
Еееееееееееееее
Екінші деңгейлі банктердің қызметін ұйымдастыру негізі. Банктің жарғылық қоры қапдай көздерден қалыптасқанына қарай бапк туралы заңдарда олар мемлекеттік, лсеке, акционерлік, аралас және шетелдік боп жіктеледі. Банктерді акционерлік формада ұйымдастырудың ерекшелігі мен артықшылығы неде? «Шаруашылык серіктестіктері мен акционерлік қогамдар туралы» заңға сәйкес, біріншіден, акционерлік қоғам - бүкіл заңды тұлға. Онда құрылтайшының (акционерлік қоғамның қатысушылары құрылтайшылар деп аталады) меншік құкығы Ұлттык банктің лицензиясы негізінде шығарылған ак-циялармен айғақталады. Акционерлердің үлесі мен банктің табысы сатып алынган акциялардың санына тікелей тэуелді болады. Акционердің жауапкершілігі сатып алынған акцияның сомасы-мен ғана шектеледі. Банк таратылған жағдайда немесе банкротқа ұшырағанда барлық талапхаттар (претензия) жекелеген акционерлерге емес, банкке ұсыиылады, яғни банктен талап етіледі. Акционерлердің банкті баскару бойынша жауапкершілігі басқарманы сайлаумен және жылдық жиналыста банк саясатының мәселелері бойынша дауыс берумен шектеледі. Банкті акционерлік емес формада (үлестік жеке форма) ұйымдастыру катысушылардың құқығын растайтын кандай да бір формалдық айғақты қажет етпейді. Пайшы (үлескер) банк қызметіне қатысты барлық тәуекелдікті өз мойнына алады әрі оның барлық міндеттемелері бойынша жауап береді. Банкротқа ұшыраған жағдайда барлық талапхаттар банкке де жэне өз мүлкіне жауап беретін әрбір үлескерге ұсы-нылады. Екіншіден, акционерлер акцияны басқа тұлғага бере алады. Бұл арада банк жекелеген акционерлер банкротқа ұшырағанда немесе құзіреттілігін жоғалтқанда немесе қоғамнан бөлініп шыққанда да өз жұмысын жалғастыра береді. Ал, катысушы өзінің үлесін пай формасында басқа қатысушылардың келісімінсіз бере алмайды.Үшіншіден, акционерлік банкте омы баскару бойымша қызмет иақты болінген. Лкционерлер баскармапы, басқарма төраганы, ал, ол (төраға) басқару аппаратын сайлайды. Баскару аппараты өз кезегінде мамандар мен кызметкерлердің міндеттерін анықтайды. Жеке банкте катысушылар оны баскаруға тікелей қатысады әрі олар администраторлар болып табылады жэие басшылықтың тиімділігі олардың жеке сапасына карай орын алады. Банктерді акционерлік формада ұйымдастырудың кемшіліктері: акционерлік банкті құрудың қиындығы (жергілікті үкіметтен рұксат алуды қажет етеді), икемділігі аз әрі өзгерген жағдайда бейімделу кабілеті төмен болады.
Жжжжжжжжжжж
Жалған капитал түсінігі, бағалы қағаздар түрі. Жалған капитал – ішкі құны жоқ, бірақ табыс әкелетін капитал, немесе материалдық-заттық және рухани құндылығы жоқ‚ несие капиталынан өзгеше түрде ақша емес капитал. Ол өндіріс үдерісінде тікелей әрекет етпейді, өздігінен табыс жасамайды‚ бірақ оны алуға септігін тигізеді. Әдетте ол мүліктік сипаттағы құқықтар түрінде болады.Жалған капитал- белгілі бір табыс табуға құқық беретін әр түрлі бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар, аманат қағаздары және т.б.). Жалған капитал ұғымын Карл Маркс несие капиталын атқарым-капиталдан оқшаулануымен байланысты пайда болатын ақша капиталының түрленген нысаны ретінде талдау барысында тұжырымдады. Жалған капитал несие жүйесі мен қаржы делдалдығының дербес қызмет аясы ретінде дамуы нәтижесінде дүниеге келді. Ол несиені капитал ретінде пайдаланады. Бірнеше нысаннан тұрады. Ешқандай нақты құндылықпен қамтамасыз етілмеген “несие белгілерін” айналысқа шығару жолымен несие бере отырып, банкілер оларды “пайыз әкелетін капиталға” айналдырады. Несие эмиссиясы жолымен банкінің қандай капиталына айналуы тұрғысынан ол жалған болып табылады.Жалған капиталдың басқа нысаны – мемлекеттік қарыз облигациялары түрінде ұсынылған “мемлекеттік борыш капиталы”, бұл облигациялар иелеріне белгілі бір табыс әкеледі, әйтсе де мемлекетке несиеге берілген ақшалай сома нақты капитал ретінде жұмыс істемейтіні былай тұрсын, тіпті әлдеқашан-ақ жұмсалып қойған болуы мүмкін. Бұл орайда облигациялардың өзі табыс алуға құқық беретін меншік титулдары ретінде сатып алу және сату объектісі бола береді.Жалған капиталдың келесі нысаны – акционерлік қоғамдар нысанында құрылған жекеше компаниялардың акциялары түрінде ұсынылған капитал. Бастапқыда нақты капиталға салынған қолданыстағы капитал ретінде ұсынылған бұл акциялар кейін табыс әкелетін меншік титулдары ретінде бағалы қағаздар нарығында дербес нысанда қозғалысқа түседі, мұнда олар атаулы құнынан өзгешеленген нарықтық құнға ие болады. Бұл орайда акциялар бағамының көтерілуі мен төмендеуі акциялық капиталға әсер етпейді және жалпы қолданыстағы капитал құнының өзгеруімен мүлде байланысы болмайды. Мұның өзі бұл акциялар өзі титулға әсер етпейді және болып отырған капиталмен қатар қолданыстағы капитал ретінде дербес өмір сүру елесін туғызады. Несие капиталдары мен жалған капиталдардың өзара байланысы мен бір-біріне түрленуі несие капиталдары нарығы мен бағалы қағаздар нарығы арқылы жүзеге асырылады, мұнда бір капиталдың екінші капиталға “ағылу” үдерісі болады. Жалған капитал “борыштың тауарға айналуы” нәтижесінде құралады, яғни түрліше борышқорлық куәліктер бағалы қағаздар нарығында “тауар-капитал” ретінде дербес айналысқа түседі, оның бағасы капиталданып, табыс әкеледі және несие пайызының нормасымен реттеледі. Жалған капиталдың нарықтық құны оның әкелетін табысына тікелей тәуелді және несие капиталының деңгейіне кері тәуелді.Жалған капиталдың дамуының басты үрдісі – бұрын шығарылған бағалы қағаздарға қатысты тұрғыдан қайталама, туынды болатын бағалы қағаздардың жаңа түрлерінің пайда болуы, мысалы, инвестиция компаниялардың акциялары, қаржы фьючерстері, опциондар, варранттар. Жалған капиталдың қазіргі кезеңдегі ерекшелігі – қаржы құралдарының кеңінен таралуы, оларға жинақ ақша сертификаттары мен инвестиция сертификаттар, боналар, айналыстағы басқа да несие қарулары жатады. Бағалы қағаздар нарығының жаңа қаржылық өнімдеріне түрлі компаниялардың, мемлекеттің және қаржы-несие мекемелерінің өздерінің борыштарын секьюриттеу де жатады. Бағалы қағаздарға жұмсалым нарықтық экономикасы дамыған елдерде ақша капиталының қорлануының неғұрлым кең таралған нысаны болып табылады. Мұның өзі несие жүйесінде, оның инвестицияттық және атқарымдық құрылымында тиісті өзгерістер туғызуда: банкілермен қатар бағалы қағаздарды инвестициялаумен айналысатын мамандандырылған қаржы-несие мекемелері жедел дамып келеді.
Жалған капитал түсінігі, оның ссудалық және нақты капиталдан айырмашылығы. Жалған (алдамшы) капитал деген - қосымша құнның (яғни табыстың) бір бөлігін дивиденд немесе процент түрінде иемденуге құқық беретін ағалы қағаздар иесінің меншік титулы. Бағалы қағаздар - акциялар, облигациялар, вексельдер және басқа да түрлерде көрінетін капитал. Бағалы қағаздарды жалған капитал деп атауға себеп болған жағдайлар мыналар: Жалған капитал нақты (өндірістік) және қарыз капиталдары мен байланысты болғанымен, олардың оқшауланып шыққан бөлігі, яғни олардың бағалы қағаздардағы көрінісі ретінде айналыста жүреді. Жалған капитал ұғымын Карл Маркс несие капиталын атқарым-капиталдан оқшаулануымен байланысты пайда болатын ақша капиталының түрленген нысаны ретінде талдау барысында тұжырымдады. Жалған капитал несие жүйесі мен қаржы делдалдығының дербес қызмет аясы ретінде дамуы нәтижесінде дүниеге келді. Ол несиені капитал ретінде пайдаланады. Жалған капиталдың нақты және қарыз капиталынан мынадай ерекшеліктері бар: Жалған капиталдың өз құны (өте аз) жоқ. Бірақ бағалы қағаздардың кейбір түрлері нақты капиталдың орнында жүреді. Бағалы қағаздардың айналысы қор биржасының және несиелік жүйесіне басқаларды, ал нақты капитал өндіріс аясына қызмет көрсетеді. Жалған капиталдың мөлшері (бағалы қағаздардың сатылатын жиынтық бағасы, яғни бағалы қағаздардың курсы) бағалы қағаздарды сатудан түскен табыстың капиталға айналуымен анықталады. Ал өндірістегі нақты капиталдан түскен пайда сол нақты капиталдың мөлшеріне байланысты болады.