
- •Жаппай қызмет ету жүйелері туралы жалпы мәліметтер (жқж).
- •Оқиғалар ағынының түрлері, ағыны ж/е қасиеттері.
- •Жқж модельдерінің символдық белгіленуі (Кендалл бойынша).
- •Қызмет ету процессі Марков процессі ретінде. Колмогоров-Чепмен теңдеуі.
- •Күтуі бар бірарналы жқж. Колмогоров теңдеулерін құрудың жалпы заңы.
- •Жойылудың және көбеюдің сұлбасы. Литтл формуласы.
- •11. Қарсылықты бірарналы жқж
- •12. Қабыл алмауы бар бірарналы жқж.
- •13. Шектелген кезегі бар бірарналы жқж.
- •17. Көпканалды өзара жәрдеммен жұмыс істейтін жқж
- •18. Тұйық жқж. Ауысулар графы мен сипаттамалары. Мысал. Тұйық жқж
- •20. Имитациялық моделдеу тіліе құру негіздері. Имитациялық модельдеу тілінің объектілері, олардың құрамы және блоктары.
- •21. Gpss World туралы жалпы мәліметтер. Gpss – блоктардың форматы. Gpss World тілінде бірканалды құрылғыларды модельдеу.
- •24. Terminatе блогы. Start операторы.
- •25. Gpss World тілінің диалогтық мүмкіндіктері
- •29. Стандартты сандық атрибуттар (сса). Сса транзакт және блоктар үшін. (Этот вопрос смотреть дополнительно на русском)
- •30. Модельдегі транзактардың жылжу маршрутын өзгерту. Displace, transfer, loop блоктары
- •32. ) Безусловный режим выбора в блоке transfer
- •34. Transfer блогындағы таңдаудың статистикалық режимі
- •37. Plus, index және mark блоктары
- •39. Логикалық және буль операторлары, қатынастар операторлары.
- •41. Gpss-тағы функциялар. Функцияны суреттейтін оператор.
- •43. Generate және advance блоктарында функцияларды қолдану
- •Generate a, b advance a, b
- •44. Имитациялық модельде статистиканы жинау әдісі
- •46. Псевдокездейсоқ сандардың генераторлары
- •47.Арифметикалық айнымалылар және арифметикалық белгілер
- •48. Storage және function блогі
- •49. Table және tabulate блоктары
- •50.Priority және sabevalue блогы
20. Имитациялық моделдеу тіліе құру негіздері. Имитациялық модельдеу тілінің объектілері, олардың құрамы және блоктары.
21. Gpss World туралы жалпы мәліметтер. Gpss – блоктардың форматы. Gpss World тілінде бірканалды құрылғыларды модельдеу.
GPSS – General Purpose Simulation System, жалпымақсатты модельдеу жүйесі. GPSS World соңғы нұсқасын Minuteman (АҚШ) компаниясы әзірледі, Windows операциялық жүйесінде жұмыс істейді.
Мынаны айтып кету керек, GPSS – ЖҚКЖ-н модельдеу тілі.
Хабар жүйеге кездейсоқ уақыт сәтінде келіп түседі, кезекке тұрады және қызмет көрсетудің басталу сәтін күтеді.
Хабарлар транзактар деп аталатын болады. Транзактары GPSS-моделінің қозалушы элементтері болып табылады.
GPSS моделінің жұмысы транзактарды жылжытып көшіру болып табылады. Модельдеудің ең басында модельде бірде бір транзакт жоқ. Модельдеу процесінде уақыттың белгілі бір сәтінде транзактар модельге кіреді, және ол модельде туындайтын логикалық талаптарға сәйкес орындалады.
Осы жолмен транзактар белгілі бір уақыт сәтінде жүйені тастап шығады. Жалпы жағдайда модельде транзактардың үлкен саны болуы мүмкін, дегенмен бір уақыт сәтінде бір ғана транзакт қозғалады.
GPSS-моделінің келесі міндетті нысандары блоктар болып табылады.
Блоктарды ішкі программалар деп түсінуге болады және оларға қатынасу үшін операндалар жиынын қамтиды. Тілде мұндай блоктар саны 50-ден көп.
Модельді құру үшін талап етілген блоктарды таңдау қажет және оларды логикалық тізбекпен орналастыру қажет.
GPSS-блоктар пішімі
[<метка>] <Операция> <Операндалар> <;Түсініктеме>
Метка (блок аты). Әріптерден басталатын символдар тізбегі. Кейбір блоктарда мұндай өріс міндетті болып табылады.Операция. Операция атауы блок атымен сәйкес болады, блок орындайтын қандай да бір функцияны көрсетуші етістік болып табылады.
Операндалар. Блоктар операндаларды қамтуы мүмкін. Блоктар операндалары әрекет орындау үшін қажетті ақпаратты береді.Блоктарда 7-ден артық операндалар қолданылмайды.
Жалпы операндалар А, В, С, D, E, F, G.
Бір операндалар міндетті, басқа операндалар міндетті емес болып табылады. Операндалар бір-бірімен үтір және бір бос орын (пробел) арқылы бөлектеліп жазылады. Егер операнда қалып кетсе, оның орнына үтір қойылады. Операндалар арасында бір ғана бос орын болу керек.
Түсініктеме. Міндетті емес өріс. Түсініктеме операндалар өрісінен «;» символымен бөлектеліп жазылады. GPSS World-та блокты сипаттау қатары 250-ге дейінгі символдар санын қамти алады.
22. GENERATE, QUEUE мен DEPART блоктары. GENERATE (генерациялау) блогы – осы блок арқылы транзактар модельге келіп түседі. Модельде осындай бірнеше блок болуы мүмкін.
Жазылу пішімі:
GENERATE А, В,
мұндағы А – транзактардың тізбекті келуі арасындағы орташа уақыт, В – тең үлестіру кезіндегі қатынас өрісінің жартысы.
GENERATE 18,7
0 11 18 25
Сурет 3.1 – Қатынас өрісі
Уақыт интервалын үлестірудің күрделірек түрін беру үшін функциялар қолданылады. Олармен кейінірек танысамыз.
QUEUЕ (кезекке тұру) блогы – кезекті ұйымдастырады, статистика жинақтайды.
Жазылу пішімі:
QUEUE A, [B],
мұндағы А – кезек аты немесе нөмірі, В – кезек ұзындығын ұлғайту керек бірліктер саны.
Транзактар санын санағыш бірге өседі, ағымдағы модельдік уақыт есте сақталады.
DEPART (кезекті тастап шығу) блогы – транзактың кезектен шығуын модельдейді.
Жазылу пішімі:
DEPART A, [B],
мұндағы А – кезектің аты немесе нөмірі, В – кезек ұзындығын азайту үшін керек бірлік сан.
Ұзындық санағышы бірге кемиді, немесе В шамасына кемиді.
Модельдеу соңында кірістер санағышының мәндері, кезек ұзындығының орташа мәндері, кезекте болудың максимальды уақыты туралы және т.б. мәндер туралы ақпараттарды қамтитын статистика автоматты түрде дайындалады.
23. SEIZE, RELEASE және ADVANCE блоктары. SEIZE (бос емес) блогы – блок аспапты жүктеуді модельдейді, оны «бос емес» күйіне көшіреді.
Жазылу пішімі:
SEIZE A,
мұндағы А – аспаптың символдық немесе символдық атауы.
Мысалы,
SEIZE 1
немесе SEIZE EQO.
Аспап «бос» күйінен «бос емес» күйіне көшеді.
Блок қасиеттері:
Егер ағымдағы сәтте құрылғы қолданылса, онда транзакт блокқа кіре алады және кезегін күту керек.
Егер құрылғы бос болса, онда транзакт блокқа кіреді.
RELEASE (босату) блогы – қызмет көрсетуші аспапты босатады, оны «бос» күйіне көшіреді.
Жазылу пішімі:
RELEASE А,
мұндағы А – аспаптың симолдық немесе сандық атауы.
Осылайша, SEIZE және RELEASE блоктары құрылғыны, аспаптарды, арналарды қолдануды модельдейді.
Құрылғылар жұмысы туралы статистикалық ақпарат модельдеу кезінде автоматты түрде жинақталады. Модельдеудің соңында қолданылған құрылғылар жұмысы туралы стандартты статистика беріледі.
ADVANCE (кідірту) блогы –кейбір модельдік уақытта транзакты кідіртуді модельдейді.
Жазылу пішімі:
ADVANCE А, [В] ,
мұндағы А – қызмет көрсету уақытына кідіріс, В – кідірістің тең үлестірілген уақыт интервалындағы қатынастың жартысы.
Транзакт бұл блокқа үнемі кіре алады. Онда транзактың болған уақыты есептеледі.
Блокта бір мезгілде бірнеше транзактар бола алады. Егер болу уақыты 0-ге тең болса, онда кідіріс орнына транзакт бірден келесі блокқа орналасады.