
- •1. Құжаттық бөлім
- •Тыныс алу жүйесі
- •Ас қорыту жүйесі
- •Нерв және эндокринді бездер жүйесі
- •Жетекші симптомдардың болуы және оларды негіздеу.
- •Ажыратпалы диагнозды жүргізуге арналған синдромдарға ұқсас аурулар
- •Ажыратпалы диагноз (і этап).
- •Иценко-Кушинг синдромы;
- •Феохромоцитома.
- •Конн синдромы.
- •Иценко-Кушинг ауруы.
- •Жалпы билирубин -12.04 мкмоль/л
- •Протромбиндік индексі – 90 %
- •Ажыратпалы диагноз. 2 этап
- •Клиникалық диагнозды негіздеу
Ас қорыту жүйесі
Қарау:
Жұтынуы еркін, ауырсынусыз. Ауыз қуысын қарағанда ауыздың шырышты қабаты ылғалды, ақшыл қызыл түсті, таза. Тілінің беті ақ жабынмен жабылған, жиегінде тістің іздері байқалады.Жоғарғы тістері протезделген. Аңқасы қызарған, таңдай доғалары жақсы шектелген.
Ішін қарағанда қалыпты формалы, симметриялы, тыныс алуға біркелкі қатысады. Көк тамырлары ұлғаймаған. Перистальтикасы көрінбейді.
Пальпация:
Беткей бағдарлау пальпациясында іш терісі ылғалды, ауырсынусыз, тері асты шел майы жақсы дамыған. Құрсақ қабырғасында жыланкөздік шығыңқылар анықталмайды.
Терең сырғымалы пальпацияда (Образцов – Стражеско – Василенко бойынша):
Сигма тәрізді ішек: ауырсынусыз, беті тегіс, эластикалы консистенциялы, цилиндр тәрізді, диаметрі 2 см, ұзындығы 25см , жылжымалылығы 3 – 4 см, шұрылдамайды.
Соқыр ішек: ауырсынусыз, беті тегіс, тығыздау консистенциялы, түбі дөңгеленген цилиндр тәрізді, диаметрі 3 см, ұзындығы 9 см, жылжымалылығы 2 – 3 см, шұрылдайды.
Мықын ішек және құрт тәрізді өсінді: мықын ішек ауырсынусыз, жұмсақ консистенциялы, цилиндр тәрізді, диаметрі см, қозғалмалы, шұрылдайды; құрт тәрізді өсінді пальпацияланбайды.
Өрмелеген тоқ ішек: ауырсынусыз, беті тегіс, жұмсақ, тығыз консистенциялы, цилиндр тәрізді, диаметрі 2,5 см, қозғалғыштығы 2 см, шұрылдамайды.
Төмендеген тоқ ішек: ауырсынусыз, беті тегіс, тығыз консистенциялы, цилиндр тәрізді, диаметрі 2 см, қозғалғыштығы 2 см, шұрылдамайды.
Көлденең тоқ ішек: ауырсынусыз, жұмсақ, орташа тығыз консистенциялы, көлденең орналасқан цилиндр тәрізді, диаметрі 2,5 см, қозғалмалы, шұрылдамайды. Кіндіктен 1 см жоғарырақ анықталады.
Асқазан және қалытқы: асқазан кіндіктен 2 – 3 см жоғары пальпацияланады, білік тәрізді; қалытқы кіндіктен 3 – 4 см жоғары оң жақ тік бұлшықеттің жанында пальпацияланады, жиырылған цилиндр тәрізді, сипағанда шұрылдайды (тышқан дыбысы).
Перкуссияда: іштің барлық бетінде әр түрлі дәрежедегі тимпаникалық дыбыстар естіледі.
Аускультацияда: іштің барлық бетінде ішектік перистальтика шулары естіледі.
Бауыр, өт қабы және көкбауыр пальпациясы: бауыры қабырға доғасынан 5 см шыққан, шеті эластикалы, консистенциясы жұмсақ, ауырсынусыз; өт қабы пальпацияланбайды; көкбауыры пальпацияланбайды.
Курлов бойынша бауыр перкуссиясы:
l. mediaclavicularis dextra |
10 см |
l. mediana anterior |
9 см |
Сол жақ қабырға доғасы |
8 см |
Курлов бойынша көкбауыр перкуссиясы:
Ені: 4 см
Ұзындығы: 6 см
Нәжіс бөлінуі еркін, ауырсынусыз, түсі қалыпты, күнделікті.
Зәр шығару жүйесі
Қарағанда бел аймағы мен терісінде және қасаға үстінде ісіну, қызару байқалмайды.
Бүйрек пальпацияланбайды және ауырсынусыз.
Соққылау симптомы 2 жағында да «теріс» мәнді.
Тыңдағанда бүйрек тамырларының соғысы және патологиялық шулар естілмейді.
Зәр шығаруы еркін, ауырсынусыз.
Нерв және эндокринді бездер жүйесі
Науқастың санасы ашық, қоршаған ортаға бейімді, қойылған сұрақтарға дұрыс жауап береді. Психикалық дамуы жасына сай, ұйқысы тыныш. Дәм сезу, иіс сезу, көру, есту, есте сақтау және сезімталдығы жасына сай төмендеген.
Қалқанша безі үлкеймеген, қалыпты формалы, консистенциясы жұмсақ – эластикалы. Басқа эндокриндік бездер жағынан да өзгеріс байқалмайды. Жыныс бездері қалыпты дамыған.
Синдромдар |
Симптомдар |
Артериялық гипертензия |
Жиірек таңертеңгелік бас ауру, құлақта шудың болуы, көздің қарауытуы, АҚ 240/110 мм с.б.б дейін жоғарылауы, мұрыннан қан кету, қолқада ІІ тонның акценті. |
Қанайналым жеткілісіздігі |
Физикалық жүктемеге төзімділіктің төмендеуі, физикалық жүктеме кезінде инспираторлы ентігу. |
Цероброваскулярлық синдром |
Бастың ауруы, айналуы, құлақтың шуылдауы, еске сақтау қабілетінің төмендеуі |
Жалпы невроздық |
Ұйқысыздық, астения, иппохондрия, депрессияға бейімділік. |
Гипертониялық ангиоретинопатия |
Көрудің дисфункциясы |