Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мстк.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
729.05 Кб
Скачать

24. Terminatе блогы. Start операторы.

TERMINATE (аяқтау) блогы – модельден транзактың шығуын модельдейді. Жазылу пішімі:

TERMINATE А,

мұндағы А – аяқтау санағышынан азайтылатын мән.

Транзактар TERMINATE блогына түсе отырып, модельден жойылады.

Аяқтау санағышы START операторының көмегімен беріледі.

START (бастау) операторы

START A, [B],

мұндағы А – аяқталу саны, немесе модельге қажетті транзактар саны, В – статистика шығару операндасы, әдепкі бойынша стандартты статистика шығарылады.

Модельдеу А-ның құрамы 0-ге тең болғанға дейін жүреді.

Санағыш TERMINATE блогының мәнін азайтады.

25. Gpss World тілінің диалогтық мүмкіндіктері

26. Кқпарналы құрылғыларды модельдеу. Көпканалды құрылғыларды моделдеу үшін келесі блоктар мен операторды қолдану қажет.

Көпканалды құрылғыны сипаттайтын опреатор STORAGE.

Жазылу форматы:A_ STORAGE_ B,

мұндағы А – көпканалды құрылғының аты немесе нөмірі, ал В – құрылғының сыйымдылығы.

Егер пайдаланушыға бірнеше көпканалды құрылғы қажет болса, онда оператор мынандай түрде жазылады:

STORAGE_ аты1, С1/аты2, С2…/атыn, Cn ,

Мұндағы атыi - i құрылғының аты немесе нөмірі, Ci – i құрылғының сыйымдылығы. Құрылғыны алу немесе босату үшін келесі екі блок қолданылады.

ENTER (кіру) – транзакт көпканлды құрылғыны алады.

Жазылу форматы:ENTER A, [B],

мұндағы A – көпканалды құрылығының аты, B – алынған каналдардың саны. Көрсетілмесе, В=1.

LEAVE (шығу) – транзакт көпканалды құрылғыдан шығады немесе оны босатады.

Жазылу форматы:LEAVE A, [B],

мұндағы A – көпканалды құрылығының аты, B – босатылған каналдардың саны. Көрсетілмесе, В=1.

Егер бағдарламада көпканалды құрылғылар болса? Онда стандарттық статистикада келесі мәліметтер беріледі.

STORAGE – көпканалды құрылғының аты (ККҚ).

CAP. – ККҚ – нің сыйымдылығы.

REMAIN – моделдеу сонында ККҚ –нің бос каналдарының саны.

MIN – моделдеу уақыты ішінде пайдаланған сыйымдылықтың ең кіші мәні.

MAX – моделдеу уақыты ішінде пайдаланған сыйымдылықтың ең үлкен мәні.

ENTRIES- моделдеу уақыты ішіндегі кірістер саны.

AVL. – моделдеу соңында ККҚ дайындығын көрсетеді: 1 – дайын, 0 – жоқ.

AVE.C – моделдеу уақыты ішінде пайдаланған сыйымдылықтың ортша мәні.

UTIL. – ККҚ ні пайдалану коэффициенті.

27. STORAGE, ENTER және ENTER блоктары. Көпканалды құрылғыны сипаттайтын опреатор STORAGE.

Жазылу форматы:A_ STORAGE_ B,

мұндағы А – көпканалды құрылғының аты немесе нөмірі, ал В – құрылғының сыйымдылығы.

Егер пайдаланушыға бірнеше көпканалды құрылғы қажет болса, онда оператор мынандай түрде жазылады:

STORAGE_ аты1, С1/аты2, С2…/атыn, Cn ,

Мұндағы атыi - i құрылғының аты немесе нөмірі, Ci – i құрылғының сыйымдылығы. Құрылғыны алу немесе босату үшін келесі екі блок қолданылады.

ENTER (кіру) – транзакт көпканлды құрылғыны алады.

Жазылу форматы:ENTER A, [B],

мұндағы A – көпканалды құрылығының аты, B – алынған каналдардың саны. Көрсетілмесе, В=1.

LEAVE (шығу) – транзакт көпканалды құрылғыдан шығады немесе оны босатады.

Жазылу форматы:LEAVE A, [B],

мұндағы A – көпканалды құрылығының аты, B – босатылған каналдардың саны. Көрсетілмесе, В=1.

28. Логикалық кілттер және оның күйін тексеру. LOGIC және GATE блоктары. .LOGIC блогы логикалық кілт. Транзакттар қозғалысын өзгерту үшін логикалық кілттер қолданылады. Кілттің «қосылған» және «ажыратылған» күйі болады. Жазылуы: LOGIC_rА. Мұндағы: r - ішкі операнд; I – өшіріп-қосқыш; R – өшіру; S – қосу; A – логикалық кілттің аты. А жолағымен берілген логикалық кілт ішкі операндпен анықталатын күйге қосылады. Кез-келген тұрақты жағдайда(по умолчанию) логикалық кілт «ажыратылған» күйде болады. Мысалы: а) LOGIC_S 5 - логикалық кілтті 5 қосады.

б) LOGIC_I Р$4 – 4 параметрде көрсетілген логикалық кілт өзінің күйін өзгертеді:яғни, - егер ажыратылған болса, қосылады; - егер қосулы болса, ажыратылады.

GATE блогы. Бұл блок құрылғының объектісінің күйін, яғни құрылғының күйін өзгертпей, анықтау үшін қолданылады. GATE блогы екі режимде жұмыс істейді: 1) кірісте қабылдамау немесе шартты кіріс; 2) өтуге рұқсат ету немесе шартсыз кіріс. GATE блогында кірісте транзакттарды қабылдамайды мынадай жағдайда, яғни егер лайық объект керекті күйде, қалыпта болмаса. Ал егер блокта көрсетілген шарттар қанағаттандырылса, блок транзакттардың өтуіне рұқсат береді. Жазылуы: GATE X A, [B]. Егер В жолағында блоктың аты немесе номері көрсетілсе, онда GATE блогы қабылдамаудың орнына оны көрсетілген блокқа жіберіп отырады. Осылайша, егер В жолағы бос болса, блок қабылдамау режимінде жұмыс істейді, егер бос болмаса – өткізу режимінде. Барлығы құрылғының, жадының, кілттің күйін және синхронизация шартын сипаттайтын алты шарттар мен атрибуттер бар. Олар міндетті түрде GATE жазуынан кейін жазылады. А жолағы аппараттық категорияның номерін анықтайды (құрылғының,кілттің немесе жадының). Құрылғының күйі келесідей шарттармен сипатталады: FNU24 – құрылғы қолданылмайды, яғни бос; FU – құрылғы қолданылады, яғни бос емес; FNI – құрылғы үзіліссіз жұмыс істеуде (бос немесе оған түскен транзактқа қызмет көрсетеді); FI – құрылғы үзілісті қарастырып, қызмет көрсетеді; FV – құрылғы қызмет көрсетуге әзір(доступно); FNV – құрылғы қызмет көрсетуге әзір емес(недоступно). Жадының күйі келесідей шарттармен сипатталады: SE - жады бос; SNE - жады бос емес; SF - жады толған; SNF - жады толмаған; SV - жады қызмет көрсетуге әзір; SNV - жады қызмет көрсетуге әзір емес. Кілттің күйі екі шартпен сипатталады: LR - логикалық кілт күйі «ажыратылған»; LS - логикалық кілт күйі «қосулы». Келесі белгілеулер сипатталуы: М - GATE блогы синхронизация шартының көрсетілген блокта, яғни блок-диаграммада орындалуын тексереді; NM - GATE блогы синхронизация шартының көрсетілген блокта, яғни блок-диаграммада орындалмауын тексереді.

GATE блогының қолданылуын қарастырайық: Қабылдамау режимі:

GATE SF 167 GATE LS 265 GATE FU 19 (яғни келесідей әрекеттер орындалады: 167 жадысы толмағанша, транзактты сыртпен қатынасты бөліп тастау; 265 кілті орнатылмағанша, транзактты сыртпен қатынасты бөліп тастау; құрылғы 19 бос болмағанша, транзактты сыртпен қатынасты бөліп тастау).

Өткізу режимі:

GATE FI 34,ALTR (яғни, егер құрылғы 34 үзілген болса, онда ALTR-ға көшу).

Сілтемелер: 23 GATE (өткізу), 24 F – FACILITIES (құрылғы), N – NOT(емес), U – USE (қолдану).