
- •Мамандық аты, шифры: 5b050600 – «Экономика», 5b050700- «Менеджмент», 5b050800 - «Бухгалтерлік есеп және аудит», 5b050900 – «Қаржы»,
- •5B051000 - «Мемлекеттік және жергіліктік басқару», 5в090200 - «Туризм»
- •Түркістан 2011
- •2. Жұмыс оқу жоспарынан көшірме
- •3. Пән мазмұны
- •4. Лекцияның күнтізбелік тақырыптық жоспары
- •5. Семинар сабағының күнтізбелік тақырыптық жоспары
- •6. Студентің өзіндік жұмысының тақырыптары (сөж)
- •8. Аралық бақылау сұрақтары
- •8. Бақылау түрлері
- •9. Студентің білімін бағалау
- •10. Кафедра және оқытушы тарапынан студентке қойылатын талаптар:
- •11. Лекция тезистері
- •1.1. Экономикалық теорияның қалыптасуы және даму кезеңдері
- •1.2. Экономикалық теория пәні мен зерттеу әдістері
- •1.1. Экономикалық теорияның қалыптасуы және даму кезеңдері
- •1.2. Экономикалық теория пәні мен зерттеу әдістері
- •2.3. Экономикалық ресурстар және өндіріс факторлары.
- •3.2. Меншіктің типтері мен формалары
- •3.3. Меншік формаларын өзгерту тәсілдері
- •3.4. Экономикалық жүйелердің мәні және типтері
- •4.2. Тауардың мәні және қасиеттері
- •4.3. Ақшаның мәні мен атқаратын қызметтері
- •4.4. Ақша жүйесі: құрылымы және қолданылуы. Ақша айналымының эволюциясы.
- •5.2. Нарықтың инфрақұрылымы: мәні және негізгі элементтері
- •5.3. Нарықтың элементтері: сауда және коммерция
- •5.4. Нарықтың типтері
- •7.2. Ұсыныс заңы және оған әсер ететін факторлар
- •7.3. Нарықтық тепе-теңдік
- •7.4. Икемділік ұғымы. Сұраныс пен ұсыныстың икемділігі
- •7.2. Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары
- •7.3. Капиталдың айналымы және шеңбер айналымы
- •7.4. Негізгі және айналмалы капитал
- •7.5. Негізгі капиталдың тозуы. Амортизация
- •7.6. Инвестицияның мәні.
- •8.1. Өндірістің бухгалтерлік және экономикалық шығындары
- •8.2. Тұрақты, өзгермелі және жалпы шығындар. Орташа және шекті шығындар. Кемімелі табыстылық заңы
- •16.3 Жалпы, орташа және шекті табыс
- •8.4. Экономикалық және бухгалтерлік пайда. Пайданы жоғарлатудың шарты.
- •9.1. Факторлық табыстың қалыптасуы және табыстардың бөлінуі теориясының негізі
- •9.2. Жалақы – еңбек бағасы
- •Процент – капиталдың меншік иесінің табысы
- •Банктік жалпы пайда-банктік істі жүргізу шығындары
- •Банктік меншік капиталы
- •9.4. Жер рентасы-жерді иемденушінің табысы
- •Экологиялық рента
- •Жерге жеке меншік монополиясы
- •Ерекше сападағы жерлердің шектеулілігі
- •Жерлердің экологиялық жағдайындағы айырмашылық
- •Пайда – кәсіпкердің табысы
- •10.2. Макроэкономикалық көрсеткіштердің жалпы сипаттамасы
- •10.3. Жұө және оны өлшеу әдістері
- •Номиналды жұө
- •10.4. Ұлттық есеп жүйесі
- •11.2 Жиынтыќ ±сыныс: классикалыќ жєне Кейнс модельдері
- •11.3. Т±тыну мен қор жинау
- •11.4. Инвестициялар жєне оѓан єсер ететін факторлар
- •11.5 Мультипликатор жєне акселератор єсері
- •Жұмыссыздар саны
- •12.2 Еңбек нарығындағы жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс. Еңбек нарығын мемлекеттік реттеу
- •12.3 Жұмыссыздыққа жұө әсері. Оукен заңы.
- •12.4 Инфляцияның мәні, түрлері, себептері
- •12.5 Инфляция мен жұмысбастылық арасындағы байланыс. Филлипс қисығы
- •12.6 Инфляцияныњ єлеуметтік-экономикалыќ зардаптары
- •13.2 Дағдарыс және оның түрлері
- •13.3 Экономикалық өсудің мәні, типтері, факторлары
- •13.4 Экономикалық өсудің моделдері
- •14.2. Ақша нарығындағы тепе-теңдік
- •14.3 Сурет. Ақшаға жалпы сұраныс
- •14.3. Банк жүйесі және банктің атқаратын қызметтері. Ақша мультипликаторы
- •Орталық банктің ақша-несие саясатының құралдары
- •. Мемлекеттік бюджет. Мемлекеттік шығындар. Мемлекеттік шығындар мультипликаторы
- •Салықтық және салық-
- •Капитал операциялары
- •Ресми трансферттер
- •15.3. Салық салудың түрлері мен принциптері. Салық мультипликаторы
- •15.4. Бюджет тапшылығы және мемлекеттік қарыз. Ішкі және сыртқы қарыз
14.3. Банк жүйесі және банктің атқаратын қызметтері. Ақша мультипликаторы
Банк – ақша нарығында пайда табуды көздейтін қаржылық делдал. Нарықтық экономикасы дамыған барлық елде екі деңгейлі банк жүйесі қызмет атқарады:
Орталық банк
Коммерциялық банктер
Орталық банкті үкімет ұйымдастырады, оның басты функциялары:
- үкімет операцияларын жүзеге асыру;
- ақша эмиссиясы;
- коммерциялық банктердің қызметіне бақылау жасау, олардың резервтерін сақтау;
- елдегі ақша санын реттеу;
- ұлттық валютаның тұрақтылығын ұстап тұру.
Орталық банктің активтік операцияларының негізгі түрлері – бұл бағалы қағаздарды шығару мен сату және несиелер беру. Бағалы қағаздар мен несиелер Орталық банктің активтерінің екі негізгі түрін құрайды. Мемлекеттік бағалы қағаздарға қазыналық міндеттемелер, мемлекеттік облигациялар, казначейлік вексельдер жатады. Бағалы қағаздар ұлттық қарыздың бөлігін құрайды. Нарық жағдайында облигацияларды сату мемлекеттің маңызды табыс көзі болып табылады. Мемлекет үшін облигацияларды сату мен сатып алудың тікелей мақсаты табыс емес, коммерциялық банктердің резервіне, демек, елдегі ақша массасының мөлшеріне ықпал ету болып табылады.
Активтерді орналастырудың екінші жолы – бұл несие беру. Орталық банк коммерциялық банктерге несие береді. Несие негізінен үш мақсатты көздейді: резервтік талаптарды қамтамасыз ету үшін несие, маусымдық несие және қаржы жағдайы тұрақсыз банктерге несие беру. Бұлардан басқа шетелдік валютадағы активтер де бар. Шетелдік валюта халықаралық валюта нарығында валюталық интервенция құралы болып табылады.
Орталық банктің пассивтік операцияларының 3 негізгі түрі бар:
1. Мемлекеттің жүргізетін операцияларына қызмет көрсету. Үкіметтің Орталық банкте салымдары сақталады және осы депозиттерден өзінің міндеттемелерін төлейді. Үкімет бұл депозиттерді салықтық түсімдер мен бағалы қағаздарды сатудан алынатын қаржыларды салу жолымен құрады және толтырады.
2. Коммерциялық банктердің резервтерін сақтау. Орталық банк тұрғысынан коммерциялық банктердің резервтері – бұл коммерциялық банк алдындағы оның міндеттемелері, демек, орталық банк үшін бұл резервтер - пассив болып табылады.
3. Банкнот шығару (ақша эмиссиясы). Орталық банктің банкноттар түрінде қағаз ақшаларды шығаруға құқығы бар. Банкноттар оның иелеріне тауарлар мен қызметтерді қамтамасыз ету бойынша міндеттемелер болып табылады. Бірақ Орталық банкте міндеттемелерден басқа меншікті капитал барын ұмытпау қажет. Меншікті капиталға банк мүлкінің құны, шоттар, процент түрінде алынған пайда жатады.
Пассивтік операциялар арқылы банк қаржылық ресурстарды жұмылдырады, ал активтік операциялар көмегімен оларды орналастыруды жүзеге асырады.
Коммерциялық банктер – тұрғындар мен кәсіпорындардан салымдар қабылдауға, сондай-ақ несиелер беруге мүмкіндік беретін орталық банктен арнайы лицензия негізінде жұмыс істейтін қаржы институттары. Негізгі мақсаты- пайда табу. Олардың қызметін реттеп жүйелейтін Орталық банк болып саналады.
Ақша үнемі айналыста болуы қажет. Өндіріс үрдісінде фирмаларда белгілі бір уақытта ақша құралдары уақытша босатылады. Ал осы уақытта басқа фирмаларда қажеттілігі сезінеді. Бұл қайшылық несие көмегімен шешіледі. Несие – бұл экономикалық субъектілер арасындағы келісім-шарт, яғни белгілі бір мерзімге процент төлеу және қайтару шартымен несиеге берілетін ақша құралының қозғалысы. Ол негізгі екі функцияны атқарады.
1. Несие көмегімен фирма, аймақ және сала арасында ақша құралын қайта бөлу жүреді. Бұл функцияның іске асуы уақытша бос ақша құралдарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
2. Несие айналымдағы нақты ақшаны несиелік ақшамен және несиелік операциямен ауыстыруға мүмкіндік береді, бұл айналым шығындарын қысқартады.
Несие негізінен үшке бөлінеді:
а) беру тәсілі бойынша:
- тұтыну тауарлары;
- шикізаттар;
- ресурстар;
-ақшакапиталы;
акция, облигация;
вексельдер.
б) беру мерзіміне байланысты:
қысқа мерзімді (1жылға дейін);
орта мерзімді (1-5 жылға дейін);
ұзақ мерзімді (5-10 жылға дейін);
арнайы ұзақ мерзімді (20-40 жылға дейін).
в) несиелік кеңістік сипаты бойынша:
халықаралық;
мемлекеттік;
банктік;
тұтынушылық;
ипотекалық;
коммерциялық.
Несиелік жүйе- валюта-қаржылық мекемелердің кешені, бұл кешен айналымдағы ақша санын өзгерту жолымен экономиканы реттейді. Оның алғашқы деңгейі - Орталық банк, ал коммерциялық банктермен ұсынылатын екінші деңгейі тікелей клиенттермен жұмыс істейді. Коммерциялық банктер несие институттары секілді ақша массасын реттеуде басты роль атқарады. Арнайы несие – қаржылық институттармен ұсынылған несие жүйесінің үшінші деңгейі: зейнетақы қорлары, сақтандыру компаниялары, инвестициялық және ипотекалық банктер, қарыз және қор жинау ассоциациялары және т.б. Олар өздеріне көптеген ақша ресурстарын шоғырландырады, сондықтан ақша саясатына үлкен ықпал жасайды.
Ақша ұсынысы банк жүйесінен тыс нақты ақшалар мен депозиттерден құралады және мұны экономикалық агенттер келісімдер үшін қажеттіліктеріне қарай қолдана алады. Қазіргі банк жүйесі – бұл бөлшектік резерв төлемдерінен құралатын жүйе: банктер тек өз депозиттерінің бір бөлігін ғана резерв күйінде сақтайды, ал қалғандарын несие беруге қолданады. Банктер басқа қаржы институттарына қарағанда ақша ұсынысын ұлғайту қабілетіне ие. Несиелік мультипликация – коммерциялық банктер шегіндегі төлем құралдары эмиссиясының жүру үрдісі.
Банк несие бере отырып, депозиттік қаржыларды құрайды. Банктердің депозиттік ақшаны құру мүмкіндігі артық резервтермен шектелген. Артық резервтер міндетті резерв нормасының қалай белгіленетініне тәуелді болады. Айталық, А банкінің салымдары 100000 теңге болсын. Резерв нормасы 20% болған жағдайда А банкінің резервтері 20000 теңгені құрайды, ал 80000 теңгені несие беру үшін пайдалана алады. Бұдан әрі осы 80000 теңге тағы да банкке түссе процесс қайталанады, яғни Б банкіне жаңа 80000 теңге пайда болады да заңға сәйкес Б банкі 16000 теңгені резервте ұстап, қалған 64000 теңгені банк несиеге бере алады.
64000 теңге енді В банкіне келіп түседі. Осы сомаға сәйкес 12800 теңге резерв болу керек, қалған 51200 теңге процентке несиеге беріле алады. Қорытындысында банктік депозиттік ақшалардың жалпы жиынтық көлемі – 100000+80000+64000. Бірақ процесс мұнымен аяқталмайды. Жаңа ақшалар Г банкіне келіп түседі де банктің балансы өзгереді:
Актив Пассив
Резервтер +12800 депозиттер +64000
Несиелер 51200
Барлығы 64000 Барлығы 64000
Депозиттерді құрудың жалпы нәтижесін келесі кестеден көруге болады:
Банк |
Міндеттемелер |
Міндетті резервтер |
Артық резервтер |
Қарызға берілетін ақшалар |
А |
100.000 |
20.000 |
80.000 |
80.000 |
Б |
80.000 |
16.000 |
64.000 |
64.000 |
В |
64.000 |
12.800 |
51.200 |
51.200 |
Г |
51.200 |
10.240 |
40.960 |
40.960 |
Д |
40.960 |
8.190 |
32.770 |
32.770 |
М |
6.870 |
|
|
5.500 |
Н |
5.500 |
|
|
4.400 |
Қалғаы |
21.970 |
|
|
17.570 |
Құрылған ақшалардың жалпы саны 400.000
Біз қосымша 100.000 теңге депозиттің пайда болуы барлық банктік жүйеде депозиттердің көпреттік ұлғаюына алып келетінін көріп отырмыз. Егер резерв нормасы 20 % болса, онда депозиттер 5:1 қатынасындай кеңейеді. Осылайша банктік жүйе елдегі ақша ұсынысын көбейте алады.
1
Ақша мультипликаторы = -------------------------------------
Талап етілетін резервтік норма
Біздің мысалымызда мультипликатор 5-ке тең. Банктердің депозиттік ақшаларды құру қабілеттілігі елдегі ақша массасын басқару үшін және іскерлік белсенділікке ықпал ету үшін қолданылады. Ақша мультипликаторын қолдана отырып, резерв нормасының өзгеруі жағдайында ақша массасының жиынтық көлемінің ұлғаюын немесе азаюын есептеуге болады.