Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
vse lekci.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
129.29 Кб
Скачать

Тақырыбы: Жүктемелік желінің кедергі келтіруші ықпалдарын есептеу

Екі өткізгішті телефон тізбектері үшін жүктемелік желі қалыпты режимде жұмыс істеген жағдай үшін тоналды жиіліктер диапазонында (300-3400 Гц) кедергі келтіретін кернеудің (шу кернеуі) псофометрикалық мәнін анықтайды. Есептеуді күшейткіш бөліктің жақын (қашық) ұшына, таңдамалы байланыс бөлігі немесе аяқталған екі пункттің арасындағы бөлікке сай жүргізеді. Ықпал етушілер ретінде жүктемелік желі әрқайсысынң ұшында бір n-секциялы электровоз немесе еселі жүктемеде n электровоз жұмыс істейтін бір жақты қоректендірудің иіндерінен тұрады деп есептеп есептік бөліктің шегіндегі барлық жүктемелі иіндерді алу керек Шудың псофометрикалық кернеуінің есептеулерін жекелеген гамоникада әрбір бөліктен алынатын кернеуді есептеу арқылы барлық гармоникалра бойынша бұдан ары квадраттап қосып және барлық бөліктен келтірілетін кернеулерді квадраттап қосу арқылы жүргізеді.

Бір жақты қоректендірудің бірнеше ықпал етуші жүктемелі иіндерінен шу кернеулерін квадраттық заңдылық бойынша қосу керек.

Екі өткізгішті телефон тізбектеріндегі шу кернеуін, мВ ықпал етуші токтың бір анықтаушы гармоникасы бойынша жуықтап есептейді ( қателікпен) , неғұрлым дәлірек – тоналды жиіліктер диапазонында ықпал етуші токтың гармоникалық құраушысы бойынша есептейді:

Телефон желілерінде –ші гармоника үшін кедергі келтіруші ықпалды төменде келтірілген формуламен есептейді. Ұзындығы 25кВ жүйесі бойынша жүктемелік желіні бір жақты қоректендірудің иінінің ұзындығынан асатын тізбек үшін,кедергі келтіретін кернеу, В:

Жүктемелік токтың -ші гармоникасының бұрыштық жиілігі, рад/с; - жүктемелік токтың екі бір өткізгішті тізбектері арасындағы өздік индуктивтітліктің модулі, ГН/км; жүктемелік токтың -ші гармоникасының эквивалент тогы;-жүктемелік токтың -ші гармоникасы үшін акустикалық әсер коэффициенті; - жүктемелік токтың –ші гармоникасы үшін шуылға екі өткізгішті сезгіштік коэффициенті;*- телефон тізбегінің жүктемелік токтың –ші гармоникасы үшін қорытқы қорғаныс әсер коэффициенті; - жүктемелік токтың –ші гармоникасы үшін ықпалға ұшырайтын бір өткізгішті тізбектің таралу коэффициенті; -есептік ұзындық.

Жақындасудың күрделі трассасында өзара индуктивтіліктің орташа шамасын анықтау керек,Гн/км.

Егер жуық әдістеме бойынша шудың индукцияланатын кернеуі рұхсат етілгеннен 30%- аз немесе көп болса, онда дәлденген әдістеме бойынша есептеуді жүргізу қажет емес.

Гармоникалық құраушылардың тогы ( неғұрлым дәл әдістеме бойынша),

мұндағы – қалыпты режимде қоректендіру иінінің ұшында жұмыс істейтін электровоз тогының –ші гармоникасы;- толқындық коэффициент.

Жүктемелік токтың –ші гармоникалық құраушысы үшін кабел қабықшасының қорытқы қорғаныс әсер коэффициенті

Бұл формулада *- кабел қабықшасының қорытқы қорғаныс әсер коэффициенті.

Дәріс 11

Тақырыбы: Радиошулардың рұхсат етілетін деңгейлері және дәрежелері

Мінсіз радио- және теле қабылдауға кепілдік үшін, сонымен қатар радиобайланыс қызметтерінің қалыпты функциялануы үшін шу көздері сәулелері радиошулардың рұхсат етілетін жиіліктерінен тәуелді белгілі бір деңгейлерден артпауы керек. Бұл рұхсат етілетін деңгейлер МЭК-тағы халықаралық бірлестік немесе радиошуылдар жөніндегі халықаралық комитетте негізделген DIN/VDE стандарттарында анықталған. Радиошуылдардың деңгейі табиғи көздердің (космостық шуыл, алыстағы найзағайлардың импульстік шулары және т.б.) сөзсіз фонды деңгейіне негізделеді. Басқаша айтқанда, олар фондық деңгейге дейін қолдану мақсатына тәуелді қашықтыққа ( мысалы 3 м немес 30 м) дейін сәулелер сөнетіндей етіп орнатылады.

Радиошуыл өрістерінің қуаттарын және кернеулерін, кернеулердің рұқсат етілген деңгейлерін ажыратады.

Біріншілері электрлік приборға қосылған өткізгіштердің жер мен жекелеген тамыршалар арасындағы радиошуылдардың кернеулерінің жоғарғы шекарасын түзеді (радиошуылдардың симметриялы емес кернеуі). Офистердегі, тұрғын үйлердегі приборлардың өткізгіштерінің әдетте кездесетін ұзындығында 30 МГц-тен айтарлықтай сәулелену байқалады, сондықтан өспелі жиілікті радиошуылдардың кернеуі ақпараттылығын жоғалтады. Соңында, шу көздерінен белгілі бір қашықтықта кернеудің орнатылған деңгейлері электр және магнит өрістері үшін олардағы шу өрістерінің кернеулігінен аспауы керек.

Бұдан басқа, кластары А,С және В приборларды жіктейді. Біріншілері үшін шуылдың неғұрлым рұхсат етілген жоғары деңгейі үшін сәйкесінше шудың аз интервалы үшін сынаулар негізінен берілетін жекелеген рұхсат болуы керек ( мысалы, басқарушы ЭЕМ-дер, өндірістік жоғары жиілікті генерторлар), ал С класты приборлар үшін тек жекелеген сынақтардан кейін орнатылған жерде ( мысалы үлкен ЭЕМ-дер, жоғары жиілікті сызықты үдеткіштер). В класты приборлар жекелеген рұқсатты қажет етпейді, тек ортақ рұқсат алады, себебі шулардың аз деңгейі салдарынан (мысалы, музыкалық приборлар, телевизорлар және радиоқұрылғылар, дербес компьютерлер, тұрмыстық қажеттілік құрылғылары және т.б.) ережеге сай шудың жеткілікті жоғары интервалын қамтамасыз етеді.

Сондықтан А және С кластарына кәсиби қолданылатын және басым өндірістік аймақтарда (микротолқынды пештерді, электромедициналық жоғары жиілікті приборларды есептемегенде) қолданылатын приборлар жатады.Олармен радиошуылдарды өлшегенде мысалы 30 м секілді салыстырмалы үлкен қорғаныс қашықтық сәйкес келеді. В класына үйде қолданылатын приборлар жатады. Оларға аз қорғаныс қашықтық сәйкес, мысалы 10 м. Шындығында, В кластың приборлары өндірістік облыстарда да қолданылады. Радиошуылдардың кернеу деңгейлерінің жиілікке тәуелді. Өндірістегі, ғылыми медициналық және басқа зерттеулердегі жоғары жиілікті приборлардың шуларының рұқсат етілетін деңгейлері. Шулардың рұқсат етілетін деңгейлері сәйкес нормативті құжаттарда келтірілген.

Қарым қатынастарды үйлестіру шегінде еуропалық тырысу шегінде радио шуылдардың рұхсат етілген деңгейлерін немесе шекті мәндерін орнату үшін әдетте радиошуылдардың дәрежелерін көрсетеді.Рұхсат етілетін радиошуылдардың жиілікке –тәуелді жоғарғы шекарасымен қатар қолдану мақсаттары немесе салыстырмалы шуға қауіптілік жөнінде ақпараттан тұратын ерекшелендіретін литералар (радиошуылдардың төрт дәрежесі G, N,K,O) көрсетіледі.

Радиошуылдарда айтарлықтай ролді негізінен акустикалық немесе визуалды салдарлар ойнайтындықтан, өлшенетін электрлік шамалар сәйкес бағаланады. Шулардың мұндай мәндері радиобайланыс шудан қорғау шегінде өте сенімді, әйткенмен егер әңгіме байланыс мақсаты үшін алынбаған электр жүйелері (автомобилдік электроника, технологиялық прооцестерді басқару, деректерді өңдеу құрылғылары және т.б.) туралы болғанда жарамсыз болып табылады.

Дәріс 12

Тақырыбы: Ықпалды азайту шаралары

Ықпалды азайту шаралары ықпалға ұшыраған түйіндес желіде де және жүктемелі желі-ықпал көзінде де жүргізілуі мүмкін. Түйіндес желіде жүргізілген шаралар тек алынған желіні ғана қорғайды сондықтан, оларды пассивті дейді. Мұндай шараға түйіндес желіні темір жолдан алу, ал байланыс желісі үшін кабелді желілерді, қолдану, өткізгіштерді айқастыру, разрядниктерді орнату, бөлгіш трансформаторларды орнату, ортаңғы нүктесі жерлестірілген дренажды катушкаларды және шектеуші фильтрлерді қосу, тасымалдау деңгейін арттыру, редукциялық трансформаторларды қолдану болып табылады.

Актив қорғаныс шараларына байланыс желісі үшін айнымалы ток жолдарында соратын трансформаторларды қолдану және түзетілген кернеудің пульсациясын тегістеу үшін тұрақты ток жүктемелі подстанцияларында фильтр-құрылғыларды қолдануды жатқызады. Бұл шаралар барлық түйіндес желілерге әсер етеді және олардың тиімділігі біруақытта қорғалатын желілердің саны көп болған сайын жоғары болады.

Айнымалы токта электрофикациялағанда магниттік ықпалдың кернеуін төмендету үшін соратын трансформаторлар қолданады. Әдістің негізгі идеясы- әдеттегі жағдайларда ықпалды жобамен екі есе азайтатын рельстердің экрандаушы әсерін арттыру. Осы мақсатта контактілік желі мен рельстердің арасындағы өзара байланысты арттырады; мұнымен қоса рельстердің меншікті көлденең кедергісін азайтуға болады, бірақ мұны жасау қиын. Өзара байланысты жүктеме тогын олар жерден сорғандай етіп рельстермен ағызатындықтан соратын деп аталатын аранайы трансформаторларды қолдану арқылы арттырады.

Соратын трансформаторлардың трансформация коэффициенті әдетте бірге тең немесе кем дегенде бірге жуық. Екінші орамның жүктемесінің кедергісінің шамасы Омның үлесін құраса 1-3 Ом құрайды, яғни соратын трансформаторлардың жұмыс режимі трансформаторлық токтағыдай қысқаша тұйықталуға жақын. схемадағы соратын трансформатордың ролі айтарлықтай зор.

Дәріс 13

Тақырыбы: Сорғыш трансформаторлардың қорғаныс (экрандаушы) әсері. Қорғаныстың пассивті әдістері

Біздің білетініміздей, рельстерді түйіспелі желінің түйіндес желілерге орташа жағдайларда магниттік ықпалдарын 2 есе төмендететін экрандаушы өткізгіш ретінде қарастыруға болады. Жақын жатқан желілерге қорытқы ықпал жеткілікті үлкен. Оны азайту үшін рельстердің экрандаушы коэффициентін азайту керек. Экрандау коэффициентін азайту үшін іс жүзінде қиын болып табылатын рельстердің кедергісін кеміту керек немесе өзара кедергіні арттыру керек, ал бұл дегеніміз түйіспелі желі мен рельстердің арасындағы өзара индукция коэффициенті.

А- соратын трансформатордың екінші орамы рельстерге (Р) қосылған ; б- соратын трансформатордың екінші орамы кері өткізгішке (О) қосылған;***- орамдар саны және соратын трансформатордың бірінші және екінші орамдардың токтары; **- контактілік желідегі, рельстердегі және кері өткізгіштегі токтар.

Бұл рельстерде токтың артуына және олардың экрандаушы әсерлерінің артуына әкеледі. Мұндай әсерді тек айнымалы ток жолдарында сорғыш трансформаторларды қолданып қол жеткізуге болады.

Сорғыш трансформаторларды қосудың екі схемасы белгілі .

СТ сорғыш трансформаторлардың бірінші орамы екі схемада да К түйіспелі желінің алыстаған жеріне қосылады. Бірінші схемада СТ-дың екініші орамы Р рельстердің алыстаған жеріне қосылады. Екінші схемада СТ-дың екінші орамы трансформаторлар арасында және қосалқы станцияларда рельстердің жапсарлас жеріне қосылған қос кері өткізгіш деп аталатын қосымша ретінде қосылады.

Сорғыш трансформатордың екінші орамның жүктемелік тізбегін бірінші схемада рельстер, жер және олардың арсындағы аралық кедергі, ал екінші схемада сонымен бірге кері өткізгіш құрайды. Жүктемелік кедергінің шамасы бірқатар факторлар: «рельстер-жер» жүйесінің параметрлеріне, сорғыш трансформаторлардың арақашықтығына, олардағы токтардың қатынасына, сонымен қатар трансформаторлар аймағында электровоздардың орналасуына тәуелді. Бірінші схемада бұл кедергінің шамасы Омның үлестерін құраса, екіншісінде 1-3 Ом құрайды.

Дәріс 14

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]