Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Arapbaeva_Bayan_402OMF.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
230.4 Кб
Скачать

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті.

№1 Ішкі аурулар кафедрасы

Ауру тарихы

Науқас: Шарипов А.Г.

Клиникалық диагнозы: Артериялық гипертензия. ІІІ дәрежесі. 4 қауіп. ҚЖ І. Гипертоникалық криз І типті.

Орындаған: Арапбаева Б.С

402 топ ЖМФ

Қабылдаған: Бейсембекова Ж.А

Қарағанды 2010 ж.

Қан тобы: А (ІІ),Rh+

1. Құжаттық бөлім

Аты – жөні: Шарипов Аманкелді Ғалымжанұлы.

Жасы: 06.10.1940. (69 жаста)

Жынысы: ер

Ұлты: қазақ

Білімі: арнайы – орта

Жұмыс орны: зейнеткер

Мекен – жайы: Қарағанды облысы.

Октябрь ауданы,

Большевик 11.

Түскен уақыты: 10.10.2010ж.

Түскендегі диагнозы: Артериялық гапертензия 3 дәрежесі, ҚЖ І,

Клиникалық диагноз: Артериялық гапертензия 3 дәрежесі, ҚЖ І,

Гипертониялық криз 2 типті.

2.Шағымдары

Науқас артериалдық қан қысымының көтерілуіне (240/110мм с.б.) байланысты маңдай мен самай тұсындағы басының ауыруына,көзінің қарауытуына, құлағындағы шуға, мұрынның қанауына, жүрегінің қатты соғуына, аралас типті ентігуге шағымданады. Ол шамалы физикалық күш түскенде,екі жүз метрдей жүргенде, сатымен бір қабатқа көтерілгенде, кейде тыныштық кезінде, психоэмоционалдық стресс кезінде пайда болып, 5 – 10 минуттай созылады. Сонымен қатар шамалы жалпы әлсіздікке, тез шаршағыштыққа, ұйқысыздыққа шағымданады.

3.Anamnesis morbi

Науқас өзін 1990 жылдан бастап аурумын деп санайды. Профилактикалық тексеру кезінде дәрігер оған «Артериалды гипертензия 2 дәрежелі» диагнозын қойған.Сол жылы тексерулерден өтіп,үйінде ем қабылдаған. Одан кейін әр жыл сайын аймақтық дәрігерге қаралып,тексеріліп,дәрігердің тағайындауымен 1990 жылдан бастап каптоприл қабылдап отырған. Бірақ соңғы 5 жылда науқастың қан қысымы ауа-райының құбылуынан, эмоциалық күйзелістен кейін жиі жоғарлап, бастың ұстамалы ауырсынуы, самай, шүйде аймағының ауырлауы, көздің қарауытуы, мұрыннан қан кету байқалған. Бірақ бұл өзгерістер науқас папазол, но-шпа, клофелин препараттарын қолданғаннан кейін қан қысымы төмендеген Алайда 7.09.10 ж. науқас жағдайы нашарлап, өз алдына дәрілік препараттар қолданған. Бірақ науқастың қан қысымы 240/110 мм с.б.б жоғарлап, дәрілік заттар әсері болмаған. Осыған байланысты науқасты 09.09.10 ж. №1 қалалық ауруханаға жедел жәрдем көмегі арқылы жеткізілген.

4.Anamnesis vitae

Науқас 1940жылы Қарағанды облысында туған. Жанұяда жалғыз ұл. Бала кезінде физикалық және ақыл – ой қабілетінің дамуы қалыпты. 7 жасынан бастап оқыған, білімі арнайы – орта. Үйленген, 3баласы бар;

Профессионалдық анамнез:

  1. жасынан бастап теміржолда жұмыс істеген. Қазір зейнеткерлікте.

Тұрмыс жағдайы:

Әлеуметтік – тұрмыстық жағдайы жақсы.

Тамақтануы:

тамақтануы қалыпты,күніне 4-5 рет,уақытылы тамақтанады.

Зиянды әдеттері:

20 жасынан бастап темекі тартады (40 жыл көлемінде), күніне 1 қорап;

Ішімдікті отырыстарда қолданады;

Эпидемиологиялық анамнезі: инфекциялық гепатит, іш және бөртпе сүзекпер, ішектің инфекциялық ауруларымен ауырмаған. Туберкулез, сифилис және Боткин, венерологиялық аурулармен ауырмаған.

Тұқым қуалаушылық анамнезі:

Әкесі мен шешесі гипертоникалық аурумен ауырған, атасы инсульттан қайтыс болған.

Аллергологиялық анамнезі:

Дәрілік препараттарға және сыртқы орта факторларына аллергиясы жоқ.

5.Status praesens

Науқастың жалпы жағдайы орташа ауырлықты дәрежеде,қан айналым жеткіліксіздігі әсерінен.

Есі анық,берілген сұрақтарға жақсы жауап береді.

Төсектегі қалпы белсенді.

Дені бітімі гиперстеникалық типтті

Дене қызуы 36,4 Co

Тері жамылғысы , қалыпты түсті, таза, құрғақ. Серпімділігі аз ғана төмендеген. Бөртпелер, түйіндер, қан құйылулар, ойық жаралар, тыртықтар, терінің қабыршақтануы және тамыр жұлдызшалары байқалмайды. Шаштың өсуі қалыпты, сынуы, түсуі жоқ. Тырнағының пішіні дұрыс, түсі қалыпты, сынулар жоқ.

Терісі таза, бозғылт, жылы құрғақ, тургоры төмендеген. Шырышты қабаттары өзгермеген. Тері асты шел май қабаты жақсы дамыған, біркелкі жайылған. Шеткері лимфа түйіндері ұлғаймаған, ауырсынусыз, жан – жағындағы тіндермен жабыспаған.

Бұлшықеттері қалыпты, симметриялы дамыған, басқанда ауырсынбайды, күші 4 баллмен бағаланады. Сүйек – буын жүйесі көзбен қарағанда деформацияланбаған, сипағанда және соққылағанда ауырсынбайды. Буынның жергілікті аймағы жылы, аздап өзгерген, қозғалысы сақталған, жұмысы шектелмеген. Омыртқа жотасы қисаймаған. Бас формасы қалыпты, ауыз, мұрын, құлақта ақаулары жоқ.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]