Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
INFORMATIKA_-KEShEN_doc.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
580.1 Кб
Скачать

Есептеуіш техниканың даму тарихы

Бәрімізге есептеу құралы есепшот бұрыннан белгілі болып табылады. Есепшот Ресейде ХVI-XVII ғасырларда пайда болған. XVII ғасырдың басында шотландиялық математик Джон Непер логарифм түсінігін енгізді және өзінің логарифм кестесін жариялады.1761 жылы ағылшын Д. Робертсон жүгіртпесі бар навигациялық есептеулер жүргізуге арналған логарифм сызғышын жасады. Мұндай құрал жасау идеясын 1660 жылдары Исаак Ньютон ұсынған болатын. 1642 жылы француз математигі Блез Паскаль он тоғыз жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасы деген атпен белгілі, жетектер мен дөңгелектерден тұратын механикалық есептеу машинасын құрастырды.

1694 жылы атақты неміс математигі Лейбниц Паскальдың идеясын дамытып, өзінің механикалық есептеу машинасын – арифмометрді құрастырды. Дөңгелектің орнына мұнда цифрлар жазылған цилиндр қолданылды. Бұл құрал күрделі қосу мен алу есептеулерін жүргізумен қатар, сандарды бөлу, көбейту, тіпті квадрат түбірін табу амалдарын да орындайтын болды. Кейін арифмометр бірнеше рет жетілдірілді. Бұл бағытта орыс өнертапқыштары П.Л. Чебышев пен В.Т. Однер көп еңбек етті. Арифмометр қазір әр адамның қолында жүретін калькулятордың негізін салды.

Есептеуіш техникаларының қарқындап дамуы ХІХ ғасырдан басталды. Есептеуіш техниканың дамуындағы келесі қадам алдын ала жасалған бағдарлама бойынша адамның қатысуынсыз есептеулер орындайтын құрылғылар жасау болды. Мұндай алғашқы есептеуіш автоматтың авторы ағылшын оқымыстысы Чарльз Бэббидж еді, сондықтан көптеген адамдар оны қазіргі компьютердің атасы деп атайды. Дүние жүзі бойынша алғашқы 1846 жылы Бэббидж машинасына бағдарлама жазған Ада Лавлейс бірінші бағдарламалаушы деп саналды.

ХІХ ғасырдың соңында американдық Герман Холлерит есепші-перфорациялық машина құрастырды. Перфокарталар бағдарламаны көрсету үшін емес, сандық ақпараттарды сақтау үшін қолданылды.

Холлерит есепші-перфорациялық машиналарды жасап шығаратын фирманың негізін қалады, кейін ол дүние жүзіне әйгілі компьютер шығаратын ІВМ фирмасына айналды.

Біздің ғасырдың 30-жылдары релелік автоматика кеңінен дамыды. Электр механикалық реле – екі қосылған және ажыратылған позициялары бар ауыстырып қосқыш. 1944 жылы американ математигі Говард Айкен Гарвард университетінде бағдарламамен басқарылатытын, релелік және механикалық элементтерге негізделген Марк-1 автоматтық есептеуіш машинасын құрастырды.

Тапсырмалар:

1. Мәтінді мұқият оқып, орыс тіліне аударыңыз.

2. Төмендегі сөздерді орысшаға аударып, есте сақтаңыз

есептеу құралы есепшот

жетілдіру жүгіртпе

сызғыш қосу машинасы

жетектер дөңгелектер

сандарды бөлу көбейту

бағдарлама ауыстырып қосқыш

құрылғы сандық ақпараттар

ажырату релелік автоматика

3. Мәтінге қатысты сөз тіркестерін жазыңыз.

4. Төмендегі сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыз.

1642 жылы француз математигі Блез Паскаль он тоғыз жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасы деген атпен белгілі, жетектер мен дөңгелектерден тұратын механикалық есептеу машинасын құрастырды.

5. Мына етістіктерге көсемшенің –ғалы/-гелі/-қалы/-келі жұрнағының бірін қосыңыз.

Жүру, бару, жазу, көру, ашу, жабу, кету, алу, беру, жату, болу, өткізу, жету, көрсету, біту, келу, апару, тебу, үйрену, жіберу, шақыру, сөйлесу.

6.Мына сөйлемдерді оқып, орыс тіліне аударыңыз.

1. Мен сенімен сөйлескелі келдім. 2. Бұл мектеп ашылғалы екі жыл болды. 3. Жиналыс басталғалы бір сағат болды. 4. Астанаға бармағалы көп болды. 5. Біз қазақ тілі пәнінен емтихан тапсырғалы отырмыз.

7. Мәтін бойынша сұқбат құрыңыз.

8. Жақшадағы етістіктерді көсемшеге айналдырыңыз.

1. Жаттығуды (орындау) отырып, музыка тыңдады. 2. Шешесі тамақ (пісіру) жатып теледидар көрді. 3. Еңбек (етпеу) адам болмайсың. 4. Серікті (таппау) келме! 5. Шешем жұмыстан (шаршау) келді.

9. Төмендегі мақал-мәтелді оқып, мағынасын түсініңіз.

Біреу тойып секіреді,

Біреу тоңып секіреді.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Күзекова З. С. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит). Алматы: Ғылым, 2001.

2.Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі (Ана тілі деңгейінде үйрету құралы). Алматы, 1998.

3. Хасен М.Ә., Шабденова Қ.Ж., Байпелова Г.С., Нұргожина Г.М. Қазақ тілі.ЭОҚ. ҚарМТУ,2006

4. Аяпова Т. Қазақ тілі (Негізгі оқулық, үй кітабы, мұғалім кітабы). Алматы, 1998.

5. Нұрғожина Г.М., Әбілқасов Ғ.М., Жетпісбай Ш.А. Қазақ мәдениеті (Қазақ тіліне арналған мәтіндер жинағы). ҚарМТУ, 2003.

6. Жақсылықова К.Б., Шабденова Қ.Ж. Ақпараттық технологиялар бөлімі студенттеріне арналған қазақша кәсіби тілді меңгертуге арналған оқу құралы.Қарағанды - 2007

«Тэффи» баспасы.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (2-тақырып) [қосымша 13,14,16 ]

1. «Адам және қоғам» тақырыбына әңгіме.

2. «Салауатты өмір салты» тақырыбына әңгіме.

3. «Есептеуіш техниканың даму тарихы» тақырыбына реферат

3-тақырып Жеке адам, топ және ұжым. Менеджер және ұжым. Электронды есептеуіш машиналар. Үстеу

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары

1. Үстеуді түсіндіру.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]