
Ттттттттттттттт
Толық құнды ақшалар, олардың шығу тегі, түрлері және құрылымы Толық құнды акша- номиналдық құны оны дайындауға кеткен накты құнмен сәйкес келетін акша.Мұндай ақшаларға-металл ақша,соның ішінде:мыстан,күмістен,алтын.металл ақша әр түрлі нысанда болады.Монета нысаны-олардың соңғы нысаны.монетаның бет жағы –аверс,арты-реверс,жаны-гурт деп аталады. Монета сөзінің шығу тарихы римдіктердің жүрегі саналатын шіркеу құдайы Юнона-монета есімімен байланыстырады.сол шіркеуден берілген ақшалай қаражаттардың көмегімен римдердің эпир ханы Пиррмен соғыста 275ж жеңіске жеткендігі туралы аныз бар.Монета сөзі латыннан аударғанда –кеңес беремін дегенді білдіреді. Алтын айналысы тұсында құнның қағаздай белгілерінің пайда болуының объективті қажеттіліктері: 1,алтын өндірісі тауар өндірісінің артынан ілесе алмай, нәтижесінде айналыстағы ақшаға деген қажеттілікті толық өтей алмайды. 2,жоғарғы құнды алатын ақшалар ұқсас құнды айналымға қызмет көрсете алмады,3,алтын стандартты жалпы алғанда өндірісті және тауар айналымымен ынталандырмады. Толық кұны жоқ ақша - монетада көрсетілген кұн оны соғуға жұмсалған металдың құнынан жоғары болатын ақша. Ол толық құнды ақшаның ұсақ бөліктері ретінде кішігірім төлемдерді атқару үшін майда монета түрінде қолданылады. Оны билондық монета деп те атайды. Толық құнды ақшалардың барлық құрылымы ақшаға тәуелді. Сауда-саттық ақшаны «туғызды», ал сауда болса – адамдардың ең байырғы қызметінің бірі болғандықтан, ақшаның пайда болу тамыры да сол кезеңге кетеді. Әрине, толық құнды ақшаның құрылымы да ( түрі де) мыңдаған жылдар ішінде талай рет өзгерген.
Төлем құралдарының түрі -Төлем құралы - Егер тауар мен ақшаның қарама-қарсы қозғалысы болмаса, яғни тауар төлем ақы түскенге дейін сатып алынған немесе керісінше болса, онда бұл жағдайда ақшалар төлем құралы қызметін атқарады. Ақшалар төлем құралы ретінде тек кана тауар айн-алысына ғана емес, сонымен бірге қаржы-несие қатынастары-на да қызмет етеді. Барлық ақшалай төлемдерді төмендегідей етіп топтауға болады: - тауарларды және қызметтерді телеуге байланысты міндеттемелер;- енбек ақы төлеуге байланысты міндеттемелер;- мемлекетке қатысты қаржылық міндеттемелер;- банктік қарыз, мемлекетгік және тұтыну несиесі бойын-ша борыштық міндеттеме;- сақтандыру міндеттемелері;- әкімшілік-сот сипатындағы міндеттемелер және басқалары. Ақша төлем құралы ретінде айналыс кұралынан өзара айырмашылықтары бар. Бұл қызметте ақшалар делдал болып табылмайды, ол тек қана сату-сатып алуды аяқтайды. Нәтижесінде тауарларға қатынасты ақшанын өз бетінше еркін козғалысы байқалады. Тауарды несиеге сатып ала отырып, сатып алушы сатушыға ақшаны берудің орнына, борыштык міндеттемені жазьш ұсынады. Бұл борыш өтелген кезде, ақ-ша төлем құралы ретінде қызмет аткарады. Елімізде төлем құралдарының әр түрлері, оның ішінде төлем тапсырмасы, төлемдік талап-тапсырма және басқалары сияқты дәстүрлі төлем құралдары, сондай-ақ инновациялық төлем құралдарын қолдануға негізделген төлемдерді жүзеге асырудың аралық тәсілдері қолданылады. Банктің клиентіне төлемді жүзеге асыру үшін бір немесе бірнеше төлем құралдарын таңдау қажет, олар сол немесе өзге де ахуалда пайдалануға қолайлы және барынша қарапайым және қол жетімді болып табылады.
Тұтыну несиесінің ерекшеліктері Тұтыну несиесі - бұл тұрғындарға тұтыну тауарларын сатып алу және тұрмыстық қызметтерді төлеу үшін коммер-циялық (бөлшек сауда орындары арқылы төлемді кейінге қалдыра отырып, тауарды сату) және банктік (тұтыну мақса-тына қарыздар) формада берілетін несие. Тұтыну несиесінің негізгі міндеті - тұрғындарға тауарларды сатуға қолдау көр-сету. Бұл несие бөлшек саудамен тығыз байланысты: бір жағынан - тауар айналымының ұлғаюымен несиенің келемі де өседі, өйткені тауарларға болған сұраныс несиеге де сұраныс тудырады; екінші жағынан - тұрғындарды несиелеудің өсуі төлем қабілетгіне сұранысты күшейтеді. Бұл тәуелділік, әсіресе, қазіргі уақытга нарықтың тауарлармен толығу жағ-дайында керінеді. Несиенің бұл түрін әр түрлі елдерде салыстыру оның дамуының әр түрлі деңгейін көрсетеді. Италия мен Жапония-да тұрғындардың жалпы қарыз сомасының қатынасы- осы елдердін жалпы ішкі енімдеріне 10% деңгейінде, ГФР және Францияда - 30%, ал Үлыбритания мен АҚШ-та - 60%-дан астам'. Тұтыну несиесі негізінен қымбат тұратын тауарларды сатып алу кезінде: автомобильдерді, электр тұрмыстық құ-ралдарды, жиһаздарды және т.б. пайдаланылады. банктік мекемелер тұтыну несиесі жүйесіне қосылған. АҚШ-пен және Ұлыбританияның коммерциялық банктері жеке тұлғаларға "дербес несиелер" деп аталатын не-сиелерді беруді қолдана бастады.Бұл несиелерді тұтыну несиенін бір түрі деп қарастыруға болады, бірақ олардың тауарларды қаржыландырудан біркатар мәнді айырмашылықтары бар.1, дербес несиелер - бұл жеке тұлғаларға ақ-шалай формада беретін банктік қарыздар; 2,бұл не-сиелер нақтылы коммерциялық мәмілеге бекітілген, сондықтан олар сатып алынған тауар үшін төлемді кейінге қалдыруға қарағанда анағүрлым икемді болып табылады;3, делдалдардың болмауы мұндай несиелер жүйесін едәуір икем-ді және қарапайым етеді, өйткені оған тек банк пен қарыз алушы қатысады. Ерекшелігі: экономикалық мазмұны жағынан тұтыну несиесі банктік несиенің бір бөлігі ретінде, оның басты бағыты тек жеке тұлғалармен тікелей байланысты болып келеді.
ҰҰҰҰҰҰҰҰҰ
Ұлттық Банк – басты банкир, қаржылық кеңесші және үкімет агенті.«Қазақстан Республикасының Ұлттық банк туралы» Заңында былай жазылған: Қазақстан Республика-сының Ұлттық банкі Үкіметтің бас банкирі, қаржы кеңесшісі әрі агенті ретінде және басқада мемлекет органдарымен өзара мәмілеге келуі бойынша әрекет етеді. Ұлттық банк барлық үкіметтік қорлардың және басқа да мемлекеттік органдардың депозитари-банкі болып табылады. Ол органдардың шот қаражаттарын сақтайды және операциялар жүргізеді, сондай-ақ оларға қаржылық қызмет көрсетеді. Ол үшін үкіметтік мекемелер мен ведомствалардың шотын жүргізеді, салықтар мен басқа түсімдерді шоғырландырады және Қаржы министрлігінің тапсырмасы бойынша төлемдерді жасайды.Ұлттық банк бюджеттің кассалық орындалуы мен мемлекеттік қарызға қызмет көрсетуі жағынан Үкіметтін фискальды агенті және дипозитари қызметін атқарады. Ұлттық банк бюджеттік кассалық қызмет көрсету функциясын, барлық меншік нысанын кәсіпорындар мен азаматтардан түскен республикалық және жергілікті бюджет шотындағы ақша қаражаттарының есебін жүргізу жолымен атқарды. Бюджет кірісіне түскен ақша қаражаттарының көлемі туралы Ұлтгық банк және оның жертшікті мекемелері Қаржы министрлігінің органдарына хабар береді. Қаржы министрлігі қарамағында қазыналық институттың құрылуымен байланысты мемлекеттік бюджетпен кассалық қызмет көрсету жұмысы аталған құрылымға беріледі. Қаржы министрлігінің келісуімен Ұлттық банк мемлекеттік заемның бір бөлігін кұрайтын, Үкіметпен шығарылған және кепілденген багалы қағаздар айналымын реттеуге қатысуға құқы бар, яғни ол мемлекеттік заемдардың нарықта орналасқаны және эмиссиясы бойынша операциялар жасайды. Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Президентіне бағынышты, бірақ өз қызметін жүзеге асыруда оған заңнамада берілген өкілеттіктер шегінде тәуелсіз.Ұлттық Банк өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметімен үйлестіреді, өзінің қызметінде Үкіметтің экономикалық саясатын ескеріп отырады және егер өзінің негізгі функцияларын орындауға және ақша-несие саясатын жүзеге асыруға қайшы келмейтін болса, оны іске асыруға жәрдемдеседі.
Ұлттық банктің негізгі міндеттері мен функциялары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі — Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді. Ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, барлық өзге банктер банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейін білдіреді. Ұлттық Банк өзінің құзыреті шегінде басқа елдердің орталық банктерімен және банктерімен қарым-қатынастарда, халықаралық банктерде және өзге қаржы-несиелік ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді. Ұлттық Банктің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Негізгі мақсатын іске асыру үшін Ұлттық Банкке мынадай міндеттер жүктеледі: *мемлекеттің ақша-несие саясатын әзірлеу және жүргізу; *төлем жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету; *валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру; *қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу. Ұлттық Банк өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай негiзгi функцияларды орындайды: *Қазақстан Республикасында мемлекеттiк ақша-несие саясатын жүргiзедi; *Қазақстан Республикасының аумағында банкноталар мен монеталардың эмиссиясын жүзеге асырады; *банктердiң банк функцияларын жүзеге асырады; *Қазақстан Республикасының Yкiметі және келісімдері бойынша басқа да мемлекеттiк органдар үшін банк, қаржы жөнiндегi кеңесшi және Үкіметтің агенті функцияларын жүзеге асырады; *төлем жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастырады; *Қазақстан Республикасында валюталық реттеудi және валюталық бақылауды жүзеге асырады; *Ұлттық Банктің алтын валюта активтерiн басқарады; *қаржы ұйымдарының қызметін бақылауды және қадағалауды, сондай-ақ олардың Ұлттық Банктің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қызметін реттеуді және басқасын жүзеге асырады; *Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік баcқаруды жүзеге асырады. Ұлттық Банктің құрылымына мыналар кіреді: 11 департаменттен (1 департамент Астана қаласында), 10 жеке басқармадан және 1 жеке бөлімнен тұратын орталық аппарат; 16 аумақтық филиал және Алматы қаласындағы екі филиал — Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы және Ұлттық Банктің қызметін қамтамасыз ету орталығы: Ұлттық Банктің Ресей Федерациясындағы өкілдігі; 4 есеп беретін ұйым:
Ұлттық банктің сыртқы экономикалық қызметі «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заңға сәйкес Ұлттық банкінің құзырлығына сыртқы экономикалық қызметтерді жүзеге асыру жүктелген. Қазақстанда және халықаралық банктік тәжірибеде қолданып жүрген заңдарға сәйкес шетел валютасымен кез келген операцияларды Ұлттық банкінің жүзеге асыруға құқығы бар. Орталық банктер деңгейінде мемлекетаралық қызметті жүзеге асыру барысында, яғни басқа елдердің орталық банктерінде және халықаралық қаржы-несие институттарында Қазақстан Ұлттық банкісінің мүддесі ескеріледі. Қазақстан аумағында шетелдіктердің қатысуымен банктердің немесе еншілес банктердің, сондай-ақ шетел банктерінің өкілеттіктерінің ашылуына Ұлттық банк лицензия береді. Шетел валютасына қатысты ұлттық валютаның бағамын реттейді. Қазақстан Республикасында ұлттық валютаның және бағалы қағаздардың шетел валютасындағы айналым тәртібін анықтайды. Валюталық операциялар бойынша шетел валютасымен есеп айырысуға банктік қызмет көрсету және валюталық құндылықтармен жасалатын банктік операцияларды жүргізуге лицензия беру туралы ережелерді белгілейді, сондай-ақ олардың қызметін бақылайды. Осындай лицензияларды пайдаланатын өкілетті банктердің саны анықталады. Мұндай жағдайда банктер тарапынан заңдылықты бұзған фактілер анықталған уақытта Ұлттық банк берілген лицензияларын қайтарып алады. Ұлттық банк алтын валюта резервін құрып, олармен операциялар жасайды. Ол статистикалық валюталық операцияларды және басқа да құжаттардың біртұтас есебін және есеп беру нысандарын жасайды, сондай-ақ оларды беру тәртібі мен мерзімін анықтайды әрі валюталық операциялар туралы мәліметті баспаға шығарады. Ұлттық банк валюталық құндылықтармен төмендегідей операцияларды жүзеге асыруға құқылы: - шетел валютасын сату жәңе сатып алу; - қазыналық вексельдер мен және т.б. шетел үкіметтерімен кепілдендірілген немесе халықаралық қаржы ұйымдар мен шығарылған бағалы қағаздармен операциялар жүргізуге немесе оларды сату, сатып алуға; -алтын және басқа да қымбат бағалы металдар мен халықаралық стандартқа сай келетін табиғи асыл тастарды қабылдауға, сақтауға, өңдеуді қамтамасыз етуге; -алтынды және басқа да қымбат бағалы металдардың құймасы формасында, сондай-ақ табиғи асыл тастарды өңделген және өңделмеген түрінде сату, сатып алу операцияларын Қазақстан Республикасы аумағында және сыртқы нарықта жүзеге асыруға; Қазақстан Республикасы заңдарында көрсетілген валюталық реттеу және валюталық бақылау аясында басқа да қызметті атқаруға Ұлттық банкінің құқығы бар.