Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
INFORMATIKA_-KEShEN_doc.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
580.1 Кб
Скачать

Ақпарат түрлері

Адамның барлық іс-әрекеті кез келген уақытта ақпарат алумен байланысты: көріп – ақпарат аламыз, естіп, зат ұстап, ас ішіп, иіскеп те ақпарат аламыз. Ақпаратты бізді қоршаған заттар мен құралдар береді: кітаптар, журналдар, газеттер, теледидар, радио т.б. Адамдардың үйдегі, мектептегі, жұмыстағы және көшедегі бір-бірімен қарым - қатынасы – бұл ақпарат беруі.

Барлық ақпараттарды төмендегідей бөлуге болады: қоғамдық – саясаттық, әлеуметтік – экономикалық, ғылыми – техникалық, химия – биологиялық, физиологиялық т.б.Тірі табиғатта ақпарат беру мен өңдеу мысалдары: Жануарлар өздерінің жерлерін қорғап, иісті белгілер қалдырып кетеді. Басқа жануарлар иіс сезу мүшесі арқылы бөгде иісті сезіп бөтен жерден кетеді.

Кейбір ағаштар бір – біріне құрттар шабуыл жасағаны туралы мәлімет бере алады. Мұндай хабардан кейін олар қорғану үшін, жапырақтарына улы заттар шығарады.

Ақпарат беру мен өңдеу ұрпақтан ұрпаққа генетикада жануарлар мен өсімдіктердің қажетті қасиеттерін бекіту мен селекция сұрыптау үшін қолданылып келеді.Ақпаратты өңдеу мен берудің көптеген тәсілдері бар.

Адам сол немесе басқа тілді ишарат, ым мен дыбысты қолдана отырып, ақпарат беріп, оны кез келген сезім мүшесі арқылы қабылдай алады. Басқа сөзбен айтқанда адам ақпаратты сигнал немесе таңба түрінде береді, өңдейді және қабылдайды. Сигнал жарық, дыбысты (радиотолқындар), электромагниттік, биохимиялық т.б. бола алады. Сигналды бірнеше типтерге бөлуге болады:

1.Физикалық табиғаты бойынша электрмагниттік, механикалық, биохимиялық;

2 Қабылдау тәсілі бойынша көру, есту, дәмді сезу, физиологиялы.

Белгі деп кез келген тілдің алфавитін, ым-ишарат тілдерінің белгілерін, кез келген кодтар немесе шифрларды, ноталық белгішелерін т.б. санауға болады. Ақпаратты өңдеу процесі ақпаратты тасушы мен ақпаратты беру және ақпаратты өңдеу құралдарының болуын ескереді.

Ақпаратты тасушы оны сақтайды, оған бұл ақпаратқа сәйкес таңбаны немесе сигналды жазуға болады. Ақпаратты беру құралы – бұл адам, тілдер, телекоммуникация құралдары, тірі табиғаттағы биохимиялық процестер т.б.

Адам ақпаратты кем дегенде үш деңгейде өңдей алады, атап айтқанда физиологиялық деңгейде (сезім мүшелері), ақылмен ойлау деңгейде, аңдаусыздық деңгейде. Бұдан басқа адам өз ұрпақтарына гендер арқылы тұқым қуалау ақпараттарын береді.

Тапсырмалар:

1. Мәтінді мұқият оқып, мазмұнын түсінуге тырысыңыз.

2. Төмендегі сөздерді орысшаға аударып, есте сақтаңыз..

3. Төмендегі сөздерді жіктеңіз.

Үлгі: Мен инженермін Біз инженерміз

Сен инженерсің Сендер инженерсіңдер

Сіз инженерсіз Сіздер инженерсіздер

Ол инженер Олар инженер

1. Адам. 2. Программист. 3. Судент. 4. Алу. 5. Өңдеу. 6. Сұрыптау.

4. Мәтін мазмұнына сүйене отырып, сөйлемдерді толықтырыңыз.

1. Адам ... сигнал немесе таңба түрінде береді. 2. Адам ақпаратты кем дегенде үш деңгейде ... алады. 3. Жануарлар өздерінің жерлерін қорғап, ... бегілер қалдырып кетеді. 4. Жарғанат қараңғыда ұшқанда ультрадыбысты ... жібереді. 5. Кейбір ағаштар бір-біріне құрттар шабуыл жасағаны туралы ... бере алады. 6. Ақпаратты ... мен ... көптеген тәсілдері бар.

5. Мына сөздердің синонимдерін жазыңыз.

Сұрыптау, тасушы, деңгей, код, өңдеу, сигнал, қабылдау, ақпарат, сақтау, ишарат

6. Мәтінді оқыңыз. Мына сұрақтарды мәтін бойынша рет-ретімен орналастырыңыз.

  1. Ақпаратты өңдеу мен берудің қандай тәсілдері бар?

2. Ақпарат беру мен өңдеу ұрпақтан ұрпаққа не үшін қолданылып келеді?

3. Адам ақпаратты қандай деңгейлер арқылы өңдей алады?

4.Басқа жануарлар бөтен жерге неге кетеді?

5. Ақпарат өзінің сипаты бойынша неше түрге бөлінуі мүмкін?

6.Ағаштар шабуылдан қорғану үшін не істейді?

7.Адам өз ұрпақтарына гендер арқылы қандай ақпараттарын береді?

7-тапсырма Берілген сөйлемдерге иә, жоқ деп жауап беріңіз.

1. Адам ақпаратты сигнал немесе таңба түрінде береді.

2. Адам өз ұрпақтарына гендер арқылы тұқым қуалау ақпараттарын бермейді

3. Ақпарат қасиеттеріне бағалылық, қысқалық, сенімділікті жатқызуға болады.

4. Адам басқа тілді сезім мүшесі арқылы қабылдай алмайды.

5. Адам ақпаратты кем дегенде екі деңгейде өңдей алады.

6. Жануарлар өздерінің жерлерін қорғамайды.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Күзекова З. С. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит). Алматы: Ғылым, 2001.

2. Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі (Ана тілі деңгейінде үйрету құралы). Алматы, 1998

3. Жақсылықова К.Б., Шабденова Қ.Ж. Ақпараттық технологиялар бөлімі студенттеріне арналған қазақша кәсіби тілді меңгертуге арналған оқу құралы.Қарағанды - 2007

4.Хасен М. Ә. Ақпараттық технологиялар факультетінің студенттеріне арналған мәтіндер жинағы. ЭОҚ. ҚарМТУ,2008 ж

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (11-тақырып) [қосымша 12, 14,16,18]

  1. 1.«Қазақстан экологиясы» тақырыбына шығарма жазу.

  2. 2.«Қазақстанның табиғатын қорғау» тақырыбына әңгіме жазу.

3. «Ақпарат түрлері» тақырыбына реферат жазу.

.

12-тақырып Жер құнары - өмір нәрі. Ақ бидай. Компьютерлік вирус. Мезгіл, мекен, мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары

1. Мезгіл, мекен, мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем сөйлемдерді қайталау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]