойынша қысқаша қорытынды;

  • қойылған міндеттердің толыққанды шешімін бағалау;

  • нәтижелердің қолданылуының нақтылығы бойынша ұсыныстар мен шығарылған мәліметтерді талдау;

  • енгізудің техникалық- экономикалық тиімділігін бағалау;

  • берілген сала бойынша үздік нәтижелерді салыстыруда орындалған жұмыстың ғылыми деңгейін бағалау.

4.13 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі диссертацияны жазу кезінде қолданылған дерек көдері туралы мәліметтер құралуы тиіс.

4.14 Қосымшаға диссертацияның орындалуымен байланысты, зерттелуі мен орындалуына байланысты, негізгі бөлімде қамтылмаған материалдар кіргізіледі.

Қосымшаға енгізілуі мүмкін:

  • аралық математикалық дәлелдемелер, формулалар және есептер;

  • қосымша сандық мәліметтер кестесі;

  • сынақ хаттамасы;

  • эксперимент, өлшем және сынақ жүргізу кезінде қолданылатын аппаратура және құралдардың сипаттамасы;

  • диссертациялық жұмыстың орындалу процесі кезінде өңделіп, компьютерлік техника көмегімен шешілетін нұсқаулықтар, әдістемелер, алгоритмдер сипаттамасы және міндеттемелер бағдарламасы;

  • көмекші мінездемедегі иллюстрациялар (суреттер);

  • диссертациялық жұмыс нәтижелерін енгізу актісі және т.б.

4.15 Магистрлік диссертациядағы қабылданған шешімнің және барлық деректердің обьективтілігі мен дәлдігі туралы жауапкершілікті магистрант-магистрлік диссертация авторы - өз мойнына алады.