
- •Мамандық әлемінде
- •Менің мамандығым
- •Қаныш сәтбаев
- •2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.
- •3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.
- •4. Сөздікті пайдалана отырып, техникалық мәтіндерді аударту. Адам және қоғам
- •Салауатты өмір салты
- •Есептеуіш техниканың даму тарихы
- •2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.
- •3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.
- •4. Сөздікті пайдалана отырып, техникалық мәтіндерді аударту. Жеке адам, топ және ұжым
- •Менеджер және ұйым
- •Электронды есептеуіш машиналар
- •4. Жақсылықова к.Б., Шабденова қ.Ж. Ақпараттық технологиялар бөлімі студенттеріне арналған қазақша кәсіби тілді меңгертуге арналған оқу құралы.Қарағанды - 2007
- •2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.
- •3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.
- •4. Сөздікті пайдалана отырып, техникалық мәтіндерді аударту. Қоғамдағы отбасының қызметі
- •Мәтінді аударыңыз.
- •Дербес компьютерлер
- •2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.
- •3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.
- •4. Сөздікті пайдалана отырып, техникалық мәтіндерді аударту. Қазақстанның білім беру жүйесі
- •«Болашақ» бағдарламасы
- •Дербес компьютердің құрылысы
- •2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.
- •3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.
- •4. Сөздікті пайдалана отырып, техникалық мәтіндерді аударту. Ұлттық байлық
- •Қазақстанның пайдалы қазбалары
- •Компьютердің зияны қаншалықты?
- •4. Кестені толықтырыңыз.
- •2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.
- •3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.
- •4. Сөздікті пайдалана отырып, техникалық мәтіндерді аударту. Экономикалық тәуелсіздік
- •2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.
- •3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.
- •4. Сөздікті пайдалана отырып, техникалық мәтіндерді аударту. Нарық
- •2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.
- •3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.
- •4. Сөздікті пайдалана отырып, техникалық мәтіндерді аударту. Ақша қызметі
- •Ұлттық теңгеміз туралы
- •Принтерлер
- •2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.
- •3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.
- •4. Сөздікті пайдалана отырып, техникалық мәтіндерді аударту. Қазақстанның географиялық орны
- •Қазақстан климаты
- •Дискідегі информация жинақтауыш
- •2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.
- •3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.
- •4. Сөздікті пайдалана отырып, техникалық мәтіндерді аударту. Қазақстанның экологиясы
- •Қазақстанның табиғатын қорғау
- •Ақпарат түрлері
- •2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.
- •3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.
- •4. Сөздікті пайдалана отырып, техникалық мәтіндерді аударту. Жер құнары - өмір нәрі
- •Ақ бидай (ертегі)
- •Компьютерлік вирус
- •2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.
- •3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.
- •4. Сөздікті пайдалана отырып, техникалық мәтіндерді аударту. Өсімдіктердің тіршілік формалары
- •Қазақстанның «қызыл кітабы»
- •2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.
- •3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.
- •4. Сөздікті пайдалана отырып, техникалық мәтіндерді аударту. Өсімдік және медицина
- •4.Компьютердің жедел жадында осы мезетте дереу өңделуге тиіс мәліметгер мен программалар ғана сақталады.Синтаксиистік талдау жасаңыз.
- •1.Өсімдік және медицина. Шығарма
- •Оқытушымен студенттің өздік жұмысының тақырыптық жоспары
- •7. Межелік бақылау және қорытынды аттестация кезеңінде студенттердің білімдерін бақылауға арналған материалдар
- •Пән бойынша жазба жұмыстарының тақырыптамасы
- •7.2 Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •7.3 Емтихан билеттерінің сұрақтары сессия алдында дайындалады. Емтихан Кешенді түрде жүргізіледі (тест тапсырмалары, сұқбат, мәтінді аудару). Тест тапсырмалары мен жауап парағы
Ұлттық теңгеміз туралы
Әрбір елдің тағдырында үлкен тарих, шежіре жатыр. Ал біздің еліміз үшін ХХ ғасырдың маңызы зор. Себебі, еліміз тәуелсіздік алып, сол тәуелсіздіктің белгілеріне ие болдық. Біздің ұлттық бейнемізді, болмысымызды, тарихымызды көрсететін рәміздеріміз бар. Елтаңба, Әнұран және Туымызбен бірге тағы бір белгі – ұлттық теңгеміз бар. Ұлттық теңге 1993 жылы 15 қарашада дүниеге келді.
Теңгенің авторы болу бақыты қылқалам шеберлері Қайролла Ғабжалилов пен Мендібай Әлиннің үлесіне тиді. Олар Ұлыбританияның дымқыл ауасын жұтып, үлкен еңбектерінің нәтижесін елге жеткізді.
Адамдардың ішкі сырын білуге болады, ал теңгедегі 16-ға жуық құпия белгіні үкінің көзімен қарасаңыз да, байқай алмайсыз. Қазақстан теңгесі қазіргі ақша жасау технологиясының соңғы жетістіктеріне сүйеніп жасалған.
Біз мемлекеттік рәміздерді және ұлттық теңгемізді құрметтейміз. Себебі, теңге – тәуелсіздіктің үлкен бір белгісі, әрі халық үшін ХХ-шы ғасырдғы үлкен жетістік.
Тапсырмалар.
1. Мәтінді оқып аударыңыз.
2. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
ҚР мемлекеттік рәміздеріне нелер жатады?
Ұлттық теңге қай жылы қай айда дүниеге келді?
Теңгенің авторлары кімдер?
Теңге ненің белгісі?
3.Мәтін бойынша сұқбат құрастырыңыз
Принтерлер
Принтер (баспа құрылғысы) мәтіндік және графикалық мәліметтерді компьютердің жедел жадынан қағазға басып шығаруға арналған. Ол рулон қағаз түрінде де, парақ та бола береді.
Принтерлердің негізгі артықшылығы - олар көптегіш қаріп түрлерін пайдаланып, күрделі мәтіндерді басып бере алады.
Шрифт түрлеріндегі әріптердің биіктігі, ені, олардың ара қашықтығы, интервалдары әртүрлі болады. Әрбір Адам мәтінді қағазға шығарар алдында өзіне керекті қаріп түрін және басқа баспа параметрлерін таңдап, қағаздың мөлшері мен жолдың енін сәйкес күйге келтіріп алуы тиіс. Осыған байланысты матрицалық принтерлердің тар (стандартты бір бет қағаз үшін) және кең күймелі (қатар тұрған екі бет қағаз үшін) түрлері бар. Жұмыс кезінде компьютердегі мәліметтің (мәтін теруге арналған компьютер жадындағы кеңістік) өте көлемді болатынын білген дұрыс, ол экран мөлшерінен әлдеқайда үлкен болып, мыңдаған жолдардан тұра алады, оның көлемі тек компьютер жадындағы бос орынмен және программа ерекшеліктерімен анықталады. Сол себепті мәлімет қағазға басыларда, әр жолдың ені анықталып, қаріп ерекшеліктері мен интервалдарға, шеттегі бос орындарға байланысты мәтін беттерге бөлінеді.
Принтерлер графиктік сызбаларды, суреттерді түрлі түсті етіп басып бере алады, соған байланысты олардың көптеген модельдері бар.
Қазіргі кезде принтерлердің матрицалык, лазерлік, сия бүріккіш және термографиктік түрлері бар.
Тапсырмалар:
1. Сөйлемді толықтырыңыз.
Принтер ………………… арналған.
2. Сұрақтарға жауап беріңіз.
а) Сіз қандай принтерді қолдануды қалайсыз?
ә) Мәтінді қағазға түсірерде қандай шара жүргізесіз?
б) Принтерде графикалық сызбаларды шығаруға болады ма?
3. Принтер сөзін тәуелдеңіз.
4. Қазіргі кезде принтерлердің матрицалық , лазерлік, сия бүріккіш және термографиктік түрлері бар.Синтаксистік талдау жасаңыз.
5. Мәтіннен шылауларды тауып анықтаңыз.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Күзекова З. С. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит). Алматы: Ғылым, 2001.
2. Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі (Ана тілі деңгейінде үйрету құралы). Алматы, 1998.
3. Жақсылықова К.Б., Шабденова Қ.Ж. Ақпараттық технологиялар бөлімі студенттеріне арналған қазақша кәсіби тілді меңгертуге арналған оқу құралы.Қарағанды - 2007
СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (9-тақырып) [қосымша 12,13, 16]
1. «Ақша қызметі» тақырыбына әңгіме жазу.
2. «Теңге – ұлттық валюта» реферат.
3. «Принтерлер» сұқбат.
10-тақырып Қазақстанның географиялық орны. Қазақстан климаты. Дискідегі информация жинақтауыш. Салалас құрмалас сөйлем. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем.
Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары
1. Салалас құрмалас сөйлем. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемдерді қайталау.