Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
vse lekci.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
129.29 Кб
Скачать

Тақырыбы: Бір өткізгішті тізбектерді және жер асты жабдықтарын жердегі кезбе токтардың ықпалынан қорғау

Бір өткізгішті тізбектер толығымен симметриялы болмастан жоғары кернеулі көршілес желілердің индуктивтілік ықпалына, және жерде ағатын токтардың гальваникалық ықпалына ұшырайды.

Бір өткізгішті тізбектерде тұрақты токтың электрлік темір жолдарынң гальваникалық әсерінен ғана бөгде токтар туындағанда бөгде токтарды азайту мақсатында қорғаныс шарасы ретінде темір жол бағытна перпендикуляр бағытта сәйкес қашықтыққа жерлестіруді апару ға кеңес беріледі.

Шынымен де , жерлестіруді апару темір жол тһөсемінің күйіне , жүктемелік подстанциялардың әсерлік қуатына, жердің меншікті кедергісінің шамасына және оның геологиялық құрылымына тәуелді әртүрлі болады.Жерлестіруді апарудың критикалық қашықтықтарын анқтау үшін* қисықтарын қолданып электрлік темір жолдарға дейін жерлестірудің қашықтығынан бір өткізгішті тізбекті шулар тогының тәуелділігінің қисығын тұрғызу керек.

Айнымалы токтың электрлік темір жолдарының гальваникалық ықпалынан бір өткізгішті тізбектерді қорғау үшін индукциялық ықпалдан қорғағандағыдай байланыс тізбектерінде сондай шаралар жүргізіледі, сонымен қатар темір жол төсемдерінен жерлестіруді есептеумен анықталатын сәйкес қашықтыққа тасымалдау іске асырылады.Гальваникалық ықпалдан толығымен бір өткізгішті тізбектерді екі өткізігішті тізбектермен алмастыру арқылы құтылуға болады.

Рельстерден жерге жылыстау токтары рельстердің потенциалдарының мәндерімен және «рельстер-жер» аралық кедергісімен анықталады. Осыған сүйеніп кезбе токтарды азайту шаралары қабылдануы мүмкін.Рельстердің потенциалдары рельстердегі кернеудің түсуіне тәуелді, ал рельстердегі кернеудің түсуі токтың кедергіге көбейтіндісіне тең, осылайша рельстердің потенциалы ток пен кедергінің мәндері азайса азаюы мүмкін.Токты желідегі кернеуді арттырып азайтуға болады.Кернеуді оны реттегенде арттырамыз, бірақ көп емес. Рельстердегі токты таратылған қоректендіру жүйесін қолданып немесе айтарлықтай подстанциялардың арақашықтығын айтарлықтай қысқартып азайтуға болады.

Түйіндес подстанциялардың кернеулерінің мәні әртүрлі болғанда жүктемелер олардың арасында тарайды; бұл қайта таралуды бірдей кернеулерде желідегі токтарға кернеулердің айырымы туғызған теңестіруші токтың түсуі ретінде қарастыруға болады.Рельстердің потенциалдарына қатысты теңестіруші токты схема бір подстанция (неғұрлым жоғары кернеулі подстанция) және бір жүктеме (төменгі кернеулі подстанция ) бар болғандағы жағдайды (1 сурет) береді.

Теңестіруші токтың потенциалдарының таралу диаграммасының подстанциялардың кернеулері бірдей болғанда барлық жүктемелерден потенциалдардың таралу диаграммасына түсіру потенциалдардың таралуының қорытқы диаграммасын береді. Бұл жағдайда үлкен кернеулі подстанциядағы теріс потенциалдың мәні артады, ал төменгі кернеулі подстанцияда азаяды (1 сурет), ал кейбір жағдайларда тіптен таңбасын өзгертуі мүмкін. Осылайша, жүктемелік подстанциялардың шиналарындағы кернеуді теңестіру және орнықтыру рельстердің потенциалдарының азаюына әкеледі.

Рельсті жолдың кедергісін көлденең қимасы үлкен және рельсті звенолардың арасында, рельс аралық және жол аралық түйісулердің арсындағы сенімді электрлік жалғауларды қолданып азайтуға болады. Егер өткізбейтін қоспалар сіңірілген шпалдарды қолданып, щебонкалы балласты және төсемді құрғату үшін дренаж құрылғысын қолданып аралық кедергіні арттыруға болады.

Кернеудің түсуін, осылайша рельстердегі потенциалдарды азайту үшін рельстердің алыстаған жеріне қосылатын басқарылатын ток көзі ретінде болатын құрылғы жасалған

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]