Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
эконом теория кешен.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.02 Mб
Скачать

7.3. Нарықтық тепе-теңдік

Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекетін екі графикті қосу арқылы көруге болады:

молшылық

P3---------------------------------------------------

M

P1---------------------------

P2----------------------------------------------------

тапшылық

7.5 -сурет

Сұраныс пен ұсыныс қисықтары М нүктесінде қиылысады. Бұл нүкте тепе-теңдік нүкте, ал осы тепе-теңдіктен туындайтын баға тепе-теңдік баға деп аталады. Тепе-теңдік баға - бұл баға мен тауардың мөлшерінің өзгерістері теңелген жағдайдағы сатып алу мөлшері мен сату мөлшері үйлесетін баға. Егер баға тепе-теңдіктен жоғары болса, онда ұсыныс сұраныстан асып кетеді де, нәтижесінде тұтынушыда артықшылық болады немесе керісінше жағдайда мұқтаждық туады. Тапшылық пен молшылық жағдайлары ұзақ уақыт болуы мүмкін емес. Еркін баға жағдайында бәсекенің әсерінен ол тепе-теңдік дәрежеде белгіленеді.

Тепе-теңдік баға көптеген факторлардың әсерінен өзгеруі мүмкін, олардың ең маңыздысы – салық салу мен бағаны бақылау. Бұл мемлекет араласуымен іске асырылады. Салық салу салдары тұтынушыларға да, өндірушілерге де әсер етуі мүмкін, себебі салықтың өсуінен баға өседі, яғни тұтынушы сұранысы азаяды, соның нәтижесінде өндіріс қысқарады. Бұл кезде нарықтық тепе-теңдік нүктесі өте жоғарғы деңгейге жылжиды.

Нарықтық баға құруға мемлекеттің араласуы да сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігін бұзады. Ол әлеуметтік маңызы бар тауарларға нарықтық тепе-теңдіктен төмен деңгейде баға белгілеуде мәжбүр ету арқылы көрсетіледі. Нәтижесі болып жеке тұтынбаудың әсерінен барлық қоғамға теріс әсер ететін тауарлық тапшылық табылады. Мәжбүрлікпен қойылған баға нарықтықтан төмен деңгейде неғұрлым төмен орналасқан жаңа нарықтық тепе-теңдік нүктесін береді, демек сұраныс бағасы ұсыныс бағасына тең болады.

Тауардың бағасы қалай анықталады? Кейбір авторлар оны шекті пайдалылық арқылы, басқалары өндіріс шығындарымен, үшіншілері сұраныс және ұсыныс арақатынасымен, төртіншілері құнмен анықтайды. Қазіргі экономикалық теорияда алғашқы үш концепцияны үйлесімді біріктіруге тырысқан А.Маршаллдың баға концепциясы өте кең тарады. Ол құнның бар екендігін жоққа шығарады және айырбас құны, яғни баға бар деп санады. Қысқа уақыт аралығында оған пайдалылықтың, ал ұзақ уақыт аралығында - өндіріс шығындарының әсерінің маңызы зор деп атады. Бағаның төменгі шегі өндірістің шекті шығындары болып табылады. Баға шығындардың орнын толтыру үшін жеткілікті болу керек. А.Маршалл нарықтық бағаның қалыптасуын үш уақыт аралығында қарастырды және мезеттік, қысқа мерзімдік, ұзақ мерзімдік тепе-теңдіктерге ажыратты.

Мезеттік тепе-теңдік жағдайында тауар ұсынысы тұрақты, сондықтан баға сұранысқа толық тәуелді болады. Сұраныс жоғары болған сайын баға да жоғары және керісінше.

Қысқа мерзімді тепе-теңдік жағдайында сұраныс жоғары-төмен, оңға-солға өзгеруі мүмкін. Егер фирма бұған назар аудармаса баға шығындардан төмен түсіп кетеді де фирма зиян шегеді.

Ұзақ мерзімді кезеңде ұсыныс сұранысқа бейімделеді де тұрақты баға орнайды.

К.Маркс құн мен баға заңдылықтарын талдау арқылы бағаны сұраныс пен ұсыныс негізінде анықтаудың қайшылықтарын көрсетті. Оның мәнісі мынада: егер ұсынысты сұраныс анықтаса, ал сұранысты ұсыныс анықтаса және олар қарама-қарсы бағытта әрекет етсе, онда олар өзара жойылып кетеді және баға басқа бір нәрсемен анықталады. Яғни тепе-теңдік нүктесінде баға болмысы, табиғаты түсініксіз құбылысқа айналады. Бұл қайшылықтан шығу үшін “құн-айырбас құны-баға” өзгерістері жүйесін ғылыми негізде талдау қажет. Маркс теориясы бойынша баға негізі – құн болып табьылады. Тауар құнының шамасы оны өндіруге жұмсалатын қоғамдық қажетті жұмыс уақыты шығынымен анықталады.

Құн еңбек мөлшерін көрсетеді, ал баға оларға бірегей ақша мөлшерімен өлшейді. Сату-сатып алудың әрбір жекелеген актінде баға сұраныс және ұсыныс әсерінен құннан үздіксіз ауытқып отырады. Егер сұраныс пен ұсыныс тең болса, блин, онда нарықтық баға негізінде орташа немесе нарық үшін тауарлардың негізгі массасы өндірілетін жеке құнмен анықталатын қоғамдық, блин, нарықтық құн жатыр. Егер сұраныс ұсыныстан елеулі артып кетсе, блин, онда нарықтық құн негізінде өндірістің нашар жағдайында өндірілген тауардың жекелеген құны жатыр. Егер ұсыныс сұраныстан елеулі асып кетсе, блин, онда нарықтық құнды өндірістің жақсы жағдайында өндірілген тауардың жекелеген құны анықтайды. Еңбек құн теориясы баға механизмін толық ғылыми жүйелеуде құн мен баға арасындағы қайшылықтарды үйлесімді шешеді. Тауар бағасының қалыптасуына байланысты екі қарама-қарсы көзқарастың қысқаша мазмұны осындай.

Нарықтық экономикада баға үш басты қызмет атқарады:

  1. Бағдар беруші – сатушы мен сатып алушылар әрекеттері үшін ақпарат береді;

2. Ынталандырушы - өндірісті өте үнемді әдіспен жүргізуге және сұранысты ұтымды пайдалану арқылы ықпал етеді;

3. Бөлу – бұл арқылы нарықтық экономика қатысушылары арасында табыстар, өндірістік факторлар және игіліктер бөлінеді.

Бұл қызметтердің орындалуы тек ғана бағалардың табиғи динамикасын бұзатын монополия және инфляциясыз жағдайдағы еркін баға қозғалысы арқылы ғана мүмкін болады. Бұл шарт бұзылса нарықта бейберекет, кездейсоқ құбылыстар орын алады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]