Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Arapbaeva_Bayan_402OMF.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
230.4 Кб
Скачать

Жетекші симптомдардың болуы және оларды негіздеу.

Бұл науқаста жетекші синдром – артериялық гипертензия. Себебі артериялық гипертензия синдромы науқастың жағдайының нашарлап, ауруханаға жатуына себепкер болған.

Ажыратпалы диагнозды жүргізуге арналған синдромдарға ұқсас аурулар

  1. Созылмалы гломерулонефрит;

  2. Иценко-Кушинг синдромы;

  3. феохромоцитома

  4. Конн синдромы

  5. Иценко-Кушинг ауруы

Ажыратпалы диагноз (і этап).

  1. Созылмалы гломерулонефрит.

Науқаста АҚ-ның жоғарлауы психо-эмоциалдық және физикалық күшпен байланысты. ГН ауру кризсіз өтеді және қан қысымында диастолалық қысым жоғары болады. Бүйректік АГ бар науқастар АҚ жоғары болса да сезбейтіндігіне, ал науқаста АҚ шамалы жоғарласа жағдайының нашарлауына шағымданады.ГН ерте көрінетін белгісі – ісіну. Көбінесе сұйықтық қуыстарға (плевра, іш, перикард) жиналады, нәтижесінде дене салмағы қысқа уақытта 15-20 кг жоғарлауы көрінеді, ал менің науқасымда ісінулер жоқ. Гломерулонефритте АҚ кешке қарағанда таңертең төмен болады, ал бұл науқаста АҚ максимальды мөлшерге жетуі таңертеңгі мезгілде. Гн кезінде АҚ жүректің жұмысын нашарлатып, сол жақ қарыншаның жетіспеушілігіне алып келеді. Менің науқасымда бұндай өзгерістер байқалмайды.Науқастағы патологиялық өзгерістер гломерулонефрит кезіндегі өзгерістерге сай келмегеннен, науқаста гломерулонефритті жоққа шығардым.

  1. Иценко-Кушинг синдромы;

Иценко-Кушинг синдромы бар науқастар ұйқысыздыққа, тез шаршағыштыққа, әлсіздікке, эйфорияға шағымданады. Науқас басының қатты ауырсынуына, бас айналуына, шүйде-самай аймағының ауырлауына, көздің қарауытып, мұрыннан қан кетуге шағымданады. Иценко-Кушинг синдромы науқасты қарағанда диспластикалық семіздік – бет аймағында (ай тәрізді дөңгелек бет), иықта, омыртқаның мойын бөлігінде, кеуде, іш аймағында майлар жайылып орналасқан және салыстырмалы қол мен аяқтың керісінше жүдегені байқалады. Терінің жұқаруы, құрғауы, бет жамылғысының қызыл түсті болуы, беттерде шаш өсіп,қолтықта шаштардың түсуі, іш аймағында стриялар, қолтық асты және сүт безі аймағында ойықтар анықталады. Науқаста жоғарыда айтылған өзгерістер анықталмады. Науқастағы патологиялық өзгерістер Иценко-Кушинг синдромы кезіндегі өзгерістерге сай келмегеннен, мен Иценко-Кушинг синдромын жоққа шығарамын.

  1. Феохромоцитома.

Феохромоцитома- бұл бүйрекүсті безі ми қабатының хромафиндік тінінен дамыған ісігі. Клиникалық көріністеріне гипертониялық криздер,жүрек қағуы, үрейлену, діріл, бас ауруы, бас айналуы, құсу және вазоматорлық көріністер жатады. Криздің сипаты ісіктен бөлінетін катехоламиннің түріне тәуелді. Егер адреналиннің бөлінуі басым болса, гипергликемия, гиперметаболизм, тахикардия, діріл байқалады және систолалық қысым басым жоғарылайды.Криз ұзаққа созылмайды. Ісіктен норадреналин бөлінетін болса, онда диастолалық қысым басым көтеріледі және брадикардия, стенокардия ұстамасы, көз түбі өзгерістері байқалады және криз кезінде АҚ баяу көтеріліп,гипертензия ұзаққа созылады. Іштің пальпациясы,ауыр дене қызметі, эмоция құбылыстары қысымның көтерілуіне немесе криздің дамуына түрткі болады. Феохромоцитоманың негізгі белгісі – АҚ-ның 250/140 – 300/160 мм с.б.б дейін ұстамалы көтерілуі болып табалады. Криз кезінде терінің мрамор тәрізді болуы, бозару, көз алмасының кеңеюі, тахикардия, яғни ЖЖЖ 130 рет, жалған зәр шығарулар болады.

Феохромоцитомаға душар болған науқастар жүдеген және терісі бозарған болып келеді. АҚ жоғарлауына пароксизмальды типі тән. Менің науқасымдағы патологиялық өзгерістер феохромацитома кезіндегі өзгерістерге сай келмегеннен, мен бұл ауруды теріске шығарамын.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]