Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ANB_GOS.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
316.42 Кб
Скачать

1922-1924 жж ақша реформасы Ақша реформасын өткізудің қажеттігі. Революцияға дейінгі Қазақстанда жүргізілген 1895-1897 жж. акдіа реформалары нәтижесінде алтын монета айналысы бар алтын монометаллизм жүйесі енгізілді. Айналыста алтын, күміс және мыс монеталар жүрді. Негізгі ақша белгілеріне 92% алтынмен қамтамасыз етілген МеіМлекеттік банктің несиелік билеттері жатты. Ақша массасының басты бөлігін алтын монеталарға ауыстырылатын айналыс құралдары құрады, сондықтан да оларға деген халықтың сенімі болды. Тауар шаруашылығындағы ақша айналысынын бірқа-лыпты болуының екінші бір алғышарты - бұл ақшаның ал-тынмен қамтамасыз етілуі. 1.01.1922 жылдан 1.01.1923 жыл-дар аралығында Мемлекеттік банктің алтын валюта резерві 6,7 млн-нан 31 млн рубльге дейін өсті. 1922 ж. сәуірде бағалы металдарды және тастарды еркін түрде иеленуге рұқсат берілді, оған дейін халық оларды мемлекетке тап-сыруға міндетті болатын. Бағалы металдардан жасалған мо-неталар мен шетел валюталарын сатып алу мен сатуды Мем-лекеттік банктің өзі ғана жүргізуге монополиялық құқығы болды. ,Ақша айналысын калыпқа келтірудің басты бір қадамына 1922 ж. мемлекеттік ақша белгілерін шығару жатты. Мұнда-ғы 1 рубль бұрын шығарылған 10 мың рубльге теңесті. Ақ-шаларды қайта есептеу олардың төрт нолін сызып тастау (деноминациялау әдісі) арқылы жүргізілді.1922 ж. 1 мамырынан бастап, барлық есептесулер жаңа ақшалармен жүзеге асты. Айналыстағы ескі ақша белгілерін.1923 ж, 1 қаңтарына дейін кассаларда кабылдады.Екінші рет деноминациялау барысында 1923 жылғы үл-гідегі 1 рубль 1922 жылы 100 рубльге немесе бұрынғы ке-ңестік ақша белгілерінің бір миллионына теңесті.

Аааааааааааааа

Ақша айналымы заңы. Ақша массасы және айналым жылдамдығы құн заңы және оның айналыс аясында пайда болуы нысаны яғни ақша айналысының заңы тауар-аұша ұатынастары қалыптасқан барлық қоғамдық формацияға тән болып келеді. Ақша айналымы – шаруашлықтағы тауарларды өткізуге және тауарлы емес төлемдерді және есеп айырысуды ж.а. қызмет ететін қолма-қол және қолма-қолсыз ақша нысандарындағы ақшалардың қозғалысы.Ақша айналысының заңы-тауар айналысы үшін қажетті ақшалардың санын анықтайды. Ата = тауар бағаларының сомасы/ақша айналымының саны. Ақша массасы –жеке тұлғаларға,к/о-ға,мемлекетке тиісті және шаруашылық айналымына қызмет ететін сатып алу және төлем құралдарының жиынтығы. Белгілі бір күнге және кезеңдегі ақша айналымының сандық өзгерісін талдау үшін ақша массасының өсуі мен көлемін реттеуге б-ты шараларды жасау үшін әртүрлі көрсеткіштер пайдаланады. Ақша айналымы бірлікпен сипатталады. Қолма-қол және қолма-колсыз ақша қозғалысының аясы бір ақша бірлігінде қызмет көрсетеді, әрі өзара тығыз байланысты. Банктер кә-сіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың, жергілікті халықтың шот есептерін жүргізу арқылы ақша аңналымының жи-ынтығын, ал олар аркылы шаруашылық процестердің бары-сын қадағалайды, әрі оларға ықпал етеді.

Ақша айналымының түсінігі. Қолма қол және қолма қолсыз ақша айналымы Ақша айналымы – шаруашлықтағы тауарларды өткізуге және тауарлы емес төлемдерді және есеп айырысуды ж.а. қызмет ететін қолма-қол және қолма-қолсыз ақша нысандарындағы ақшалардың қозғалысы. Ақша айналымының тауар айналымынан өзгешелігі — әрбір тауар айналымда уақытша болады, ал ақша өзінің айналым құралы қызметін атқарғаннан кейін, айналыс арнасында тұрақты қалып, тауарларды өткізуге қызмет ете береді. Ақша айналымының объективтік заңы төмендегідей: тауарлар бағасының айналыстағы жиынтығы аттас ақша бірліктерінің айналым саны қатынасына байланысты. Дәлірек айтқанда, айналымдағы ақша аумағы тауарлар бағасы мен аттас ақша бірліктерінің айналым саны арқылы анықталады. Ақша айналымы мен тауар айналымы арасында тығыз байланыс бар, біріншісі екіншісіне тікелей тәуелді. Ақша айналымы теңелген сайын шаруашылықты дамытуға қажетті ақша массасы азая түседі. Бұл ретте ақша айналымын жоспарлау және реттеу айрықша рөл атқарады. Ақша айналымын реттеу ақша айналымының заңы негізінде жүргізіледі. Бұл заңға сәйкес айналымға керекті ақша мөлшері: 1) айналымға шығарылатын тауар; 2) тауар бағасының дәрежесі; 3) ақша айналымының жылдамдығы факторларына байланысты. Қолма-қол акша – нақты ақшалар өозғалысын білдіреді.оған банкноталар,қағаз акша қызмет етеді.дамыған елдерде нақты акшалар айналымының едәуір бөлігін орталық банктерден шығарылған банктік билеттер құрайды. Қолма-қол ақша айналымы – тауарларды сату, қызмет көрсету және түрлі төлемдер төлеу кезінде ақшаның қолма-қол нысанда қозғалуы. Қолма қол ақша айналыс қаражаты мен төлем қаражаты атқарымын орындайды. Қолма-қолсыз ақшақолма-қолсыз акшалар айналымы акша-ң қозғалысы.Оған чектер,пластикалық карточкалар,электрондық аударым көмегімен пайдаланылатын клинеттердің шоттардағы сақтаған акшалар.Қолма-қол акша мен қолма-қолсыз акша арасында өзара тығыз байланыс бар. Ол акшаның үнемі бір айналыс аясынан екінші біріне өтңп отыруынан байкалады. Қолма-қолсыз ақшалар айналысы — қолма-қолсыз ақшалар айналымы ақшаларының қозғалысы. Мұндағы, қолма-қолсыз ақшалар — чектер, пластикалық карточкалар электрондық аударымдар көмегімен пайдаланылатын клиенттердің шоттардагы сақтаған ақшалары (депозиттер).

Ақша базасы, массасы, агрегаттары. Ақша массасы – жеке тұлғаларға, к/о-ға, мемлекетке тиісті және шаруашылық айналымына қызмет ететін сатып алу және төлем құралдарының жиынтығы. Белгілі бір күнге және кезеңдегі ақша айналымының сандық өзгерісін талдау үшін ақша массасының өсуі мен көлемін реттеуге б-ты шараларды жасау үшін әртүрлі көрсеткіштер пайдаланады. Ақша агрегаттары -өнеркәсібі жағынан дамыған елдердің қаржылық статистикасында ақша массасын анықтау барысында мына агрегат колданады: М1- айналыстағы нақты ақша;М2- ол М1 қосылған К.Б. мерзімді және жинақ салымдарынан тұрады. М3- М2 қоыслған арнайы несиелік мекемелердегі жинақ салымдарын құрайды. М4-М3 қосылған ірі К.Б. депозиттік сертификаттардан тұрады. Ақша массасының құрылымы: М0-айналыстағы қолма-қол акша,немесе банк жүйесінен тыс акша, М1=М0+ банктік емес з.т. мен халықтың тенгедегі аудармалы депозиті;М2=М1+тенгедегі баскада депозттер және банктік емес з.т. мен халықтың шетел валютасындағы аудармалы депозит; М3=М2+банктік емес з.т. мен халықтың шетел валютасындағы баска депозит. Ақша базасының акша массасына ықпал етуші акша мультипликаторы. Ақша базасы - бұл Ұлттьщ банк шығаратын ақшалары. Оған айналымдағы қолма-кол ақшалар, міндетгі және артық резервтер жатады. Міндетті резервтер - бекітілген норматив-терге сәйкес Ұлттық банкідегі арнайы шотта несие коррес-понденттік шотында сақгалуына міндетті банк депозиттерінің бөлігі (бұл Ұлттық банкінің келісімі бойынша тек қана қар-жылық тұрақты банктермен қолданылатын резервтердің баламалы әдісі деп аталады).

Ақша жүйесі: оның негізгі типтері мен элементтері. Биметаллизм және монометаллизм Ақша жүйесі –тарихи түрде қалыптасқан және ұлттық заңдылықтармен бекітілген ақша айналысын ұйымдастыру нысаны.Типтері:1,металл ақша айналысы-мұндай ақша тауары тікелей айналыста бола отырып ақшаның барлық қызметтерін аткарды,несиелік акшалар металға ауыстырылады,2,несиелік және қағаз ақша жүйесі-алтын айналыстан алынып тасталып оның орнына несиелік және қағаз ақшалар айналысқа түседі.Металл ақша айналысы 2 бөлінеді:1,биметализм-жалпыға балама рөлі екі бағалы металға негізделген ақша жүйесі.Бұнын 3 түрі бар:*қос валюталы жүйе-алтын мен күмістің арасындағы шекті қатынас,металдардың нарықтық құндарына б-ты белгіленген.*қатар жүретін валюта-бұл қатынас мемлекет тарапынан белгіленген;*ақсақ валюта жүйесі-алтын мен күміс монеталары заңды төлем құралы қызметін аткарады,бірак бірдей негізде емес,себебі күміс монеталарын жасау жабық түрде ж.а. алтын монеталарын жасауға ерік берілді.2,монетализм –барлығына бірдей балама және айналысының негізі ретінде бір ғана металл қызмет ететін аұша жүйесі. Монометаллизм - жалпыға эквивалент ролін бір ғана металл (не алтын, не күміс) атқаратын ақша жүйесі. Алтын монометаллизмі алғаш рет Үлыбританияда 1816 ж., Герма-нияда - 1871-1873 жж., Францияда - 1876 -1878 жж., Ресей мен Жапонияда 1897 ж., АҚШ-та -1900 ж. белгіленді. Күміс монометаллизм Ресейде 1834 - 1852 жж., Үндістанда 1852 -1893 жж., Нидерландыда 1847 - 1875 жж. қолданылды. Құн белгілерін алтынға айырбастау сипатына байланысты алтын монометаллизмі үш түрге бөлінді:Алтын монета стандарты, оған алтын монетасының айналысы, алтынның ақша қызметін атқаруы, құн белгі-лерінің еркін алтын монеталарға өсу құны бойынша айыр-басталуы және т.б. тән.Алтын құйма стандарты - Ұлыбритания мен Францияда енгізілді. Мұнда банкноталар заңмен бекітілген сомманы (Ұлыбританияда - 1700 фунт стерлинг, Францияда 215 мың франктың құны 12 кг массасындағы стандарт құймасының бағасына сәйкес келеді) ұсынған жағдайда алтын қүймаларына айырбасталды. Алтын девиз стандарты - Германияда, Австралияда, Данияда, Норвегияда және басқа елдерде бекітілген. Бұл банкноталардың алтынға, шетел валютасына (девизіне) айыр-басталатынын білдіреді. Сөйтіп, бұл стандарт бір елдің ва-люталы басқа елдің валютасына тәуелділігін көрсетті.

Ақша реформасы және оның маңыздылығы. Ақша реформасын өткізудің экономикалық алғышарттарына ЖЭС жүргізудің нәтижесіндегі шаруашылық жағдайдың біршама жақсаруы: әр түрлі өнеркәсіп саларындағы өнімдер көлемінің өсуі, еңбек өнімділігінің артуы, ауыл шарушылығының басты өнімдерінің өеуі (бидай, макта), тауар айналымының артуы жатады. Ақша реформасы - ұлттық валютаны нығайту, ақша айналысын реттеу мақсатында елдің ақша жүйесін қайта құру. Ақша реформасының түрлері: ақшаның көрсетулі құнын сақтай отырып, оның жаңа үлгісін шығарып, ақша белгілерін толық немесе ішінара ауыстыру; ақша өлшемін ірілендіру нысанында деноминациялау; ұлттық валютаның бағамын өзгерту; девальвация — ұлттық валютаның бағамын төмендету; ревальвация — ұлттық валютаның бағамын көтеру. Ақша реформасын мемлекет айналысқа жаңа ақша белгілерін шығару және ескі ақшаны мәжбүрлеп алу жолымен жүзеге асырады. Өндіріс түрпаты немесе қоғамдық-экономикалық формация ауысқан кезде (феодализмнің алтын стандарты капитализм тұсында банкноттық және несиелік түрпатпен ауысты), сондай-ақ соғыстар мен төңкерістердің салдарынан қираған экономиканы тұрақтандыру кезеңінде ақша реформасы сөзсіз жүзеге асырылады. Ақша реформасы толық немесе ішінара болады. Толық ақша реформасы (жаңа ақша жүйесін жасау) жаңа мемлекеттердің пайда болуына байланысты немесе бернеше елдердің ақша жүйесі біріктірілген жағдайда ұлттық акша жүйесінен тыс тұрған ақша жүйесін құру кезінде жүргізіледі (мыс., Еуропалық валюта одағы елдерінің бірыңғай ақша жүйесінің құрылуы). Iшінaрa ақша реформасы (ақша айналысын тұрақтандыру мақсатымен қолданыстағы ақша жүйесін ретке кел- тіру) кезінде әдетте ақша жүйесінің жекелеген элементтері өзгертіледі (мыс., ақша өлшемін шығару тәртібі, оның атауы, бағанын ауқымы, ақша белгілері немесе ақша-несиелік реттеу органдары өзгереді).

Ақша формаларының шығу тегі мен мәні 1,Толық құнды акша- номиналдық құны оны дайындауға кеткен накты құнмен сәйкес келетін акша.Мұндай ақшаларға-металл ақша,соның ішінде:мыстан,күмістен,алтын.металл ақша әр түрлі нысанда болады.Монета нысаны-олардың соңғы нысаны.монетаның бет жағы –аверс,арты-реверс,жаны-гурт деп аталады.Монета сөзінің шығу тарихы римдіктердің жүрегі саналатын шіркеу құдайы Юнона-монета есімімен байланыстырады.сол шіркеуден берілген ақшалай қаражаттардың көмегімен римдердің эпир ханы Пиррмен соғыста 275ж жеңіске жеткендігі туралы аныз бар.Монета сөзі латыннан аударғанда –кеңес беремін дегенді білдіреді.Алтын айналысы тұсында құнның қағаздай белгілерінің пайда болуының объективті қажеттіліктері:1,алтын өндірісі тауар өндірісінің артынан ілесе алмай,нәтижесінде айналыстағы ақшаға деген қажеттілікті толық өтей алмайды.2,жоғарғы құнды алатын ақшалар ұқсас құнды айналымға қызмет көрсете алмады,3,алтын стандартты жалпы алғанда өндірісті және тауар айналымымен ынталандырмады.2,Толық құнсыз ақша-номиналық құны нақты құннан ,яғни өндірісіне кеткен қоғамдық еңбекпен жоғары болып келетін акша.оған жатады:1,құнның металдық белгілері,2,құнның қағаздан жасалған белгісі.3,Қағаз акша- айналыста жүрген алтын мен күміс монеталардың орынбасарлары ретінде пайдаланады.Айналыста жүруінің объективті мүмкіндігі,оның айналыс құралы қызметін аткару ерекшелігіне б-ты.

Ақша функциясының мазмұны және олардың рөлі Ақша экономикадағы рөлін өзінің аткаратын негізгі функцияны орындайды. Ақшаның әр қызметі тауар айырбасы үдерісінентуындайтын тауар өндірушілердің нысаны ретінде ақшаның әлеуметтік және экономикалық мазмұнының белгілі бір жақтарын сипаттайды. Негізгі функциялары :1,құн өлшемі және баға масштабы;2,айналыс құралы;3,төлем құралы;4,қорлану және қор жинау құралы;5,дүниежүзілік акша. Құн өлшемі және баға масштабы-құн өлшемі ретінде мөлшері жағынан аттас,сапаснан салыстыруға келетін тауарлар құнын бейнелеу үшін тауарлар дүниесіне материал беруді орындайды. Айналыс құралы-акша тауар айналысы үдерісінде делдалдық рөл аткарады.тауар айналысы мынандай үдерісті қамтиды:тауар сату,оның акшаға айналуы,тауарды сатып алу,тауардың акшаға айналуы.Ақшаның төлем құралы-әр түрлі жағдайлардың болуына б-ты тауардың тек нақты ақшаға ғана сатылмайтыны белгілі.себебі әр түрлі тауарларды өндіру кезеңі мен айналыс мерзімінің ұзақтағының бірдей еместігі,біркатар тауарлардың өндірісі мен сатылуының маусымдық сипатта болуы шаруашылық субъектісінде қосымша қаражаттардың жетіспеушілігін туғызады Дүниежүзілік ақша- сыртқы сауда байланыстары халықаралық заемдар,сыртқы серіктестіктерге қызмет көрсету барысы дүние-к акшаның пайда болуына себеп.

Ақшаның мәні және функциясы Ақша - өндіріс және бөлу үдерісіндегі адамдар арасындағы катынасты бейнелейтін тарихи түрде дамып келген экономикалық категория. Негізгі функциялары :1,құн өлшемі және баға масштабы- Ақша құн өлшемі ретінде. Құнның өлшем қызметі тауар ендірісі жағдайында туындайды. Бұл ақшаның барлық тауарлар құнының өлшемі ретіндегі қабілеттілігін білдіреді, бағаны анықтауда делдал қызметін атқарады. Өзінің жеке құны бар тауар ғана, құн өлшемі бола алады. Бұндай тауар болып өндіруіне қоғамдық еңбек жұмсалған, құнды құрайтын алтын саналады. Яғни, бұл қызметті толық кұнды ақшалар атқарады. Акша еңбек өлшемі - ол жұмыс уақытын емес, осы еңбекпен құрылган құнды көрсетеді ;2,айналыс құралы- Ақша айналыс қүралы қызметінде тауарларды өткізудегі делдал болып табылады.Тауарлар бір қолдан екінші қолға ауыса отырып, өзінің тұтынушысын тапқанға дейін ақша үздіксіз қозғалыста болады.Тауар айналысы кезінде, ақша делдал ролін атқарады, ал бұл кездегі сатып алу және сату актісі ерекшеленеді, уақыты мен кеңістігі бойынша сай келмейді, Сатушы, тауарын сат-каннан кейін, басқа тауарды сатып алуға әр уақытта асық-пайды. Ол тауарды бір нарықта сатуы, ал басқа нарықтан сатып алуы мүмкін. Делдал ретіндегі ақшаның көмегімен уакыт пен кеңістіктегі өзара сай келмеушілік жойылды;3,төлем құралы - Тауар айналысы ақша козғалысы-мен байланысты. Бірак ақша қозғалысы міндетті турде тауар қозғалысымен бір уақытта тоғысуы тиіс емес. Ақша құнның еркін формасында көрінеді. Олар өткізу процесін еркін аяқ-тайды. Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан ерте немесе кеш жүруі мүмкін.Егер тауар мен ақшаның қарама-қарсы қозғалысы болмаса, яғни тауар төлем ақы түскенге дейін сатып алынған немесе керісінше болса, онда бұл жағдайда ақшалар төлем құралы қызметін атқарады ;4,қорлану және қор жинау құралы- Ақшаның төлем және айналыс құралы қызметтері ақшалай қорлардыя құрылуын талап етеді. Ақшаның қорлануының қа-жеттігі Т - A - Т айналымының екі актілерге Т - А және A - Т айрылуымен байланысты.Капиталистік қогамдык формацияға дейінгілер үшін байлықты "таза казына" формасында жинақтау, яғни ақшаның қарапайым қорлануы тән келеді. Бұл экономикалық да-муға ешқандай да ықпал еткен жоқ, себебі олар шын мәні-сінде айналыстан тыс жатқан ақшалар болды. Капитализм тұсында бұл қазыналар несиелік жүйе және қор биржалары арқылы пайда әкелетін капиталға (өнеркәсіптік немесе сауда) айналады. Қазына жинау қызметінің кджеттігі тауар өндірісі-мен байланысты болды. Айналым капиталын немесе түтыну заттарын алу үшін ең бастысы ақшаны жинау қажет;5,дүниежүзілік акша- Тауар шаруашылығының кеңеюі, шаруашылық байланыстардың интернационалдануы, дүниежүзілік нарықтың пайда болуы дүниежүзілік ақшалар қызметінің пайда болуына себеп болды. Дүниежүзілік ақша-лар интернациоңалдык құн өлшемі, халықаралық толем және сатып алу кұралы ретінде қызмет етеді.Бұл қызметті бастапкыда толық бағалы ақшалар (алтын), ал кейіннен нағыз ақшалар (шетел валютасы) атқарды. 1867 жылы Париж келісімі дүниежүзілік ақша қызметін алтынға балап бекітті.

Ақшаның пайда болуы және қажеттігі Ақшаның өндіргіш күштер мен тауар қатынастарының біршама жоғары дамуы нәтижесінде пайда болғандығы белгілі.Ақша жаратылысын зерттегендегі анықталғаны, оның тауарлы шығу тегіне байланыстылығын көрсетеді.Тауар-сатуға, айырбастауға арналған еңбек өнімі.Осы енбек өнімінің тауарға айналуы ақшаның пайда болуының объективтік алғы шарттарын туғызған.Ақша- өндіріс және бөлу үдерісіндеігі адамдар қатынасына бейнелейтін тарихи түрде дамып келген экономикалық категория.ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні оның 3 қасиеті бар :1,жалпыға тікелей айырбастау нысаны- Кәсіпорындар, жер, орман, жер асты байлықтары сатылмады және сатып алынбады. Қазіргі кезде жекешелендіру процестерінің жүруімен байланысты, жалпыға тікелей айырбастау формасында ақшаны пайдаланудың көлемі едәуір кеңіді; 2,айырбас құнының дербес нысаны- ретінде пайдалану тауарларды тікелей өткізуменен байланысты емес. Ақшаны бұл формада қолдану жағдайлары олар несие беру, бюджеттің кірістерін қарыздық берешектерді өтеу, мемлекеттік бюджеттің кірістерін қалыптастыру, өндірістік және өндірістік емес шығындарды қаржыландыру, Ұлттық банктің несиелік ресурстарды басқа банктерге сатуы және т.б.;3,еңбек өлшемінің заттай нысаны- тауарды өндіруге жұмсалған еңбекті олардың ақша көмегімен өлшенуі мүмкін құнын анықтау арқылы көрінеді.

ӘӘӘӘӘӘӘӘӘӘ

Әлемдік банк және оның топтары - Бүкіләлемдік банк тобы, Әлемдік банк, Халықаралық қайта қүру мен даму банкі — даму процесіне жәрдемдесетін аса ірі әлемдік ұйымдардың бірі. 1945 жылы қүрылып, қүрамында 154 мемлекет болған. 2004 ж. Бүкіләлемдік банктер тобы мүшелерінің саны 184 мемлекетке жетті. Банктің негізгі мақсаты мүше елдердің экономикасын қайта қүру мен дамытуға, өндірістік мақсаттарға капитал қүю арқылы көмектесу. Сонымен, Бүкіләлемдік банк - дамушы және өтпелі экономикасы бар елдер үшін әлемдік ірі қаржы қорының және білімнің көзі. Бүкіләлемдік банк өзінің қаржы қорын, қызметкерлерін және бай тәжірибелерін эр елдегі кедейшілікпен күресте, экономикалық өсімді және өмір сүру сапасын көтеру үшін пайдаланады. 2002 жылы Бүкіләлемдік банк клиент-елдерге 19,5 млрд. долл. қарыз берген. Ол 100-ден аса дамушы елдердегі кедейшілікпен күреске баса көңіл бөліп, жәрдем береді. Бүкіләлемдік банк (ББ) – халықаралық әмбебап ұйым. Ол 1944 жылы шілдеде БҰҰ-ның Халықаралық валюта-қаржы конференциясында қабылданған шешімге сәйкес келісім бойынша құрылған. Бреттон-Вудсте (АҚШ) 1945 жылы желтоқсанда өз күшіне енген. ББ формальді түрде Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) арнайы қаржы мекемесі болып саналады. ББ тобына Халықаралық қайта жаңғырту және дамыту банкі (ХҚДБ), Халықаралық Даму ассоциациясы (ХДА), Халықаралық Қаржы корпорациясы (ХҚК), Инвестициялар Кепілдігінің Көпжақты Агенттігі (ИККА) және Инвестициялық Дауларды реттеу жөніндегі Халықаралық орталық (ИДРХО) кіреді. ББ мүшелінгінде 184 мемлекет бар. Бүкіләлемдік банк қызметінің негізгі бағыты ғаламдық масштабта кедейлік деңгейін төмендету және мемлекеттерге әр түрлі салада техникалық көмек: білім беру мен денсаулық сақтаудан бастап, қаржылық тұрақтылыққа дейін көмек көрсету. Әлемдік банк әлеуметтік-экономикалық даму үдерісіндегі дамушы елдердің үкіметтеріндегі мектеп және денсаулық сақтау мекемелері құрылысына, халықты сумен және электр қуатымен қамтамасыз етуде, аурумен күрес және қоршаған ортаны қорғауда қаржылық күшейтуді қамтамасыз ететді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]