Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
INFORMATIKA_-KEShEN_doc.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
580.1 Кб
Скачать

Дербес компьютерлер

Есептеу машиналары өздерінің арналуы және функционалдық мүмкіндіктеріне қарай үлкен ЭЕМ-дарға, мини ЭЕМ-дарға, микро ЭЕМ-дарға және дербес компьютерлерге (ДК) бөлінеді.

Үлкен ЭЕМ-дар – бұл өте қуатты компьютерлер, олар ірі мекемелерге, кәсіпорындарға немесе халық шаруашылығының тұтастай салаларында жұмыс істеу үшін қолданылады. Үлкен ЭЕМ-дарды пайдалану үшін көптеген қызметкерлері бар есептеу орталықтары құрылады. Олар бірнеше міндеттерді қатар шешіп, бірнеше пайдаланушымен қатар жұмыс істей алады.

Мини ЭЕМ-дардың үлкен ЭЕМ-дарға қарағанда, өлшемдері шағын және өнімділігі мен құны да төмен. Мини ЭЕМ-дар өндірістік процесстерді басқаруда, ғылыми мекемелерде, ғылыми жұмыстарды оқу ісімен үйлестіретін жоғары оқу орындарында қолданылады.

Микро ЭЕМ-дардың тиімділігі үлкен ЭЕМ-дарға қарағанда төмен және олар негізінде деректер дайындау, программалық қамтамасыз етуін жетілдіру бойынша көмекші операцияларды орындайды.

Дербес компьютерлер бүгінгі күні көпшілік арасында кең тарады. Дербес компьютерлердің осылай аталу себебі – ол бір-ақ адам жұмыс істеуге арналған. Қазіргі ДК көлемі шағын, өнімділіктері жоғары. Дербес компьютерлер адам әрекетінің барлық салаларында қолданылады. Дербес компьютерде жұмыс істеу дегеніміз, оның операциялық жүйесімен жұмыс істеу. Операциялық жүйе - бұл компьютерді іске қосқан кезде жүктелетін және оның барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын арнайы программа.

Тапсырмалар:

1. Мәтінді мұқият оқып, орыс тіліне аударыңыз.

2. Төмендегі сөздердің синонимдерін тауып жазыңыз.

1. ЭЕМ ___________________________________________________________

2. Міндет__________________________________________________________

3. Мекеме _________________________________________________________

4. Қолдану_________________________________________________________

5. Шағын__________________________________________________________

6. Дербес __________________________________________________________

7. Құны ___________________________________________________________

8. Қызметкер ______________________________________________________

9. Қазіргі__________________________________________________________

10. Халық _________________________________________________________

3. Анықтамаларды мағынасы бойынша орналастырыңыз.

а) Бұл компьютер бір-ақ адам жұмыс істеу үшін арналған.

ә) Бұл компьютерлер кәсіпорындарда, халық шаруашылық салаларында қолданылады.

б) Басқа ЭЕМ-ға қарағанда, құны мен өнімділігі төмен, өлшемі де шағын.

в) Келесі ЭЕМ-ның жұмысы көмекші операцияларды орындау.

а) ------------------------------------------- Дербес компьютерлер

ә) ------------------------------------------- Микро ЭЕМ

б) ------------------------------------------- Үлкен ЭЕМ

в) ------------------------------------------- Мини ЭЕМ

4. Көп нүктенің орнына көптік жалғауының тиістісін қойыңыз.

Дербес компьютер..., барлық құрылғы...ының, есептеу машина...ы, қуатты компьютер..., ірі кәсіпорын...ға, барлық сала...ында, көптеген қызметкер...і, есептеу орталық...ы, бірнеше міндет...ді, өлшем...і шағын, ғылыми мекеме...де, дерек... дайындау, көмекші операция...ды, өнімділік...і жоғары, функционалдық мүмкіндік...

5. Тиісті сөздер мен сөз тіркестерін пайдалана отырып, сөйлемдерді толықтырыңыз.

а) Ақпарат жинақтауыштар - кез келген ЭЕМ-нің ... бөлігі.

ә) Олар ... ақпаратты ұзақ уақыт сақтау үшін қажет.

б) Сыртқы ... кез келген программа, мәлімет сақтала береді.

в) ДЭЕМ-дерге ақпаратты жинақтауыш ролін магниттік дискілердегі ... атқарады.

г) Қатты дискідегі мәлімет жинақтауыштар ақпаратты ... сақтауға арналған.

ғ) Дискетті алғаш рет пайдалану алдында, оны арнайы ... форматтайды.

Тиісті сөздер: сақтауға, тәсілмен, жадта, көлемді, қажетті, жинақтауыштар.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Күзекова З. С. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит). Алматы: Ғылым, 2001.

2.Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі (Ана тілі деңгейінде үйрету құралы). Алматы, 1998.

3. К.Б.Жақсылықова Қ.Ж.Шабденова Ақпараттық технологиялар бөлімі студенттеріне арналған қазақша кәсіби тілді меңгертуге арналған оқу құралы.Қарағанды - 2007

«Тэффи» баспасы

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (4-тақырып) [қосымша 12,14,16]

1. «Қоғамдағы отбасының қызметі» тақырыбына әңгіме.

2. «Отбасы» тақырыбына сұқбат.

3. «Дербес компьютерлер» әңгіме.

5-тақырып Қазақстанның білім беру жүйесі. «Болашақ» бағдарламасы. Дербес компьютердің құрылысы. Одағай. Еліктеу сөздер

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары

1. Одағай. Еліктеу сөздерді қайталау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]