Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
отчет беттер (Автосохраненный).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
116.52 Кб
Скачать

2.2 Дизель отынын алудың өндірістік технологиясы

Дизель отынын алудың қазіргі заманғы технологиясы яғни мұнай өңдеу заводтарында арнайы технологиялық процесстермен сипатталады.Дизель отынын өңдеуді 2 үлкен этапқа бөлуге болады:

-мұнайды біріншілік қайта өңдеу

-мұнайды екіншілік қайта өңдеу

-араластыру(компаундирлеу)

Әрбір этапты қарастырсақ, мұнайды біріншілік өңдеу

Мұнайды біріншілік өңдеу немесе тура айдау қайнау температураларына байланысты мұнайдан жеке фракциялардың бөлінуіне әкеледі. Бұл фракция арнайы ректификациялық колоннада өтеді. Бұл процедура нәтижесінде дизель фракциялары алынады,одан әрі оны отын дайындауға жібереді.

Мұнайды екіншілік айдау.Мұнда көмірсутектердің құрылымы және мұнайдың химиялық құрамы өзгереді , негізгі қолданылатын әдіс-крекинг.(ағылшын. «тарамдалу»). Крекингтің ең басты реакциясы –мазуттың ірі молекуласының кіші молекулаға тарамдалуы. Крекинг термиялық,( айрылуы жоғары температурада ешқандай катализаторсыз-ақ жүреді) каталитикалық ( катализатор қатысуымен),сонымен қатар гидрокрекинг( айрылуы кезінде катализатор мен бірге су қатысады).

Бұдан кейін алынған отыннан құрамындағы күкіртті жою процессі басталады, бұл процессте гиротазалау қолданылады.Мұнайды біріншілік айдау немесе тура айдаумен екіншілік айдаудан процесстің ұзақтылығымен технологиялық көзқарастары күрделігімен ерекшеленеді, сонымен қатар бағасы жоғары.Бұл процесстердің барлығы тек тауарлы отынның шығымын өсіру емес, сонымен бірге оның сапасын жақсартады.

Компаундирлеу процессі

Дизель отыны өндірісінің келесі сатысы компаундирлеу, мұнайды фракциялармен біріншілік айдау нәтижесі мен екіншілік айдау мен алдыңғы гидротазалау сонымен бірге қоспаларды араластыру.Бұл тауарлы дизель отынын алудың яғни тұтынушыларға түсетін аяқтаушы процессі.

Көріп отырғанымыздай, дизель отынын біріншілік және екіншілік фракцияларды бірдей қатынаста араластырумен алады,күкірт құрамына барлық стандарт талаптарына сай кепілдік береді.Дизель отыны жақсы төмен температуралы қасиет көрсетеді,қысқы отын дизель өндірісінде жазғы дизель отынына қарағанда жеңілірек фракцияларды қолданады. Кейбір жағдайларда қымбат депарафинизация процесі өткізіледі, бірақ ол дизель отыны өндірісінің өзіндік құнына қатты әсер етеді.Одан басқа бүгінде арктикалық дизель отынына арнайы қоспалар қосады,ол цетан санын 38-ден 40-қа дейін көтереді.

Егер отынды гидротазалаудан өткізсе нәтижесінде экологиялық таза және отынның жазғы және қысқы түрі секілді қауіпсіз жанармай алуға болады.Депроссорлы және түтінге қарсы қоспалар мен «қалалық» деп аталатын дизель отынын алуға болады,атосфераға зиянды заттардың түсуін және жалпы қоршаған ортаның ластануын минимализациялайды.Алайда, жеткізу бағасын дизель отынының оны заводта дайындағанда қанша тазалау сатысынан өтуі дәрежесімен дизель отынын сату ерекшеленетінін ескеру қажет.

2.3 Дизель отыны сапасының анализ әдістерін таңдау

Дизель отынының негізгі эксплуатациялық көрсеткіштері:

−цетан саны, қозғалтқыш жұмысының жоғары күштілігі және экономикалық көрсеткіші;

−фракциялық құрамы, толық жануын анықтау, түтінділігі және қозғалтқыштан шығатын газдардың токсикалылығы;

−тұтқырлығы және тығыздығы,қалыпты отын беруін қамтамасыз ету, жану камерасына шашыратылуы, фильтр жүйесінің жұмыс жасу қабілеттілігі;

−төмен температуралық қасиеті, отынды сақтау шарты;

−тазалық дәрежесі, жуан және жіңішке фильтр тазалығы, жұмыс жасау сенімділігі,қозғалтқыштың цилиндрлі- поршенді топтары;

−тұтану температурасы,дизель отынындағы анықталатын шарттарды қауіпсіз қолдану;

−қолда бар күкіртті қосылыстар,шексіз көмірсутектер мен металлдар,күйік түзушілер,коррозия және мыжыраю.

Дизель отынының тағы бір ең маңызды сипаттамасы- майлаушы қабілеттілігі, яғни , ұзақ уақытта және ремонтаралық уақытта дизельмен қамтамасыз ету ,моторесурс пен максимальді жылдамдығына тәуелді.