Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ANB_GOS.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
316.42 Кб
Скачать

Ооооооооооооооо

Орталық эмиссиялық банктердің пайда болуы және олардың экономикадағы ролі 1993 ж эмиссиялау қызметін тек кана КСРО-ның мем-к банкі,кейіннен ресейдің орталық банкі аткарыа келеді.ол кезде Қазақстан аумағында төлем құралы ретінде КСРО-ның мем-к банкінің немесе ресей орталық банкісінің 1961-1991ж шыккан рублдегі банкноттармен монеталары қызмет етті. 1993ж 26 шілде күні ресей төл валютасын енгізгеннен бастап,өзге елдердің соның ішінде «рубль аймағындағы» қазақстан,өзбекстан,тәжікстан елдердің қаржылық жүйелерін бөліп жібергендігін хабарлады.сондай-ак ресей орталық банкі қазақстанға қазақ нышандары бар рубльді шығарып беруді ұсынған.Соған қоса мынандай талаптары болды: 1,егер рубльді пайдалану үшін қазақстанның ресейдің құрамына ресей федерациясының субъектісі ретінде енуі;2,тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жиналған небәрі 700мдн астам АҚШ доллар алтын валюта резервін ресейдің орталық банкіне тапсыру.Әлемдік тәжірибеде орталық банктің қызметін ұйымдастырудың әр түрлі құқық нысандары кездеседі:1,мем-ң 100% қатысуымен капиталын құрайтын бір тұтас банк нысанында;2,акцияның бір бөлігі мем-ке тиесілі немесе мем-ң қатысынсыз АҚ нысанында;3,орталық банктің функциясын біртұтас атқаратын тәуелсіз банктер жүйесі. Орындайтын айырықша қызметтеріне байланыты банктер эмиссиялық және эмиссиялық емес болып екіге бөлінеді. Эмиссиялық банк ─ ол айналысқа ақша белгілерін эмиссиялауға (шығаруға) құқығы бар, әдетте, орталық банк. Мемлекеттің Орталық банкінің негізгі мақсаты ─ айналысқа ақша бірлігін шығару, банктерге ерекше тауар ─ ақша белгіін сату және банк жүйесінің несие-есеп, эмиссиялық жұмысын басқару. Ол ─ елдің екі деңгейлі банк жүйесінің ─ жоғары деңгейіндегі банк. Мемлекеттегі басқа банктердің барлығының да ақша бірліктерін шығаруға құқы жоқ эмиссиялық емес банктер. Олар коммерциялық, инвестициялық, инновациялық, ипотекалық және т.с.с. банктер. Коммерциялық банктер клиенттерге көрсететін қызмет түрлерін үнемі ұлғайтып тұратын әмбебап үлгідегі банк. Ал басқа банктер бір-екі қызмет түріне маманданған банктер. Эмиссиялық банктер – ақша[1] белгілерін шығаруға құқығы бар несие ұйымдары. Олар ұлттық банк жүйесіндегі басты буын, мемлекеттік бюджетке қызмет көрсету жөніндегі агент, экономиканы мемлекеттік реттеу құралы болып табылады. Қазақстан Республикасында ақша шығару құқығы Қазақстан Ұлттық банкіне тиесілі.

Рррррррррррррррррр

Реттеудің қажеттілігі, мақсаты, принциптері және негізгі бағыттары. Банктiк реттеу тәсiлдерi: Банкiлердiң қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету, олардың депозиторларының мүдделерiн қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ақша-несие жүйесiнiң тұрақтылығын ұстап тұру мақсатында уәкiлеттi орган банкiлердiң қызметiн реттеудi, соның iшiнде: *күдiктi және сенiмсiз активтерге қарсы провизияларды қоса, пруденциалдық қалыптарды және банкiлер сақтауға мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттердi белгiлеу; *банкiлер орындауға мiндеттi нормативтiк құқықтық құжаттарды басып шығару; *банкiлердiң қызметiн тексеру; *банкiнiң қаржы жағдайын сауықтыру жөнiнде ұсыныстар беру; *банкiлерге немесе олардың лауазымды адамдарына ықпал етудiң шектеулi шараларын қолдану; *банкiлерге санкциялар салу арқылы реттеудi жүзеге асырады. Несиелік ұйымдар қызметiн реттеу жекелеген банктерге қатысты да, шоғырландырылған негiзде де, яғни банк конгломератына қатысты да жүзеге асырылады. Шоғырландырылған қадағалау ережелерiн уәкiлеттi орган белгiлейдi. Реттеудің негізгі мақсаты – банк қызметін тұрақтандыру, олардың қызметіне бақылау жасау, коммерциялық банктердің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және олардың несие берушілері мен салымшыларының мүдделерін қорғау. Реттеудің қағидалары: банктік тораптың кызмет етуіне жалпы жағдай жасауға және шынайы банктік бәсеке қағидаларын орнатуға өз септігін тигізеді; - банк қызметтерін заңға сәйкес реттейді (әкімшілік және экономикалық әдістемелері арқылы); - ақша-несие жүйесінің тұрақтылығын ұстап тұру мақсатында банк қызметтерін қадағалайды; - банктердің шұғыл қызметіне араласпайды. Коммерциялық банктер өз қызметі барысында Ұлттық банкінің заңдары мен ережелеріне сүйенеді. Ұлттық банк және коммерциялық банктер бір-бірінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Бағыты: экономикалық өсуді қолдау, депозиттік нарықтың әлуетін дамыту, сондай-ақ несиелік ұйымдардың кредиттік белсенділігін қалпына келтіру. Ұлттық Банк Қазақстан экономикасының ішкі және сыртқы бәсекеге қабілеттілігі арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуге бағытталған айырбастау бағамы саясатын жүргізуді жалғастырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]