Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Arapbaeva_Bayan_402OMF.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
230.4 Кб
Скачать

Ажыратпалы диагноз. 2 этап

Созылмалы гломерулонефрит.

Науқаста зәрі калыпты. Рентген және УДЗ көріністерінде өзгерістер жоқ.Ал

созылмалы гломерулонефрит кезінде зәрде патологиялық өзгерістер және рентген және УДЗ көріністерінде бүйрек паренхимасының тығыздалуы анықталады. Аталған көрсеткіштерді негізге ала отырып, созылмалы гломерулонефрит диагнозын жоққа шығарамын.

Иценко Кушинг синдромы.

Берілген науқастың қан анализінде гиперхолестеринемия анықталды. Рентгенографияда омыртқа жотасында өзгеріс жоқ. Ал Иценко Кушинг синдромы кезінде науқастардың қан анализінде полицитемия, лимфоцитопения, эозинофилия,гипернатремия,гипомагнемия,метаболиттік алкалоз,гиперхолестеринемия,триглицеритемия, нейтрофильді лейкоцитоз және рентгенография –диффузды остеопороз, балық тәрізді омыртқа, патологиялық сынулар болады. Мұндай өзгерістер менің науқасымда жоқ.

Шеткері қанда лейкоциттер мен эозинофильдің төмендеуі, гранулоциттурдің жоғарылауы, салыстырмалы немесе абсолютті лимфопенияның болуы тән.Лимфоциттер саны 15 % жоғарыламайды. Ол корнизолдың стимуляциясымен бүйректе эритропоэтиннің бөлінуімен, қанға эритроциттердің көптеп шығарылуымен жүреді. Қанның ұю жүйесінің бұзылысы тромбогеморрагиялық синдромға әкелуі мүмкін. Полицитемия және гемоглабиннің ұсталынуының жоғарылауы болады. Полицитемия лимфоцитопения, эозинофилия,гипернатремия,гипомагнемия,метаболиттік алкалоз,гиперхолестеринемия.триглицеритемия, нейтрофильді лейкоцитоз болады,Менің науқасымда қан анамнезінде гиперхолестеринемия анықталады.

Рентгенография –диффузды остеопороз, балық тәрізді омыртқа, патологиялық сынулар анықталады. Мақсатты және жан жақты рентген көріністерінде бүйрек ұстінің майлы тінінде ірі конгломераттар анықталады. Олар гиперплазия немесе ісік тәрізді көрініс береді. Сирек пролиферациялық ісінулер, полиупия және никтурия кездеседі, сонымен қатар глюкозоурия мен гипокалинемияның болмауы да мумкін. Мұндай өзгерістер менің науқасымда жоқ.

Феохромоцитома.

Науқаста қан және зәр анализінде феохромоцитомаға тән өзгеріс жоқ.Яғни феохромоцитома кезінде қанда нейтрофилдер, лейкоцитоз, әлсіз эритроцитоз, гиперкалиемия, гематокриттің жоғарылауы және зәрде глюкозурия анықталады.

ЭКГ-дан соң қарыншаның гипертрофиясының белгілері, коронарлық жетіспеушілік және жүрек ырғағының бұзылысы болуы мүмкін. Менің науқасымда ырғақ синусты. ЖЖЖ-84 рет электр осі солға ығысқан. Сол қарыншаның гипертрофиялық белгілері бар.

ЭхоКГ кардиопатия анықталады,ал гипертрофиялық, циркуляциялық,дилятациялық немесе ассиметриялық болуы мумкін. Менің науқасымда кардиопатия анықталмайды, тек гипертрофиясы мен дилятациясы жоқ. УДЗ зәрмен катехоламиндердің жіне оның метаболиттерінің: адреналин, норадреналиннің бөлінуін көреміз. Менің науқасымда УДЗ-да өзгерістер жоқ. Аталған көрсеткіштер менің науқасыма сәйкес келмейді.

Конн синдромы.

Конн синдромын анықтауға өтпелі тетанияның, парестезиялардың, бұлшықет әлсіздігінің, салдың және полиурияның, полидипсияның, шөлдің болуы көмектеседі.Науқастардың 50 пайызында ЭКГ-да гипоклиемияның белгілері болады.Бұл синдромда қанда альдестерон деңгейі жоғары, ренин деңгейі төмен болады.Аталған белгілер менің науқасымда болмағандықтан бұл синдромды терістеймін.

Иценко-Кушинг ауруы.

Иценко-Кушинг ауруында қанда кортизолдың және АКТГ – ның деңгейі жоғары болады. Ал менің науқасымның қан анализінде кортизолдың мөлшері қалыпты және де клиникалық көрінісінде гиперкортизолизмге тән белгілер жоқ болғандықтан бұл ауруды жоққа шығарамын.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]