Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
INFORMATIKA_-KEShEN_doc.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
580.1 Кб
Скачать

Менеджер және ұйым

Ұйымның сипаттамасы. Менеджментті оқып білу үшін ұйымның не екенін, неге басқару керек екенін білу қажет. Ұйым менеджерлер әлемінің негізін құраушы және менеджменттің өмір сүруінің негізі болып табылады.

Ұйым дегеніміз не? Қандай да бір топ ұйыммен санасу үшін бірнеше міндетті талаптарға сәйкес болу керек.

1.Осы топтың бөлігі деп санайтын кем дегенде екі адамның болуы;

2.Осы топтың барлық мүшелеріне ортақ болып саналатын кем дегенде бір мақсаттың болуы;

3.Мақсатқа жету үшін бірге жұмыс істейтін топтың мүшелері болуы.

Осы сипаттар арқылы анықтама аламыз:

Ұйым дегеніміз – ортақ мақсатқа жету үшін қызметтері біріктірілген адамдар тобы.

Ұйымдар ресми және бейресми деп бөлінеді. Егер ұйым жоғарыдағы талаптарға сай болса, ол ұйым формалды болып табылады.

Бейресми ұйымдар – бұл аяқ астынан шыққан топтар, бірақ мұнда да адамдар өзара байланысты болады.

Күрделі ұйымдар – бұл өзара байланысты мақсаттардың жиынтығынан тұратын ұйымдар.

Ұйымдар формасы, мақсаттары, ұйымдық құрылымы бойынша ерекшеленеді, сонымен қатар ортақ сипаттары бөлініп шығады. Ұйымның бес ортақ қасиеттері табысқа, жетістікке жету үшін ұйымды не үшін басқару керек екенін түсінуге көмектеседі.

Олар:

  1. Ұйымның ресурстары.

  2. Сыртқы ортаға тәуелділігі.

  3. Көлденең еңбек бөлінісі.

  4. Бөлімдер.

  5. Тік еңбек бөлінісі.

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқып, аударыңыз.

2. Сұрақтарға жауап беріңіз.

Ұйымның сипаттамасы қандай?

Ұйым дегеніміз не?

Ұйымдар қалай бөлінеді?

Ұйымның бес ортақ қасиеттерін атаңыз.

3. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды қойып, қосымшаның түрін анықтаңыз, сөйлемдерді көшіріп жазыңыз.

4.Сөз тіркесін жасаңыз.

Ұйыммен ... , ортақ мақсатқа ... , өзара ... .

5. Мәтін бойынша сұқбаттасыңыз.

6. Мәтіннің мазмұнын әңгімелеп беріңіз.

Электронды есептеуіш машиналар

ХХ ғасырдың бірінші жартысында радиотехника қарқындап дамыды. Радио-қабылдағыштар мен радио арқылы хабар беретін құралдардың негізгі элементі – электронды-вакуумды шамдар (лампалар) болды. Электрондық шамдар алғашқы электрондық есептеуіш машиналардың техникалық негізі болды. Бірінші электрондық есептеуіш машина 1946 жылы АҚШ-тың Пенсильван университетінде жасалды, оны ENIAC деп атады.

ENIAC-тың конструкторлары – Дж. Моучли мен Дж. Эккерт. ENIAC-тың салмағы 30т және 18000 электрондық шамдары болды, ол бір секундта 5000 қосу, азайту амалдарын, 300 көбейту амалын орындай алды. Релелік машиналарға қарағанда, оның амал орындау жылдамдығы мың есе жоғары болды.

1946 жылы американ математигі Джон Фон Нейман өз мақаласында ЭЕМ-нің жұмысы мен құрылымының принциптерін баяндады. ЭЕМ жұмысының басты принципі – жадта сақталатын бағдарлама принципі, онда бағдарламалар мен мәліметтер машинаның жалпы жадына орналастырылады. Мақалада баяндалған идеялар “Джон Фон Нейманның ЭЕМ архитектурасы” деп аталды, бұл идея негізінде 1949 жылы EOSAC машинасы құрастырылды. Алғашқы ЭЕМ-дар тек бір данадан ғана болды.

Бұрынғы Кеңес Одағында бірінші ЭЕМ 1947-1948 жылдары академик Сергей Алексеевич Лебедевтің басшылығымен жасалды, оны МЭСМ (Кіші электрондық санақ машинасы) деп атады. 1951 жылы ол ресми түрде пайдалануға енгізіліп, бұл машинада әр түрлі есептеулер жүргізіле бастады. Ол секундына 50 амал орындайтын болған, ал жедел жад электрондық шамдардағы 100 ұяшықтан тұрды.

1952-1953 жылдары оның жетілдірілген түрі (Үлкен электрондық санақ машинасы) пайдалануға енгізілді, ол секундына 10000 амал орындайтын еді.

Жедел жад алдымен электронды-акустикалық линияларда, содан соң электронды-сәулелік түтікте, ол кейінірек ферриттік өзекшеде жинақталды. Сыртқы жад екі магниттік барабанда және магниттік таспаларда болды.

Тапсырмалар:

1. Мәтінді мәнерлеп оқыңыз да, орыс тіліне аударыңыз.

2. Төмендегі сөздермен сөз тіркестерін құрастырыңыз.

Радиоқабылдағыш, шамдар, қосу, азайту, амалдар, көбейту , релелік, жылдамдығы, құрылым, жад, бағдарлама, орналастырылды, бұрынғы, санақ машинасы, ресми, есептеулер.

3. Төмендегі сөздерді орысшаға аударыңыз да, көшіріп жазыңыз.

Радиоқабылдағыштар арқылы, алғашқы ЭЕМ-дар, электронды-вакуумды шамдар, санақ машинасы, электрондық есептеуіш машина, әр түрлі есептеулер, релелік машина, жедел жад, орындау жылдамдығы, ұяшықтан тұрды, ЭЕМ құрылым, электронды-сәулелік түтік, жадта сақтау, магниттік таспалар, жадына орналастыру.

4. Төмендегі сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз.

1.Радиотехника қай ғасырда дамыды?

2.Радиоқабылдағыштар арқылы хабар беретін құралдың негізгі элементі не?

3.Бірінші ЭЕМ қай жылы, қайда жасалды?

4.Бірінші ЭЕМ қалай аталды?

5.ENIAC-тың қанша электрондық шамдары болды?

6.Ол бір секундта қанша амал орындай алды?

7.Д.Ф. Нейман мақаласында не туралы баяндады?

8. ЭЕМ жұмысының басты принципі не?

9. 1949 жылы қандай машина құрастырылды?

5 . Мына суретке қарап, сұқбат құрыңыз.

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Күзекова З. С. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит). Алматы: Ғылым, 2001.

2.Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі (Ана тілі деңгейінде үйрету құралы). Алматы, 1998.

3. Хасен М.Ә., Шабденова Қ.Ж., Байпелова Г.С., Нұргожина Г.М. Қазақ тілі.ЭОҚ. ҚарМТУ 2006

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]