
- •1 Жалпы ереже
- •2 Магистрлік диссертация тақырыбына қойылатын талаптар
- •3 Магистрлік диссертацияның жазылу ретіне қойылатын талаптар
- •4 Магистрлік диссертация құрылымы мен мазмұны
- •5 Магистрлік диссертация жазудың ережелері
- •6 Магистрлік диссертацияға реферат жазудың ережелері
- •7 Магистрлік диссертация қорғау реті
- •8 Магистрлік диссертация сақтау реті
- •Магистрлік диссертацияға өтінішті дайындаудың мысалы
- •Магистрлік диссертация құрылымы
- •Құрылымын дайындау
- •1 Саңылаулы беттегі сығылған шекаралық қабатта алмастыру үрдістерінің математикалық үлгісі
- •2 Екінші дәрежелі теңдеулердің шеткі-айырымды аппроксимациясы
- •3 Шекаралық қабатта біртекті заттардың стационарлық ағымдарын есептеудің негізгі сұлбасын қолдану
- •Мазмұнын дайындау үлгісі мазмұны
- •Суреттерді дайындау
- •Кестені дайындау үлгісі
- •Формулаларды дайындау ережелері
- •Сілтемелерді дайындау ережесі
- •Қолданылған дерек көдеріне нұсқау дайындаудың ережелері
- •Дерек көзіне жасалған сілтемелерді дайындаудың мысалы:
- •Қосымшаларды дайындау ережелері
- •Қосымшаларды дайындау ережесі
«ТҰРАН» УНИВЕРСИТЕТІ» МЕКЕМЕСІ |
|
УЧРЕЖДЕНИЕ «УНИВЕРСИТЕТ «ТУРАН» |
|
|
БЕКІТІЛДІ «АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» кафедрасының отырысында «____» ________ 20__ ж. Хаттама № ______ Кафедра меңгерушісі э.ғ.д., профессор ____________ Селезнева И.В.
|
ЭКОНОМИКА ФАКУЛЬТЕТІ
«АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» КАФЕДРАСЫ
Магистрлік диссертацияның ОРЫНДАЛУЫ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ
6М070300 Ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша
Алматы – 2012
Мазмұны
1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ 3
2 Магистрлік диссертация тақырыбына қойылатын талаптар 4
3 Магистрлік диссертацияның жазылу ретіне қойылатын талаптар 4
4 Магистрлік диссертация құрылымы мен мазмұны 5
5 Магистрлік диссертация жазудың ережелері 8
6 Магистрлік диссертацияға реферат жазудың ережелері 11
7 Магистрлік диссертация қорғау реті 11
8 Магистрлік диссертация сақтау реті 13
Қосымша 2 15
Қосымша 3 16
Қосымша 5 18
Құрылымын дайындау 18
Қосымша 6 20
Суреттерді дайындау 20
Қосымша 7 21
Кестені дайындау үлгісі 21
Қосымша 8 22
Формулаларды дайындау ережелері 22
Сілтемелерді дайындау ережесі 22
Қосымша 9 23
Қолданылған дерек көдеріне нұсқау дайындаудың ережелері 23
Қосымша 11 26
Қосымша 12 28
1 Жалпы ереже
1.1 Берілген әдістемелік нұсқаулық «Ақпараттық технологиялар» кафедрасында келесідей нормативтік құжаттарға сәйкес дайындалды:
- Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру. Магистратура. Негізгі ереже ҚР МЖМБС 5.04.033 – 2011;
- ҚР МЖМБС 7.09.096-2008, 6М070300 - Ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша;
- ҚР Білім және ғылым министрінің 18 наурыз 2008 жылғы № 125 «Білімгердің аралық және қортынды аттестациясын, үлгерімін қадағалауды жүргізудің типтік ережелері» туралы бұйрығымен бекітілген (өзгертулер мен толықтырулар).
- Магистранттың қорытынды аттестациясын жүргізудің ережесі Тұран университеті ректорының № 49 10.10.2011 жылғы бұйрығымен бекітілген
- «Магистерлік диссертация туралы ереже», ректордың № 49 10.10.2011 жылғы бұйрығымен бекітілген.
«Тұран» университетінің профильді, ғылыми және педагогикалық бағыттағы бітіруші курс магистранттарының магистрлік диссертацияны орындау мен қорғау ережелерін көрсететін әдістемелік нұсқаулық.
1.2 «Тұран» университеті (одан кейін-Университет) 6М070300 «Ақпараттық жүйелер» мамандығы магистратура, «Ақпараттық технологиялар» кафедрасының бітіруші түлектерінің магистрлік диссертацияға қойылатын талаптардың әдістемелік нұсқаулығын жасаудағы мақсаты - ортақ талаптарды құру болып табылады.
1.3 Магистрлік диссертация – магистр дайындығының қорытынды деңгейі болып табылады. Ол бітірушінің ғылыми қызметкер ретіндегі іс-әрекетін көрсетуі тиіс немесе білікті маман мінездемесіне сәйкес ЖОО оқытушысы беруі тиіс, кәсіби құрастыра алатын және мамандықтың ғылыми мәселелерін шеше алатын.
1.4 магистрлік диссертацияда бекітілген тақырып бойынша өзіндк ғылыми зерттеу қортыныдсы баяндалады. Ол қазргі заманғы теоретикалық және қолданбалы аспектілердің өзектілігіне сәйкес және берілген мамандыққа сйәкес болуы қажет.
1.5. Магистерлік диссертацияның кейбір белгілері бар. Жалпы диссертациялық жұмысқа тән және мамандану қызметін орындайтын, демек, көпшілік алдында қорғауға дайындалады.
1.6. Магистерслік диссертация ғылыми-зерттеу жұмысы тобына жатады.
1.7. Магистерлік диссертацияның мақсаты – таңдалған мамандыққа сәйкес, магистранттың ғылыми квалификациясының жетістік деңгейі, өзіндік ғылыми зерттеулерді жүргізе білу, нақты ғылыми және қолданбалы міндеттерді шешу икемдігін тексеруді, жалпылама әдістемелік негіздерді және олардың шешілу жолдарын білу.
1.8. Міндеттері:
- таңдалғаны ғылыми –педагогикалық қызмет бағытында, магистранттардың жеке дайындығын теоретикалық және тәжірибелік тереңдету, өзіндік даму және өзіндік өркендеу қабілетін дамыту, қажеттілік пен дағдыны белсенді өмір ағымында жаңа білімді, өзіндік шығармашылықты меңгеру;
- жоғары деңгейлі мәдениетті профессионал мамандарды дайындау, оның ішінде, азаматтық позициясы бар профессионалды қарым –қатынас мәдениеті, қазіргі заманғы ғылыми және тәжірибелік мәселелерді тәжірибелік және құрастырып шеше алатын, ЖОО-да сабақ беру, зерттеу және басқару қызметін сәтті жүзеге асыру;
- әлемдік білім беру және ғылыми –ақпараттық жүйенің интеграциялық жетістігі.
1.9. Кешенді емтихан тапсырған магистрант, диссертациялық жұмысты қорғауға 1 ай қалғанға дейін жіберіледі. Диссертацияны қорғауға рұқсат МАК төрағасының ұсынысы негінде ЖОО басшысының бұйрығымен дайындалады.