Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
INFORMATIKA_-KEShEN_doc.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
580.1 Кб
Скачать

4. Жақсылықова к.Б., Шабденова қ.Ж. Ақпараттық технологиялар бөлімі студенттеріне арналған қазақша кәсіби тілді меңгертуге арналған оқу құралы.Қарағанды - 2007

«Тэффи» баспасы

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (3-тақырып) [қосымша 12,13,14, 16]

1. «Жеке адам, топ және ұжым» тақырыбына сұқбат.

2. «Менеджер және ұжым» тақырыбына әңгіме.

3. «Электронды есептеуіш машиналар» тақырыбына реферат.

4-тақырып Қоғамдағы отбасының қызметі. Отбасы. Дербес компьютерлер Шылаулар. Септеулік, жалғаулық, демеулік шылаулар.

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары

1. Шылаулар. Септеулік, жалғаулық, демеулік шылауларды қайталау.

2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.

3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.

4. Сөздікті пайдалана отырып, техникалық мәтіндерді аударту. Қоғамдағы отбасының қызметі

Отбасы дегеніміз – туысқандық байланыста болатын (атасы, әжесі, күйеуі, әйелі, балалары, ата-анасы т.б.) бірлесіп, әулеттік-тұрмыстық өмір сүретін адамдар. Олар отбасында мемлекеттік заңдар мен ережелерді сақтайды. Отбасы – адам баласының өсіп-өнер, қаз тұрар, қанат қағар ұясы, алтын белгісі. Отбасында қалыптасқан барлық жақсы қасиеттер өмір бойына серік болады. Оны ешкім түзете алмайды.

Көне заманнан бері әрбір отбасында той-мерекелер (шілдехана, ат қою, туған күн, мектепке бару тойы, күміс және алтын, қоныс тойлары) қайта жаңғыруда.

Бала тәрбиесінде отбасы қызметінің қоғамға тигізер пайдасы көп. Отбасынан жақсы, дұрыс тәрбие алған бала қоғамға да өз үлесін тигізеді. Сол себепті де қоғамдағы отбасының қызметіне аса назар аударған жөн.

Тапсырмалар:

1. Мәтін бойынша сөздік құрастырыңыз.

2. Туыстық атауларды жаттап алыңыз.

3. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыз.

4. Өз отбасыңыздың қоғамдағы қызметі туралы шағын шығарма жазыңыз.

5. Бала тәрбиесінде отбасы қызметінің қоғамға тигізер пайдасы көп. Осы берілген

сөйлемге синтаксистік, морфологиялық талдаулар жасаңыз.

ОТБАСЫ

Менің отбасымда жеті адам бар. Олар: атам, әжем, әкем, шешем, ағам, қарындасым және мен. Атам мен әжем-зейнеткер. Әкем қырық жеті жаста, ол ауруханада дәрігер болып жұмыс істейді. Шешемнің жасы қырық бесте, ол - жеке кәсіпкер. Ағам Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін бітірген. Қазір құрылыс фирмасында қызмет етеді. Оның жасы жиырма бесте. Қарындасым дарынды балаларға арналған мектепте оқиды. Ал мен өзім Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің ақпараттық технология институтында оқимын.

Біздің отбасымыз Қарағанды қаласының орталығында, төрт бөлмелі пәтерде тұрады. Туыстарымыздың бәрі осы қалада тұрады. Біз жиі қатынасып тұрамыз. Біз өте тату тұрамыз. Біздің отбасымыздың достары көп. Мерекелерде кездесіп тұрамыз.

Тапсырмалар:

  1. Жаңа сөздерді сөздікпен аударыңыз

  2. Жаңа сөздерді бірнеше рет оқып, дұрыс айтуға жаттығыңыз.

  3. Мәтінді аударыңыз.

  4. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыз.

  5. Мына сөздерге фонетикалық талдау жасаңыз: менің, әжем, дарынды, төрт.

  6. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып жазыңыз: қ…рылыс, қаз…р, п…тер, …лме

  7. Досыңыздан оның отбасы туралы сұраңыз.

  8. Берілген мәтін бойынша өз отбасыңыз туралы әңгіме жазыңыз.

  9. Екінші студентпен "Отбасы" тақырыбы бойынша сұрақ-жауап арқылы сауалнама құрастырыңыз.

  10. Отбасы, туған-туыстар туралы мақал-мәтелдер жазып келіңіз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]