Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kaz_s_otvetami.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
434.33 Кб
Скачать

476. Асты сызылған сөздің синонимі

Алайда сақ болыңыз: йодтың мөлшерін аңдамай арттырып жіберген жағдайда уланып қалуыңыз мүмкін. 

а) кенет

+ә) байқамай

б) ақырын

в) жай

г) кейде

477. СӨЙЛЕМДІ АЯҚТАЙТЫН НҰСҚА

Зобтың алғашқы белгілері пайда бола бастаған жағдайда ең алдымен капуста жеуді ... .

а) айналыңыз

ә) барыңыз

+б) тоқтатыңыз

в) сүртіңіз

г) кетіңіз

478. СӨЙЛЕМНІҢ ҚАНДАЙ ГРАММАТИКАЛЫҚ ТҰЛҒАДА ТҰРҒАНЫН КӨРСЕТІН НҰСҚА

Науқастардың 20%-ы стерильденбеген шприцтерді қолдану салдарынан дертті жұқтырып отыр.

а) ауыспалы осы шақ

ә) болжамды келер шақ

б) анық өткен шақ

+в) нақ осы шақ

г) мақсатты келер шақ

479. СӨЙЛЕМНІҢ ҚАНДАЙ ГРАММАТИКАЛЫҚ ТҰЛҒАДА ТҰРҒАНЫН КӨРСЕТІН НҰСҚА

Әр адам аурудың қалай тарайтынын, одан қалай сақтану қажет екенін жетік білуі тиіс.

а) мақсаттық мағынада

ә) иелік мағынада

б) болжамдық мағынада

в) өзгелік етіс тұлғасында

+г) қажеттілік мәнінде

480. ЫРЫҚСЫЗ ЕТІСТЕ ТҰРҒАН СӨЗ

АИВ-тің шаңмен, ауа-тамшы жолымен жұқпайтыны толық анықталған.

а) шаңмен

ә) жұқпайтыны

б) толық

+в) анықталған

г) ауа-тамшылы

481. Сұрақтың дұрыс жауабы

Терлейсіз бе?

а) – Терлемейтін.

ә) – Терлемейді.

б) – Терлеп жүрсіз.

в) – Терледім.

+г) – Көп терлеймін.

482. АНТОНИМДІК ЖҰП БОЛМАЙТЫН НҰСҚА

а) аласа-биік

ә) ауыр-жеңіл

б) кең-тар

в) лас-таза

+г) денсаулық-байлық

483. ТУЫСТЫҚ АТАУҒА ЖАТПАЙТЫН СӨЗ

а) бажа

ә) бөле

б) нағашы

+в) елші

г) жиен

484. Асты сызылған сөздің синонимі

Ауасы дертке дауа, жұпар иісі, көкірек қанша жұтсаң тоясың ба?(С.Сейфуллин)

а) тамақ

ә) зардап

+б) ем

в) басқа

г) бөлек

485. КӨП НҮКТЕНІҢ ОРНЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛҒАУЛАР

Әр адам ауру... қалай тарайтынын, одан қалай сақтану қажет екен... жетік білуі тиіс.

+а)-дың, -ін

ә)-дан, -де

б)-да, -і

в)-мен, -ін

г)-ы, -де

486. СӨЙЛЕМДІ АЯҚТАЙТЫН НҰСҚА

Адам бұлшық еттің көмегімен ... .

а) көреді

ә) алмасады

б) тыныс алады

+в) қимылдайды

г) тазарады

487. АСТЫ СЫЗЫЛҒАН СӨЗДІҢ МАҒЫНАСЫН АШАТЫН НҰСҚА

Д витаминінің жетіспеушілігі болуы салдарынан пайда болатын ауру.

а) қуатынан

ә) дәстүрінен

+б) әсерінен

в) бүлігінен

г) билігінен

488. КӨП НҮКТЕНІҢ ОРНЫНА ҚОЙЫЛАТЫН СӨЗ

Нәресте … болып, терден ащы иіс шығуы да мүмкін.

а)пысық

ә) салақ

б) бойшаң

в) сенімсіз

+г)тершең

489. СҮЙЕКТІҢ ҚАСИЕТІН БІЛДІРЕТІН СӨЗ

Сүйектер ... болады.

а) майысқақ

ә) үгілгіш

+б) жалпақ

в) иілгіш

г) созылмалы

490. СҰРАУ МӘНІ БАР СӨЙЛЕМ

+а) Ол қашанғы осылай жүреді.

ә) Оның қайда кеткенін ешкім білмейді.

б) Қайдан келгенін айтпады.

в) Оқулықты қайда қойғаны есіне түспеді.

г) Қайдағыны қозғады.

491. ТУЫСТЫҚ АТАУДЫ БІЛДІРЕТІН СӨЗ

а) бесін

ә) өшіргіш

б) тыс

+в) жиен

г) күмән

492. СӨЙЛЕМДІ АЯҚТАЙТЫН НҰСҚА

Ол жақсы билейтін еді, билегенді... .

а) суытады

ә) ұнайды

+б) сағынды

в) қысылды

г) жылытатын

493. АУРУДЫҢ БЕЛГІСІ

а) қан қысымын тексеру

ә) жаттығу жасау

б) қызуын өлшеу

+в) көзі қарауыту

г) сырқатнама толтыру

494. АСТЫ СЫЗЫЛҒАН СӨЗДІҢ СИНОНИМІ

Ауруды емдейтін тәсіл баршылық.

+а) амал

ә) көрініс

б) сая

в) мейірім

г) шуақ

495. КӨП НҮКТЕНІҢ ОРНЫНА СӘЙКЕС КЕЛЕТІН СӨЗ

Ас ... арқылы өңешке, асқазанға барады.

+а) жұтқыншақ

ә) бауыр

б) қол

в) өкпе

г) қолқа

496. КӨП НҮКТЕНІҢ ОРНЫНА СӘЙКЕС КЕЛЕТІН СӨЗ

Аурудың жұғуы үшін науқаспен тікелей ... міндетті емес.

а) емдеу

ә) қою

б) жағу

+в) жанасу

г) жабылу

497. МАҒЫНАСЫНА ҚАРАЙ СӨЙЛЕМДІ БАСТАЙТЫН СӨЗ

... шыққанда қышып, науқастың мазасын алады.

а) Әжім

+ә) Бөртпе

б) Қоғам

в) Көңіл

г) Ауа

498. ДҰРЫС ҚОЙЫЛМАҒАН СҰРАҚ

а) суық (қандай?)

+ә) кешқұрым (қалай?)

б) ауылда (қайда?)

в) астынан (қайдан?)

г) жаздық (қандай?)

499. КӨП НҮКТЕНІҢ ОРНЫНА СӘЙКЕС КЕЛЕТІН СӨЗ

Науқастың тісі ... ауырады.

+а) қақсап

ә) бүріп

б) жансызданып

в) бозарып

г) тырысып

500. СӨЙЛЕМДІ АЯҚТАЙТЫН ТІРКЕС

Тұмаумен ауырғанда ... .

а) сүйектері қисаяды

ә) саусақтары жансызданады

б) денсаулығы жақсарады

+в) мұрнынан су ағады

г) терісі қайызғақтанады

501. ДҰРЫС ҚОЙЫЛҒАН СҰРАҚ

Жоқ, буындарым ісінбейді.

а)– Буындарыңыз ауыра ма?

ә) Денеңіз қашан ісінді?

б)Денесінде ісік бар ма?

+в) – Буындарыңыз ісіне ме?

г)Буындарыңыздың ісініп жүргенін қашан байқадыңыз?

502. СӨЙЛЕМНІҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫ

В гепатиті қан арқылы берілетін өте қауіпті ауру, ... .

а) құрамында протеині мол тағамдарға ет, жұмыртқа, балық жатады

ә) ал қарт адамдар мен екіқабат әйелдерде өте ауыр болады

б) бұл антибиотиктердің гепатитке еш пайдасы жоқ

в) көкөністер ағзаны витаминдермен байытады

+г) ол бауырды қатты залалдауымен сипатталады

503. СӨЙЛЕМНІҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫ

Өт жолдарында пайда болған тас ауруы көп жағдайда белгісіз дамып,... .

а) шаңын дымқыл шүберекпен сүртіп тұру керек

ә) асқазанды қайнатылған сумен жуып тазартуға болады

+б) жылдар бойы адам ағзасында білінбей жүре беруі мүмкін

в) одан кейінгі күндерде арнайы диета тағайындалады

г)дәрiгерге қаралатындардың саны 10-15%-дан аспайды

504. ЖАТЫС СЕПТІГІ БАР СӨЗ

Жылдар бойы адам ағзасында білінбей жүре беруі мүмкін.

а) жылдар

ә) бойы

+б) ағзасында

в) жүре

г) беруі

505.БАРЫС СЕПТІГІ БАР СӨЗ

Содан адамның бүкіл денесі өз өтіне уланады.

+а) өтіне

ә) уланады

б) адамның

в) өз

г) бүкіл

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]