Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
INFORMATIKA_-KEShEN_doc.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
580.1 Кб
Скачать

Компьютерлік вирус

Компьютерлік вирус – «көбейтілуге» және басқа программаларға «жұғуға» қабілетті, әдетте өлшемі шағын (200-ден 5000 байтқа дейін) арнайы компьютерлік программа (яғни ол өз кодын көп қайтара көшіреді де, оны басқа программалардың кодына қосады). Ол компьютерге пайдаланушының рұқсатынсыз, «зақымдалған» дискета немесе «зақымдалған» файлмен бірге түсуі мүмкін. Ішінде вирусы бар программа «зақымдалған» деп аталады.

«Зақымданған» программа жұмысын бастағанда, алдымен басқаруға вирус алады. Вирус басқа программаларды тауып, оларды зақымдайды, сонымен қатар қандай да бір зиянды әрекет жасайды: компьютердің қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіреді, дискідегі файлды бұзады, компьютерде сақталған ақпаратты бүлдіреді, жедел жадты «ластайды» және т.с.с. Вирустың бір компьютерден басқа компьютерге тарайтын қабілеті бар.

Вирустар қайдан пайда болады? Оларды білікті қаскөй мамандар басқа бәсекелес фирмаларға зиян келтіру үшін қызғаныш, зиянкестік, мансапқұмарлық оймен немесе антивирустық программаларды сатудан ақша табу үшін жазады.

Компьютерлік вирустармен күресу үшін, оларды зерттейтін және антивирустық (вирусқа қарсы) программалар жазатын мамандар бар. Ресейдегі атақты программистер: Д. Лозинский, Д. Мостовой, И.А. Данилов, Н. Безруков және т.б.

Жаңа вирустық программалардың саны үнемі көбейіп және түрлері өзгеріп отырады, сондықтан компьютер пайдаланушы вирустар табиғатын, вирустардың жұғу әдісін және олардан қорғануды білуі керек.

Компьютерге вирус, негізінен дискеттер мен лазерлік диск, сондай-ақ компьютерлік желі арқылы кіріп, қатқыл дискіні зақымдайды. Дискетті зақымдау тіптен оңай. Егер зақымдалған компьютердің дискжетегіне дискетті тіпті жай ғана салып және мысалы, оның мазмұнын оқыса да, оған вирус жұғуы мүмкін. Вирус көбіне дискінің жүктейтін секторына және EXE, COM, SYS немесе BAT кеңейтулері бар атқарылатын файлдарға жиі жұғады. Мәтіндік және графикалық файлдарға сирегірек жұғады.

Тапсырмалар:

1. Мәтінді мұқият оқып, орыс тіліне аударыңыз.

2. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

Компьютерлік вирус деген не?

Ішінде вирусы бар программа қалай аталады?

Вирустың бір компьютерден басқа компьютерге тарайтын қабілеті бар ма?

Вирус компьютерді қалай зақымдайды?

Қазір қанша вирус белгілі?

Вирустар мекендеу ортасы бойынша қалай бөлінеді?

Вирустар зақымдау әдісі бойынша қалай бөлінеді?

Вирустар мүмкіндіктері бойынша қалай бөлінеді?

Вирустар қайдан пайда болады?

Оларды кім жазады?

Вирустарды не үшін жазады?

3. Мәтін мазмұнына сүйене отырып, сөйлемдерді толықтырыңыз.

1.Вирус ... пайдаланушының рұқсатынсыз зақымдалған файлмен түседі.

2.Вирус басқа ... тауып, оларды зақымдайды.

3. ... дискідегі файлды бұзады.

4. Компьютерде сақталған ... бүлдіреді.

5. Вирус... жадты ластайды.

6. ...программаларды ақша табу үшін жазады.

7. Қазіргі кезде 50 ... астам вирус белгілі.

8. Компьютер ... вирустар табиғатын және олардан қорғануды білуі керек.

9. Компьютерлік вирустарды зерттейтін және антивирустық программалар жазатын ... бар.

10. Вирус компьютерлік ... арқылы кіріп, қатқыл дискіні зақымдайды.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Күзекова З. С. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит). Алматы: Ғылым, 2001.

2. Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі (Ана тілі деңгейінде үйрету құралы). Алматы, 1998

3. Жақсылықова К.Б., Шабденова Қ.Ж. Ақпараттық технологиялар бөлімі студенттеріне арналған қазақша кәсіби тілді меңгертуге арналған оқу құралы.Қарағанды - 2007

4. Хасен М.Ә. Ақпараттық технологиялар факультетінің студенттеріне арналған мәтіндер жинағы. ЭОҚ. ҚарМТУ,2008 ж

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (12-тақырып) [қосымша 14, 16,18]

  1. 1. «Жер құнары - өмір нәрі» тақырыбына әңгіме жазу.

2. «Компьютерлік вирус» тақырыбына сұқбат құрастыру

13-тақырып Өсімдіктердің тіршілік формалары. Қазақстанның «Қызыл кітабы». Интернет деген не?. Сабақтас құрмалас сөйлем: қимыл-сын, қарсылықты, себеп, шартты.

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары

1. Сабақтас құрмалас сөйлем: қимыл-сын, қарсылықты, себеп, шартты сөйлемдерді қайталау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]