
- •1 Тақырып
- •1 Элементарлы бөлшектер және атом ядросы
- •2 Атомның электрондық қабатының құрылымы
- •2.1 Электронның екі дайлылық табиғаты
- •2.2 Квант сандары
- •Типтік есеп № 1
- •Шығарылуы
- •3 Атомның электрондық формулалары
- •Типтік есеп № 2
- •Шығарылуы
- •4 Элементтер периодтық жүйесінің құрылымы
- •Шығарылуы
- •5 Элементтер атомдарының қасиеттері және олардың өзгеруінің мерзімділігі
- •Типтік есеп № 4
- •Шығарылуы
- •6 Өзіндік жұмыс тапсырмалары
- •2 Тақырып Химиялық кинетика. Химиялық тепе-теңдік
- •1 Химиялық реакция жылдамдығы туралы түсінік
- •2 Әрекеттесуші заттар концентрациясының әсері
- •Типтік есеп №1
- •Шығарылуы
- •3 Реакция жылдамдығына температураның әсері
- •Типтік есеп №2
- •Шығарылуы
- •4 Химиялық реакция жылдамдығына катализатордың әсері
- •Типтік есеп №3
- •Шығарылуы
- •5 Химиялық тепе-теңдіктің негізгі түсініктері мен белгілері
- •1) Қайтымды реакция кезінде тура және кері процестердің жылдамдықтары теңесетін жылжымалы химиялық тепе-теңдік орнайды: .
- •6 Тепе-теңдік жүйе үшін әрекеттесуші массалар заңы
- •Типтік есеп №4
- •Шығарылуы
- •7 Химиялық тепе-теңдіктің ығысуы. Ле-Шателье қағидасы
- •Типтік есеп №5
- •Шығарылуы
- •8 Өзіндік жұмысқа тапсырмалар
- •3 Тақырып Электролит ерітінділері
- •1 Күшті және әлсіз электролиттер
- •1.1 Электролиттік диссоциациялану дәрежесі
- •1.2 Электролиттік диссоциациялану тұрақтысы
- •1.3 Оствальдтың сұйылту заңы
- •Типтік есеп№ 1
- •Шығарылуы
- •2 Бейорганикалық қосылыстардың әртүрлі кластарының электролиттік диссоциациялануы
- •3 Иондық реакциялар
- •Типтік есеп № 2
- •Шығарылуы
- •4 Судың диссоциациялануы. Судың иондық көбейтіндісі
- •Типтік есеп №3
- •Шығарылуы
- •5 Өзіндік жұмысқа тапсырмалар
- •4 Тақырып Тотығу-тотықсыздану реакциялары
- •1 Тотығу дәрежесі
- •Типтік есеп №1
- •Шығарылуы
- •2 Тотығу-тотықсыздану процестердің негізі
- •Типтік есеп №2
- •Шығарылуы
- •3 Тотығу-тотықсыздану реакциялардың теңдеулерін құрастыру әдістері
- •3.1 Электрондық баланс әдісі
- •Типтік есеп № 3
- •Шығарылуы
- •3.2 Иондық-электрондық баланс әдісі (жартылай реакциялар әдісі)
- •Типтік есеп № 4
- •Шығарылуы
- •4 Тотықсыздандырғыш пен тотықтырғыш эквивалентінің молярлы массасы
- •Типтік есеп № 5
- •Шығарылуы
- •5 Өзіндік жұмыс тапсырмалары
- •5 Тақырып Электрохимия негіздері. Гальваникалық элементтер
- •1 Стандартты электродтық потенциал. Нернст теңдеуі
- •2 Электродтардың жіктелуі
- •Типтік есеп № 3
- •Шығарылуы
- •Типтік есеп № 4
- •Шығарылуы
- •Типтік есеп № 5
- •Шығарылуы
- •3 Гальваникалық элемент. Гальваникалық элементтің эқк
- •3.1 Гальваникалық элемент туралы жалпы тұрғылар
- •3.2 Гальваникалық элемент жұмысының сұлбасы
- •3.3 Химиялық және концентрациялық гальваникалық элементтер
- •Типтік есеп № 6
- •Шығарылуы
- •Типтік есеп № 7
- •Шығарылуы
- •4 Өзіндік жұмысқа тапсырмалар
- •6 Тақырып Электролиз
- •1 Электролиз туралы түсінік
- •2 Электродтық процестердің өту реттілігі
- •2.1 Электролит балқымасының электролизі
- •2.2 Электролит ерітіндісінің электролизі
- •Типтік есеп №1
- •Шығарылуы
- •3 Электролиз заңдары
- •3.1 Электролиздің бірінші заңы
- •3.2 Электролиздің екінші заңы
- •Типтік есеп № 2
- •Шығарылуы
- •Типтік есеп № 3
- •Шығарылуы
- •4 Өзіндік жұмысқа тапсырмалар
- •7 Тақырып
- •1 Коррозиялық процестердің жіктелуі
- •2 Электрохимиялық коррозия
- •2.1 Электрохимиялық коррозияның механизмі
- •2.2 Электрохимиялық коррозияның сұлбасы
- •Типтік есеп № 1
- •Шығарылуы
- •3 Металдарды коррозиядан қорғау
- •3.1 Металдардың беттік қорғаныс жабындары
- •3.2 Коррозияға қарсы қабілеттілігі бар құймаларды жасау
- •3.3 Электрохимиялық әдістер
- •3.4 Ортаның құрамын өзгерту
- •Типтік есеп № 3
- •Шығарылуы
- •Типтік есеп № 4
- •Шығарылуы
- •Типтік есеп № 5
- •Шығарылуы
- •4 Өзіндік жұмысқа тапсырмалар
- •1 Қосымша
- •2 Қосымша
- •3 Қосымша
- •Әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
5 Тақырып Электрохимия негіздері. Гальваникалық элементтер
1 Стандартты электродтық потенциал. Нернст теңдеуі
Электрохимия – химиялық және электрлік энергиялардың өзара бірінің біріне ауысу процестерін зерттейтін химия бөлімі.
Электролитпен контактілейтін металл электрод деп аталады. Өз тұзының ерітіндісіне батырылған металл пластинасы мен ерітінді арасында қос электрлік қабат (ҚЭҚ) түзілгенде электродтық потенциал (Е) деп аталатын потенциалдардың айырымы пайда болады.
Меn+-иондары ерітіндіге ауысқан сайын металл пластинасының теріс заряды мен ерітіндінің оң заряды артады.
Мұнымен қатар Меn+-иондарының Ме0-атомдарына дейін тотықсыздану кері реакциясы да жүреді. Бір мезгілде тура және кері процестердің жылдамдықтары теңеседі де тепе-теңдік орнайды. Тепе-теңдік жағдайында орнайтын электродтық реакцияның потенциалы тепе-теңдік электродтық потенциал деп аталады.
Мысалы, мырыш пластинасын мырыш хлориді ерітіндісіне батырғанда Zn2+-иондарының бір бөлігі пластинадан ерітіндіге ауысады. Бұл кезде пластина теріс зарядталады. Мырыш электродында келесі реакция өтеді:
Zn0
Zn2+.
Мыс пластинасын мыс тұзы ерітіндісіне батырғанда ерітіндідегі мыс иондары пластина бетінде тотықсызданып, оны оң зарядтайды:
Cu2+
Cu0.
|
|
|
|
Фазалардың агрегаттық күйі әр түрлі, яғни қатты және сұйық болғандықтан, потенциалдың секіруінің абсолюттік мөлшерін тәжірибелік жолмен өлшеуге болмайды. Ол үшін салыстырушы электрод ретінде алынған және зерттелетін электрод арасындағы потенциалдарының айырымын өлшейді. Салыстырушы электрод ретінде стандартты сутектік электродты қолданады.
Стандартты сутектік электрод сутек иондарының концентрациясы с(Н+) = 1 моль/л қышқыл ерітіндісімен және қысымы 1 атм (101,3 кПа) сутегі газымен контактілейтін платина пластинасынан тұрады. Сутек электроды потенциалының абсолюттік мәні кез келген температурада нөлге тең деп саналады:
=
± 0,00 В.
Егер металл иондарының концентрациясы с(Меn+) = 1 моль/л тұз ерітіндісіне батырылған металл пластинасы мен стандартты сутек электродынан гальваникалық элементті құрастырса, оның электродтық потенциалдарының айырымын оңай өлшеуге болады.
Қалыпты жағдайда: Т = 298 К, Р = 1 атм (101,3 кПа), с(Меп+) = 1 моль/л өлшенген металдың электродтық потенциалы стандартты электродтық потенциал деп аталады және Е0 оф/вф = … В деп белгіленеді.
Сутек электроды бойынша металдардың стандартты электродтық потенциалдарын белсенденділігі бойынша Н.Н.Бекетов ұсынған белсенділік қатарына орналастыруға болады: K Ca Na Mg Al Mn Zn Fe Ni Sn Pb Н2 Cu Hg Ag Au. Е0оф/вф мәндері көптеген электрохимиялық жүйелер үшін анықталған және кестелерде берілген.
Кез келген жартылай элементте тотықтырғыш және тотықсыздандырғышпен қатар олардан түзілетін заттар болады. Олар тотыққан немесе тотықсызданған формалардан тұратын тотығу-тотықсыздану жүйелерін құрайды.
Тотығу-тотықсыздану жүйесінің потенциалы Нернст теңдеуі бойынша анықталады. Бұл теңдеу электродтық потенциалдың электродтық процестерге қатысатын заттар концентрациясына, ортаның температурасына, сутек иондарының концентрациясына (ерітінді рН-на) тәуелділігін анықтайды:
=
+
,
(5.1)
мұнда – сәйкес ерітіндісіндегі тотығу-тотықсыздану жүйесінің электродтық потенциалы;
– тотығу-тотықсыздану жүйесінің стандартты электродтық потенциалы;
– универсал газ тұрақтысы (8,314 Дж/моль∙К);
– Кельвин шкаласы бойынша температура;
–Фарадей
саны
(96500 Кл/моль);
–
тотығу-тотықсыздану
процесіне қатысатын электрондар
саны.
,
–
ерітіндідегі
тотыққан және тотықсызданған формалардың
активтілігі
(концентрациясы).
R, F, Т = 298К мәндерін қойып, натуралды логарифмнен ондық логарифмге 2,3 санға көбейту арқылы көшіп, Нернст теңдеуін қысқартылған түрде жазамыз:
=
+
.
(5.2)