Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ximiya oku kurali.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
596.79 Кб
Скачать

3.2 Гальваникалық элемент жұмысының сұлбасы

 

          Гальваникалық элементтің құрылымын әдетте электрохимиялық сұлбамен өрнектейді.

          Электрохимиялық сұлбада алдымен бір электродтың материалы, одан кейін – бұл электрод батырылған ерітіндісі, екінші электрод батырылған ерітінді, соңында – екінші электродтың материалы. Электрод пен электролит ерітіндісі арасындағы бөлу бетін бір таяқшамен көрсетеді (I). Қос таяқшаны екі ерітіндінің арасындағы бөлу бетін көрсету үшін қояды.

          Мырыш-сутектік гальваникалық элементтің құрылымы келесі сұлбамен көрсетіледі:        

(-)  Zn│ZnSO4,  ер-ді ║ ер-ді H2SO4 │Pt, Н2 (+).

          

3.3 Химиялық және концентрациялық гальваникалық элементтер

 

          Электродтардың әр түрлі табиғатына байланысты химиялық энергиядан электр энергиясы түзілетін гальваникалық элементтер химиялық гальваникалық элементтер деп аталады. Мысалы, жоғарыда келтірілген цинк – сутектік гальваникалық элемент.

          Мұнымен қатар концентрациялық гальваникалық элементтер де болады. Концентрациялық гальваникалық элемент иондарының активтілігі әр түрлі болатын тұздарының ерітінділеріне батырылған екі бірдей электродтан тұрады. Концентрациялық гальваникалық элементтің мысалы – мыс иондарының концентрациясы сI және сII мыс сульфаты ерітіндісіне батырылған мыс электродтары. Бұл элементтің сұлбасы келесі:

(-)  СuCuSO4 , ер-ді CuSO4 , ер-діCu  (+)       сI  < сII.

                                                                                 

          Концентрациялық гальваникалық тізбекте анод рөлін иондарының концентрациясы азырақ болатын ерітіндіге батырылған электрод атқарады. Гальваникалық тізбек жұмыс істегенде анодта мыстың тотығу процессі жүреді: 

(-) А: Сu0     Сu2+,

ал катодта – ерітіндідегі мыс иондарының тотықсыздануы: 

(+) К: Сu2+    Сu0.

          Концентрациялық гальваникалық элементтің электродтық потенциалы электролит иондары концентрацияларының қатынасына тәуелді болады.

        сI  <  сII  болған жағдайда  

   .                                              (5.11)

 

Типтік есеп № 6

          Темір (ІІ) сульфаты ерітіндісіндегі темір пластинасы мен мыс (ІІ) сульфаты ерітіндісіндегі мыс пластинасынан құрастырылған гальваникалық элементтің жұмысының сұлбасын жазыңыз. Гальваникалық элементтің электродтарында қандай процестер өтеді? Реакция теңдеулерін жазыңыз.

Шығарылуы

а) Темір және мыс электродтарының стандартты электродтық потенциалдарының мәндерін кестеден табамыз (3 Қосымша):

 = -0,44 В;     =  +0,34 B.

          Мыс электродының стандартты электродтық потенциалының мәні темірдікінен жоғары:

=  -0,44 В  <  =  +0,34 B.

         Олай болса, мыс электроды берілген гальваникалық элементте катодтың, ал темір электроды – анодтың рөлін атқарады.

б)  Гальваникалық элементтің  электрохимиялық сұлбасын келтірейік:

(-)  Fe│FeSO4 ║ CuSO4│Cu  (+).

в)  Гальваникалық элементтің  электродтарында өтетін процестерді жазайық.

                          1 х     (-) А   Fe0        Fe2+, тотығу процесі

         1 х     (+) К  Сu2+      Сu0 , тотықсыздану процесі

 

                             Токтүзуші реакция: Fe0  +  Cu2+  =  Fe2+  +  Cu0

                                                              Fe0  +  CuSO4  =  FeSO4  +  Cu.

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]