
- •1 Тақырып
- •1 Элементарлы бөлшектер және атом ядросы
- •2 Атомның электрондық қабатының құрылымы
- •2.1 Электронның екі дайлылық табиғаты
- •2.2 Квант сандары
- •Типтік есеп № 1
- •Шығарылуы
- •3 Атомның электрондық формулалары
- •Типтік есеп № 2
- •Шығарылуы
- •4 Элементтер периодтық жүйесінің құрылымы
- •Шығарылуы
- •5 Элементтер атомдарының қасиеттері және олардың өзгеруінің мерзімділігі
- •Типтік есеп № 4
- •Шығарылуы
- •6 Өзіндік жұмыс тапсырмалары
- •2 Тақырып Химиялық кинетика. Химиялық тепе-теңдік
- •1 Химиялық реакция жылдамдығы туралы түсінік
- •2 Әрекеттесуші заттар концентрациясының әсері
- •Типтік есеп №1
- •Шығарылуы
- •3 Реакция жылдамдығына температураның әсері
- •Типтік есеп №2
- •Шығарылуы
- •4 Химиялық реакция жылдамдығына катализатордың әсері
- •Типтік есеп №3
- •Шығарылуы
- •5 Химиялық тепе-теңдіктің негізгі түсініктері мен белгілері
- •1) Қайтымды реакция кезінде тура және кері процестердің жылдамдықтары теңесетін жылжымалы химиялық тепе-теңдік орнайды: .
- •6 Тепе-теңдік жүйе үшін әрекеттесуші массалар заңы
- •Типтік есеп №4
- •Шығарылуы
- •7 Химиялық тепе-теңдіктің ығысуы. Ле-Шателье қағидасы
- •Типтік есеп №5
- •Шығарылуы
- •8 Өзіндік жұмысқа тапсырмалар
- •3 Тақырып Электролит ерітінділері
- •1 Күшті және әлсіз электролиттер
- •1.1 Электролиттік диссоциациялану дәрежесі
- •1.2 Электролиттік диссоциациялану тұрақтысы
- •1.3 Оствальдтың сұйылту заңы
- •Типтік есеп№ 1
- •Шығарылуы
- •2 Бейорганикалық қосылыстардың әртүрлі кластарының электролиттік диссоциациялануы
- •3 Иондық реакциялар
- •Типтік есеп № 2
- •Шығарылуы
- •4 Судың диссоциациялануы. Судың иондық көбейтіндісі
- •Типтік есеп №3
- •Шығарылуы
- •5 Өзіндік жұмысқа тапсырмалар
- •4 Тақырып Тотығу-тотықсыздану реакциялары
- •1 Тотығу дәрежесі
- •Типтік есеп №1
- •Шығарылуы
- •2 Тотығу-тотықсыздану процестердің негізі
- •Типтік есеп №2
- •Шығарылуы
- •3 Тотығу-тотықсыздану реакциялардың теңдеулерін құрастыру әдістері
- •3.1 Электрондық баланс әдісі
- •Типтік есеп № 3
- •Шығарылуы
- •3.2 Иондық-электрондық баланс әдісі (жартылай реакциялар әдісі)
- •Типтік есеп № 4
- •Шығарылуы
- •4 Тотықсыздандырғыш пен тотықтырғыш эквивалентінің молярлы массасы
- •Типтік есеп № 5
- •Шығарылуы
- •5 Өзіндік жұмыс тапсырмалары
- •5 Тақырып Электрохимия негіздері. Гальваникалық элементтер
- •1 Стандартты электродтық потенциал. Нернст теңдеуі
- •2 Электродтардың жіктелуі
- •Типтік есеп № 3
- •Шығарылуы
- •Типтік есеп № 4
- •Шығарылуы
- •Типтік есеп № 5
- •Шығарылуы
- •3 Гальваникалық элемент. Гальваникалық элементтің эқк
- •3.1 Гальваникалық элемент туралы жалпы тұрғылар
- •3.2 Гальваникалық элемент жұмысының сұлбасы
- •3.3 Химиялық және концентрациялық гальваникалық элементтер
- •Типтік есеп № 6
- •Шығарылуы
- •Типтік есеп № 7
- •Шығарылуы
- •4 Өзіндік жұмысқа тапсырмалар
- •6 Тақырып Электролиз
- •1 Электролиз туралы түсінік
- •2 Электродтық процестердің өту реттілігі
- •2.1 Электролит балқымасының электролизі
- •2.2 Электролит ерітіндісінің электролизі
- •Типтік есеп №1
- •Шығарылуы
- •3 Электролиз заңдары
- •3.1 Электролиздің бірінші заңы
- •3.2 Электролиздің екінші заңы
- •Типтік есеп № 2
- •Шығарылуы
- •Типтік есеп № 3
- •Шығарылуы
- •4 Өзіндік жұмысқа тапсырмалар
- •7 Тақырып
- •1 Коррозиялық процестердің жіктелуі
- •2 Электрохимиялық коррозия
- •2.1 Электрохимиялық коррозияның механизмі
- •2.2 Электрохимиялық коррозияның сұлбасы
- •Типтік есеп № 1
- •Шығарылуы
- •3 Металдарды коррозиядан қорғау
- •3.1 Металдардың беттік қорғаныс жабындары
- •3.2 Коррозияға қарсы қабілеттілігі бар құймаларды жасау
- •3.3 Электрохимиялық әдістер
- •3.4 Ортаның құрамын өзгерту
- •Типтік есеп № 3
- •Шығарылуы
- •Типтік есеп № 4
- •Шығарылуы
- •Типтік есеп № 5
- •Шығарылуы
- •4 Өзіндік жұмысқа тапсырмалар
- •1 Қосымша
- •2 Қосымша
- •3 Қосымша
- •Әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
3.2 Коррозияға қарсы қабілеттілігі бар құймаларды жасау
Коррозиядан қорғаудың бұл әдісі арнайы легирлеуші қоспаларды енгізу арқылы металдың құрамын өзгертуде недізделген. Болаттың құрамына хромның 12% енгізу коррозияға тұрақты таттанбайтын болатты алуға мүмкіндік береді. Болаттың коррозияға тұрақтылығын никель, мырыш және мыс қоспалары жоғарлатады. Бұл жағдайда құймалардың пассивацияға қабілеттілігі жоғарлайды.
3.3 Электрохимиялық әдістер
1) Протекторлы қорғауды негізгі конструкция (кеме корпусы, бу қазандарының қабырғалары, болат конструкцияларының негіздері) электролит ортасында (теңіз суы, жер асты топырақ сулары ж.т.б.) болғанда қолданады. Қорғанатын конструкцияны потенциалы төменірек болатын металға – протекторға қосады. Болат бұйымдарын қорғағанда протектор ретінде әдетте магний, алюминий, мырыш және олардың құймаларын қолданады. Коррозиялану кезінде протектор анодтың рөлін орындап, бұзылады да конструкцияны бүлінуден қорғайды.
2) Электроқорғау (катодтық қорғау) протекторлы қорғау принципіне негізделген. Электр тоғын қолдануға негізделген бұл әдіс жер асты құбырларының, рельс жолдарының, ж.т.б. коррозиясын азайту үшін қолданылады. Мұнда негізгі металға белгілі ара қащықтықта тұрақты токтың катодтық стансалары орнатылады (аккумулятор батареялары). Қорғанатын металл бұл батареяның катодына қосылып, анод ретінде металлоломды қолданады.
3.4 Ортаның құрамын өзгерту
Металл бұйымдарының коррозиясын баяулату үшін электролитке ингибиторлар (коррозияны баяулатқыштар) деп аталатын заттарды қосады. Ингибиторлардың әсері келесі: металдың бетінде қорғаныс қабыршағын түзу немесе ортаның агрессивтілігін төмендету (дезактивация). Ингибиторлар бу қазандарын қақтан химиялық тазартуда, өңделген бұйымдардан қақты (окалинаны) бөліп алуда, сонымен қатар тұз қышқылын болат ыдысында сақтау және тасымалдау кезінде.
Бейорганикалық ингибиторларға нитриттар, хроматтар, фосфаттар, силикаттар жатады. Органикалық ингибиторлар металл бетінде берік адсорбцияланып, электродтық процестердің аса кернеулігін жоғарлатады.
Типтік есеп № 3
Ылғал ауада мырышталған темірдің бетінің тұтастығы бұзылғанда қандай процесс өтеді? Жауабыңызды коррозияның анодтық және катодтық процестердің электрондық теңдеулерімен дәлелдеңіз. Коррозия өнімін анықтаңыз.
Шығарылуы
а) Металдардың стандартты электродтық потенциалдарын салыстыру (Е = - 0,76B < E = - 0,44B) бұл қаптау анодтыққа жататынын көрсетеді. Сондықтан қаптаудың тұтастығы бұзылғанда мырыш (Zn) коррозиялық гальваножуптың аноды болып, тотығады, ал катодта (Fe) оттектік деполяризация процесі өтеді.
б) Коррозияның электродтық процестерінің теңдеулерін жазамыз.
(-) А (Zn): Zn0 Zn2+ 2
(+) K (Fe): O2 + 2H2O 4OH- 1
2Zn2+ + 4OH- → 2Zn(OH)2↓.
в) Коррозия өнімі - мырыш гидроксиді Zn(OH)2.
Типтік есеп № 4
Біріншісі – қалайымен, екіншісі – мыспен жарым-жартылай қапталған екі темір пластинасы ылғалды ауада болғанда қайсысында тат тезірек пайда болады? Жауабыңызды дәлелдеңіз. Электродтық процестердің теңдеулерін жазып, коррозия өнімдерінің құрамын анықтаңыз.