Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Arapbaeva_Bayan_402OMF.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
230.4 Кб
Скачать

Тыныс алу жүйесі

Қарағанда кеуде қуысының пішіні гиперстениялы. Тыныс алу түрі аралас. Тыныс алуы еркін, мұрын арқылы. Мұрын қуысында өзгеріс жоқ. Тыныс алуға кеуде қуысының екі жағы да бірдей қатысады. Тыныс алу жиілігі минутына 20 рет.

Пальпацияда:

Кеудесі серпімді, эластикалық қасиеті сақталған. Дауыс дірілі симметриялы өзгермеген, кеуде қуысының барлық аймағында бірдей күште сезіледі. Тыныс алу актісіне екі өкпе бірдей қатысады. Пальпация кезінде ауырсыну білінбейді.

Салыстырмалы перкуссияда:

Екі өкпенің симметриялы бөлімдерінде ашық өкпелік дыбыс естіледі. Перкуторлы дыбыстың ошақты өзгерулері кездеспейді.

Топографиялық перкуссияда:

  1. Өкпенің жоғарғы ұшы.

Оң жақ

Сол жақ

Алдыңғы жағы

Бұғанадан 3,5 см жоғары

Бұғанадан 4 см жоғары

Артқы жағы

VII мойын омыртқасының қырлы өсіндісі

VII мойын омыртқасының қырлы өсіндісі

Кренинг алаңы

6 см

6,5 см

  1. Өкпенің төменгі ұшы.

Топографиялық сызықтар

Оң жақ

Сол жақ

l. parasternalis

CV

-

l. mediaclavicularis

CVI

-

l. axillaris anterior

CVII

CVII

l. axillaris media

CVIII

CVIII

l. axillaris posterior

CIX

CIX

l. scapularis

CX

CX

l. paravertebralis

ThXI көлденең өсіндісіне сәйкес

ThXI көлденең өсіндісіне сәйкес

Аускультацияда:

Екі өкпенің симметриялы бөлімдерінде везикулярлы тыныс естіледі. Дыбыссыз,ылғалды,орташа көпіршікті сырылдар естіледі.

Бронхофония симметриялы таралады.

Жүрек – қантамыр жүйесі

Қарау:

Визуальды қарағанда мойын тамырлары, көк тамырлар мен күре тамырларда ешқандай өзгеріс жоқ. Жүрек аймағын қарағанда жүрек дөңесі байқалмайды. Патологиялық пульсациялар байқалмайды.Жүрек ұшы түрткісі көзге көрінбейді. Шыбық артериясында пульсі симметриялы, жиілігі минутына 100 рет, ритмі дұрыс емес (pulsus irregularis), ырғақсыз, күші әлсіз (pulsus mollis), толыққанды (pulsus plenus), көлемі кіші (pulsus parvus), түрі тез (pulsus celer).

Артериялық қан қысымы:

Оң қолда – 190/120 мм. сб. б Сол қолда – 190/110 мм. сб. б

Пальпация:

Жүрек ұшы түрткісі V қабырға аралықта l. мediaclavicularis – тен 1 см сыртқа қарай ығысқан. Жүрек ұшы түрткісі күші қатты, көлемі жайылған (2,5см), биіктігі жоғары, серпімді. Эпигастральді аймақта пульсация жоқ.

Перкуссия:

  1. Жүректің салыстырмалы тұйық шекарасы

Шекарасы

Орналасуы

Оң жақ

IV қабырға аралықта l. sternalis dextra – дан 1см сыртқары орналасқан

Жоғарғы жақ

l. parasternalis sinistra бойымен III қабырға аралықта орналасқан

Сол жақ

l. mediaclavicularis sinistra бойымен V қабырға аралықта 2 см сыртқа орналасқан

  1. Нағыз тұйық дыбыс шекарасы

Шекарасы

Орналасуы

Оң жақ

l. sternalis sinistra бойымен IV қабырға аралықта орналасқан

Жоғарғы жақ

l. parasternalis sinistra бойымен IV қабырға аралықта орналасқан

Сол жақ

l. mediaclavicularis sinistra бойымен V қабырға аралықта орналасқан.

  1. Тамыр шоғырының шекарасы

Оң жақ

l. sternalis sinistra бойымен IІқабырға аралықта орналасқан

Сол жақ

l. sternalis dextra бойымен II қабырға аралықта орналасқын

Жалпы ені

7 см

Аускультацияда:

Жүрек жұмыссының ретсіз болуы (delirium cordis);

Барлық тыңдау нүктелерінде жүрек тондары әлсіреген, ырғақсыз. I тонның даусының тұрақты өзгеріп тұруы,қолқа үстінде ІІ тонның акценті естіледі.

Систолалық шу естіледі, перикард үйкеліс шуы тыңдалмайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]