Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
эконом теория кешен.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.02 Mб
Скачать

4.3. Ақшаның мәні мен атқаратын қызметтері

Ақшаның ролі барлық кезеңдерде ғалымдарды қызықтырып келеді. Ағылшын экономисті У.Гладсонның байқағанындай, ақша ретінде бағалылығы тұрақты болып табылатын танымал айырбас заттары қолданылды. Оларға балталар, балық аулайтын қармақтар, маталар, терілер, пышақтар, семсерлер, найзалар, жебелер, ұлу қабыршақтары және т.б. жатады. Бұндай түрлілік кейбір экономистерге осылай айтуға мүмкіндік берді: «ақша бұл тауарлар және қызметтерге айырбасталатын жалпылама тауар». Ақшаның шығуын зерттеуде екі тәсіл бар: субъективтік және объективтік. Субъективтік тәсіл - адамдар арасындағы бұл туралы келісім нәтижесінде ақшаның пайда болуы. Объективтік тәсіл - ақша тауар – ақша қатынасы нәтижесінде, яғни барлық тауар массасына эквивалент ролін атқаратын процесс.

Берілген теорияға сәйкес ақшаның шығуы тікелей тауар айырбасының дамуына байланысты. Екі тауар айырбасында біріншісінің құны екіншісінің құнына теңестірілді.

Кейінірек көп тауар ішінен бір тауар ерекшеленді, мысалы, ірі қара малға басқаларының айырбасталуы. Осы жалғыз тауарда барлық тауар құны көріне бастады. Өндіргіш күштердің қарқынды дамуы, қоғамдық еңбек бөлінісінің одан әрі тереңдеуі жалпы эквивалент ролін әр елде әртүрлі тауарлардың атқару тәртібі қала бастады да оны бір ғана тауар, яғни ақша атқара бастады. Сөйтіп айырбастың ұзақ тарихи даму нәтижесінде спецификалық тауар – ақша пайда болып, эквивалент ролін атқара бастады. Бірнеше ғасыр аралығында көпшілік халықтарда акша ролін ірі қара мал атқарды. Біртіндеп ақша барлық тауарларға эквивалент бола бастады. Бұған оның ерекшеліктері әсер етеді:

1). қазыналық бір қалыптылығы;

2). сандық еркін бөлінуі;

3). ықшамдылығы;

4). сақталынуы.

Алтын - еңбек сыйымды және сирек металл. Кәдімгі тауар сияқты алтын құн және тұтыну құнына ие. Алтынның тұтыну құны алтын жалату, әшекейлі бұйымдарды жасауға, өнеркәсіпте қолдануға және т.б. қызмет етеді. Алтын құны еңбек құн теориясына сәйкес өндіріске жұмсалған қоғамдық қажетті еңбекпен анықталынады. Ақшаның негізгі концепциялары ХVII-ХVII ғғ. туындаған теориялардан шығады. Ең алдымен болған металдық, номиналдық және сандық ақша теориясына негізделеді.

Егер бұрынырақ ақшаның шығуы, мәні, құнының құрылуы мәселелеріне назар аударылса, қазіргі жағдайда ақша теориясы нарықтық экономиканың дамуындағы аймақтық зерттеуге ықпал етумен бағытталған.

Металдық ақша теориясы капитал жинағының бастапқы сатысында пайда болды. Бұл теория өкілдері У.Стаффорд, Т.Мен, Д.Норс және басқа да меркантилистер. Олардың ойы бойынша ақша қызметі қазына мен әлемдік ақшамен анықталған және бұның негізінде асыл металдар мен ақшаны теңестірді. Ақшаны әлеуметтік қатынастар емес, зат ретінде қарастырды. Номиналды ақша теориясын қалыптастырушылар римдік және орта ғасырлық заңгерлер болды. Кейінірек бұл теорияны дамытқан Ж.Беркли (Англия) және Ж.Стюарт (Шотландия). Олар металлисттерді сынға ала отырып, ақшаның төлем және айналым құралы қызметін абсолюттаған. "Номиналистер": ақша - тауар айырбасын қамтамасыз ететін мемлекеттік билік өнімі, есептік бірлік деп санаған.

Сандық ақша теориясының қалаушылары Ж.Локк (ХҮІІғ.), Ш.Монтескье, Д.Юм, Д.Рикардо (ХҮІІІ ғ.). Олар ақшаның құн негізін жақтады. Сандық теориясының жақтаушылары ақша бірлігінің құны және тауарлық баға деңгейі айналымдағы ақша санымен анықталады деп ойлады. Сандық теориясын жаңартуға И.Фишер (XX ғ.), А.С.Пигу (XX ғ. ортасы) және басқалары өз үлестерін қосты.

Ақша түрлі қызмет атқарады. Классикалық саяси экономия ақшаның бес қызметін ерекше көрсетеді: құн өлшеу, айналым құралы, төлем құралы, қор жинау (қазына), әлемдік ақшалар. Қазіргі экономикалық ғылым құн өлшеу және айналым құралы қызметіне көңіл аударады.

Құн өлшеу ретінде ақша қызметі барлық тауар құнын өлшеу мүмкіндігінен тұрады. Бұл үшін нақты ақша болуы шарт емес, яғни құн өлшемі қызметін санадағы ойлы ақшалар да атқара алады. Тауар құнының алтын құнымен өлшенуін баға дейді. Тауар бағасы жоғары болған сайын алтынның көп көлеміне теңеледі. Яғни тауар бағасы тауар құнына тікелей байланысты

Т-А-Т формуласы бойынша тауарлар айырбасында делдал қызметін орындаған кезде атқарады. Ақшаның бұл қызметі екіге бөлінеді: сату (Т-А) және сатып алу (А-Т). Айналым құралы ретінде ақша монета және қағаз ақша формасында болды. Монета - метал қоспасының ерекше формасы мен үлгісі. "Монета" сөзінің шығуы б.з.б. ІV ғ. Ежелгі Римдегі ақша белгілерін шығарған Юнона - Монета мешітінің атымен байланысты.

Қағаз ақшалардың өзіндік құны болмайды, сондықтан да құн өлшеу қызметін атқармайды, тек алтынның баламасы болып табылады. Қағаз ақша ең бірінші рет XII ғ. Қытайда, ал Ресейде 1769 ж. II Екатерина тұсында пайда болды. Айналымдағы қағаз ақшалардың саны айналымға керек алтын санына сәйкес болуы керек. Егер айналымдағы қағаз ақшалардың саны қажетті мөлшерден көбірек болса, онда олар құнсызданады, сатып алу қабілеті төмендейді, ал тауар бағалары жоғарылайды. Тауар бағаларының жоғарылауымен сипатталатын ақшаның құнсыздануы – инфляция деп аталады.

Ақша байлықтың абсолюттік сипаты және жоғары өтімділікке ие. Алтын қоспалар, монеталар, алтын мен күміс заттар формасындағы ақша қазына қызметін атқарады. Қазынаның массалық қалыптасуы тауар-ақша айналымының бұзылу уақытында болады. Керісінше тауар-ақша қатынастарының жандану уақытында қазына айналым құралына айналады.

Қазірде алтын - айналымдағы ақшаның массасын реттеу ролін біртіндеп жоғалтуда, өйткені ақша белгілерінің еркін алтынға айырбасталуы жоғалуда.

Мемлекеттік және жеке алтын қорлар ортақ байлықты құрайды. Қағаз ақшалар байлық бола алмайды, өйткені өзіндік құны жоқ, бірақ қор жинау кұралы қызметін көрсетеді.

Тауар өндірісінің дамуына байланысты несиеге тауарларды сату қажеттілігі пайда болады. Олар вексельдер, банкноттар, чектер.

Вексель -ұстаушының белгілі уақытта вексель соммасын төлеуге құкық беретін борыш міндеттеме қағазы. Ол айналымға жіберіледі және ақша қызметін атқарады.

Банкнот - банк векселі. Банкноттың қағаз ақшалардан ерекшелігі:

  • қағаз ақшалар алтынмен қамтамасыздандырылған. Банкнот несиелік (коммерциялық вексельдер) және металдық (банктың алтын қорымен) қамтамасыздандырылады;

  • қағаз ақшалар - мемлекетпен, банкноталар - орталық эмиссиялы банкпен шығарылады;

  • қағаз ақшалар - айналым құрал қызметін, банкноталар - төлем құралы қызметін атқарады;

Чек - бұл арнаулы құжат, онда чекке қол қойған адамның ағымдағы шот есебінен белгілі бір соманы беру немесе аудару туралы банкіге берілген жазбаша құжат. Оның негізгі үш түрі бар:

атаулы (таралуы шектеулі);

ордерлі (чек ұстаушы оны индоссамент арқылы жаңа иеленушіге бере алады);

ұстанушы (индоссаментсіз берілуі);

Әлемдік ақшалар ол ақшаның мемлекет аралық деңгейде барлық қызметті атқаруы. Әлемдік ақшалар үш түрлі қызмет атқарады:

1). халықаралық төлем құралы;

2). халықаралық сатып алу-сату құралы;

3). қоғамның байлығын сипаттаушы құрал.

Сонымен, ақша тауар өндірісінің қажетті элементі. Оның тауарлар дүниесіндегі ерекшелігі: ақша жалпы эквивалент рөлін атқарады, бүкіл тауарлардың құн өлшеуіші.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]