
- •Мамандық аты, шифры: 5b050600 – «Экономика», 5b050700- «Менеджмент», 5b050800 - «Бухгалтерлік есеп және аудит», 5b050900 – «Қаржы»,
- •5B051000 - «Мемлекеттік және жергіліктік басқару», 5в090200 - «Туризм»
- •Түркістан 2011
- •2. Жұмыс оқу жоспарынан көшірме
- •3. Пән мазмұны
- •4. Лекцияның күнтізбелік тақырыптық жоспары
- •5. Семинар сабағының күнтізбелік тақырыптық жоспары
- •6. Студентің өзіндік жұмысының тақырыптары (сөж)
- •8. Аралық бақылау сұрақтары
- •8. Бақылау түрлері
- •9. Студентің білімін бағалау
- •10. Кафедра және оқытушы тарапынан студентке қойылатын талаптар:
- •11. Лекция тезистері
- •1.1. Экономикалық теорияның қалыптасуы және даму кезеңдері
- •1.2. Экономикалық теория пәні мен зерттеу әдістері
- •1.1. Экономикалық теорияның қалыптасуы және даму кезеңдері
- •1.2. Экономикалық теория пәні мен зерттеу әдістері
- •2.3. Экономикалық ресурстар және өндіріс факторлары.
- •3.2. Меншіктің типтері мен формалары
- •3.3. Меншік формаларын өзгерту тәсілдері
- •3.4. Экономикалық жүйелердің мәні және типтері
- •4.2. Тауардың мәні және қасиеттері
- •4.3. Ақшаның мәні мен атқаратын қызметтері
- •4.4. Ақша жүйесі: құрылымы және қолданылуы. Ақша айналымының эволюциясы.
- •5.2. Нарықтың инфрақұрылымы: мәні және негізгі элементтері
- •5.3. Нарықтың элементтері: сауда және коммерция
- •5.4. Нарықтың типтері
- •7.2. Ұсыныс заңы және оған әсер ететін факторлар
- •7.3. Нарықтық тепе-теңдік
- •7.4. Икемділік ұғымы. Сұраныс пен ұсыныстың икемділігі
- •7.2. Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары
- •7.3. Капиталдың айналымы және шеңбер айналымы
- •7.4. Негізгі және айналмалы капитал
- •7.5. Негізгі капиталдың тозуы. Амортизация
- •7.6. Инвестицияның мәні.
- •8.1. Өндірістің бухгалтерлік және экономикалық шығындары
- •8.2. Тұрақты, өзгермелі және жалпы шығындар. Орташа және шекті шығындар. Кемімелі табыстылық заңы
- •16.3 Жалпы, орташа және шекті табыс
- •8.4. Экономикалық және бухгалтерлік пайда. Пайданы жоғарлатудың шарты.
- •9.1. Факторлық табыстың қалыптасуы және табыстардың бөлінуі теориясының негізі
- •9.2. Жалақы – еңбек бағасы
- •Процент – капиталдың меншік иесінің табысы
- •Банктік жалпы пайда-банктік істі жүргізу шығындары
- •Банктік меншік капиталы
- •9.4. Жер рентасы-жерді иемденушінің табысы
- •Экологиялық рента
- •Жерге жеке меншік монополиясы
- •Ерекше сападағы жерлердің шектеулілігі
- •Жерлердің экологиялық жағдайындағы айырмашылық
- •Пайда – кәсіпкердің табысы
- •10.2. Макроэкономикалық көрсеткіштердің жалпы сипаттамасы
- •10.3. Жұө және оны өлшеу әдістері
- •Номиналды жұө
- •10.4. Ұлттық есеп жүйесі
- •11.2 Жиынтыќ ±сыныс: классикалыќ жєне Кейнс модельдері
- •11.3. Т±тыну мен қор жинау
- •11.4. Инвестициялар жєне оѓан єсер ететін факторлар
- •11.5 Мультипликатор жєне акселератор єсері
- •Жұмыссыздар саны
- •12.2 Еңбек нарығындағы жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс. Еңбек нарығын мемлекеттік реттеу
- •12.3 Жұмыссыздыққа жұө әсері. Оукен заңы.
- •12.4 Инфляцияның мәні, түрлері, себептері
- •12.5 Инфляция мен жұмысбастылық арасындағы байланыс. Филлипс қисығы
- •12.6 Инфляцияныњ єлеуметтік-экономикалыќ зардаптары
- •13.2 Дағдарыс және оның түрлері
- •13.3 Экономикалық өсудің мәні, типтері, факторлары
- •13.4 Экономикалық өсудің моделдері
- •14.2. Ақша нарығындағы тепе-теңдік
- •14.3 Сурет. Ақшаға жалпы сұраныс
- •14.3. Банк жүйесі және банктің атқаратын қызметтері. Ақша мультипликаторы
- •Орталық банктің ақша-несие саясатының құралдары
- •. Мемлекеттік бюджет. Мемлекеттік шығындар. Мемлекеттік шығындар мультипликаторы
- •Салықтық және салық-
- •Капитал операциялары
- •Ресми трансферттер
- •15.3. Салық салудың түрлері мен принциптері. Салық мультипликаторы
- •15.4. Бюджет тапшылығы және мемлекеттік қарыз. Ішкі және сыртқы қарыз
1.2. Экономикалық теория пәні мен зерттеу әдістері
Бұрынғы ойшылдардан қазіргі ғалымдарға дейінгі барлық экономистердің көзқарасында бір жалпы сызба (шек) қарастырылған. Олардың іс-әрекетінің қызығушылығы әр уақытта қоғамдық байлықтың өсуіне алып келетін рационалды шаруашылық жолын зерттеуде болып қалады.
«Рационалды (оңтайлы)» латын сөзінен аударғанда орынды мақсатқа сай, парасатты мағынасын береді. Қоғамдық өмірдің әр түрлі сатысында шаруашылықты оңтайландыру, әр уақытта басты байлықты құрушы еңбеккер адамға қатынасты игілікті емес әр түрлі әдістермен жүзеге асырылады. Қарабайыр техникалар мен білікті емес еңбек кезеңіндегі өндірістің тиімділігінің көтерілуі еңбекке сияқты, табиғи ресурстарға ысырапқорлық қатынастарды пайдаланудың ашық күшейту есебінен болуы мүмкін.
Бұл жағдайларда маркстік саяси үнемдеу еңбек еткен адамдардың құқығын қорғауға бағытталған, ол өз іс-әрекетінің зерттемелері капитал мен еңбек арасындағы экономикалық қатынастар мінездемесіне талдау және өндірістік катынастарға талдауды жариялады.
ҒТП-тің жайылу шарасы бойынша еңбек шарттары, елеулі түрде жақсарды. Қоғам мен жинақталған байлық және ондағы адам еңбектерінің үлесі өсті. Сол себептен оның алдыңғы түсінігіндегі пайдалану мәселесі көкейкесті бола түрып, өткірлігін жоғалтты.
Алайда қоғамда жоғары білікті мамандарды дайындауға кеткен шығындардың және өндірістің басқа да факторларының өсуімен, табиғи ресурстардың сарқылуымен байланысты жаңа қиыншылықтар пайда бола бастады. Бұл пікірді қолдаушылар өздерінің зерттеу жұмыстарында әлемде шектелген ресурстардың тиімді шаруашылық жасау мәселесіне бағдарлама жасай бастады. Байлықты табу мақсатымен шектелген ресурстарда шаруашылықты оңтайлы жүргізу заңдар ізденісі қоғамның дамуында бірден-бір мәселе болып табылады. Олардың объективті жағы экономикалық заңдардың объективтік әрекетімен байланысты, ал субъективтік жағы оңтайлы шаруашылық жүргізумен байланысты.
Экономикалық теорияны келесідей белгімен анықтауымызға болады: экономикалық теория шаруашылықты оңтайлы жүргізу және әртүрлі деңгейде және әртүрлі тарихи замандағы шаруашылық жүргізетін субъектілердің әрекетінің заңдарын оқып біледі. Сонымен экономикалық теория 1-ден экономикалық заңдарды карастырады.
Экономикалық заң дегеніміз не?
Экономикалық зерттеулерде ғылымдарға тек оқшауланған шындықпен ғана емес, сонымен қатар олардың үлкен ауқымымен де іс жүргізуге тура келеді. Индукцияның көмегімен жетістікке жететін фактілерді сыныптастыру (классификациялау) және қорытындылау қажет. Индукция дегеніміз жаңа оқиға, құбылыстардан логика арқылы жалпы қағидаларды шығару. Қорытындылау дедукция деп аталатын әдістің көмегімен тексеріледі. Дедукция дегеніміз керісінше жалпы қағидалар негізінде экономикалық объектілердің, процестердің кейбір жеке ерекшеліктерімен сипатталады. Көп дүркінді тексерілген және қуатты экономикалық процестердің қорытындысын заң деп атау қабылданған. Олар экономикалық көрініспен процесс арасындағы күнделікті, тұрақты, қажетті тәуелділікті көрсетеді және белсенді болып табылады.
Бірлік пен қорытындылаған экономикалық фактілерге адамдардың экономикалық қызметтерімен, бүл қызмет процессінде адамдардың қатынастары жатады. Яғни экономикалық заң - бұл экономикалық қатынастардың тұлғаланған формасы. Олар адамдардың қорытындылаған әрекетінің заңы болып табылады.
Экономикалық заңдар әлеуметтік, қоғамдық заңдарға жатады және бүл арқылы табиғаттың заңынан ерекшеленеді. Екінші ерекшелігі табиғи заңдар өмір бойы, ал экономикалық заңдар тарихи, шектелген мінезге тән. Экономикалық заңдар әрекетінің ұзақтығынан тәуелді спецификалық және жалпы болып бөлінеді.
Спецификалық экономикалық заңдар - әрбір бөлек алынған формация үшін сипатталады. Мысалы, құлдық пен феодализм негізінде материалдық игіліктерді бөлу заңдарын айтамыз. Жалпы экономикалық заңдар барлық экономикалық формацияларда іс-әрекет етеді. Мысалы, өндірістік еңбектің өсу заңы, уақытты үнемдеу заңы және т.б. Экономикалық теорияның іс-әрекетін анықтауда әр түрлі шаруашылық жағдайдағы экономикалық зандарды оқып біледі.
Микроэкономикада жеке фирмалар, бірлестіктер және т.б. аз шаруашылық бірліктері орын алады.
Мезоэкономикада ұлттық экономика немесе шаруашылық жүйесімен (ауыл шаруашылық кешені, әскери өнеркәсіптік кешені, аймақтық экономика және т.б.) анықталынған әрекеті мен заңдарды оқып біледі.
Макроэкономикада толығымен елдегі экономикалық жағдай зерттелінеді. Қоғамның байлығы мен табысы, экономикалық өсудің факторлары мен қарқыны макроэкономиканың объектісі болып табылады. Макроанализ ұлттық шаруашылық мәселелерін шешуге бағытталған, яғни инфляция, жұмыссыздық, іскерлік белсенділікті ынталандыру сияқты мәселелер.
Мегоэкономика әлемдік экономикалық заңдар мен әрекеттерді толығымен оқып біледі.
Экономикалық теория кез-келген ғылым сияқты өзінде шаруашылық өмірді оқып білетін әдісі бар методологияны туралайтын әр түрлі тарту формасымен тәсілін қолданады.
Жалпы ғылыми әдіс - бұл ежелгі грек философтарының негізі мен кейінгі дамыған ғылымдардың ұрпағындағы диалектика материалдық принцип. Осы әдіске байланысты барлық экономикалық процестер үнемі қозғалыста болады.
Бұл процестерді оқып білуде тарихи және логикалық әдіс қолданылады.
Тарихи әдіс пайда болған, дамыған және бірін-бірі ауыстырған дәйектілік көрінісіне талдау жасауға көмек көрсетеді.
Логикалық әдіс осы көріністі зерттеуде оның тарихи жолындағы айнадай бейнесіне қызмет етпейді. Ол бар, танып білген көрініске және абстрактіге енуді болжамдайды. Экономикалық зерттеулердің маңызды әдісі – ғылыми абстракция. Ғылыми абстракция дегеніміз зерттеу пәнін жеке, кездейсоқ, қысқа мерзімді, дара құбылыстардан біздің түсінігімізді оқшаулап, оның тұрақты, әрдайым қайталанатын мәнін, маңызын ашу. Абстракциялау нәтижесінде экономикалық құбылыстардың жекелеген жақтарын сипаттайтын ғылыми ұсыныстар пайда болады және логикалық түсініктер немесе экономикалық категориялар қалыптасады. Мысалы, тауар, баға, ақша, бәсеке және т.б.
Экономикалық ғылымда қолданылған алғашқы тәсіл- бұл формальды логика. Формальды логика – бұл ойдың оның құрылымы, формасы жағынан зерттелінуі. Формальды логиканың қарапайым категориясы - түсінік. Ол зат жөніндегі ойды белгілейді. Формальды логиканың әдіс-тәсілдеріне қадағалау, синтез және анализ құралдары бойынша алынған материалдық өңдеу, индукция және дедукция, салыстыру, ұқсату, гипотеза, дәлелдеме, заңдар мен категориялар жүйесінің конструкциялануы, оларды тексеру, жүргізілген эксперименттер, модельдер және т.б. жатады.
Анализ – бүтінді құрамдас бөліктерге бөліп қарастырудан тұратын танымның тәсілі, синтез – жекелеген бөліктерді бүтінге біріктіруден тұратын тәсіл. Алайда анализ де, синтез де заттың ішкі қайшылығын ашпайды, демек зерттелетін обьектінің қозғалысын көрсетпейді. Индукция – жеке оқиға, құбылыстардан логика арқылы жалпы қағидалар, принциптер шығарады. Дедукция керісінше жалпы қағидалар негізінде экономикалық обьектілердің, процестердің кейбір жеке алынған ерекшеліктерін сипаттайды. Индукцияның әлсіздігі жиынтықтың бөліктерін қарастырғандықтан жалпыны негіздей алмайды. Ад дедукцияның кемшілігі жалпы алғышарттарды негіздей алмауында. Формальды логикада маңызды рольді - салыстыру, яғни құбылыстар мен процестердің айырмашылығы мен ұқсастығын анықтайтын тәсіл алады. Ол түсініктерді жүйелеу мен жіктеуде кең қолданылады. Салыстыру зерттеудің небәрі алғашқы қадамдарын көрсеткенімен ұқсатуды (аналогия) жүргізу үшін алғышарттар дайындайды. Ұқсату (аналогия) – бұл белгілі құбылыстың бір немесе бірнеше қасиеттерін белгісіз құбылысқа ауысыруға (өзгертуге) негізделген таным тәсілі. Саяси экономияда көптеген жаңалықтар аналогия бойынша ашылған. Мысалы, Ф.Кенэ адам организміндегі қан айналымы мен әлеуметтік қоғамдағы тауарлы және ақшалай ағымдардың қозғалысы арасындағы ұқсастықты ұсынуы оған алғашқы ұдайы өндірістің макроэкономикалық моделін құруға мүмкіндік берді. Механикалық тепе-теңдікті зерттеу А.Курноны экономикалық тепе-теңдік идеясына алып келді. Аналогия сондықтан да жаңа идеялардың тууы мен гипотезаны қалыптастыруда маңызды роль ойнайды. Ол күрделі процестерді түсінуді елеулі жеңілдетеді.
Математикалық модель графиктер мен математикалық теңестірудің көмегімен қалыптасады. Алайда, мынаны ескеру қажет, абстрактылық математикалық тексерудің көбеюі шын экономикалық жағдай жөнінде жалған түсініктеме беруі мүмкін, әсіресе егер модельде сапасыз экономикалық көрсеткіштер болса.
Егер макроэкономика жеке оқиғалардың саяси шешімдермен байланыстарын қарастырса, онда ол позитивті экономикалық талдау болады. Позитивті талдауда экономикалық саясаттағы өзгерістерді өндіріс, сауда-саттық, баға сияқты факторлардың өзгеруімен түсіндіруге тырысады. Осы позитивті талдау арқылы “егер… болса, онда…болады” деген секілді тұжырымдар жасалады. Содан кейін бұл тұжырымдар фактілермен және сандармен салыстырылу арқылы расталуы немесе жоққа шығарылуы мүмкін. Талдаудан шыққан балама қорытындылардың қайсысы салыстырмалы түрде бағалылырақ екенін білу үшін оларды бағалау қажет. Балама шешімнің негізгі шешіммен қаншалықты дұрыс не теріс екенін нормативті экономикалық талдау бағалайды. Нормативті талдауды не болуы мүмкін деген сұраққа салыстырмалы түрде дұрыс жауап алу үшін қолдануға болады. Нормативті тұжырымдар тек кеңес береді және оларды фактілермен растау немесе жоққа шығару қиын, себебі олар негізінен бұйрық түрінде болады. Сонымен нормативті талдау нақты экономикалық шарттардың, экономикалық саясаттың жақсы не жаман екендігі туралы қорытынды шығаратын экономикалық талдау десе де болады.
Экономикалық теория тарих, философия, статистика, математика және басқа да ғылымдармен тығыз байланысқан. Экономикалық ғылым жүйесінде ол орталық орынды алып отыр. Экономикалық теория бес басты функцияны орындайды: практикалық (прагматикалық), танымдық, методологиялық, болжамдық және дүниетанымдық. Танымдық –экономикалық заңдарды, құбылыстарды зертеу және түсіндіру. Практикалық – іс жүзінде зерттелген обьектілер теориясын қолдану, мемлекеттің экономикалық саясатының негізін құру. Болжамдық - экономиканың және жалпы қоғам дамуының ғылыми болжамын жасау. Методологиялық – экономикалық ғылымдар жүйесі үшін теориялық және методологиялық негіз болады. Дүниетанымдық – ғылым негізінде қоғам өміріне белгіленген көзқарастар жүйесін құру.
Қоғамның болашақ ғылымдары келесідей үш сүраққа жауап беруі керек. Нені өндіру керек? Қалай өндіру керек? Кім үшін өндіру керек? Әкімшіл-әміршіл экономикада барлық осы сұрақтарды орталық басқару органдары шешеді. Нарықтық экономикада үкімет табысты бөлу және әлеуметтік бағдарламаларды өткізу мен құру жолымен 3-ші мәселені шешуге ғана қатысуға міндетті. Қалған барлық сүрақтар нарықтың көмегімен шешіледі. Ю.А.Львовтың айтуы бойынша фирмалар көп табыс алып келетін тауарларды ғана өндіреді. Осымен не өндіру керек мәселесі шешіледі. Аз шығындарды қамтамасыз ететін технологияларды қолдану арқылы қалай өндіру керек мәселесі шешіледі. Халықтар сатып алу кезінде тауар бағасына және өз табысына көңіл аударады. Осымен кім үшін өндіру керек сұрағы шешіледі.
Әрине өмірде бұл қарапайым схема қиындайды, бірақ бұдан ештеңе өзгермейді. Тұжырым:
1). Экономикалық теория шаруашылық іс-тәжірибесі мәселелерін шешу барысында дамыды. Теорияны модельдеуде зерттеуші позитивті және нормативті пайымдауларды қолданады. Позитивті пайымдау не болды, не бар, не болуы мүмкін жақтарын бейнелейді. Нормативті пайымдау - бұл ненің болуы қажеттігі туралы пікір және әдетте позитивтіден шығарылады.
2). Экономикалық теория негізінде экономикалық саясат анықталады. Оның міндеті экономикалық мәселелерді шешетін варианттар мен механизмдерді табу.
3). Экономикалық саясатты жүзеге асыру барысында экономикалық теорияны жаңа қадамға көтеретін тұтас экономикалық жүйе дамиды.
Қайталауға арналған сұрақтар
Экономикалық теория нені зерттейді?
Экономикалық зерттеу не үшін керек?
Экономикалық теорияда қандай зерттеу әдістері қолданылады?
Микроэкономика мен макроэкономиканың айырмасын түсіндіріңіз?
Экономикалық модельдер не үшін құрылады?
Экономикалық теория қандай қызметтер атқарады?
Экономикалық заң және кагегория дегеніміз не
Позитивті және нормативті талдаудың мәні неде?
2-тақырып. Қоғамдық өндірістің негіздері
2.1. Адам және экономика
2.2. Қоғамдық өндіріс, оның құрылымы және нәтижелері
2.3. Экономикалық ресурстар және өндіріс факторлары
2.1. Адам және экономика
Адамдар экономикалық әрекеттерін белгілі бір жағдайларда немес орталарда жүзеге асырады. Басты жағдайларда әлеуметтік және табиғи орталар жатады.
Адамның әлеуметтік ортасы:
1. меншік қатынастары
2. қоғамның әлеуметтік құрылысынан тұрады
Меншік қатынастарына байланысты адамның қоғамдағы алатын орны, қоғамдың өнімдегі оның үлесі, адамның ролі анықталады. Меншік формалары іскерлік белсенділікке әртүрлі әсер етеді. Жеке меншік жеке мүдделер тұрғысынан анағұрлым нәтижелі еңбекке жетелейді. Алайда әлеуметтік көзқарас тұрғысынан қарастырсақ, кейде ол барлық жағынан жақсы емес. Біреулердің қолына түскен нәрсе екінші біреулер үшін қол жеткісіз болады. Байлық пен кедейлік жіктеліп, эгоизм қалыптасады. Қоғамның мүліктік жіктелуі өсіп, бұл әлеуметтік шиеленісті туғызады. Сондықтан қолайлы әлеуметтік орта қалыптастыру мақсатында мемлекет игіліктердің бір бөлігін жалпыға ортақ игіліктер ретінде қалдыруы қажет.
2. Қоғамның әлеуметтік құрылысы әлеуметтік заңдарға, яғни жұмыс істейтін азаматтар, жұмыссыздар, әртүрлі себептерге байланысты жұмыс істеуге мүмкіндігі жоқ адамдардың жағдайын реттейтін құқықтық нормалар жиынтығына негізделеді. Әлеуметтік заңға елдегі зейнетақы, жәрдемақы, мүгедектерге, ауруларға, қарияларға басқа да еңбекке жарамсыз халыққа қызмет көрсетуді көздейтін әлеуметтік сақтандыру жағдайына тәуелді. Қоғамның әлеуметтік ортасының деңгейін өмір сүру мен еңбек етудің, тұрғын үй, коммуналдық және тұрмыстық жағдайлары, бос уақытты пайдалану мүмкіндіктері, денсаулық сақтау, білім беру, мәдените және т.б.деңгейлері сияқты көрсеткіштерге қарап бағалайды.
Табиғи ортаға табиғи және еңбек ресурстары мен басқа да өмір сүру жағдайлары жатады.
Материалдық және материалдық емес игіліктерді өндіру адам қажеттілігін қанағаттандыру үшін жасалынады. Қажеттілік – бұл жеке тұлғаның немесе қоғамның өз өмір жағдайын немесе дамуын қалыпты деңгейде жүргізуге қажет қандай да бір нәрсеге талабы. Ол жоғарғы және төменгі деңгейлі, әлеуетті және төлем қабілетті және тағы басқа болып келеді. Әдетте қажеттіліктерді үш топқа бөледі: материалдық, рухани, әлеуметтік.
Материалдық қажеттілік – бұл адамның киімге, тамаққа, тұрғын үйге, сондай-ақ фирмалар мен мекемелердің ғимараттарға, құрылыстарға, транспорт пен басқаларға деген сұраныстарын жатқызамыз. Рухани қажеттіліктер – бұл ғылыммен, өнермен шұғылдану, білім алу және т.б Қоғамның дамуына орай қоғамдық және ұжымдық қызмет формаларына қатысуына байланысты әлеуметтік қажеттіліктерді кеңейту мен қанағаттандыру мүмкіндіктері де өседі. Олар материалдық та, рухани да болуы мүмкін, бірақ ең бастысы олар қоғамдық сипатта және көптеген адамдардың бірге өмір сүруі мен ынтымақтасуы қажеттігіне байланысты.
Қажеттіліктерді қанағаттандыру дәрежесі екі сфераның даму деңгейімен анықталады: материалды және материалды емес өндіріс. Материалды өндіріс сферасында заттық игіліктер өндіріледі (өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы және т.б.) және материалдық қызметтер көрсетіледі (транспорт, сауда, тұрмыстық қызмет көрсету). Материалдық емес сферада рухани және басқа да құндылықтар жасалынып, сәйкес қызметтер көрсетіледі (білім беру, мәдениет және т.б.). Бұл екі сфера да ұдайы қарым-қатынаста болады және адам өмірінің негізін құрайды.
2.2. Қоғамдық өндіріс, оның құрылымы және нәтижелері
Күнделікті өмірде "экономика" және "өндіріс" – ұқсас ұғымдар. Бірақ экономикалық теорияда олар әртүрлі мазмұнға ие. Өндіріс бұл экономиканың тек бір бөлігі ғана. Экономика әрқашан өндірістен тұрады, бірақ өндіріс әрқашан экономика бола бермейді, демек, экономика ұғымының көлемі өндіріс ұғымынан әлдеқайда ауқымды.
Экономика өзінің құрылымы бойынша қоғам өмірінің болашақ ерекше сферасы бола отырып, әлеуметтік сипатқа ие. Ал өндіріс тек ғана технологиямен байланыстырылуы мүмкін. Өйткені оның қалыптасуы үшін әлеуметтік байланыстар міндетті емес (мысалы, Робинзонның шаруашылығын өндіріс ретінде сипаттауға болады, бірақ ол экономика болып табылмайды).
Экономикаға синоним адамдардың біріккен іс-әрекеті формасында жүзеге асырылатын "қоғамдық өндіріс" категориясы бола алады. Шындығында біріккен өндірістік қызмет туындаған кезде экономикалық қатынастардың барлық буыны пайда болады: егер бірігіп өндірген болсақ, онда сол өндірген өнімді қалай бөлуге, айырбастауға, тұтынуға болады? Біріккен шаруашылық іс-әрекетте өндіріс әрқашан экономикаға ұласады. Өйткені өндірістің қатысушыларына тұрақты түрде қандай жағдайларда олар өндіреді (яғни өндіріс жағдайы кімге тиесілі болады), өндірілген өнім қандай принципке сай бөлінеді, өнімнің жеке үлесі мен айырбастау принциптері қандай, тұтыну формалары қалай болмақ деген мәселелерді шешу қажет. Міне, сондықтан да саяси экономиялық теорияда "өндіріс" түсінігі екі жақты тұжырымға ие: біріншіден, ол экономиканың фазалық сипаттамасында ерекше, дербес және басты фаза, екіншіден, ол қоғамдық болып табылады, бұл жағдайда "бөлу", "айырбас" және "тұтыну" өндіріс жүйесіне оның ажырамас құрамдас бөлігі ретінде енген.
Адам мен қоғамның өмірінің негізінде өндірістің шаруашылық қызметі жатыр. Өндіріс - бұл адамдардың табиғаттың заттарына ықпал жасай отырып, материалды және рухани игіліктерді өндіру процесі. Игіліктер деп адамдардың мақсаты мен талабына жауап беретін, олардың кажеттіліктерін қанағаттандыратын заттарды айтамыз. Оларды екі топқа бөлуге болады: табиғи заттар (жер, орман, өзен, көлдер т.б.) және экономикалық игіліктер- адамдардың саналы өндірістік қызмет нәтижелері. Өндіріс үш элементтің өзара әрекеттесуі арқасында жүзеге асады: адам еңбегі, еңбек заттары және еңбек құралдары. Оларды еңбек процесінің қарапайым мезеттері деп атау қабылданған.
Еңбек - бұл адамдардың материалды және рухани игілік пен қызметті құру бойынша мақсатқа сай қызметі. Еңбек заттары дайын өнім жасаудағы адамның еңбегі мен ықпалы. Еңбек құралдары адамның еңбек заттарына ықпал жасайтын құралдары. Қандайда бір тауар құруға қажетті еңбек заттары мен құралдары өндіріс құраддарын белгілейді.
Игіліктер өндірісі: 1-ден, адам мен табиғатың қарым-қатынасы; 2-ден адамның шаруашылық қызмет процесінде өзара әрекеттерін көрсетеді. Өзара байланыстың 1-ші түрін өндіргіш күштер деп атайды; 2-шісін экономикалық қатынастар деп;атайды.
Өндіргіш күштер бұл қоғамдық өндірістің өзара әрекетіндегі жеке (жұмыс күш) және заттай (өндірістің құралдары) факторлар.
ҒТР өндіріс факторларын жаңғыртады. Осылайша өндіріс құралдары информатикамен, электронды есептеуіш және компьютерлік -техникамен байытылады. Еңбек жағынан да сапалы өзгерістер болады. Оның ғылыми ұйымдастырылуы пайда бола бастайды, жұмысшылардың квалификациялық және парасатты деңгейі көтеріледі, адамның кәсіпкерлік қабілеттілігінің ролі мен мәнділігі артады.
Экономикалық қатынастар бұл материалды және рухани игіліктер мен қызметтерді тұтыну және айырбастауда, орналастыруда, өндіріс процесінде пайда болған адамдар арасындағы қатынас. Экономикалық қатынастардың сипаты өндіріс құралдарына меншіктік формасымен анықталынады. Олар өздеріне 1-ден, тек өндіріс саласында тартылатын өндірістік қатынастарды және 2-ден, өндірістік емес саладағы қатынастарды қосады. Экономикалық қатынастар құбылыс бойынша ұйымдастыру -экономикалық және әлеуметтік болып екіге бөлінеді.
Ұйымдастыру-экономикалық қатынастар өндірілген өнім өндірісінің, бөлінуі мен айырбасталуының қалай ұйымдастырылғанына қарай қалыптасады. Еңбекті бөлу, еңбек кооперациясы өндірістің шоғырлануы және оның орталықтандырылуы және тағы басқа ұйымдастыру формалары болып табылады. Бұл қатынастардың құрылуымен дамуын тарихта үш этапқа бөлуге болады:.
1) Еңбектің қарапайым кооперациясы;
2). Мануфактура;
3). Машиналық өндіріс;
Еңбек кооперациясы бір адамның басқаруымен біркелкі жүмыс орындайтын бірнеше адамдардың бірігуі. Бұл бір адамның міндеттерді шешу үшін және мұнымен экономикалық тиімділікті қамтамасыз ету үшін күшінің жетіспеуінен біріктіруге мүмкіндік берді.
Мануфактура бұл да еңбек кооперациясы, бірақ айырмашылығы өнімділікті едәуір арттыратын еңбекті бөлу қатысады.
Машиналық өндіріс еңбектің өтімділігімен өндірістің тиімділігінің өсуіндегі келесі нақты қадам болып табылады. Ол өндірістің техникасы мен технологиясын түбегейлі өзгертті және өндірістің жаңа техникалық қабілеттілігіне өтуді шарттады.
Әлеуметтік-экономикалық қатынастар өндіріс құралдарына меншіктің формасымен анықталатын өндіріс шарттары бойынша адамдар арасында қалыптасады. Тұтыну, айырбастау, бөлу және өндірістік қатынастардың әлеуметтік-экономикалық мазмүны меншікті формадан тәуелді болады. Бұл қатынастардың дамуы әр уақытта меншіктенушінің қызығушылығында жүзеге асады.
Қоғамдық өнім адамдардың жыл бойғы қызметтерінің нәтижесі болып табылады. Өз айналымында ол төрт сатыдан өтеді: өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну.
Өндіріс қоғамдық өнімді өндірудің бастапқы сатысы, осыдан қозғалыс басталады. Ол қоғамның өмір сүруі және дамуы үшін қажетті материалдық өнім өндіру процесі. Адамзат қоғамы дамуының барлық сатыларында да өндіріс басты орын алады. Ол жөнінде әр түрлі экономистердің айқындамалары бар. Бір экономистердің ойы бойынша өндіріс қоғам өмірінде жетекші, шешуші роль атқарады. Өйткені тек өндіргенді бөлуге, айырбастауға және тұтынуға болады. Басқалардың ойы бойынша айырбас пен бөлу қоғамда шешуші роль атқарады. Өйткені айырбас жүрген кезде экономика пайда болады. Олар өздерінің шешімдері мен Батыс зерттемелерін қолдайды. Себебі ол жерде айырбас пен бөлу бастапқы саты болып табылады.
Бөлу өндірілген өнімде адамның әрбір анықталған үлесін білдіреді. Айырбас бұл бір тауарлар келесі тауарларға айырбасталатын процесс. Бір шынжырдың бойы сияқты бөлу мен айырбас өндіріспен байланысқан. Айырбас пен бөлу өндіріс пен тұтыну арасындағы байланысты қамтамасыз етеді.
Тұтыну өз алдына адамдардың қажеттілігін қанағаттандыру үшін құрылған игіліктерді қолдануды көрсетеді. Өнімді қолданудағы нәтиже қорытындысы тұтыну болып табылады.
Тұтыну өндірістік және өндірістік емес болуы мүмкін. Өндірістік түтыну өндіріс процессінде өндіріс құралдары мен жұмыс күшін қолдануды білдіреді. Өндірістік емес тұтыну қоғамдық және жеке түрінде көрініс табады. Жеке тұтыну бұл адамдардың қажеттіліктерін тамақпен, білім берумен, киіммен, демалыс орындарымен және т.б. өнімдермен қанағаттандыру.
Қоғамдық тұтыну қоғамның қажеттіліктерін ғылыммен, біліммен, мәдениетпен басқару және т.б. қажеттіліктермен қанағаттандыру.
Адам тұтынған кезде, ол өнім сапасын жоғалтады, яғни оларды қайтадан өндіру қажет.
Үдайы өндіріс бұл өндіріс процесінің қайталануы. ¥дайы өндіріс жәй және үлғаймалы ұдайы өндіріс болып екіге бөлінеді. Жәй ұдайы өндіріс - өндіріс процесінің алдыңғы масштабындағыдай қайталануы. Ұлғаймалы ұдайы өндіріс - барлық ұлғайтылған мөлшерде жаңартылу түсінігін береді.
Қоғамдық өнім қозғалысының барлық төрт сатысы бір-бірімен тығыз байланысқан және қоғамдық өндірісті құрайды.
Тиімділік қоғамдық өндірістің қалыптасуының басты көрсеткіші болып табылады. Ол өндіріс шығындарының нәтижелік қатынасымен анықталады.