
Кккккккккккк
Коммерциялық банктер – қаржылық делдалдар банктер қаржылық делдал ретінде шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтық жинақтарын және шаруашылық қызметтің үрдісінде босаған басқа да бос ақша каражаттарын тарта отырып, қарыз алу-шылардың уақытша пайдалануына береді, ақшалай есеп айырылысу жүргізеді және экономика үшін басқа да көптеген қызмет көрсетеді, соның арқасында өндірістің тиі-мділігі мен қоғамдык өнімнің айналысына тікелей ықпал етеді.Қаржылық делдалдар осылай қоғамға ақша капиталын салааралық, ауданаралық үлестіру механизімін қамтамасыз ету арқылы маңызды халық шаруашылығы қызметін атқарады.Банктер нарықтық экономикада басты қаржылык дел-далдар болып табылады. Өз қызметінің үрдісінде, олар ақша нарығында тауар болатын, жаңа талаптар мен міндеттемелерді жасады. Клиенттердін салымдарын қабылдау арқылы банк депозит деген жана міндеттеме жасаса, ал қарызды беру арқылы қарыз алушыға жаңа талап қойды.Осы жаңа міндеттемелер мен талаптарды жасау үрдісі қаржылық делдалдықтың негізін құрайды. Несие беруші қарыз алушыға және соған қатысты қаржылық институттар қызметінің қозғалысы орын ауыстыруы, қаржылық ресурстардың құйылуы қаржылық делдалдық деп аталады.
Коммерциялық банктер, олардың функциялары және олардың қызметін ұйымдастыру Коммерциялық банктер – нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін несиелік мекемелердің тобын білдіреді.Коммерциялық банктер өз клиенттерінің ақшаларын сақтауға қолайлы әр түрлі депозиттерді ұсынады, бұл бір жағынан ақшаның сақталуын қамтамасыз етсе, екінші жағынан өтімділікке деген клиенттің қажеттілігін қанағаттандырады. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері ҚҰБ-нің лицензиясы негізінде қызмет етеді. Лицензияның өзіндік стандартты нысаны бар және онда коммерциялық банктердің айналысатын қызмет түрі жазылады. Казақстандағы берілетін лицензияның дамыған шетелдерден айырмашылығы әмбебаптығы болып табылады. Қазақстан Республикасындағы банк кызметінде мемлекеттік органдар банктердің мамандануын белгілемейді, мысалға, инвестициялық, ипотекалық қызметтерді жүзеге асырады және т.б. Қазақстандық банктер бағалы кағаздар нарығында да тікелей қатысуға толық құқылы. Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктер банктік операцияларды жүзеге асыруға алатын лицензиядан басқа валюталық операцияларды жүргізу үшін арнайы лицензия алады. Мұндай лицензия оларға өз қызметін жүзеге асыруы үшін қажетті саналатын банктер қатарымен корреспонденттік қатынастар орнатуға, сондай-ақ дамыған шетелдерде өз филиалдары мен өкілеттігін ашуға құқық береді. Сонымен қатар, екінші деңгейдегі банктер бағалы металдармен операцияларды жүзеге асыруға арналған лицензия алады. 1995 жылдың 31 тамызында қабылданған «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасында банкті ашу немесе оның қызметін ұйымдастыру мынадай үш кезеңнен тұрады: Банк ашуға рұқсат алу; Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өту; Банк операцияларын жүргізуге лицензия алу. Қазіргі кезде әмбебап банктер банк қызметтерінің және қаржылық қызметтердің барлық аспектілерін түгелдей қамтитын өнімдердің кең қатарын ұсынады. Осы кезде басқа банктер бәсекелестік артықшылықты жаулап алу және оны мықты түрде сақтандырып қалу мақсатымен қатаң түрде белгілі бір қызметтер түрлерін көрсетуге мамандануға тырысады. Коммерциялық банктердің желісі ақша нарығының қалыптасуына ықпал етеді, ал заңды және жеке тұлғалардың мемлекетте уақытша бос ақша қаражаттарының болуы және оны экономика мен халықтың қысқа мерзімдік қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдалану ақша нарығының экономикалық негізі болып табылады. Коммерциялык банктер негізінен өз клиенттерінің шаруашылық қызметтеріне қызмет көрсетумен байланысты несиелік есеп айырысу және қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады. Банктердің экономикадағы маңызын олардың атқаратын операциялары анықтайды. Сол операциялар ішіндегі пассивті операциялар – комерциялық банктің ең маңызды операцияларының бірі болып келеді.
Коммерциялық банктердің активті және пассивті операциялары Пассивтік операциялар негізінде банктің ресурстары жинақталады. Сондықтан да пассивтік операцияладың коммерциялық банктер қызметіндегі рөлі жоғары. Пассивтік операциялардың мынадай формалары болады:-коммерциялық банктердің бағалы қағаздарды алғашқы эмиссиялауы;-банк пайдасынан капиталдарды немесе қорларды ұлғайту және құру;-басқа да заңды тұлғалардан несиелер алу;-депозиттік операциялар. Активтік операциялар – бұл банктердің табыс алу және өзінің өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында, иелігінде бар ресурстарды орналастыру жүзегеасыратын операцияларды білдіреді. Активтік банктік операциялар өзінің формасына және тағайындалуына қарай әр түрлі болып келеді. Банктердің активтік операцияларының ең көп тараған түрлеріне мыналар жатады: -ссудалық операциялар;-инвестициялық операциялар;-депозиттік операциялар; -қаржылық операциялар; -басқа да операциялар. Банк активтік операцияларының маңызды бөлігін банктік несиелік операциялары негізінде ссудалық портфель құрылады. Банктік ссудалар біршама табысты және жоғары тәуекелді болып табылады. Бұл активтер топтары банктің басты пайда көзі ретінде қызмет етеді.
Коммерциялық банктердің негізгі операцияларының түрлері Қазіргі кезде негізгі дәстүрлі қызметтерге бұрынғыша салымдар тарту мен қарыздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп бөлігін осы операциялар бойынша пайыздық айырмадан алады. Бірақ осы екі қызмет төңірегінде банктік өнімдердің көптеген нысандары жасалынып шығуы мүмкін. Ұлттық банкінің арнайы лицензиялары бар болса, банктер басқа да банктік қызметтерді жүзеге асыра алады. Соның ішінде шетел валюталарымен операцияларды жүргізу; халықтың ақшалай салымдарын қарау; ақшаларды аударуға байланысты қызметтерді көрсету.Осы операцияларды топтай отырып, олармен атқарылатын негізгі қызметтерді былай құруға болады:-уақытша бос ақшалай құражаттарды жинақтау (депозиттік операциялар);-экономиканы және халықты несиелендіру (активтік операциялар);-қолма-қолсыз есеп айырысуларды ұйымдастыру және жүргізу. Пассивтік операциялардың мынадай формалары болады:-коммерциялық банктердің бағалы қағаздарды алғашқы эмиссиялауы;-банк пайдасынан капиталдарды немесе қорларды ұлғайту және құру;-басқа да заңды тұлғалардан несиелер алу;-депозиттік операциялар. Активтік операциялар – бұл банктердің табыс алу және өзінің өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында, иелігінде бар ресурстарды орналастыру жүзегеасыратын операцияларды білдіреді. Пассивтік операциялар негізінде банктің ресурстары жинақталады. Сондықтан да пассивтік операцияладың коммерциялық банктер қызметіндегі рөлі жоғары. Пассивтік операциялардың мынадай формалары болады:-коммерциялық банктердің бағалы қағаздарды алғашқы эмиссиялауы;-банк пайдасынан капиталдарды немесе қорларды ұлғайту және құру;-басқа да заңды тұлғалардан несиелер алу;-депозиттік операциялар.
Коммерциялық және банктік несиенің ерекшеліктері Коммерциялық несие-қарыз берушінің қарыз алушыға қарызға берген тауарын білдіреді.Банктік несие-бактік мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай түрде берілетін несиені білдіреді. Бұл экономикадағы кеңінен тараған несиелік қатынастардың нысаны б.т.банктік несие б-ша несиелік қатнастардың құралына несиелік шарт немесе несиелік келісім жатады. Коммерциялық несиенің банктік несенің айырмашылығы: 1,қарыз беруші ролинде банктік мекемелер емес,тауар немсе кызметті сатумен айналысатын кез келген з.т. болады;2,коммерциялық несие тек кана тауар нысанында беріледі;3,қарыз капиталы өнеркәсіптік немесе сауда капиталымен б-ты; 4,коммерциялыұқ несиенің орташа құны сол кезеңдегі банктік пайыз мөлшерімен салыстырғанда төмен болады;5,қарыз беруші мен қарыз алушы арасындағы несиелік мәміленің заңи рәсімделуі барысында,несие үшін төленетін ақы тауар бағасының құнына қосылды. Банктік және коммерциялық несиенің динамикасы эр түрлі. Коммерциялық несиенің көлемі өндіріс пен тауар ай-нальшының ұлғаюымен жоғарылайды және олардың азаюы-мен қысқарады. Өнеркәсіптің дамуы кезеңінде оған ұсыныс және сұраныс жоғарылайды, ал дағдарыстар кезінде азаяды. Өндіріс дағдарыстары әсерінен тауарлардың өндірілуі мен өткізілуі де қысқарады, ал қарыздарды төлеу ұшін банктік несиеге деген сұраныс өседі. Өндірістің жанданып, жоғары-лаған кезінде нағыз капиталдың көлемі өседі, өндірістік мақсаттар үшін банктік қарыздарға деген сұраныс жоға-рылайды. Қоғамдық капиталдың ұдайы өндірілуі тұрғысынан банктік несие қарыз капиталына (карыз алушылар қаражат-тарды жұмыс істеп тұрған капиталдың көлемін ұлғайту үшін пайдаланғанда) және ақшалай қарызға (қарыз алушылар қаражатты өздерінің қарыздық міндеттемелерін өтеу үшін ал-ғанда) бөлінеді. Жеке капиталды ұдайы өндіріс тұрғысынан алғанда, бұл бөліну қарыздың қамтамасыз етілуіне байланыс-ты және қарыз алушы капиталының шамасына несиенің әр түрлі әсерін көрсетеді. Несие алу кезінде тауарларды, бағалы қағаздарды кепілдікке қоя отырып, борышқор банктен қо-сымша капитал алмайды. Оның көзқарасы тұрғысынан, бұл -ақша қарызы. Коммерциялық несиенің ерекшелігі мынада: қарыз капиталы өнеркәсіптік капиталмен біріккен, ал оның мақсаты – тауарларды өткізуді жылдамдату.
Коммерциялық несиенің мәні, оның банктік несиемен байланысы Коммерциялық несие-қарыз берушінің қарыз алушыға қарызға берген тауарын білдіреді.Банктік несие-бактік мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай түрде берілетін несиені білдіреді. Бұл экономикадағы кеңінен тараған несиелік қатынастардың нысаны б.т.банктік несие б-ша несиелік қатнастардың құралына несиелік шарт немесе несиелік келісім жатады. Коммерциялық несиенің банктік несенің айырмашылығы: 1,қарыз беруші ролинде банктік мекемелер емес,тауар немсе кызметті сатумен айналысатын кез келген з.т. болады;2,коммерциялық несие тек кана тауар нысанында беріледі;3,қарыз капиталы өнеркәсіптік немесе сауда капиталымен б-ты;4,коммерциялыұқ несиенің орташа құны сол кезеңдегі банктік пайыз мөлшерімен салыстырғанда төмен болады;5,қарыз беруші мен қарыз алушы арасындағы несиелік мәміленің заңи рәсімделуі барысында,несие үшін төленетін ақы тауар бағасының құнына қосылды. Коммерциялық несие - бұл жеткізушінің сатып алушыға ұсынған тауары немесе көрсетілген қызметі үшін төлемді кейінге қалдыруы. Мұнда қарыз алушы да және оны берушілер ретінде кәсіпкерлер мен бизнеспен айналысатындар бола алады. Коммерциялық несие, көбіне тауарды сатып алушыда нақты ақшаның болмай қалуы барысында туындайды. Мұндай жағдайда айналыс құралы ретінде, қарыз алушының көрсетілген қарызын уақытында төлейтіндігін куәландыратын арнайы қарыздық міндеттеме, яғни вексель қолданылады. Ол оның иесіне белгілі – бір уақыт өткенне кейін, борышқордан векселде көрсетілген ақшалай соманы талап етуге құқығы бар. Несиенің бұл формасының объектісі ретінде тауарлық капитал қызмет атқарады. Коммерциялық несиенің ерекшелігі мынада: қарыз капиталы өнеркәсіптік капиталмен біріккен, ал оның мақсаты – тауарларды өткізуді жылдамдату. Әр түрлі тауарларды өндіру және өткізу әртүрлі уақыт кезеңін және белгілі – бір маусымға сәйкестендіруді талап етеді. Қандай да бір тауар өндіруші, өз тауарларын нарыққа ұсынған кезде осы тауарды қажет етіп тұрған басқа өндірушінің қолма-қол ақшалай қаражаты болмауы мүмкін. Нәтижесінде тауарларды несиеге сату қажеттілігі туындайды. Коммерциялық несиенің шектелген деңгейі бар. Біріншіден, ол жұмыс істеп тұрған капиталисттердің резервтік капиталдарының мөлшерімен шектелген,яғни олардың әрқайсысы коммерциялық несие өзінің бағыты бойынша шектелген: оны өндіріс құралдарын шығаратын салалар осы құрал – жабдықтарды тұтынатын салаларға береді, бірақ керісінше емес. Мысалы, машина құрылыс кәсіпорнының иесі тоқыма станоктарын несиеге тоқыма фабрикасына сата алады, ал тоқыма фабрикасы машина құрылыс кәсіпорнына коммерциялық несие бере алмайды, өйткені маталар машина құрылысында өндіріс құрал – жабдығы бола алмайды.
ҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚ
Қазақстан банк жүйесінің даму сатысы. Кеңес үкіметі кезінде Қазақстанның өзінің банктік жүйесі болған жоқ, себебі республика аумағында КСРОның орталықтандырылған несие жүйесінің филиалдары мен бөлімдері қызмет етті. Осыған байланысты банктік жүйенің тарихы КСРО мен революцияға дейінгі Ресей тарихымен тыгыз бай-ланысып келді. Патшалық Ресейдің банктік жүйесіне: Мемлекеттік банк, акционерлік банктер, қалалық банктер, ипотекалық несие банктері мен басқа да несиелік мекелелер кірді.Ресейдің Мемлекеттік банкі (өз қызметін 1860 жылы бастады) барлық несие жүйесінің Орталық банкі болып табылады. Ол айналымға қағаз ақша шығарудың монополиялық құқығына ие болды. Сейтіп, 1914 жылы Ресейдің Мемлекеттік банкі бұл іске барлық акционерлік коммерциялық банктердің салымдары мен ағымдағы шоттардың жартысынан көбін және есептік-қарыздық операциялардың 1/3 бөлігіне жуығын жұмылдырды. Басқа елдердің орталық эмиссиондық банктеріне қарағанда, Ресейдің Мемлекеттік банкі тек банктерді ғана емес, сонымен бірге, өнеркәсіпті, сауданы, қор жинаушыларды да несиелендірді. 1914 жылдың қарсаңында ол 10 кеңсе, 124 бөлім мен мемлекеттік қазынашылықтың 791 тіркелген кассасына иелік етті.Акционерлік коммерциялық банктер (47 банк 743 филиа-лымен) қарыз капитал нарығында басымдық жағдайға ие болып, 1914 ж. шоғырланудың жоғары дәрежесіне жетті. Банктік жүйе - нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі.Банктердің және тауарлы-ақшалай қарым-қатынастардың дамуы тарихи тұрғыдан қатарлас жүрді және де олар бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Банктер халық шару-ашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей байланысты болады. Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне қатысушыларының экономикалық мүдделерін қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер қаржылық делдал ретінде шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтық жинақтарын және шаруашылық қызметтің үрдісінде босаған басқа да бос ақша каражаттарын тарта отырып, қарыз алу-шылардың уақытша пайдалануына береді, ақшалай есеп айырылысу жүргізеді және экономика үшін басқа да көптеген қызмет көрсетеді, соның арқасында өндірістің тиімділігі мен қоғамдык өнімнің айналысына тікелей ықпал етеді.
Қазақстан Республикасындағы несиелік ұйымдарын реттеу және бақылау Жалпы, биыл шағын несиелендіруге шамамен 12 миллиард теңге бөлу қарастырылған. Алайда бұл арадағы мәселе шағын несиелеу ұйымдарының құқықтық мәртебесінің әлі де нақты айқындалмағандығында болып тұр. Нақтырақ айтқанда, осы сала тәртібін қатаңдататын заң жобасы бүгіндері Парламентке қабылдау үшін талқыға ұсынылған. Үкімет те шағын несиелік ұйымдарды мемлекеттік реттеу мәселесі баяғыда пісіп-жетілді, өйткені бұл ұйымдар банктік айналымның «қара» қазанына айналған деген пікірде. Халық қалаулыларының айтуынша, заң қабылданғаннан кейін, шағын несиелік ұйымдардың саны қысқарады, несие беру процедурасы да күрделене түседі. Сыйақы мөлшерлемесі де бақылауға алынады. Банктік емес ұйымдардың немесе парабанктік мекеме-ң банктерден айырмашылығы-олар 1-ден клиенттердің белгілі бір түріне ғана қызмет етсе,2-ден банктік операция-ң жекелеген түрі бойынша қызмет етеді.Қазақстанда банктік емес мекеме-ң мынадай түрлері дамыған:1,ломбард-Ұлттық банктің мемлекеттік бағалы қа-ғаздарды кепілге ала отырып, жоғары пайызбен бері-летін қысқа мерзімді несиенің түрі ;2,несиелік серіктестік- өз мүшелеріне несие-есеп айырысу қызметін көрсету максатында құрылған несиелік мекеме. Несиелік серіктес-ң бір түріне –ауыл шаруашылығы несиелік қоғамдары жатады. оның құрылтайшысы: орталық банк; коммерциялық; мамандандырылған банк; үкімет құрылымы; жеке және заңды тұлға.; 3,микрокредиттік ұйымдар-микрокредит берумен айналысатын ұйымдар б.т. 2006ж әлемдегі микрокредит беру саласындағы жоғары жетістіктері тану жылы болады,осы жылы әлемнің Нобель сыйлығы пайда болған сонау заманнан бері алғаш рет оның лауреаты кедейшілікпен күрес,кәсіпкерлікті дамыту,эк-қ өсімді арттыру б-ша халықаралық іске қомақты үлес қосқаны үшін Бангладшпен экономика профессоры және банкир мұхаммед юнус және ол құрған»гремин банк» болды. ;4,ЖЗТ;5,пошта жинақ мекемесі;6,ипотекаоық компания. Ұлттық Банк өзiнiң құзыретi шегiнде банк қызметiнiң жекелеген мәселелерi бойынша реттеудi және қадағалауды жүзеге асырады және банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың жұмыс iстеуi үшiн жалпы жағдайлар жасауға жәрдемдеседi. Банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты Ұлттық Банктiң реттеу және қадағалау функциялары Қазақстан Республикасының ақша-кредит жүйесiнiң тұрақтылығын қолдауға, банк кредиторларының, олардың салымшылары мен клиенттерiнiң мүдделерiн қорғауға бағытталған.
Қазақстандағы ақша жүйесі және оның пайда болуы. Жалпы мемлекетгік зандармен реттелген елдегі ақша айналысын ұйымдастыру ақша жүйесі болып табылады. Әрбір мемлекеттің өзінің ұлттық ақша жүйесі бар.Қазақстан Республикасының ақша жүйесі 1995 жылы 30 наурыздағы "Қазақстан Республикасы Ұлттық банк туралы " Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жар-лығына сәйкес ұйымдастырылған. Жарғы ақша айналысын ұйымдастыру негізін және формаларын белгілейді, онда рес-ми ақша бірлігі, ақша белгілерінің эмиссиясы, сонымен қатар монеталарды жасау тәртібі, ақша айналысын ұйымдастыру және реттеу тәртіптері қамтылады.Акша жүйесі келесі элеметтерден тұрады.Ақша бірлігінің атауы. ҚРның ақша бірлігі ретінде 100 тиыннан құралған 1 теңге болып табылды.Ақша белгілерінің түрлері. Егер 1991 ж. 1 қаңтарына дейін айналыста қазыналық билеттер болса, онда қазіргі кезде ҚР ақша белгілері болып олардың өсу құны бойынша төлемнің барлық түрлеріне қабылданатын банкноттар мен монеталардан қүралады. Олар Ұлттық банктің міндеттемесі болып табылады және барлық активтермен қамтамасыз етіледі.
Қазақстандағы банк реформасы. 1995 жылғы банк реформасы 1990 жылы Қазақстан Республикасы өз егемендігін жариялағаннан бастап нарықтық қатынастардың, талаптарына сай келетін меншікті банк жүйесін құруға бетбұрыс жасады. 1990 жылы желтоқсан айында қабылданған «ҚазКРО-ғы банктер және банктік қызмет туралы» алғашқы заң Қазақстандағы банктік реформаны жүргізудің бастапқы кезендерін қамтиды. Бұл банктік реформа Ұлттық Банктің 1995 жылға арналған «Қазакстандағы банктік жүйені реформалау» бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылды. Қазіргі уақытта қалыптасқан екі деңгейлі банктік жүйенің қызмет етуіне байланысты жасалған талдауда, олардың көрсетіп отырғанындай, кемшіліктердің басым бөлігі банктер қызметін реттейтін нормативтік базаны жасаудағы артта қалушылық және оның іске асырылуына іс жүзінде бақылау жасау тетіктеріндегі кемшіліктерімен сипатталады. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасындағы жұмыс жасап отырған банктік жүйенің қалыптасуын үш кезеңге бөледі: І кезең. 1988 —1991 жылдары (КСРО-ныңтұсында) — мемлекеттік салалық мамандандырылған банктер қызметінің бір бөлігін республикалардағы сол банктердің тиісті бөлімшелеріне беру арқылы қайта түрлендіру; алғашқы коммерциялық банктер құру; КСРО Мемлекеттік банкіне орталық банктің жекелеген қызметтерін беруге байланысты бастапқы қадамдар жасау кезеңі. ІІ кезең. 1992 жылдың аяғы 1993 жылдары — рубль аймағында бола отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің орталық банктің бірқатар қызметтерін орындауға біртіндеп кірісуі, коммерциялық банктердің экстенсивті (сандық) түрде қалыптасуы және дамуы, ұлттық нормативтік базаның қалыптасуының бастапқы кезеңі. III кезең. 1993 жылдың қараша айынан осы уақытқа дейінгі, яғни айналысқа Ұлттық валютаның енгізілуіне байланысты Ұлттық Банкінің ақша-несие аясының қызмет етуіне толық жауапкершілік алу, бюджет және банктермен қарым-қатынас орнатудың классикалық қағидаларын енгізу, банктердің қызметін реттеу жүйесін нығайту кезеңін білдіреді.
Қаржы - несиелік саясат және оның құралдары Ақша-несие саясаты - Қазақстан Ұлттық Банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады. ҚҰБ ақша-несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты түрактылығын қамтамасыз етуді көздейді. Ақша-несие саясяты—бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы (мүдделендіру) мөлшерлемесін өзгертуге жалпы банк жуйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі — Ұлттық Банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық Банк тарапынан реттеу объектісіне экономикадағы қолма-қол және колма-қолсыз ақша массасының жиынтығы жатады. Шаруашылық конъюктурасынын, жағдайына байланысты ақша- несие саясатының екі түрі болады: *Рестрикциялық ақша-несие саясаты; *Экспанцондық ақша-несие саясаты. Рестрикциялық ақша-несие саясаты — екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы. Экспанциондық ақша-несие саясаты — несие беру көлемін кеңейтумен, айналыстағы ақша-массасының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуімен байланысты шаралар. Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгені тұрақтылығын қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жетуде Ұлттық Банк қатаң ақша-несие саясатын жүргізуде. АНС-ның мақсаты — инфляцияны төмендету және теңгені тұрақтылығын қамтамасыз ету. 2004 жылдан бастап, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолданып отырған ақша-несие саясатының құралдары екі топқа бөлінеді. Тікелей құралдар (несие бағасы мен немесе сомасына тікелей бақылауға арналған): несиенің бағасын (Р — сыйақы мөлшерлемесін) не санын (Q) белгілеу немесе шектеу; коммерциялық банктердің балансына қатысты несиелік лимиттер белгілеу. Жанама құралдар (нарыққа ықпал ету арқылы ақшаға деген сұраныс пен ұсынысқа ықпал етуге арналаған): ашық нарықтағы операциялар; міндетті резервтік талаптар; несиелеуге және вексельдерді қайта есепке алуға байланысты операциялар.
Қолма қолсыз ақша айналымы Қолма-қолсыз ақша – қолма-қолсыз акшалар айналымы акша-ң қозғалысы. Оған чектер,пластикалық карточкалар, электрондық аударым көмегімен пайдаланылатын клинеттердің шоттардағы сақтаған акшалар. Қолма-қол акша мен қолма-қолсыз акша арасында өзара тығыз байланыс бар. Ол акшаның үнемі бір айналыс аясынан екінші біріне өтіп отыруынан байкалады. Қолма-қол ақша-ң банктегі депозитке салынуы оның қолма-қолсыз ақшаға айналуын білдірсе, ал банктен жалақы,жәрдемақы зейнетақы т.б, төлеу үшін ақша алған жағдайларда қолма-қолсыз ақшаларға ауысуы байқалады. ақша айналысын ақша айналымынан бөлуге болмайды. Ақша айналымьгн қолма-қол және қолма-қолсыз деп катаң түрде шектеуді ғалымдар онша қабылдай қоймады. Бұл екеуі өзара тығыз байланысты, сондықтан оларды бөлу қажет емес. Ақша өз айналасында колма-қолдан қолма қолсыз ақшаға (және керісінше) өтеді. Мысалы, кәсіпорьшның бөлшек саудасынан түскен түсім банкке түскеннен соң оның есеп айырысу шотында қолма-колсыз ақша қаражат-тарына айналады да, ол бүдан өз жеткізушілеріне ақша ауда-руы мүмкін. Сонымен, бүкіл ақша айналысы: колма-кол және қолма-қолсыз ақшалар болып белінеді. Сондай-ақ: - өнімді өндіру және сату процесін, яғни тауарлы сипаттағы есеп айырысулармен байланысты ақша айналымы; - тауарлы емес сипаттағы есеп айырысулармен бай-ланысты ақша айналымы;- ақша айналысы бірнеше тарихи кезеңдерден өтті және металл, қағаз, несие ақшалар көмегімен жүзеге асырылды. Қолма-қолсыз ақшалар айналысы — қолма-қолсыз ақшалар айналымы ақшаларының қозғалысы. Мұндағы, қолма-қолсыз ақшалар — чектер, пластикалық карточкалар электрондық аударымдар көмегімен пайдаланылатын клиенттердің шоттардагы сақтаған ақшалары (депозиттер).
ҚР ақша реформасы және оны жүргізу қажеттілігі мен тәртібі Қазақстанда акша реформасы 1895-1897ж алтын монета айналысымен бірге алтын монеталлизм жүйесі енгізілді.акша белгілерінің негізгі түрі ресейдің мем-к банкінің кредиттік билеттері болды,олар алтынмен 92пайыз қамтамасыз етілді. Бір адамның ауыстыратын ақшасының ен жоғары мөл-шері 1000 рубльден аспады. Ал зейнеткерлерге 200 рубльден аспайтын мөлшерде айырбастауға рұқсат етілді. Белгіленген лимитен жоғары сомада ақшасы бар адамдарға табыс көздері туралы декларациямен арнайы комиссияға бару керек болды.1991 ж 23 қаңтардан бастап бір уақытта салымдарды беруге де шек қою енгізілді. Салымдарды тек қана жинак банктері арқылы түрғылықты жеріне байланысты айына 500 рубльден аспайтын сомада бере отырып, ол туралы төл-құжаттарына белгі қойылды."Павловск" реформасы нәтижесінде айналыстан 8 млрд рубль алынып тасталып, оның иелік ету зандылығы дәлел-денбеген болытын.Бірақ бұл шара рубльдің сатып алу қабілетінің ұлғаюына әсер етпеді. Бағаның жіберілуі ақшалардың ұстамсыз өсуінде байқалды.Қайта құру жағдайында өндірістің құлдырауымен бірге айналыстағы ақша массасының өсуі қатар жүрді. Тауарлар мен азық-түліктер көбіне шетелден сатып алынды. Бұл үшін кажетті валютадағы 1,63 млрд доллар сомасын алтынды сатудан түсірді: 1989 ж. - 300 т., 1990 ж. - 234 т. 1991 ж. қаңтарда "1961 жылғы 50 және 100 рубльдік ул-гідегі акдіа бірліктерін КСРО Мембанкінде төлем ретінде қабылдауды және олардың айырбастау тәртібін тоқтату мен азаматтардың салымдарынан қолма-қол ақша беруді шектеу туралы" Президенттің Жарлығы мен КСРО Министрлер Кабинетінің қаулысы кабылданды. Айналысқа 1991 жылы шығарылған жаңа купюралар енгізілді. Жеке тұлғаларға ескі ақшаны жаңа ақшаға айырбастауына не бары үш күн берілді.КСРО ыдыраған соң кеңес валютасы - рубль бірінші кезеңде, ТМД-ға кірмейтін елдерді қоса алғанда, тәуелсіз мемлекеттер аумағында айналыста жүре берді. Әр түрлі себептерге байланысты, ең бастысы, жаңа мемлекеттердің саяси тәуелсіздікке ұмтылысы, сондай-ак тез қалыптасып үлгерген заңдармен экономиканың социалистік директивті үлгісінен нарыққа өтуі мүмкін еместігіне байланысты бір-тұтас валютаны сақтау аумағы сәтсіз үзілді.
ҚР қор биржасы. Қор биржасының жұмысын ұйымдастыру принципі. Қор биржасы – бұл бағалы қағаздардың бірқалыпты айналысы үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ететін ұйым. Қор биржасының толық мәні, оның экономикадағы аткаратын мынадай қызметтерінен көрінеді: • қор нарығында биржалық делдалдардың бағалы қағаздарды сату жолымен уақытша бос ақшалай қаражаттарды жұмылдыру және шоғырландыру;- өндірісті және ел үкіметінің шығыстарын несиелеу және қаржыландыру; • бағалы қағаздармен жасалатын операцияларды шоғырландыру, сұраныс пен ұсыныс деңгейін көрсететін бағаларды белгілеу және жалған капиталды қалыптастыру. Қор биржасы қаржы ресурстарын жинақтау, шоғырландыру және қайта бөлу процесін ұйымдастырушы экономиканың басты буыны болып табылады. Ол қаржы және өндірістік капитал арасында делдал бола отырып, экономикалык дамудың қозғаушы күштерінің бірі болып саналатын инвестициялық процеске ықпал етеді. Қаржы нарығының ұлттық ерекшеліктеріне байланысты қор биржаларын ұйымдастырудың екі типі болады. Бұл жеке құқықтық сипаттағы (ағылшын-саксон типтес) және топтық құқықтық сипаттағы (еуропалық континенттік типтес) қор биржалары. Жеке құқықтық сипаттағы кор биржасына классикалық мысал ретінде әлемдегі Лондон қор биржасын және сондай / қағидамен жұмыс жасап отырған Нью-Иорк, Токио және басқа да қор биржаларды айтуға болады. Олар жеке компания түрінде ұйымдастырылып, кейіннен акционерлік қоғам, бірлестіктер, аралас кәсіпорындарға айналған. Мұндай тип-тегі қор биржаның мүшелерінің саны қатаң шектеледі. Оған орын үшін ірі ақша сомасын төлей алатын қарапайым тұлғалар мен компаниялар мүше бола алады. Нью-Иорк қор биржасындағы орын үшін төлем ақының мөлшері бірнеше ондаған мыңдарадан жүздеген мын долларларға дейін ауытқып отырады. Қор биржасына биржалық комитет немесе басқарма жетекшілік етеді. Мұндай биржалар қызметіне үкімет тарапынан қойылатын бақылау өте аз және олар біршама дербес және бағалы қағаздар айналысын реттеуде тәуелсіз. Қазақстан кор биржалары ұйымдас-тырылу кұрылымы жағынан биржаның осы тобына жатады. Ұйымдастыру принциптері: - қаншалықты биржадағы мәмілелердің ауызша жасалып, кейіннен заңды түрде құжатталатындыктан да брокерлер мен клиенттер арасындағы жеке сенімнің болуы; - сауда-саттық ережелері мен есеп арқылы қаржы делдалдарының қызметінің кор биржасының әкімшілігі және аудиторларымен қатаң түрде реттелуі. Бұл принциптердің қамтамасыз етілуі нәтижесінде қор биржасында бағалы қағаздарды сатуға және сатып алуға итермелейтін орта қалыптасады.
ҚР Ұлттық банкі – қаржы жүйесінің басты буыны. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі — Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді. Ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, барлық өзге банктер банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейін білдіреді.Ұлттық Банк өзінің құзыреті шегінде басқа елдердің орталық банктерімен және банктерімен қарым-қатынастарда, халықаралық банктерде және өзге қаржы-несиелік ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді. Ұлттық Банк өзінің міндеттерін орындау кезінде пайда алу мақсатын басшылыққа алмауы тиіс. Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Президентіне бағынышты, бірақ өз қызметін жүзеге асыруда оған заңнамада берілген өкілеттіктер шегінде тәуелсіз.Ұлттық Банк өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметімен үйлестіреді, өзінің қызметінде Үкіметтің экономикалық саясатын ескеріп отырады және егер өзінің негізгі функцияларын орындауға және ақша-несие саясатын жүзеге асыруға қайшы келмейтін болса, оны іске асыруға жәрдемдеседі.Ұлттық Банк сатылап бағыну схемасы бар біртұтас орталықтандырылған құрылымнан тұрады. Ұлттық Банктің жоғары органы Басқарма, ал жедел басқару органы Директорлар кеңесі болып табылады.Ұлттық Банктің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Негізгі мақсатын іске асыру үшін Ұлттық Банкке мынадай міндеттер жүктеледі: *мемлекеттің ақша-несие саясатын әзірлеу және жүргізу; *төлем жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету; *валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру; *қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу. Қаржы нарығының барлық қатысушыларының қызметін реттеу және қадағалау, сонын ішінде:-банк;-сақтандыру ұйымы;-БҚН қатысушылары;-жинақтаушы зейнетақы қоры. Қаржы гарығының барлық қатысушыларына арналған бухгалтерлік есеп стандартын бекіту.
Нарықтық экономикаға көшумен байланысты Қазақстан Республикасының банктер жүйесiнде ұлттық экономиканың басқа секторларымен салыстырғанда елеулi өзгерiстер болып жатқаны баршаға мәлiм. Бүгiнгi таңда нарықтық экономика жолына баяғыда түсiп, зор жетiстiктерге жеткен өркениеттi елдер тәжiрибесiн үйрене отырып, банк жүйесiн халықаралық стандарттарға көшiру ел экономикасы үшiн маңызды болып табылады. Қазақстан Республикасының банк жүйесiнiң тұрақтылығы, көбiне екiншi деңгейлi банктердiң тұрақтылығымен байланысты болып келедi. Жоғарыда атап өткен себептерге қоса, төлемсiздiк дағдарысы мен банктерге деген сенiмсiздiк көптеген банктердiң қызметiне тосқауыл болып, банктердiң сенiмдiлiгiн қауiп алдына қойды, ал оған төтеп бере алмаған банктер банкроттықа үшырады. Ел экономикасында бiрлескен және шет ел банктерiнiң, олардың филиалдарының пайда болуы бәсекелестiктi одан әрi күшейтiп жiбердi. Нәтижесiнде, банктердiң несие ресурстарының айналымдылығы төмендеп, мерзiмi ұзартылған несиелердiң көлемi өстi. Жалпы дағдарыс жағдайында коммерциялық банктер тәуекелдiң жоғары деңгейiмен бетпе-бет кездесiп, оған төтеп бере алмаған банктер жабылып қалып жатты.ҚР ҰБ еліміздің орталық банкі ретінде акшаны эмиссиялау қызметін ж.а. ҚР акшаны эмиссиялау құқығы тек қана ҚР ҰБ заңмен бекітілген. ҚР ұлттық банкі эмиссиялық банк б.т.ҚР. ҰБ эмиссиялық қызметі оның құрылымдық бөлімшелері алматы каласында орналаскан,ҚР банкнот фабрикасының банкноттары мен өскемен қаласында монета сарайында дайындалған монеталар көмегімен іске асады. Эмиссиялық банктер – ақша[1] белгілерін шығаруға құқығы бар несие ұйымдары. Олар ұлттық банк жүйесіндегі басты буын, мемлекеттік бюджетке қызмет көрсету жөніндегі агент, экономиканы мемлекеттік реттеу құралы болып табылады. Қазақстан Республикасында ақша шығару құқығы Қазақстан Ұлттық банкіне тиесілі.Эмиисиялық банктің басты міндеті-айналысқа қажетті акша мөлшерін шығару және артық мөлшеін айналыстан алу,әрине ақшаны айналыска қажетті мөлшерден артық шығару оның құнсыздануына жол бермейді. Қазақстанда эмиссиялық банк Ұлттық банк болып табылады, ал қалған банктер, оның ішіндегі коммерциялық банктер - эмиссиялық еместерге жатады. Олардың айналысқа ақша шығаруға құқы-ғы жоқ, бірақ өз клиенттерінің шаруашылық қызметтеріне қызмет көрсетуге байланысты несиелік есеп айырысу ясәне қаржылық операцйялардың барлық түрлерімен айналысады. Олардың ішінде ең маңыздысы: уақытша бос ақшалай қара-жатгар, халық жйнақтары мен корларын тарту; несиелеу; қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар; бағалы қағаздармен жасалатын операциялар және т.б. Мемлекеттегі басқа банктердің барлығының да ақша бірліктерін шығаруға құқы жоқ эмиссиялық емес банктер. Олар коммерциялық, инвестициялық, инновациялық, ипотекалық және т.с.с. банктер. Коммерциялық банктер клиенттерге көрсететін қызмет түрлерін үнемі ұлғайтып тұратын әмбебап үлгідегі банк. Ал басқа банктер бір-екі қызмет түріне маманданған банктер.