
- •1.1 Автомобиль бензинінің қасиеттері, қолданылу саласы , классификациясы
- •1.2 Автомобильдін бензинінің өндірістік технологиясы
- •1.3 Автомобиль отынына әр түрлі стандарттар мен анализдер
- •2. Дизель отыны
- •2.1 Дизель отынының қасиеттері, қолданылу саласы және классификациясы
- •2.2 Дизель отынын алудың өндірістік технологиясы
- •2.3 Дизель отыны сапасының анализ әдістерін таңдау
- •3.Отынға қосатын арнайы қоспалар
- •3.1 Антидетонаторлар классификациясы
- •3.2 Антиароматты көмірсутектер негізіндегі антидетонаторлар
- •4.Тәжірибелік бөлім
- •4.1 Зерттеу нысандары
3.Отынға қосатын арнайы қоспалар
Отынға қосатын қоспа — қатты немесе сұйық отынға, оны пайдаланудағы қасиетін арттыру үшін немесе жану процессінде түзілетін ластануды азайту үшін қосылатын заттек (бірақ бұдан ортаның ластануы артады). Сонымен бірге отынға қосқанда эксплуатациялық қасиеттерін жақсартып,отынның бастапқы қасиеттері сақталады.Отынға бірнеше қоспа қосуға болады, бір қоспаның өзі отынның бірнеше қасиетін жақсартуы мүмкін.Қоспаны ереже бойынша тек аз ғана мөлшерде қосады,кейбір қоспалардың үлесі 1-2%. Отынға қоспалардың қосылуы− отынның сапасын жақсартудағы үнемді әрі ыңғайлы тәсіл.Қоспаны отынның барлық түріне қосады: авиациялық, автомобиль бензині, реактивті, дизельді, қазан отындарына қосады.
Отынға қосатын қоспалар келесі талаптарға сай келуі керек:
1) Шөгінді түзбей түгелдей жануы керек.
2)отынның басқа қасиеттеріне теріс әсер етпеуі керек.
3)отында жақсы еруі керек,немесе суда шекті мөлшерде еруі керек.
4)эксплуатация және сақтау шарттарында отынның еріткіштерінде тұрақты болуы керек.
5)отынға басқа қоспалармен бірге қолданылуы керек.
6)жану кезінде токсикалық қалдықтар болмауы керек.
Қоспалардың ассортименті кеңейіп жатыр және оның 30-дан астам түрі бар.Ал олардың 10 мыңға жуық маркалары бар.Қазақстанда отындарға арналған қоспалар басқа елдермен салыстырғанда кеш басталды, сондықтан отандық қоспалар өндіретін кәсіпорындар қазіргі уақытқа дейін жоқ.Төменде отынға арналған қоспалардың бірнеше ассортименті келтірілген.
Қоспаларды типтерге бөлу оларды классификациялау мәселесі болып табылады. Әдетте әрекет ету механизмі бойынша егжей-тегжейді бөлуді енгізе отырып, қоспалар арналуын негізге алады. Мысалы, қоспаларды тұрақтандырғышқа және эксплуатациялық қасиеттерді сақтауға мүмкіндік беретін үстемелер , жаңа сапаларды беретін модификаторларға бөлуге болады. Соңғылары одан да басқа әрекет ету механизмін зерттеуде қолайлы болуы үшін радикалды және коллоидті-химиялық сипаттағы модификаторлар болып бөлінеді. Назар аударатын жағдай заманауи қоспалардың көпшілігі көп функционалды болып келеді. Бұл классификациялауда айқын көрінбейді, ,себебі бұл жағдайда ол анықтаушы белгі емес.Бірақ бензиндерге және дизель отындары үшін жасалған көпфункционалды қоспалардың көпшілігі негізгі болып саналатын жуғыш әрекеттегі агенттер негізінде құралған.Мұндай қоспалар бұл классификацияда жуғыш әрекеттегі қоспалар болмайды деген қоспалар қатарына жатқызады.
3.1 Антидетонаторлар классификациясы
Отындар үшін арналған қоспалардың принципиальды ассортименті
1.Тұтану модификаторлары
Қоспа түрі |
Отын |
Концентрациясы ,% |
Активті компонент мысалы |
Арналуы |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
Антидетанаторлар
|
Бензиндер
|
0,01-0,1
|
Қорғасынның, темірдің және марганецтің металлорганикалық қосылыстары, N-метиланилин және оның негізіндегі композициялар |
Бензиннің қозғалтқышта мәжбүрлі тұтандырылуы арқылы алдын ала тұтануды болдырмайды
|
Тұтану модификаторлары |
Дизель отындары |
0,05-0,5 |
Алкилнитраттар,алкилпероксидтер
|
Өздігінен тұтану ды иницирлейтін бос радикалдарды түзу есебінен отынның цетан санын арттырады |
Жану модификаторлары
Қоспа түрі |
Отын |
Концентрациясы ,% |
Активті компонент мысалы |
Арналуы |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
Күйе түзуге қарсы тұрушылар
|
Этилденген бензиндер
|
0,01-0,05 бензиндегі тетраэтил қорғасын мөлшері көп
|
Фосфор қышқылының эфирлері (трикрезилфосфат) алкилборлы қышқылдар |
Жағу құралдары және жану камерасында түзілетін қақтар әсерінен пайда болатын күйе түзуді болдырмайды. |
Күйе түзуге қарсы тұрушылар |
Этилденбеген бензиндер |
0,05-0,1 |
Манних негізінің алкилфенолдары,оксизтилденген алкилфенолдар |
Жану камерасынан күйелерді аластатады немесе оның түзілуін болдырмайды, сол арқылы октан саны өсуіне қойылатын талаптарды төмендетеді.
|
Күйе түзуге қарсы тұрушылар |
Дизель отындары |
0,05-0,1 |
Жану катализаторлары және күйе модификаторларымен қосылған термотөзімді БАЗ |
Жану камерасында күйе түзуді болдырмайды, поршенді сақиналар кокстелуіне жол бермейді |
Түтінденуге қарсы тұрушы қоспалар |
Дизель отындары |
0,05-0,2 |
Барий, темір, марганец және т.б металдар отында еритін қосылыстары |
Отынның жану процесінің соңғы сатыларында күйенің жануын тездетеді |
Күйеге қарсы қоспалар |
Дизель отындары |
0,001-0,05 |
Темір,мыс, цезий, т.б металлдардың отында еритін қосылыстары |
Күйе сүзгілерінің бітелуін болдырмайды, күйенің жану температурасысын өңделген газдар жану температурасына дейін төмендетеді. |
Жану инициаторлары |
Дизель отындары және бензин |
0,001-0,01 |
Күлсіз промоторлардың нитраттар аздаған мөлшері қосылған БАЗ |
Отынның жану процесін интенсификациялайды |
Бейтараптанушылар |
Қазандық отыны |
0,1-0,5 |
Калий, магний, т.б қосылыстар |
Күкірт тотықтарын сульфаииарға айналдырып және жану өнімдерінің уыттылығын төмендетеді |
Жану катализаторлары |
Отынның барлық түрлері |
Отында еритін металл қосылыстары негізіндегі композициялар |
|
Отынның жану процесін интенсификациялайды |
Тұрақтандырғыштар, жуғыш қоспалар,төмен температуралы отындарды эксплуатациялау үшін арналған қоспалар, үйкеліс модификаторлары, қолдану қауіпсіздігін арттыратын және жкономикалық сипаттамаларды жақсартатын, ағын құрылымды модификаторлар.