Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
INFORMATIKA_-KEShEN_doc.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
580.1 Кб
Скачать

2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.

3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.

4. Сөздікті пайдалана отырып, техникалық мәтіндерді аударту. Нарық

Нарық – экономика саласы. Бұл салада тауардың ақшаға айналу және керісінше ақшаның тауарға айналу процесі жасалады. Экономиканың әртүрлі саласында өндірілген тауарларды сатып алу-сатудың өзара байланысты актілерінің жиынтығы.

ӨНДІРУШІ НАРЫҒЫ – тауарлар мен қызметтерді өндіріс процесінде пайдалану үшін сатып алатын ұйымдар.

НЕСИЕ КАПИТАЛЫНЫҢ НАРЫҒЫ – еркін ақша қаражатының өсуін қамтамасыз ететін экономикалық қатынастардың жүйесі. Оларды қарыз капиталына айналдырып, ұдайы өндіріс процесіне қатысушылар арасында бөлісу.

НАРЫҚТЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ – нарықтағы тауарлардың және қызмет көрсетудің еркін алмасуын қамтамасыз ететін мекемелер мен ұйымдар (банкілер, биржалар, жәрмеңкелер, сақтандыру компаниялары, консультациялық, ақпарат, маркетингтік фирмалар, т.б.) жүйесі.

НАРЫҚТЫҚ ҚҰН – 1) тауардың, бағалы қағаздардың, валютаның ағымдағы бағасы, сондай-ақ олардың сатып алынуы немесе сатылуы мүмкін бағасының деңгейі; 2) негізгі қорлардың (кәсіпорынның, құрал-жабдықтың) құны.

МОНОПОЛИЯЛЫҚ БӘСЕКЕ НАРЫҒЫ – бірыңғай бөлшек сауда бағасы емес, бағаның кең ауқымындай мәміле жасасатын сатушылар мен сатып алушылар нарығы.

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқыңыз.

2. Мәтінді әңгімелеуге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін жазыңыз.

3. Мәтінді әңгімелеңіз.

4. Нарық дегеніміз не?

5. Нарықтық инфрақұрылым дегеніміз не?

6. Нарықтық құн дегеніміз не?

7. Мәтіннен ілік және табыс септікте тұрған сөздерді теріп жазыңыз.

САЛЫҚ

САЛЫҚ – заң бойынша белгіленген тәртіппен халықтан, ұйымдардан кәсіпорындардан міндетті түрде алынатын төлем. Қазіргі жағдайда салық жүйесі мыналарды қамтиды: қосылған құнға салынатын салық (НДС), пайдаға салынатын салық, бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға салынатын салық, экспорт пен импортқа салынатын салық, кеден тарифы және баж салығы, азаматтардан алынатын табыс салығы, меншікті дүние-мүлікке салынатын салық, т.б.

Жергілікті салық пен алымдар тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. Салықтар бюджетке түсетін қаражаттардың тұрақты көзері болып табылады.

ҚОСЫЛҒАН ҚҰНҒА САЛЫНАТЫН САЛЫҚ – тауарлар мен көрсетілген қызметке салынатын жанама салық. Қосылған құнның құрамына тозу (амортизация), үстемелерімен қоса жалақы, басқа да кейбір шығындар (соның ішінде несие үшін процент), сонымен қатар пайда кіреді.

АҚША КАПИТАЛДАРЫНАН ТҮСЕТІН ТАБЫСҚА САЛЫНАТЫН САЛЫҚ – дивиденттерге, акциялар мен облигациялардан алынатын проценттерге, банктерге салынатын ақша бойынша проценттерге, займдар бойынша ұтыстарға, тағы басқа кейбір табыстарға салынатын салық.

КАПИТАЛДЫҢ ӨСІМІНЕ САЛЫНАТЫН САЛЫҚ - мүлікті пайдаланудың сан алуан түрлерінен (сатудан, айырбастан, сыйға тартудан, т. б.) алынған заңды ұйымдардың да, сондай-ақ жеке адамдардың да табысына салынатын салық.

САТУҒА САЛЫНАТЫН САЛЫҚ – тауарлар мен көрсетілген қызметтің сату құнының процентімен белгіленетін салық, өндіруші төлейді, акциздердің бір түрі.

Тапсырмалар:

1. Мәтінді әңгімелеуге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін жазыңыз.

2. Мәтінді әңгімелеңіз.

3. Төмендегі сұрақтарға жазбаша жауап жазыңыз

Салықтың неше түрін білесіз?

Салық төлемейтін адамдар бар ма?

Қазақстан Республикасындағы қандай салықтар түрін білесіз?

Жергілікті салықтарға нелер жатады?

4. Барыс, шығыс септіктеріндегі сөздерді табыңыздар.

5. Орыс тіліндегі баламасын беріңіз:

Заңды тұлға, салық саясаты, бөлу міндеті, шектеу міндеті, төте салық, жанама салық, жергілікті салық, жеке тұлға.

ҚАЛТАҒА САЛЫП ЖҮРЕТІН СКАНЕР

АҚШ пен Канадада “Докьюпен” деп аталатын қаламсап тәріздес кішкентай (205х12,7) монохромдық сканер сатылуға шықты. Оның салмағы 57 грамм. Онымен А4 пішіндегі құжаттарды сканерлеуге болады. Сканердің ақпарат сақтай алатын жадының көлемі 2 МБ. Ол 100 парақтық мәліметті сыйғыза алатын деген сөз.

Сканермен кез-келген адам жұмыс істей алады. Ол үшін парақтың үстіңгі кесіндісіне параллель қойып, төмен қарай жүргізеді. Аппарат оптикалық сенсорлардың 200 dpi-лі (бір дюймдегі нүктелер) құралымен қамтылған. Бір қағазды өңдеуіне 4-8 секунд уақыт шығындалады. Жасалымның ақпаратты сыйдыру мүмкіндігінің төмендігіне және жұмыс істеу жылдамдығының баяулығына қарамастан, ол өзіндік дербес ток көзінен жұмыс істей алады, сканердің қолданылу аясын кеңейтеді. Ондай аспапты, мысалы, кітапхананың оқу залында, университет аудиториясында, тіпті көшеде де пайдалануға болады.

Ақпаратты көшіріп алу үшін Windows 98 және одан да жоғары қуатты жүйеге ие компьютер керек.

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқып аударыңыз.

2. Төмендегі сөздермен сөз тіркестерін құрастырыңыз.

Сканер, құжат, ақпарат, құрал, шығындалу, көшіру, жад, дербес, ток, көшіру.

3. Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Сканер қайда сатылды?

2. Сканерді қалай атады?

3. Қандай құжаттарды сканерлеуге болады?

4. Сканердің ақпарат сақтай алатын жадының көлемі қанша?

5. Сканермен кім жұмыс істей алады?

6. Бір қағазды өңдеуіне қанша уақыт керек?

7. Қандай ток көзінен жұмыс істей алады?

8. Сканерді қайда пайдалануға болады?

9. Ақпаратты көшіру үшін қандай компьютер керек?

4. Сөйлемдерді толықтырыңыз.

1. Сканердің ... сақтай алатын жадының көлемі 2 МБ. 2. Онымен А4 пішіндегі ... сканерлеуге болады. 3. Бір ... өңдеуіне 4-8 секунд уақыт шығындалады. 4. Оның ... 57 грамм. 5. Ол 100 ... мәліметті сыйғыза алатын деген сөз. 6. Ақпаратты ... үшін Windows 98 және одан да жоғары қуатты жүйеге ие компьютер керек. 7. Ол үшін парақтың үстіңгі ... параллель қойып, төмен қарай жүргізеді.

5. Сканер туралы тағы не білесіз? Сұқбат құрыңыз.

6. Төмендегі сөз тіркестерін қолданып, шағын мәтін құрастырыңыз.

Ақпаратты сақтау, жадының көлемі, қағазды өңдеу, ақпаратты сыйдыру, дербес ток, ақпаратты көшіру, құжат, аспап, кітапхана, көше, компьютер, қаламсап тәріздес, монохромдық сканер, А4 пішіндегі құжат.

7.Төмендегі асты сызылған сөздермен сөйлем құраңыз.

Ақпарат сақтау

Төмен қарай

Жадының көлемі

Қағазды өңдеу

Оның салмағы

Жұмыс жылдамдығы

Мәлімет сыйғызу

Сканерді қолдану

Үстіңгі кесіндісіне

Ақпаратты көшіру

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Күзекова З. С. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит). Алматы: Ғылым, 2001.

2. Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі (Ана тілі деңгейінде үйрету құралы). Алматы, 1998

3. Жақсылықова К.Б., Шабденова Қ.Ж. Ақпараттық технологиялар бөлімі студенттеріне арналған қазақша кәсіби тілді меңгертуге арналған оқу құралы.Қарағанды - 2007

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (8-тақырып) [қосымша 12, 14,16]

1. «Нарық және салық» тақырыптарына шығарма жазу.

2. «Қалтаға салып жүретін сканер» тақырыбына сұқбат

9-тақырып Ақша қызметі. Теңге – ұлттық валюта. Принтерлер. Сөйлем мүшелері.

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары

1. Сөйлем мүшелерінің түрлерін қайталау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]