
- •Мамандық әлемінде
- •Менің мамандығым
- •Қаныш сәтбаев
- •2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.
- •3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.
- •4. Сөздікті пайдалана отырып, техникалық мәтіндерді аударту. Адам және қоғам
- •Салауатты өмір салты
- •Есептеуіш техниканың даму тарихы
- •2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.
- •3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.
- •4. Сөздікті пайдалана отырып, техникалық мәтіндерді аударту. Жеке адам, топ және ұжым
- •Менеджер және ұйым
- •Электронды есептеуіш машиналар
- •4. Жақсылықова к.Б., Шабденова қ.Ж. Ақпараттық технологиялар бөлімі студенттеріне арналған қазақша кәсіби тілді меңгертуге арналған оқу құралы.Қарағанды - 2007
- •2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.
- •3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.
- •4. Сөздікті пайдалана отырып, техникалық мәтіндерді аударту. Қоғамдағы отбасының қызметі
- •Мәтінді аударыңыз.
- •Дербес компьютерлер
- •2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.
- •3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.
- •4. Сөздікті пайдалана отырып, техникалық мәтіндерді аударту. Қазақстанның білім беру жүйесі
- •«Болашақ» бағдарламасы
- •Дербес компьютердің құрылысы
- •2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.
- •3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.
- •4. Сөздікті пайдалана отырып, техникалық мәтіндерді аударту. Ұлттық байлық
- •Қазақстанның пайдалы қазбалары
- •Компьютердің зияны қаншалықты?
- •4. Кестені толықтырыңыз.
- •2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.
- •3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.
- •4. Сөздікті пайдалана отырып, техникалық мәтіндерді аударту. Экономикалық тәуелсіздік
- •2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.
- •3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.
- •4. Сөздікті пайдалана отырып, техникалық мәтіндерді аударту. Нарық
- •2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.
- •3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.
- •4. Сөздікті пайдалана отырып, техникалық мәтіндерді аударту. Ақша қызметі
- •Ұлттық теңгеміз туралы
- •Принтерлер
- •2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.
- •3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.
- •4. Сөздікті пайдалана отырып, техникалық мәтіндерді аударту. Қазақстанның географиялық орны
- •Қазақстан климаты
- •Дискідегі информация жинақтауыш
- •2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.
- •3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.
- •4. Сөздікті пайдалана отырып, техникалық мәтіндерді аударту. Қазақстанның экологиясы
- •Қазақстанның табиғатын қорғау
- •Ақпарат түрлері
- •2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.
- •3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.
- •4. Сөздікті пайдалана отырып, техникалық мәтіндерді аударту. Жер құнары - өмір нәрі
- •Ақ бидай (ертегі)
- •Компьютерлік вирус
- •2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.
- •3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.
- •4. Сөздікті пайдалана отырып, техникалық мәтіндерді аударту. Өсімдіктердің тіршілік формалары
- •Қазақстанның «қызыл кітабы»
- •2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.
- •3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.
- •4. Сөздікті пайдалана отырып, техникалық мәтіндерді аударту. Өсімдік және медицина
- •4.Компьютердің жедел жадында осы мезетте дереу өңделуге тиіс мәліметгер мен программалар ғана сақталады.Синтаксиистік талдау жасаңыз.
- •1.Өсімдік және медицина. Шығарма
- •Оқытушымен студенттің өздік жұмысының тақырыптық жоспары
- •7. Межелік бақылау және қорытынды аттестация кезеңінде студенттердің білімдерін бақылауға арналған материалдар
- •Пән бойынша жазба жұмыстарының тақырыптамасы
- •7.2 Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •7.3 Емтихан билеттерінің сұрақтары сессия алдында дайындалады. Емтихан Кешенді түрде жүргізіледі (тест тапсырмалары, сұқбат, мәтінді аудару). Тест тапсырмалары мен жауап парағы
2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.
3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.
4. Сөздікті пайдалана отырып, техникалық мәтіндерді аударту. Өсімдіктердің тіршілік формалары
Адамзат дамуының алғашқы дәурінде адамның негізгі қорегі өсімдік болды. Ертедегі египеттіктерге алоэ, қараған, зығыр, лотос, жалбыз, тал, арша, т.б. өсімдіктердің емдік, шипалық қасиеттерінің болғанын жазба деректер дәлелдейді. Бұдан 4 мың жыл бұрын үндістандықтар 760 дәрілік өсімдікті пайдалана білген. Қытайда дәрілік өсімдіктер жөнінде алғашқы кітап бұдан 5 мың жыл бұрын жазылған. Орта ғасыр ғалымы Парацельс ерте заманнан келе жатқан ілім бойынша «емдік өсімдіктің пішіні, түсі, дәмі мен иісі аурудың сипатына сай келуі тиіс» дейді. Қазақ халқының емшілік салтында шипалы өсімдіктерді пайдалану ежелден бар дәстүр. Халық емшілері бұл жөнінде көптеген тәжірибелер жинаған. Мысалы, қазақтардың қылшадан дәрі жасауына сүйеніп, 1924 жылы П.С. Моссагетов Қазақстанда өсетін қырықбуын қылшасының шипалы қасиетін ашқан. Қазақстанда өсетін тағы да бір шипалы шөп – мақсыр немесе марал тамыр (рапотник). Кейінгі жылдары дәрілік өсімдіктер қатарынан жусан, мыңжапырақ (тысячелистник)-биіктігі 30-70 см-дей көп жылдық шөптесін өсімдік. Халық медицинасында дәрілік өсімдіктердің ішінде женьшень сияқты адам организміне әл, күш беретін дәрілік өсімдіктер жиі кездеседі.
Тапсырмалар:
1. Мәтін бойынша сөздерді теріп жазып, сөздік құрастырыңыз.
2.Мәтінді оқып аударып, түсінгендеріңіз туралы әңгімелеңіз.
3. Емдік, шипалық, дәрілік, өсімдік өздерін аударып, сөйлем құрастырыңыз.
4. Мәтінен септік, тәуелдік жалғауларын тауып, мысалдар келтіріңіз.
5. Адамзат дамуының алғашқы дәурінде адамның негізгі қорегі өсімдік болды. Берілген
сөйлемге морологиялық талдау жасаңыз.
6. Мәтін бойынша сұқбат құрыңыз
7. Сөз құрамына талдаңыз. Халық медицинасында дәрілік өсімдіктердің ішінде женьшень
сияқты адам организміне әл, күш беретін дәрілік өсімдіктер жиі кездеседі.
Қазақстанның «қызыл кітабы»
«Қызыл кітап» деген сөз 1966 жылы Табиғат және табиғат ресурстарын Қорғаудың Халықаралық Одағының түрлерді сақтап қалу туралы Комисиясы дүниежүзінде жойылып кету қаупі бар жануарлар түрлері енгізілген «Фактілердің Қызыл Кітабын» дайындап шығарғанда пайда болды.
Қазақстанда «Қызыл кітап» Республика Үкіметінің 1978 жылдың 16 қантарындағы қаулысы бойынша бекітілді. Оның омыртқалы жануарларға арналған бірінші бөлімі 1979 жылы қаңтар айында жарық көрді. Бұл кітапқа омыртқалы жануарлардың 87 түрі, оның ішінде: сүтқоректілер – 37, құстар – 43, бауырымен жорғалаушылар – 8, қосмекенділер – 1 және балықтардың 4 түрі тіркелді. 1981 жылы Республика Қызыл кітабының екінші бөлімі жарық көрді.
Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы – республика территориясында кездесетін сирек, саны азайып немесе жойылып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктер түрлері туралы оларды ғылыми зерттеу, қорғау, қалпына келтіру және тиімді пайдалану туралы толық мәліметтер бар – негізгі құжат. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына тіркелген жануарлар мен өсімдіктер түрлері еліміздің барлық территориясында ерекше қорғауды қажет етеді; бұл түрлерді ұстауға (жинауға) қатаң тыйым салынған.
Қоқиқаз (Фламинго). Саны кеміп келе жатқан, республикамыздың түрлі аудандарында ұялайтын қоқиқаздың Евразияның ең солтүстігіндегі ұялайтын қонысы болып табылады. Бұл құстың тобындағы саны жылма – жыл 5 мыңнан 50 мыңға дейін ауытқып отырады. Су қоймаларының гидрологиялық жағдайының бұзылуы және ұялайтын уақытта құстар жиналған жерде адамдардың болуы қоқиқаз үшін аса қауіпті.
Тапсырмалар.
1. Мәтінді оқыңыз.
2. Мәтіннен таныс емес жаңа сөздерді, сөз тіркестерін аударыңыз.
3. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды қойып, қосымшаның түрін анықтаңыз, сөйлемді көшіріп жазыңыз.
Қазақстан Республикасы... Қызыл кітаб... – республика территориясы... кездесетін сирек, саны азай... немесе жойылып кет... қаупі бар жануарлар мен өсімдіктер түр...і туралы оларды ғылыми зерттеу, қорғау, қалпына келтіру ... тиімді пайдалану туралы толық мәліметтері бар негізгі құжат.
4. Мәтіннен сан есімдерді тауып, түрлерін ажыратыңыз.
5. Жаңа сөздерді жаттаңыз.
ИНТЕРНЕТ ДЕГЕН НЕ?
Интернет – бүкіл әлемдегі миллиондаған шағын компьютерлік желілерді бір-бірімен байланыстырып тұрған орасан зор компьютерлік желі, ол хаттама (протокол) деп аталатын бірыңғай стандартпен жұмыс істейді. Желідегі компьютерлерде мәтін (текст), сурет, аудио, бейнематериалдар, т.с.с. өте үлкен ақпарат көлемі сақталады.
Интернет 1969 жылы АҚШ-та осы елдің қорғаныс министрлігінің тапсырысы бойынша жасалған ARPANET желісінен пайда болды. ARPANET оқу орындарын, әскерлер мен әскери мердігерлерді біріктіретін желі еді. Ол о баста зерттеушілердің ақпарат алмасуына көмек ретінде, сондай-ақ ядролық шабуыл кезінде байланыс жасау керектігін зерттеу үшін жасалған. ARPANET алғашқыда ғалымдарға тек жүйеге енуге және қашықтағы компьютерге программа енгізуге мүмкіндік береді. Ұзамай бұған файлдарды, электронды поштаны және жөнелту тізімін беру мүмкіндіктері қосылды. Мұндағы мақсат бір мәселемен айналысып жүрген зерттеушілердің ақпарат алмасуларына мүмкіндік ашу болатын.
Интернетте ТСР/ІР пайдаланылады. ІР желідегі адрестеуге жауап береді, ал ТСР хабарларды тиісті адрестер бойынша жеткізуді қамтамасыз етеді, олар 1974 жылы жасалған. Байланыстың талшықтық-оптикалық және спутниктік тізбектерімен біріктірілген ең өнімді компьютерлердің бірнешеуі Интернеттің тірек желісін құрайды. Тірек желісінде суперкомпьютерлер жұмыс істейді, олар әдетте аса ірі университеттік немесе ғылыми орталықтарда орналасқан, көбісі АҚШ территориясында. Тірек желісі тізбектердің өнімділігі секундына бірнеше Гбит-қа жетеді. Ұлттық желілерге кәсіпорындар мен провайдерлердің жергілікті желілері қосылады. Тізбектің типіне байланысты олардың өнімділігі ондаған Мбит/с-қа дейін барады. Кейін бұл жергілікті желілердің компьютерлеріне жеке пайдаланушылар қосыла алады.
Егер ұйымдар мен жеке адамдар ақы төлеу негізінде Интернетке шығарылатын болса, оларды провайдерлер деп атайды. Интернетте көптеген қызметтер жұмыс істейді. Ең танымалысы – электронды пошта (E-mail), WWW мәліметтер базасы, Usenet телеконференциялар жүйесі және FTP файлдық архивтер жүйесі. Әр қызметтің өз хаттамасы болады.
World Wide Web қызметіндегі құжаттар үшін арнайы программалар-броузерлер болады, олар жаңағыдай құжаттарды экранда көрсете алады. Броузердің көмегі арқылы біз WWW құжаттарының көпшілігіне шыға аламыз. Web құжаттарының кез келгенінің әдетте гиперсілтемелері болады. Гиперсілтеме – бұл басқа Web-құжаттың адресі байланысқан мәтіннің фрагменті немесе құрамдас объектісі.
Тапсырмалар:
1. Мәтінді мұқият оқып, орыс тіліне аударыңыз.
2. Мәтін бойынша таныс емес сөздермен сөздік құраңыз.
3. Төмендегі сөздермен сөз тіркесін құраңыз.
Интернет, файл, құжаттар, желі, броузер, архив.
4. Морфологиялық талдау жасаңыз.
Интернет 1969 жылы АҚШ-та осы елдің қорғаныс министрлігінің тапсырысы бойынша жасалған ARPANET желісінен пайда болды.
2. Төмендегі сөздерді көшіріп, орыс тіліне аударыңыз.
Сөздер |
Аудармасы |
Желі |
|
Тапсырыс |
|
Байланыс |
|
Жүйе |
|
Хаттама |
|
Пайдаланушы |
|
Мәлімет |
|
Құжат |
|
Гиперсілтеме
|
|
3. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз.
1.Егер ұйымдар мен жеке адамдар ... негізінде Интернетке шығарылатын болса, оларды провайдерлер деп атайды.
2. Броузерде қарағанда мәтіндік гиперсілтемелер түсі мен асты ... , ал графикалық гиперсілтемелер ... ерекшеленеді.
3.Интернет – бүкіл әлемдегі миллиондаған шағын компьютерлік ... бір – бірімен байланыстырып тұрған орасан зор компьютерлік желі.
4.ARPANET алғашқыда ғалымдарға тек жүйеге енуге және ... компьютерге программа енгізуге мүмкіндік береді.
5.Интернет 1969 жылы АҚШ-та осы елдің қорғаныс министрлігінің ... бойынша жасалған ARPAHET желісінен пайда болды.
6.Ұзамай бұған файлдарды, электронды поштаны және ... тізімін беру мүмкіндіктері қосылды.
7.Ұлттық желілерге ... мен провайдерлердің жергілікті желілері қосылды.
Тиісті сөздер: жөнелту, желілерді,қашықтағы, кәсіпорындар, ақы төлеу, тапсырысы, сызылумен, жақтауымен .
4. Мәтін бойынша жоспар құрыңыз. Жоспар негізінде мәтінді ауызша баяндап беріңіз.
5. Өздерінің дәрісханаларындағы компьютерлердің жергілікті желіге біріктірілуі схемасын салып, түсіндіріңіз.
6. Төмендегі мәтінді оқып шығып, сөйлемдердің арасын ажыратып, тыныс белгілерін дұрыстап қойып шығыңыз.
Броузердіқарағандамәтіндігиперсілтемелертүсіменастысызылуменал графикалықгиперсілтемелержақтауыменерекшеленедімаустыңкөрсеткішін гиперсілтемеболыпкелетінобъектігебағыттағандакөрсеткішпішінінөзгертіп алақанбейнесінқабылдайдыгиперсілтеменішерткендеброузеравтоматтытүрде бұлсілтеменұсқағанWeb-құжаттытіптібұлқұжатбасқаконтиненттеорналасқан компьютердеболсадажүктейдіосылайгиперсілтемелербойыншабірқұжаттан басқасынаөтіпжүріпWeb-кеңістігібойыншасаяхатжасауғаболадыеңтанымал жәнекеңтарағанброузерNetscapeNavigatorодансоңеnternetExplorerол Windows95операциялықжүйесінеқосатіркеледі
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Күзекова З. С. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит). Алматы: Ғылым, 2001.
2. Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі (Ана тілі деңгейінде үйрету құралы). Алматы, 1998
3. Жақсылықова К.Б., .Шабденова Қ.Ж Ақпараттық технологиялар бөлімі студенттеріне арналған қазақша кәсіби тілді меңгертуге арналған оқу құралы. Қарағанды - 2007
4. Хасен М.Ә. Ақпараттық технологиялар факультетінің студенттеріне арналған мәтіндер жинағы. ЭОҚ. ҚарМТУ,2008
СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (13-тақырып) [қосымша 12, 14, 16,18]
1. «Өсімдіктердің тіршілік формалары» тақырыбына шығарма жазу.
2. «Қазақстанның «Қызыл кітабы» реферат.
3. «Интернет деген не?» тақырыбына реферат.
14-тақырып Аралық тест. Өсімдік және медицина. ЭЕМ-нің жедел жады. Төл сөз. Төлеу сөз.
Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары
1. №325 компьютерлік, №327 мультимедиалық кабинеттерде тест тапсыру.