
- •Тақырыбы: Негізгі анықтамалар
- •Тақырыбы: Электрлік және магниттік ықпалдар
- •Тақырыбы: Қысқаша тұйықталу режимінде ықпал ететін токтарды анықтау
- •Тақырыбы: Мәжбүр режимдегі ықпал етуші токтарды анықтау
- •Тақырыбы: Байланыс тізбегіндегі жоғары кернеу желілерінің магниттік қауіпті ықпалдарын есептеу әдісі
- •Тақырыбы: Гальваникалық ықпалдың ерекшеліктері
- •Тақырыбы: Электрлік темір жолдардың жер асты жабдықтарына гальваникалық ықпалдары
- •Тақырыбы: Жалпы мағлұматтар
- •Тақырыбы: Жүктемелік желінің кедергі келтіруші ықпалдарын есептеу
- •Тақырыбы: Радиошулардың рұхсат етілетін деңгейлері және дәрежелері
- •Тақырыбы: Электртасымалдаудың үш фазалы желілерін электромагиттік ықпалдан қорғау
- •Тақырыбы: Бір өткізгішті тізбектерді және жер асты жабдықтарын жердегі кезбе токтардың ықпалынан қорғау
Тақырыбы: Электртасымалдаудың үш фазалы желілерін электромагиттік ықпалдан қорғау
Байланыс тізбектерінде жоғары кернец желәілерінің әсерінен туындайтын кедергі келтіретін токтар мен кернеулерді азайту үшін электртасымалдаудың үш фазалы ықпал етуші желілерінің (ЭТЖ) қалдық кернеуін азайту керек.
Теориялық тұрғыдан және эксперименттік үшфазалы ЭТЖ жүйесіндегі қалдық кернеудің шамасы: жердің бетіне өткізгіштерді асу биіктігіне , жерлестірілген өткізгіштердің (тростардың) өзара орналасуына, өткізгіштердің өлшемдеріне, өткізгіштердің изоляциясының күйіне тәуелді екендігі дәлелденді.
Басқаша айтақанда, қалдық кернеу: жерге қатысты әрбір өткізгіштің сыйымдылығына және басқа өткізгіштерге қатысты желі өткізгіштерінің әрқайсысының сыйымдылығына тәуелді.
Үшфазалы бейтарап изоляцияланған ЭТЖ-да қалдық кернеу шамасының келесідей екендігін дәлелдеуге болады:
Қиюласпаған көп өткізгішті ЭТЖ-ның жерге қатысты сыйымдылық кедергілері әдетте бір-біріне тең емес, бұл бейтарап изооляцияланған үш фазалы жүйе тізбегіндегі қалдық кернеуді анықтағанда маңызды фактор болып табылады.
Төменде үш фазалы жүйенің теңестірілмегендігін, осылайша, қалдық кернеудің шамасын тіректерде өткізгіштердің әртүрлі орналасуына тәуелді сипаттайтын теп-теңсіздік коэффициенттерінң шамалары келтірілген .
Бір тізбекті ЭТЖ-да: коэффициент 6 болғанлда өткізгіштердің вертикаль орналасуы үшін 11%, горизонталь симметриялық -5...9%, горизонталь ассиметриялық-7...11%, үшбұрышты конфигурация үшін (үшбұрыш тікбұрышты )-0,5...4%, горизонталь табанды үшбұрышты-0..8%, вертикаль -табанды үшбұрышты-0.5...9%, үшбұрыш бұрылған табанмен-4...7%. Көріп отырғанымыздай, симметриялы горизонталь және верткиаль конфигурациялар үшін тепе-теңсіздік коэффициенттері өткізгіштердің үш бұрышты болып орналасқанындағы сәйкес коэффициенттерден бірнеше есе үлкен.
Екі тізбекті желілерде екі тізбекті олардың теп-теңсіздігі нәтижесінде жекелеген тізбектердің тепе-теңсіздігіне қарағанда аз ашама беретіндей етіп жалғайды.
Екі тізбектің максималь тепе-теңсіздігі аралық вертикаль жазықтыққа қатысты симметриялы орналасқан өткізгіштер ортақ потенциалға ие болғанда болатындығы белгілі. Осылайша, өткізгіштердің бұлай орналасуын болдырмау керек.
Өткізгіштердің орналасуының вертикаль конфигурациясы на ие екі тізбекті ЭТж-дер үшін тепе-теңсіздіктің минимумы екі тізбектің жоғарғы өткізгіштері ортақ потенциалды болғанда, ал бір тізбектің ортаңғы өткізгіш басқа тізбектің төменгі өткізгішімен ортақ полтенциалға ие болатындығы белгілі. Өткізгіштердің үшбұрышты және горизонталь конфигурациялвы екі тізбекті ЭТЖ-дер үшңін тепе-теңсіздіктің минимумы оске қатысты симметриялы өткізгіштердің потенциалы бірдей болса болатындығы белгілі.
Электртасымалдаудың екі тізбекті желілері нің өткізгіштері горизонталь конфигурациямен орналасқанда қорытқы тепе-теңсіздіктің шамасы бір тізбекті желініңғ өткізігіштерінң орналасуы үшбұрышты конфигурациясындағыдай болады, бұл жағдайда электртасымалдаудың екі тізбекті желілердің өткізгіштері үшбұрыш конфигурацияға ие болғанда неғұрлым айтардлықтай тепе-теңсіздіктер пайда болады.
Электр тасымалдау желісінде жерлестірілген тростар құрылғылары қажет болғанда, олардың ең тиімді орналасуын анықтау үшін аранайы есептеулер қажет.
Дәріс 15