
- •Пән: Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы
- •Пән: Қазақстан Республикасы азаматтық құқығы. Жалпы бөлім
- •Пән: Қылмысты квалификациялау мәселелері
- •Пән: Қазақстан Республикасының отбасы құқығы
- •Пән: Сот дәлелдеу теориясы
- •13.Дәлелдемелердің заңды белгілерін атап, сипаттаңыз.
- •Пән: Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік құқығы Кәсіпкерлік құқық
- •Пән: Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы
- •Пән: Криминалистика
Пән: Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы
1-ші бөлімнің сұрақтары: Жалпы бөлім
Қылмыстық іс жүргізудің пәні, мақсаты, міндеттері мен мазмұны және оның құқықтық реттеуді тұжырымдаңыз.
Қылмыстық іс жүргізу құқығының құқықтың басқа салалары және ғылыми пәндермен ара қатынасын сипаттаңыз. Қылмыстық іс жүргізудің түрлерін (нысандары) атаңыз.
Қылмыстық іс жүргізу және сот төрелігін сипаттаңыз. Қылмыстық іс жүргізу мемлекеттік қызметтің түрі ретінде қарастырыңыз.
Қылмыстық іс жүргізу қызметтерінің құрылысы, оның сатыларын сипаттаңыз.
Қылмыстық іс жүргізу құқықтық қатынастары: түсінігі, түрлерін тұжырымдаңыз.
Қылмыстың іс жүргізу нысанының түсінігі, түрлері. Қылмыстық іс жүргізу актілері: түсінігі, маңызы, түрлерін тұжырымдаңыз.
Тергеу және сот әрекеттерінің хаттамалары, олардың құқықтық мәні мен түрлерін сипаттаңыз.
Қылмыстық іс жүргізудегі іс жүргізушілік шешімдердің түсінігі мен құқықтық негіздерін тұжырымдаңыз.
Қылмыстық іс жүргізу құқығының қайнар көздері түсінігі және түрлерін атаңыз.
Қылмыстық іс жүргізу заңнамаларын демократияландыру мен жетілдірудің басты бағыттары және ҚР-ң құқықтық саясаты Концепциясына сәйкес келуін талдаңыз.
Қылмыстық іс жүргізу нормасының ұғымы, негізгі белгілері және қылмыстық іс жүргізу нормаларының негізгі түрлері. Қылмыстық іс жүргізу нормасынынң құрылымын анықтаңыз.
Қылмыстық іс жүргізу заңының уақытта, кеңістікте және тұлғаларға қатысты қолданылуын сипаттаңыз.
Қылмыстық іс жүргізу заңының ұқсастығы бойынша қолданылуын негіздеп, түсіндіріңіз.
Қылмыстық іс жүргізу кепілдіктерінің түсінігі, олардың маңызы мен түрлерін тұжырымдаңыз.
Қылмыстық іс жүргізу функциялары, олардың түрлері мен қарым қатынастарын сипаттаңыз.
Қылмыстық іс жүргізу принциптерінің ұғымы мен маңызы. Қылмыстық сот ісін жүргізу приңциптерінің жүйесін тұжырымдаңыз және түсіндіріңіз.
Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген сот төрелегін жүзеге асыру қағидасын тұжырымдаңыз және түсіндіріңіз.
ҚР – ның қылмыстық іс жүргізу кодексінде бекітілген принциптерін сипаттаңыз.
Қылмыстық іс жүргізу принциптерін сипаттаңыз: Заңдылық қағидасы, сот әділдігін тек соттың ғана жүзеге асыруы, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау.
Қылмыстық іс жүргізу принциптерін сипаттаңыз: жеке адамның абыройы мен қадір - қасиетін құрметтеу, қылмыстық істер бойынша іс жүргізу кезінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, жеке өмірге қол сұқпаушылық.
Қылмыстық іс жүргізу принциптерін сипаттаңыз: хат жазудың, телефон арқылы сөйлесудің, почта телеграф және өзгеде хабарлардың құпиясы, тұрғын үйге қол сұғылмаушылық, меншікке қол сұғылмаушылық.
Қылмыстық іс жүргізу принциптерін сипататңыз: кінәсіздік презумпциясы, қайта соттауға және қылмыстық ізге түсуге жол бермеу, сот әділдігін заң мен сот алдындағы теңдік негіздерінде жүзеге асыруы.
Қылмыстық іс жүргізу принциптерін сипаттаңыз: судьялардың тәуелсіздігі, сот ісін жүргізудегі тараптардың тең құқықтылығы негізінде жүзеге асыру.
Қылмыстық іс жүргізу принциптерін сипаттаңыз: істің мән - жайын жан - жақты толық және объективті зерттеу, дәлелдемелерді ішкі сенім бойынша бағалау, куәлік айғақтар беру міндетінен босату.
Қылмыстық іс жүргізу принциптерін сипаттаңыз: дәлелдемелерді ішкі сенімі бойынша бағалау, куәлік айғақтар беру міндетінен босату, білікті заң көмегіне құқықты қамтамсыз ету.
Қылмыстық іс жүргізу принциптерін сипаттаңыз: жариялылық, қылмыстық сот ісін жүргізу тілі, іс жүргізу әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану бостандығы.
Қылмыстық ізге түсудің түсінігі мен мазмұнын сипаттаңыз.
Қылмыстық ізге түсуді жүзеге асырудың жалпы шарттарын тұжырымдаңыз. Қылмыстық ізге түсудің нысандарын сипаттаңыз.
Жеке, жеке жариялы және жариялы істер бойынша ізге түсу және айыптау істерін сипаттаңыз.
Қылмыстық ізге түсуді болдырмайтын жағдайларды атаңыз.
Қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыруға мүмкіндік бермейтін мән – жайларды сипаттаңыз.
Қылмыстық ізге түсу органдары және олардың өкілеттіктерін сипаттаңыз.
Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың ұғымы, олардың жіктелуі мен субъектілері түсініктерінің ара қатынасын тұжырымдаңыз.
Сот қылмыстық сот ісін жүргізуді жүзеге асырушы мемлекеттік орган ретінде сипаттаңыз.
Қылмыстық іс жүргізудегі прокурордың, іс жүргізудегі құқықтық жағдайы мен өкілеттіктерін тұжырымдаңыз.
Тергеуші, оның іс жүргізудегі құқықтық жағдайын сипаттаңыз.
Анықтау органы, түрлері, міндеттері және өкілеттіктерін сипаттаңыз. Анықтау органының бастығы, оның іс жүргізудегі құқықтық жағдайын түсіндіріңіз.
Өзінің және өкілдік ететін тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғайтын қылмыстық іс жүргізудің қатысушыларын сипаттаңыз: күдікті, айыпталушы.
Жәбірленушінің іс жүргізудегі құқықтық жағдайы.
Жеке айыптаушының іс жүргізудегі құқықтық жағдайы.
Азаматтық талапкердің іс жүргізудегі құқықтық жағдайы.
Азаматтық жауапкер, оның іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін сипаттаңыз. Азаматтық жауапкер ретінде танылатын тұлғаларды атаңыз.
Қорғаушы, оның өкілеттіктері және қылмыстық іс жүргізуге қатысу міндеттерін сипаттаңыз. Қорғаушының қылмыстық іске міндетті түрде қатысу жағдайларын келтіріңіз.
Кәмелетке толмаған сезіктінің, айыпталушының заңды өкілдерін сипаттаңыз.
Қылмыстық іс жүргізудегі куәнің және басқа да тұлғалардың құқықтық жағдайын сипаттаңыз.
Қылмыстық іс жүргізудегі сарапшының, аудармашының, куәнің, сот мәжілісі хатшысының, сот орындаушысының құзыреттерін сипаттаңыз.
Қылмыстық іс бойынша өндіріс түсінігін тұжырымдаңыз. Алдын ала тергеуді тоқтата тұру тәртібін тұжырымдаңыз.
Алдын ала тергеуді тоқтата тұрудың шарттарын атаңыз. Алдын ала тергеуді тоқтатқаннан кейінгі тергеушінің әрекеттерін сипаттаңыз.
Қылмыстық істерді біріктіру мен бөлектеудің маңызы мен мәнін сипаттаңыз.
Қылмыстық істерді қысқартудың ұғымын түсіндіріңіз. Ақтайтын негіздер бойынша қылмыстық істерді қысқартудың ерекшеліктерін сипаттаңыз.
Қылмыстық іс бойынша өндірісті аяқтаудың нысандарын сипаттаңыз.
Іс жүргізудегі мерзімдерінің ұғымын тұжырымдаңыз. Іс жүргізу мерзімдерін есептеу тәртібін сипаттаңыз.
Қылмыстық іс жүргізуде қаралатын азаматтық талаптың пәнін, оны ұсынудың негіздері мен іс жүргізу тәртіптерін түсіндіріңіз.
Іс жүргізу шығындарының түсінігі мен түрлерін тұжырымдаңыз. Іс жүргізу шығындарын өндіріп алу негіздері мен тәртібін атаңыз.
Қылмыстық іс жүргізу құқығындағы ақтаудың ұғымы мен маңызын тұжырымдаңыз. Ақтауға жататын тұлғалар, ақтау негіздерін сипаттаңыз.
Азаматтар мен заңды тұлғаларға келтірілген зиянды өтеу тәртібі, ақталушының бұзылған құқықтарды қалпына келтіруді сипаттаңыз.
Қылмыстық іс жүргізуге қатысушы тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету негіздерін түсіндіріңіз
Мемлекеттік қорғауға жататын тұлғалар ұғымын сипаттаңыз.
Сот талқылауына қатысатын тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
шаралардың түрлерін сипаттаңыз.
Қылмыстық іс жүргізуге қатысудын шеттеуге өтініш жасау және қарсылық білдіруді тұжырымдаңыз. Қылмыстық іс жүргізуге қатысудан босату негіздерін атаңыз.
Қылмыстық іс жүргізуде өтініш беру түсінігін тұжырымдаңыз. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асырушы мемлекеттік органдарының және лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне шағымдануды сипаттаңыз.
Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асырушы органдарының және лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне шағымдануды сипаттаңыз.
Дәлелдемелер мен дәлелдеу құқығы ұғымын түсіндіріңіз. Оның дәлелдер теориясындағы орнын анықтаңыз.
Дәлелдемелердің қайнар көздері түсінігін тұжырымдаңыз. Дәлелдемелердің жіктелуі, оның теориялық және практикалық маңызын негіздеңіз.
Дәлелдемелердің қасиеттерін сипаттаңыз: қатыстылығы, іске жіберілуі және растығы, дәйектілігі.
Қылмыстық іс бойынша дәлелдеудің пәнінің түсінігін тұжырымдаңыз және мазмұны және маңызын түсіндіріңіз.
Дәлелдеу процесінің ұғымын тұжырымдап, элементтерін сипаттаңыз.
Дәлелдеу процесінде ғылыми- техникалық құралдарды қолдану негіздерін сипаттаңыз. Дәлелдеудегі жедел іздестіру қызметтерінің ролі мен маңызын тұжырымдаңыз.
Дәлелдемелердің іс жүргізушілік қайнар көздерінің түрлері ретінде куәнің жауаптарын тұжырымдаңыз.
Дәлелдемелердің іс жүргізушілік қайнар көздерінің түрлері ретінде жәбірленушінің жауабының түсінігі, пәні мен маңызын сипаттаңыз.
Дәлелдемелердің іс жүргізушілік қайнар көздерінің түрлері ретінде сезіктінің жауабының түсінігі, пәні, мен маңызын сипаттаңыз.
Айыпталушының жауабының түсінігі, пәні, мен маңызын сипаттаңыз.
Сарапшының қорытындысының түсінігі, құқықтық табиғаты, объектісі мен маңызын сипаттаңыз.
Дәлелдемелердің іс жүргізушілік қайнар көзі ретінде заттай дәлелдемелерді сипаттаңыз.
Іс жүргізу әрекеттерінің хаттамаларының түсінігін, құрылысы, маңызы сипаттаңыз. Тергеу және сот әрекеттерінің хаттамаларын бағалау тәртібін тұжырымдаңыз.
Қылмыстық іс жүргізудегі қылмыстық іс жүргізушілік мәжбүрлеу шараларының түсінігі мен маңызын тұжырымдаңыз.
Қылмыстық іс жүргізушілік мәжбүрлеу шараларының түрлері, олардың қолдану мақсаттарын жіктеңіз.
Бұлтартпау шараларының түсінігі, негіздері, маңызын сипаттаңыз. Бұлтартпау шараларын қолданудың заңдылығы мен негізділігінің конституциялық кепілдіктерін тұжырымдаңыз.
Ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат алдырудың негіздері мен тәртібін сипаттаңыз.
Әскери бөлім командованиесінің әскери қызметшілерін бақылау. Кәмелетке толмағанды қарауға берудің негіздері мен тәртібін тұжырымдаңыз.
Кепіл және үйде қамап ұстаудың негіздері мен тәртібін тұжырымдаңыз.
Қамауға алудың іс жүргізушілік негіздері мен тәртібін тұжырымдаңыз.
2-ші бөлімнің сұрақтары: Ерекше бөлім
Қылмыстық істі қозғау сатысының түсінігі, міндеттері мен маңызын сипаттаңыз.
Қылмыстық істі қозғаудың себептері мен негіздерін тұжырымдаңыз және түсіндіріңіз.
Қылмыстық істі қозғау тәртібін түсіндіріңіз. Қылмыстық істі қозғау туралы қаулының құрылымын сипаттаңыз.
Қылмыстық істі қозғаудан бас тартудың негіздерін түсіндіріңыз және негіздеңіз. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді болдырмайтын мән жайларға талдау жасаңыз.
Алдын ала тергеу қылмыстық іс жүргізудің дербес сатысы ретінде түсінігін, мазмұны мен міндеттерін сипаттаңыз.
Тергеу әрекеттерін жүргізудің жалпы шарттарын түсіндіріңіз және негіздеңіз.
Тергеу әрекеттерінің хаттамаларының мазмұны және оларды рәсімдеудің тәртіптерін сипаттаңыз.
Қылмыстық іс жүргізуде анықтаудың ұғымын тұжырымдаңыз, оның міндеттері мен түрлерін сипаттаңыз.
Айыпталушы ретінде жауаптылыққа тартудың іс жүргізу тәртібін тұжырымдаңыз.
Айыпталушыны шақыру мен одан жауап алу тәртібі, айыпталушыдан жауап алу хаттамасы түсінігін тұжырымдаңыз.
Тергеу әрекеттерінің түсінігін тұжырымдап, олардың жүйесін сипаттаңыз. Тергеу әрекеттерінің мазмұны мен құрылысын түсіндіріңіз.
Тергеу әрекеттері өндірісінің жалпы шарттарын тұжырымдаңыз.Тергеу әрекеттері дәлелдемелерді жинаудың басты тәсілі ретінде сипаттаңыз.
Жауап алу, беттестіру тергеу әрекеттерінің тәртібін түсіндіріңіз: түсінігі, түрлері, негіздері және іс жүргізушілік тәртібі.
Қарау тергеу әрекетінің: түсінігі,түрлері, негіздері және жүргізудің іс-жүргізушілік тәртібін сипаттаңыз.
Куәландыру тергеу әрекетінің: түсінігі, түрлері іс жүргізудің іс жүргізушілік тәртібін сипаттаңыз.
Тінту мен алу тергеу әрекетінің жүргізу негіздері мен іс жүргізушілік тәртіптерін сипатттаңыз.
Почта-телеграф жөнелтілімдерін тұтқындау тергеу әрекетін жүргізу тәртібі: өндірістің негізі, шарттары мен тәрібін сипаттаңыз.
Тергеу эксперименті, жауаптарды оқиға орнында нақталау тергеу әрекетін: түсінігі, түрлері, міндеттері, негіздері және тәртібін сипаттаңыз.
Сараптамалық зерттеу үшін үлгілер алу: негіздері мен іс жүргізушілік тәртібін сипаттаңыз.
Алдын ала тергеудің аяқталуының түсінігін тұжырымдаңыз, оның нысандарын сипаттаңыз.
Айыптау қорытындысын түсінігін тұжырымдап, маңызын сипаттаңыз.
Қылмыстық істі прокурорға жолдауды тұжырымдаңыз. Прокурормен айыпталушыны сотқа берудің маңызы, мәні мен міндеттерін сипаттаңыз.
Басты сот талқылау жалпы шарттарының ұғымын және маңызын сипаттаңыз.
Басты сот талқылауына сотталушының қатысуы,оның құқықтары мен міндеттерін сипаттаңыз.
Мемлекеттік айыптаушының басты сот талқылауына қатысуы, оның құқықтары мен міндеттерін сипаттаңыз.
Жәбірленушінің басты сот талқылауына қатысуы, оның құқықтары мен міндеттерін сипаттаңыз. Жәбірленушінің сот талқылауына келмеуінің салдары.
Азаматтық талапкер мен азаматтық жауапкердің басты сот талқылауына қатысуын, олардың құқықтары мен міндеттерін сипаттаңыз.
Басты сот талқылауының шегін тұжырымдаңыз.
Басты сот талқылауы сатысынан істі қосымша тергеуге жіберуді сипаттаңыз.
Басты сот талқылауының хаттамасы, оның мазмұны мен маңызын сипаттаңыз.
Соттылықтың ұғымы, маңызы және түрлерін сипаттаңыз.
Басты сот талқылауын тағайындау сатысының ұғымы мен маңызы, міндеттерін тұжырымдаңыз. Кепіл түскен қылмыстық іс бойынша соттың іс әрекеттерін түсіндіріңіз.
Алдын ала тыңдауды тағайындаудың түсінігі мен тәртібін тұжырымдаңыз. Алдын ала тыңдауды жүргізудің іс жүргізушілік тәртібін түсіндіріңіз.
Басты сот талқылауын тағайындау негіздері мен іс жүргізу тәртібін түсіндіріңіз.
Қылмыстық істі қосымша тергеуге қайтарудың негіздері мен тәртібін түсіндіріңіз.
Басты сот талқылауы сатысының мәні, міндеттері, маңызын тұжырымдаңыз. Басты сот талқылауының қылмыстық істің басқа сатыларымен арақатынасын талдаңыз.
Басты сот талқылауының құрылысын түсіндіріңіз.
Сот тергеуінің түсінігін тұжырымдап, оның мәні, маңызы, мазмұнын сипаттаңыз.
Қысқартылған тәртіппен сот талқылауының түсінігі, негіздерін тұжырымдап, сипаттаңыз.
Үкімнің түсінігі, маңызы, мәнін тұжырымдаңыз. Үкімнің түрлерін жіктеңіз. Үкімді жариялау.
Апеляциялық өндіріс сатысының ұғымы, маңызы және міндеттерін тұжырымдап, сипаттаңыз.
Апелляциялық соттың өкілеттктерін атаңыз. Апелляциялық инстанцияда сотта қабылданатын шешімдердің түрлері атаңыз және сипаттаңыз.
Үкімді және қаулыны орындау сатысының мәні мен мазмұнын тұжырымдап, сипаттаңыз. Үкім мен қаулыны орындау барысында пайда болатын іс жүргізу сұрақтарын шешу тәртібін атаңыз.
Қадағалау өндірісінің ұғымы,маңызы және міндеттерін тұжырымдаңыз және сипаттаңыз.
Жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты іс бойынша іс жүргізуді қайта бастау сатысының мәні, маңызы және міндеттерін, ерекшеліктерін тұжырымдаңыз және сипаттаңыз.
Жеке айыптау істері бойынша іс жүргізу түсінігі мен міндеттерін сипаттаңыз.
Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы істер бойынша жүргізу тәртібін түсіндіріңіз.
Дипломатиялық иммунитеттері бар тұлғаларға қатысты қылмыстық іс қозғау және оларды қылмыстық жауапқа тарту ерекшеліктерін бағалаңыз.
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөніндегі өндіріс негіздерін, ерекше өндіріс бойынша жүргізу ерекшеліктерін сипаттаңыз.
Қылмыстық іс жүргізудегі жүргізуші органдарының шет мемлекетінің қылмыстық істер бойынша құзыретті мекемелерімен және лауазымды адамдармен өзара іс қимылының тәртібі туралы негізгі ережелерді сипаттаңыз.
Экстрадициялық қамауға алудың негіздері мен тәртібін ( беру үшін ұстау және қамауға алу) тұжырымдаңыз.
Шетел мемлекеті сотының үкімін орындауына байланысты мәселелерге соттың шешім шығару тәртібін сипаттаңыз.